Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

18 Билет

Сөздің лексикалық мағынасын жалпылау дәрежесі, олардың әр түрлі жастағы балалардың меңгеруі

Мүсіндеу оқу әрекетін ұйымдастыру, оған қойылатын гигиеналық талаптар

Міндеттері:

1. Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту, пішіндердің ерекшеліктеріне мән бере отырып үйлесімін, құрылуын, қозғалысын бейнелеу.

2. Мүсіндеудің тәсілдері мен пластикалық түрлері арасындағы байланыстарды құрып, балаларға заттардың түрін талдауға үйрету.

3. Заттардың пішіндері, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары, кеңістіктегі орналасуы, өзіне тән белгілері туралы түсініктерін анықтау.

4. Өз еріктері бойынша заттарды мүсіндеуге, оларды бейнелеудегі тәсілдері мен құралдарын дербес іріктеуге үйрету, баланың шығармашылық белсенділігін, қиялын, зейінін, байқағыштығын дамыту.

Мазмұны:

Заттық мүсіндеу

Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету. Бір кездері өздері бақылаған заттарды бейнелеуге, заттарды түрлі қалыптарда мүсіндеу, бейненің жеке ерекшеліктерін өздері таба білуге, заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық шамаларын сақтауға үйрету.

Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.

Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін мүсіндеуге үйрету. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықтарды бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.

Адамның тік қалпын жасауға, бөліктердің салыстырмалы шамаларын сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін арнайы кескіштің көмегімен тегістеуді үйрету.

Ермексаз бен балшықтың бүтін бөліктерінен ленталық тәсілмен ыдыстарды мүсіндеуге үйретуді жалғастыру. Пішіннің сыртқы жағын тегістеуге, бұйымдардың сыртын ылғал шүберектің көмегімен тазалауға, заттарды мықты етіп жасауға үйрету.

Өз бетінше тақырыптарды ойлап табу және ойын жүзеге асыру іскерліктерін дамыту. Адамның бейнесін, жануарларды, ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі заттарды мүсіндеу дағдыларын дамыту.

Балаларға пластикалық тәсілдермен мүсіндеуге үйрету (балшықтың үлкен бөлігінен созып алу).

Заттың бір бөлігін басқа затқа терең орналастыру арқылы бекітудің жаңа тәсілдерін меңгеру.

Ортақ композиция үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын дамыту.

Сәндік мүсіндеу

Балаларды халық шеберлігінен шыққан ойыншықтармен таныстырып, оларды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісімен бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну (рельеф, илеу, кескіштер арқылы жону, қыру).

Балаларды халық шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру, халықтық керамика мәнерінде ыдыс (тостағандар, табақшалар, құмандар т.б.) жасауға үйрету, сыртын теп-тегіс етіп, күрделі рельефпен безендіріп, әшекейлеу («Оюланған кесе», «Тостаған», «Тегене», «Торсық», «Табақ» және т.б.) Түбі мен қабырғасына лента тәрізді пластиналарды орналастырып, бір-біріне іші-сыртын бекіту арқылы ыдыстар жасауды үйрету.

Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәнді мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Декоративті пластиналарды мүсіндеуге, жұмыстарында әртүрлі құралдарды қолдануға үйрету.

Сюжетті мүсіндеу

Балаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістері мен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйрету (қоян үлкен, ал көжек кішкентай).

Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету, сюжеттерде түрлердің ерекшеліктерін, қимыл-қозғалысын, фактурасын (күрделі рельефтеу мен жапсыру арқылы) әртүрлі кескіштерді қолдана отырып жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін (мұрын, ауыз, көз) жасай білу, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен (ағаш түбіртегінің, шөптің, гүлдің, мысықтың алдына тостаған, қыздың қолына себет) мейлінше көркемдеп жеткізе білу.

Кескішпен тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.

Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасауды үйрету. Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру, бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасауға көшу. Балаларға таныс күнделікті өмірде балабақша мен үйде, қыдыру мен саяхат кезінде кездесетін оқиғалар сюжет тақырыптары бола алады.

Қоршаған өмір, ертегілер мен әңгімелердің, халық әндерінің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасауды үйретуді жалғастыру, сюжеттерді өз бетінше ойластырып, мүсіндеуде іске асыруға үйрету.

Топтық жұмыстарды орындауға үйрету.

Жыл соңында мүсіндеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы таныс заттар, көкөнiстер, әртүрлi пішін және көлемдегі жемiстердi; адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін; жұмыста әртүрлi пішіндегі кескіштерді қолдана отырып ыдыс-аяқ, сәндiк пластиналарды мүсіндеуді;

- мүсіндік және конструктивтік мүсіндеу тәсілдерін;

- заттардың пропорциясын және олардың өзара өлшемдік арақатынасын сақтап, бейнеленген заттарды біріктіруді;

- өзінің жұмысын үлгімен салыстыруды;

- халықтық қолөнер ойыншықтары туралы, халық шеберлерінің еңбектері туралы;

- халықтық ойыншықтар желісімен бейнелер жасау, қоршаған өмір тақырыбы бойынша, ертегілер мен әңгімелер сюжеттері бойынша қарапайым сюжеттік композиция жасауды;

- ұжымдық жұмыстарды орындауды;

- мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде, ермексаз, сазбалшықты бөлуде дербестік көрсетуді;

Тұрмыстағы күнделікті дене тәрбиесі жаттығулары, мектеп жасына дайінгі балалардың дене тәрбиесі

Таңғы жаттығулар

1-жаттығу:Аяқтары бірге, қолдары белдерінде, бастарын оңға,солға бұрып жаттығу жасау.

2-жаттығу:Бастапқы қалып, аяқтары бірге иыққа арналған жаттығу жасау.

3-жаттығу:Қайшы аяқтары алшақ қолдарын алдыға созып жаттығу жасау.

4-жаттығу: бастапқы қалып қолдарын жоғары төмен жасату.

Қол белде аяқ алшақ, мойнымызды алдыға артқа иеміз.

Екі қол белде, мойнымызды оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз.

Екі қол кеуде тұсында оңға қарай 1-2, солға қарай 3-4 жазамыз.

Екі қолды алдыға екі рет қайшылаймыз, артқа екі рет қайшылаймыз.

Екі қол белде, белімізді оңға 4 рет, солға 4 қарай рет айналдырамыз.

-Балалар жалпы дамытушылық жаттығуларды дұрыс орындауға тырысады

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы қоғамның болашақ құрлысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының жалпы идеологиялық және методологиялық негізі – дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде танып-білу, жан-жақты жарасымды жетілген жеке адамды қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер ашу. Дене тәрбиесі үшін жеке адамды қалыптастырудағы өмірдің әлеуметтік жағдайлары мен тәрбиенің шешуші рөлі туралы қағидаларының зор мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі – бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми-зерттеулер мен озат тәжерибе негізінде дамиды. Ұлы Қазан социалистік революциясы біздің елімізде жаңа педагогиканың - жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие берудің іргетасын қалады. Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н.К.Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К.Крупскаяның мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандарының жаңа қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры көп ғасырлық халықтық педагогикаға тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасының әсерімен қалыптасты. XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол «Бала әдеттерінің азаматтылығы» деп аталатын тамаша құжат жасап шыққан. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері. Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.