Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

14 Билет

Жаңылтпаштың бала тілін дамытудағы рөлі

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыздыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Қазіргі кезде Жаңылтпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, , қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Балалардың уақыт жайлы түсінігін қалыптастыру ерте кеш ұғымын түсіндіру әдісі

Уақытты бағдарлау (күн, таңертең, сәске түс, бесін, ақшам, ымырт, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) туралы білімдерін бекіту.

Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Кеше қай күн болғаны, бүгін қай күн екенін, ертең қай күн болатынын анықтап, бұрын не болғанын, одан кейін не болатыны, аптаның қай күні екені туралы түрлі жағдайларды ретімен орналастыра білуге үйрету.

Бір жыл 12 айдан тұратынын, оларды ретімен дұрыс айта білу шеберлігін қалыптастыру. Уақыттың сипатты ерекшеліктері болып табылатындар: 1) оның озып өтуі; уақыт қозғалыспен байланысты; 2) оның қайтымсыздығы; 3) көрнекі формалардың болмауы, «ол көрінбейді де, естілмейді де»

Орыс тіліндегі время (уақыт) ежелгі орыстың время деген сөзінен шыққан, ол айналу деген мағынаны береді. Өткен, келер жақ осы шақтар; олар алмаса алмайтындай болып, өзара байланысқан. Уақыттың қайтымсыз болу қасиеті, уақыттың бір бағытпен өтуі табиғат пен қоғамның жоғары өрлеу сызығы бойымен мәңгі даму, екіден жаңаға өту белгісі.

Түйсіктік қабылдау деген уақытты қабылдаудың негізі болмақ. Алуан түрлі анализаторлар комплексі уақыттың баяу өтетіндігін түйсікпен қабылдауға септігін тигізеді, алайда И.М. Сеченов есіту және бұлшық еттер түйсіктеріне ерекше мән берген. «Тек дыбыс пен бұлшық еттер түйсігі ғана адамға уақыт жөнінде түсінік береді, онымен бірге өзінің бар мән- мағынасымен емес, бір жағынан ғана, дыбыстың созылыңқы және бұлшық еттер түйсігінің баяулығы арқылы барып сезінеді». Сондықтан есіту мен бұлшық еттер түйсігін И.М.Сеченов уақыт пен кеңістіктің жарым- жартылай анализаторы деп атаған.

И.П.Павлов уақыт санағы нерв жүйесінің әрбір элементіне, әрбір клеткасына тән деп көрсетті және де ол анализатордың қай-қайсысы да «уақытты санай» алатындығын эксперимент жүзінде дәлелдеп берген. И.П.Павлов уақыт қабылдаудың физиологиялық негізі болып табылатын қозу мен тежелудің алмасып отыруы, осының өзі «уақыт санауға» мүмкіндік береді де деген. Бұл пікір бірқатар зерттеулермен дәлелденген; екінші сигналдық системада салыстырмалы түрде қозғыш процесі басымырақ болғанда уақыт кемдеу бағаланады да, тежелу процесі басымырақ болғанда артығымен бағаланады. Сөйтіп, уақыт аралықтарын дәл бағалау сайып келгенде қозу мен тежелу процесі динамикасымен анықталады. Ал уақыт аралықтарын дифференциялау уақытқа деген шартты рефлекстер нәтижесі болып табылады.

Балабақшадағы таңертеңгі жаттығулар, оларды ұйымдастыру әдісі

Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта каланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.