Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

19 Билет

Қарым-қатынас порцесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту жолдары

Грамматикалық мағыналар – бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфем саларға және синтаксиске грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни алма ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда «Алма ағашы отырғызылды» немесе «Алма ағашын отырғызады» деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістің немесе толықтауыштық, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының келер шақ формаларының мағынасы түсінбейді). Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.

Ана тілінің грамматикалық мағыналарынан үйретудің қиындығы мынада: бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.

Мұнда оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады. Ана тілдің грамматикалық мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру және оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда, егер бұл процесс нашар оқытылу бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарының арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді.

Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар қалыптасады.

• «Жақсы- жаман» ойыны.

• «Зерттеу» әдістемесі.

Екінші сәбилер тобында бояумен сурет салу

Сурет салуға тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу. Әртутлі сипаттағы сызсықтарды жүргізуге, дөңгелек, тіктөртбұрышты, заттарды бейнелеуге және осы біліктерді әртүрлі сәйкестіктерге құрылған (көлем,форма,сызықтар)заттардың бейнесін бере білуге қолдану.Бағдарламалық-материалдардыквартал бойынша бөлу.

Естиярлар тобында сурет салу.Өзі салған суретке баға беру қабілетін арттыру, қол жеткізген жетістіктеріне қуана білу. Балаларға геометриялық пішіндерді айыра білуге және кескіндеуге үйрету, зат бөліктерінің ұқсастықтарын таба білуге баулу. Балаларға сәндік элементтердің суретін салу техникасын меңгерту. Үлгі бойынша және қиял арқылы өрнектерді салу. Қарындаш пен қылқаламды (қолдың қалпы және қозғалыс сипаты,басу күші, екпін т.б.)

Балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің маңызы мен міндеттері

• Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Музыка мен театр өнеріндегі шығармалармен таныстыру, олардың мазмұны мен әсемдігін қабылдауға үйрету. Музыка-театр өнерінің шығармаларына деген қызығушылығын арттырып, қандай шығармалардың бала назарын аударғанын, не ұнағанын анықтау.

Ересектер мен балалардың бірлескен қызметі маңызды орын алатын жағдайлар құрып, тапсырмалар орындату.

Балаларды әртүрлі музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау, қуыршақтар қойылымы) қатыстыру.

Түрлі музыкалық аспаптар мен музыкалық ойыншықтарда шығармашылық көрсету ұмтылысын қолдау.

Ересектермен және балалармен бірлескен әрекет үлгісін құру: ән салу, би билеу, сахнада және спектакльде ойнау.

Шулы оркестрде, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауға қатыстыру.

Ересектердің домбырада, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда, т.б. түрлі музыкалық және шулы аспаптарда ойнауын тыңдауға талаптандыру.

Румбада, тарелкеде, үшбұрыштарда қарапайым ырғақты өз бетінше орындау ниеттерін мадақтау.

Өз бетінше шығармашылық музыкалық іс-әрекеттер жасау үшін концерттерге, театрдағы қойылымға қатысуға және балаларға таныс ертегілер мен өлеңдердің мазмұны бойынша сахналауға, сахнада микрофон қолдануға жағдай жасау.

Құрбы-құрдастарының музыкалық іс-әрекеттерін, билерін бақылауы, олардың қимылдарына еліктеп, байқап көру шығармашылық әрекеттеріне талпындыру.

Түрлі жанрдағы және халықтардың музыкасын тыңдау және оларға тән сипаттаманы талқылау.

Балалар композиторларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалардың аттары мен олардың авторларын білу және атауға үйрету.

Балалармен бірге әр халықтың мәдениеті мен өнері, өмір сүрген дәуірі жайлы айтылған бейнефильмдер мен фильмдер қарау.

Ата-аналар мен балабақша қызметкерлерін балалармен бірге музыкалық шығармашылық әрекеттерге қатысуға жұмылдыру.

Дербес музыкалық әрекетті ынталандыратын заттық орта құру. Оны балалардың музыкалық және шулы, соқпалы аспаптарымен, музыкалық ойыншықтармен, суреттермен, түрлі атрибуттармен (ленталар, орамалдар, халық ертегілері кейіпкерлерінің бас киімдері) жабдықтау. Сонымен қатар, бұл ортаны костюмдердің элементтері мен түрлі театр қуыршақтарымен (көлеңке, саусақ, үстел үсті және т.б.) толықтыру.

Әдеп сақтап, көмек көрсетіп, ойын тәсілдерін естеріне түсіріп, көрсетіп, бидегі, әндегі кейбір олқылықтарды жөндеп, музыкалық іс-әрекетке қатыстыру.

Енжар, селқос балаларды белсенді іс-әрекетке тарту.

Әдемі киімді, түрлі театр қуыршақтарын, декорация элементтерін қолдану кезінде еркін шығармашылық танытуға мүмкіндік беру.