Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

15 Билет

Балбақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері, әдіс-тәсілдері

Тіл дамыту – ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Балалардың 1 саны және цифры жайлы түсініктерін қалыптастыру

. Сабақтың тақырыбы: 1 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: Бір саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бірді бөліп алу. Бір цифрын жазуға үйрету.

Балалардың зейінір жеміске аудару. Сұрақ - жауап арқылы көптің ішінен бірді бөліп алу көзделеді.

- Сурет бойынша қанша алма?

- Көп.

- Оның ішінде өзгешесі бар ма?

- Бар.

- Бір алма жапырағымен үзілген.

- Алмұрт қанша?

- Көп.

- Алмұрттың түсінде қандай өзгеріс бар?

- Бір алмұрттың түсі көк.

- Сол сияқты көп жапырақ, оның біреуі көк жапырақ;

- Көп алхоры, оның біреуі көк алхоры.

- Сонымен бір алма, бір алмұрт, бір алхоры, бір жапырақ көптің ішінен өзіне тән ерекшелігіне қарай бөлініп алынады.

- Мына тұрған суреттегілердің бәрі нешеден?

- Бірден .

- Геометриялық фигураларды бір ұшбұрыш, бір шаршы, бір дөңгелек, бір текше деп санату.

- Ұғымды бекіту үшін «Күз сыйы» деген сюжет бойынша әңгіме жүргізу.

- Мысалы: Арман бақшадағы көп асқабақтан біреуін үзіп алды. Сондай - ақ, бір қияр, бір қызанақ, бір сәбіз, т.б.

Тор көздегі 1 цифрының санына тиісті бір заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті цифрды қою.

- Бұл среттегі Бұлжылтпас, оның жұмыс атқару негізі әр санды өткен сайын сол санға жылжып отырады..

- Бір санын өткенде Бұлжытпас бір қадам басады.

- Ол тапсырма орындағанда бір торкөз жылжиды, торкөздің алдындағы кедергіні аттап өту үшін, тапсырмалар орындату.

Ойындар ойнайық.

"Көп - аз, бір" ойыны.

Ойынға қажет материалдар: үлестірмелі заттар немесе суретті карточкалар (он - оннан).

Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеті

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;

- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;

- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.