- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •1.Балалардың актив және пассив сөздік қорлары
- •2.Жиын.Жиынның бірігуі
- •3.Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •5 Билет
- •1.Сахналау әдісі саусақ театры,қуыршақ театры,рөлдік ойындар
- •2.Жапсыруды үйрету барысындағы баланың алатын білімі
- •3.Тәрбиешіге бейнелеу өнері саласындағы білімнің қажеттілігі
- •6 Билет
- •1) Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері: Құрастыру әдісі, еліктеу әдісі, әңгімелеу әдісі, практикалық әдіс.
- •2) Математика оқу әрекетінде ұзындық ұғымын түсіндіру әдістемесі.
- •1) Көркем әдебиет сбақтары, оның мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
- •2) Балаларбақшасында балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері.
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •1 Педагогтың сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1.Балабақшада балалардың экологиялықтүсініктерінің қалыптастырудың маңызы.
- •2. Математика оқу әрекетінде балаларға өлшем жайлы түсінігін қалыптастыру.
- •3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтары.Музыка сабағын жоспарлау.
- •24 Билет
- •3. Музыкалық- ырғақтық қыймылдардың балаларға ықпал етуі, әсері, тәрбиелік маңызы.
- •25 Билет
- •1.Балалардың сауатын ашу оқу әрекетінің балаларды мектепке даярлаудағы рөлі.
- •3.Музыкалық мерекелер мен ойын сауықтар ұйымдастыруда тәрбиеші мен музыка жетекшінің ынтымақтастығы.
- •26 Билет
- •1.Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдердің жұмбақтардың,жаңылтпаштардың ,ертегілердің бала дамуындағы рөлі.
- •2.Балаларды үй жануармен таныстыру.
- •3.Ойыншық аспаптарды қолдана отырып балалар әнін орындап көрсету.
- •27 Билет
- •1.Диалогтік сөйлеуге үйрету әдістері (еркін сөйлесу, арнаулы сабақтар)
- •2.Ересек тобында балаларды санауға үйрету жолдары
- •28 Билет
- •1.Кітап бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Кіші топтың репертуарындағы әнге музыкалық-әдістемелік талдау жасап,көрсету.
- •29 Билет
- •30 Билет
22 Билет
Саусақ ойындарының бала тілін дамытуға қосар үлесі
1Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,
Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.
Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар
Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады.
Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «11-мен 20 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігің жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып , логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына , логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар . Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда : «Қай қолымда?» «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б.
«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде
математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкінділік
береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе ойына
сақтау қабілеті төмен балалар үшін қолданған жөн. Бұл ойынның оқушыға әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті.
Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - ата бабамыздың бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінгі байланыстыратын баға жетпес байлығымыз , асыл қазынамыз .
«Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар .
Мұнда: заттарды санау, әр түрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау; уақыт аралығы жайында түсінік беру; санау барысында «нешінші?» сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.
Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән -мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды. Он көлеміндегі сандар.
«Он көлеміндегі сандар» тақырыбына арналған ойындар .
Мұнда дидактикалық ойындардың екінші тобын құрайтын : 10 -ға дейінгі сандардың атауы , реті және жазылуы ; сандарды салыстыру ; санның сәйкес таңбасы ретінде цифр жайында түсінік беру ; көпбұрыш элементтерінің атауын санауға негіздей отырып енгізу (төбесі , бұрышы , қабырғасы) ; әр санның құрамының барлық жағдайларын шығарып алу , санды өрнек және теңдік пен теңсіздік түсініктерін еңгізу , теңдіктер құру , оны оқу , өрнектерді салыстыру ; 10 саны , оның жазылуы . Бір таңбалы және екі таңбалы сандар жайында түсінік беру ; кесіндінің қосындысы мен айырмасымен алғаш таныстыру , қосу және азайту амалдарындағы сандардың атауларын енгізу ; санды санауға сүйене отырып , қосу және азайту амалдарын орындау арқылы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде шығарып алудың негізгі үш көзімен таныстыру ; затқа санды , оған цифрды сәйкестендіру сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында қолданылатын ойындар қарастырылады.
Кестелік қосу және азайту.
Мұнда : Бір санын қосу (арттыру) және азайту (кеміту) тәсілдері; кесінділер сызу ; қосу кестесін құру ; кестелік қосу және азайту , қосындыны және қалдықты табуға есептер шығару; есептерді шығару тәсілдерін және мәтіндерін салыстыру ; «сонша», «артық» , «кем» , ұғымымен байланысты мәтіндерді салыстыру,, есептер шығыру ; «Қанша артық ?» , «Қанша кем ?» ұғымымен байланысты есептер , яғни айырмалық салыстыру , кері есептер құру ; өзара кері есептер (артық , кем , қанша артық? қанша кем?) . Санды өрнек және әріпті өрнек , олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтау ; 9 санын қосу және азайту тәсілдері; 10 санын азайту , әріп бар қосынды және оның мәнін табу ; сұрағы жоқ тапсырма мен есепті салыстыру және т.б. мәселелерді оқытып - үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар қарастырылады .
Балалардың музыкалық ойыншық аспаптарында ойнау ерекшеліктері. Балалар аспаптары, түрлері.
Металлофонда, ықыласына қарай басқа да аспаптарда ойнау тәсілдерін меңгеру, триола, кларнет және сыбызғыда ойнау барысында дұрыс тыныс алуын сақтау, аккордеон мен баянда ойнауда ыңғайлы аппликатураны табу, тарелкелер мен үшбұрыштың дыбысталуын бәсеңдету, дабыл мен барабанда, кастаньетты, маракасты, асатаяқты сілкіп ойнау барысында қолды дұрыс ұстау әдістерін меңгеру, аспаптардың аттарын біліп, олардың тембрін тану.
Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптары асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау аспаптарында анық және тәртіппен ойнау.
Ересектердің аккордеонда орындауындағы лирикалық, байсалды әуендерді тыңдау, олардың аттарын білу, қайта тыңдау барысында тану. Әуеннің ырғақтық бейнесін металлофонда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып, ырғақтық бейнесін анық беру. Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу.
Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қарапайым жанрларды ажыратуды (күй, өлең, би, марш), оларға тән белгілерді атауды;
- музыкалық шығармалар сипатын анықтауды;
- музыкалық мәнерліліктің құралдарын (темп, динамика, регистр), музыкалық шығармалар түрлерін (әннің кіріспесін, басын, қайырмасын) ажыратуды;
- музыкалық мамандықтарды (музыкант, орындаушы, әнші, жеке орындаушы, дирежер және т.б.) атауды;
- қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын;
- жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз күрделі емес әнге қосылып өз бетімен орындауды;
- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындауды, оның сипатына сәйкес музыкамен қозғалуды;
- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерді;
- балаларға арналған музыкалық аспаптардың дыбысталуын тембрі бойынша ажыратуды және оларды (сылдырмақ, дабыл, металлофон, ксилофон, ұшбұрыш, маракас) атауды;
- балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын (металлофон, ксилофон, үшбұрыш, асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау, сылдырмақ, маракас, румба және т.б.);
- музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрдің негізгі сипатын ажыратуды;
- әншілік суырып салма қабілеттілігіне (берілген мәтінге қарама-қарсы сипатта әуен құрастыру) және пара-пар қимылдарды өз бетімен таңдау негізінде музыкалық ойын бейнесін жасай білуге, балалардың музыкалық аспаптарында (металлофон) әуенді ойлап таба білу қабілеттілігіне ие болуды;
- таныс би элементтерін біріктіру негізінде (немесе өзі ойдан шығару) би композициясын шығаруды білуі тиіс.
