Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

2 Билет

Тіл дамыту сабақтарында суретпен жұмыс жүргізу әдістемесі

1. Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .

Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.

Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.

Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.

Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.

Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады.

Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.

Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ.

Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.

Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.

Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.

Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.

Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.

Балалардың уақыт жайлы түсінігін қалыптастыру

Уақытты бағдарлауға да күнделікті өмірде үйренуге болады. Бірақ әртүрлі уақыт аралықтарымен таныстыруға кітап оқумен қоса өткізілетін арнайы әңгімелерді бағыштаған жөн. Мысалы, тәрбиеші әр балаға бақшаға келуден бұрын не істегендерін айтқызады (ұйқыдан ояндым,киіндім,жуындым,ертеңгі асымды іштім т.с.с) Бірнеше баланың жауабын тыңдап алып тәрбиеші қортындылайды: «Сірә, барлық балалар солай істеген болар. Бұл кез таңертең еді». Балалар өз іс-әрекеттерін тәуліктің бөліктерімен сәйкестей естеріне түсіреді. «Таңертең күндіз,кешке және түн тәуліктің төрт бөлігі әр тәулікте әрқашан осы төрт бөлік болады»,-деп атап айтады тәрбиеші. «Тәулік айналып келіп отырады»,-дейді бір сәби. «Дұрыс бір тәуліктің орнына екінші тәулік,ол біткен соң келесі тәулік келеді. Тәулік Кремль куранттары соққаннан кейін, түнде ауысады»,-дейді де тәрбиеші әңгіме немесе тақпақ оқумен өз әңгімесін аяқтайды.

Тәулік пен танысудың арқасында балаларға куранттардың соғуымен аяқталған тәулік «кеше» деп аталатын,түнде басталған және таңертеңі,күндізі,кеші,түні бар тәулік «бүгін» деп аталады, ал біз күтіп отырған куранттар соққаннан кейін басталатын тәулікті «ертең»-деп атайды.Ертең- алдағы келетін уақыт,ертең де-тәулік,ол да төрт бөліктен тұрады,ао ол басталғанда юіз оны басқаша –бүгін деп атаймыз ,өйткені ол тәулік келді және біз ертең істейміз дегенімізді енді орындай аламыз,біздің бүгін деп атайтын боламыз деп түсіндіреді тәрбиеші.

Егер тәулікпен ,оның құрамымен және ауысып отыратындығымен балаларды алдын ала таныстырса,олар бүгін,кеше,ертең деген ұғымдарды меңгеруде қиналмайды.

Уақыт ұғымдарымен балаларды таныстырғанда оларды практикалық мысалдар арқылы оларға тез (шапшаң) және баяу деген не екенін түсіндіру керек.Келесі топтарда ,балалар уақыт аралықтарының ұзақтығын білген соң,бұл ұғым айқындала түседі.Бұл кезде болса тездік дәрежесі жөніндегі түсінікті қарама-қарсы мысалдар ғана келтіріп:автомобиль мен аттың жылдамдықтарын салыстыртып түсіедірген жөн.Шапшаңдық дәрежесін анықтау балалардың тезірек-баяуырақ деген сөздердің жалпы мәніне бағдар жасай білуіне және оларды практикалық өмірде пайдалана білуге мүмкіндік береді:»Леша түскі асқа дастарқанды Мишадан тезірек әзірленді» т.с.с.

Бейнелеу өнері жанрлары

Бейнелеу өнеріндегі жанрлар оның ішкі салалары, тектері бойынша жүйе құрайды. Бейнелеу өнерінің тектеріне, негізінен, кескіндеме (сұңғат), мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнері тектерінің белгілері архитектура (сәулет өнері), безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Осы өнер салалары мен түрлерінің тарихи даму барысында сан түрлі жанрлар қалыптасты.

Кескіндеменің жанрлары: тарихи кескіндеме, тұрмыстық кескіндеме, портрет, пейзаж, натюрморт, т.б. Орындалу сипатына қарай кескіндеме бірнеше жанрлық түрге бөлінеді: монументтік — сәндік кескіндеме (қабырғаға салынатын көркем сурет, плафондар, панно), қондырғылы кескіндеме (картина), сәндік-суретті кескіндеме (миниатюра, диорама, панорама, фреска, секко, темпера, мозайка, витраж, т.б.). Кескіндеме өнерінде жанрмен үндес түрлі ағымдар (академизм, т.б.) қалыптасып, әр алуан стильдік жүйелер қалыптасты (барокко, рококко, т.б. стильдер). Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінде (Мазаччо, Боттичели, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, т.б.), VII — XIX ғасырларда (А.Дюрер, В.Веласкес, П.П. Рубенс, Т.Жерико, О.Домье, И.П. Крамской, В.И. Суриков, Э.Дега, М.А. Врубель, т.б.) көптеген өнер өкілдері кескіндеме саласында түрлі ағым, стиль жүйелерін қалыптастырды.

Бейнелеу өнерінің тағы бір тегі мүсін (скульптура) өнерінің негізгі жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символикалық және аллегориялық фигуралар, анималистік жанр. Мүсіннің жанрлық түрлеріне жұмыр мүсін, монументті мүсін, монументті-сәндік мүсін, қондырғылы мүсін жатады. Ежелгі дәуірде кемпіртас, балбал, вишап, т.б., Қайта өркендеу дәуірінде ескерткіш, статуя, бюст, рельеф, ұсақ пластикалық мүсін, т.б. дамыды. Мүсін өнерінде XIX ғ-да барокко, классицизм, рококо, XX ғ-да импрессионизм, символизм, абстракті өнер ағымдары пайда болды. Қазақ жерінен табылған керамикалық мүсіндер палеолит және энолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде дами бастаған мүсін өнері б.з.б. VII ғ. — б.з. V ғ. аралығындағы байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері кезінде жоғары деңгейге жетті. Осы кезеңде ағаш өңдеу, сүйек ұқсату, бедерлеу өнері, көркем құйма, қақтау, жұмырлау, т.б. тех. әдістер түрі дамыды. VI — VIII ғ-лардағы байырғы түркі өнерінде мүсіннің бәдіз, балбал, т.б. жанрлық түрлері дамыды. Бейнелеу өнері тегінің бірі — графика (гравюра, литография, монотипия, т.б.). Графика станоктық иллюстрация, эстамп пен лубок, өнеркәсіптік және плакаттық графика болып бөлінеді.

Бейнелеу өнерінің тағы бір тегі — сәулет өнері (архитектура). Архитектура — құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектураның көне жанрлық түрі — архитектуралық ордер жүйесі. Архитектурада жанр терминінен гөрі, өнер туындыларын стиль терминімен беру қалыптасқан. Мысалы, роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Архитектураның бейнелеу құралдары — композиция, тектоника, масштаб, пропорция, фактура, материал түсі, т.б. XIX — XX ғасырларда қоғамдағы әлеумекттік және ғылыми-техникалық даму үрдісі архитектура жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді. Ол, әсіресе, қала салуда ерекше көрініс тапты (қ. Архитектура).