- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •1.Балалардың актив және пассив сөздік қорлары
- •2.Жиын.Жиынның бірігуі
- •3.Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •5 Билет
- •1.Сахналау әдісі саусақ театры,қуыршақ театры,рөлдік ойындар
- •2.Жапсыруды үйрету барысындағы баланың алатын білімі
- •3.Тәрбиешіге бейнелеу өнері саласындағы білімнің қажеттілігі
- •6 Билет
- •1) Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері: Құрастыру әдісі, еліктеу әдісі, әңгімелеу әдісі, практикалық әдіс.
- •2) Математика оқу әрекетінде ұзындық ұғымын түсіндіру әдістемесі.
- •1) Көркем әдебиет сбақтары, оның мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
- •2) Балаларбақшасында балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері.
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •1 Педагогтың сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1.Балабақшада балалардың экологиялықтүсініктерінің қалыптастырудың маңызы.
- •2. Математика оқу әрекетінде балаларға өлшем жайлы түсінігін қалыптастыру.
- •3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтары.Музыка сабағын жоспарлау.
- •24 Билет
- •3. Музыкалық- ырғақтық қыймылдардың балаларға ықпал етуі, әсері, тәрбиелік маңызы.
- •25 Билет
- •1.Балалардың сауатын ашу оқу әрекетінің балаларды мектепке даярлаудағы рөлі.
- •3.Музыкалық мерекелер мен ойын сауықтар ұйымдастыруда тәрбиеші мен музыка жетекшінің ынтымақтастығы.
- •26 Билет
- •1.Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдердің жұмбақтардың,жаңылтпаштардың ,ертегілердің бала дамуындағы рөлі.
- •2.Балаларды үй жануармен таныстыру.
- •3.Ойыншық аспаптарды қолдана отырып балалар әнін орындап көрсету.
- •27 Билет
- •1.Диалогтік сөйлеуге үйрету әдістері (еркін сөйлесу, арнаулы сабақтар)
- •2.Ересек тобында балаларды санауға үйрету жолдары
- •28 Билет
- •1.Кітап бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Кіші топтың репертуарындағы әнге музыкалық-әдістемелік талдау жасап,көрсету.
- •29 Билет
- •30 Билет
11 Билет
Бала тілін дамытуда дидактикалық ойынның маңызы
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
Технология пәнінің мазмұны
Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу»бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену –Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс –қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу».
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Балалар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Бір жыл мезгілімен таныстыру әңгімесін құраңыз
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.
12 билет
Балабақшада тіл дамыту сабақтарының мазмұны, маңызы
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.
Міндеттері:
1. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу).
2. Дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін қалыптастыру.
3. Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйрету.
4. Әңгімелеу (монологтік ) және сөйлеу (диалогтік) тілін қалыптастыру.
5. Тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын (қарқын, екпін, ырғақ және т.б.) қолдану іскерлігін арттыру.
Тілдің дыбыстық мәдениеті
Ортаңғы топтан бастап ойындар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сөздегі дауысты және дауыссыз, қатаң және ұяң дыбыстарды түсінікті, бірнеше рет қайталай отырып, балаларға түсінік беру.
Сөйлеу кезінде сөз қосымшаларын анық айту қажет.
Дауысты игеру үлгісін көрсету: сөйлеу қарқынын өзгерту: баяу және жылдам сөйлеу, дауыс ырғағының мәнерлілігіне көңіл бөлу (балалармен әңгімелесуде, диалогта, көркем әдеби шығармалар, өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар оқуда).
Әр балаға дыбыс артикуляциясын және олардың дұрыс айтылуын көрсету.
Балаға сөзді түсіндіре және түзете отырып, дұрыс айтуына мүмкіндік беру.
Ортаңғы топтан бастап баламен бірге бір дыбыстан басталатын және аяқталатын сөзді табу (сөз бен дыбыс туралы әңгімелесуде, ойында, мысалы, «Дүкенде», «Сөз ойлап тап» және т.б. ойындарында).
Күнделікті өмірде қоршаған ортадағы түрлі дыбыстарды анықтауға және балаларға айтуды ұсыну. Баламен бірге сөздік ойындар ойнау (мысалы, қоршаған ортадан бір дыбыстан басталатын затты көрсет).
Балаларға дыбыстарды қабылдауға, тыңдай білуді дамытуға бағытталған шығармалар оқиды.
Ұйқас өлең жолдары мен тақпақтарды тыңдағаннан кейін ұйқас сөздерді ойлап табуға жадай тудыру.
Қарапайым өлең жолдарын ойлап шығаруға көмектесу.
Ортаңғы топта жаңа сөздермен таныстыруда балалардың назарын сөздің негізгі бөліктеріне аудару.
Балаларға әліпбидегі суреттерді көрсетіп және жұмбақтар шеше отырып, кітаптар оқып беруге болады.
Сөздік қор
Балалармен сөйлескенде немесе қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейткенде тіл үлгісі ретінде (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) әртүрлі сөздіктер қолдану қажет.
Баланы жаңа материалдармен және объектілермен таныстырғанда, аттарын атап, мағынасын түсіндіру қажет.
Қоршаған ортадағы және әдебиет мәтініндегі жаңа сөздерді тыңдауға, оларды бөліп көрсетуге мүмкіндік жасау.
Бала үшін маңызды және түсінікті олардың өмірі жайлы әңгімелерге қатыстыру қажет.
Ойында, тұрмыста заттардың (киімдер, ойыншықтар) бөліктерін, сапасы мен қасиеттерін дұрыс атауға және ажыратуға үйрету.
Балаға заттардың сапасы мен қасиетін суреттеуге қажетті сөздер таңдайтын, заттың тобын қолданатын, синоним және антонимдерді білдіретін сөздерді таңдай алатын жағдайларды құру.
«Бұл туралы не айтуға болады?», «Қандай сөз таңдап алуға болады?» сұрақтарына ойланып жауап беруге мүмкіндік беру.
Шығармалар оқу, әңгімелесу барысында жаңа сөздерді түсіндіріп, қызығушылықтарын тудыру.
Бала адамдардың көңіл күйі мен жағдайына байланысты сөздерді қолдануына жағдай құру (көңілді, жабырқау, мейірімді адам).
Жаңа сөздермен эксперимент жасау үшін жағдайлар жасайды.
Бала тілін әзіл-оспақ, ұйқас сөздер, өлең-тақпақтар арқылы байыта отырып, сауатты болуына қол жеткізеді.
"Үй жануарлары" тақырыбына ойын түрін құрастыр
«Ненің баласы?» дидактикалық ойыныМақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
«Төлін тап» деген дидактикалық ойын ойнаймыз.
- Балалар мына жануарлардың кішкентай төлдерін біз атап өттік.
Олар серуенге шығып адасып кетіпті. Ал біз төлін табуға көмектесейік. Және осы үй жануарлардың дауыстарын дауыстайық.
- Сиыр қалай мөңірейді?
- Қой қайтып маңырайды?
- Жылқы қалай кісінейді?
