Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

20 Билет

Дидактикалық ойынның бала тілін дамытудағы рөлі

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.

3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.

Ойын әрекетін мектепке дейінгі мекемелерде табиғатпен таныстыруда қолдану

Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие бердің мақсаты, міндеті

Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Музыка мен театр өнеріндегі шығармалармен таныстыру, олардың мазмұны мен әсемдігін қабылдауға үйрету. Музыка-театр өнерінің шығармаларына деген қызығушылығын арттырып, қандай шығармалардың бала назарын аударғанын, не ұнағанын анықтау.

Ересектер мен балалардың бірлескен қызметі маңызды орын алатын жағдайлар құрып, тапсырмалар орындату.

Балаларды әртүрлі музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау, қуыршақтар қойылымы) қатыстыру.

Түрлі музыкалық аспаптар мен музыкалық ойыншықтарда шығармашылық көрсету ұмтылысын қолдау.

Ересектермен және балалармен бірлескен әрекет үлгісін құру: ән салу, би билеу, сахнада және спектакльде ойнау.

Шулы оркестрде, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауға қатыстыру.

Ересектердің домбырада, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда, т.б. түрлі музыкалық және шулы аспаптарда ойнауын тыңдауға талаптандыру.

Румбада, тарелкеде, үшбұрыштарда қарапайым ырғақты өз бетінше орындау ниеттерін мадақтау.

Өз бетінше шығармашылық музыкалық іс-әрекеттер жасау үшін концерттерге, театрдағы қойылымға қатысуға және балаларға таныс ертегілер мен өлеңдердің мазмұны бойынша сахналауға, сахнада микрофон қолдануға жағдай жасау.

Құрбы-құрдастарының музыкалық іс-әрекеттерін, билерін бақылауы, олардың қимылдарына еліктеп, байқап көру шығармашылық әрекеттеріне талпындыру.

Түрлі жанрдағы және халықтардың музыкасын тыңдау және оларға тән сипаттаманы талқылау.

Балалар композиторларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалардың аттары мен олардың авторларын білу және атауға үйрету.

Балалармен бірге әр халықтың мәдениеті мен өнері, өмір сүрген дәуірі жайлы айтылған бейнефильмдер мен фильмдер қарау.

Ата-аналар мен балабақша қызметкерлерін балалармен бірге музыкалық шығармашылық әрекеттерге қатысуға жұмылдыру.

Дербес музыкалық әрекетті ынталандыратын заттық орта құру. Оны балалардың музыкалық және шулы, соқпалы аспаптарымен, музыкалық ойыншықтармен, суреттермен, түрлі атрибуттармен (ленталар, орамалдар, халық ертегілері кейіпкерлерінің бас киімдері) жабдықтау. Сонымен қатар, бұл ортаны костюмдердің элементтері мен түрлі театр қуыршақтарымен (көлеңке, саусақ, үстел үсті және т.б.) толықтыру.

Әдеп сақтап, көмек көрсетіп, ойын тәсілдерін естеріне түсіріп, көрсетіп, бидегі, әндегі кейбір олқылықтарды жөндеп, музыкалық іс-әрекетке қатыстыру.

Енжар, селқос балаларды белсенді іс-әрекетке тарту.

Әдемі киімді, түрлі театр қуыршақтарын, декорация элементтерін қолдану кезінде еркін шығармашылық танытуға мүмкіндік беру.