Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

1 Билет

Тіл дамыту сабағының мақсаты,міндеттері

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.

Міндеттері:

1. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу).

2. Дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін қалыптастыру.

3. Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйрету.

4. Әңгімелеу (монологтік ) және сөйлеу (диалогтік) тілін қалыптастыру.

5. Тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын (қарқын, екпін, ырғақ және т.б.) қолдану іскерлігін арттыру.

Тілдің дыбыстық мәдениеті

Ортаңғы топтан бастап ойындар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сөздегі дауысты және дауыссыз, қатаң және ұяң дыбыстарды түсінікті, бірнеше рет қайталай отырып, балаларға түсінік беру.

Сөйлеу кезінде сөз қосымшаларын анық айту қажет.

Дауысты игеру үлгісін көрсету: сөйлеу қарқынын өзгерту: баяу және жылдам сөйлеу, дауыс ырғағының мәнерлілігіне көңіл бөлу (балалармен әңгімелесуде, диалогта, көркем әдеби шығармалар, өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар оқуда).

Әр балаға дыбыс артикуляциясын және олардың дұрыс айтылуын көрсету.

Балаға сөзді түсіндіре және түзете отырып, дұрыс айтуына мүмкіндік беру.

Ортаңғы топтан бастап баламен бірге бір дыбыстан басталатын және аяқталатын сөзді табу (сөз бен дыбыс туралы әңгімелесуде, ойында, мысалы, «Дүкенде», «Сөз ойлап тап» және т.б. ойындарында).

Күнделікті өмірде қоршаған ортадағы түрлі дыбыстарды анықтауға және балаларға айтуды ұсыну. Баламен бірге сөздік ойындар ойнау (мысалы, қоршаған ортадан бір дыбыстан басталатын затты көрсет).

Балаларға дыбыстарды қабылдауға, тыңдай білуді дамытуға бағытталған шығармалар оқиды.

Ұйқас өлең жолдары мен тақпақтарды тыңдағаннан кейін ұйқас сөздерді ойлап табуға жадай тудыру.

Қарапайым өлең жолдарын ойлап шығаруға көмектесу.

Ортаңғы топта жаңа сөздермен таныстыруда балалардың назарын сөздің негізгі бөліктеріне аудару.

Балаларға әліпбидегі суреттерді көрсетіп және жұмбақтар шеше отырып, кітаптар оқып беруге болады.

Сөздік қор

Балалармен сөйлескенде немесе қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейткенде тіл үлгісі ретінде (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) әртүрлі сөздіктер қолдану қажет.

Баланы жаңа материалдармен және объектілермен таныстырғанда, аттарын атап, мағынасын түсіндіру қажет.

Қоршаған ортадағы және әдебиет мәтініндегі жаңа сөздерді тыңдауға, оларды бөліп көрсетуге мүмкіндік жасау.

Бала үшін маңызды және түсінікті олардың өмірі жайлы әңгімелерге қатыстыру қажет.

Ойында, тұрмыста заттардың (киімдер, ойыншықтар) бөліктерін, сапасы мен қасиеттерін дұрыс атауға және ажыратуға үйрету.

Балаға заттардың сапасы мен қасиетін суреттеуге қажетті сөздер таңдайтын, заттың тобын қолданатын, синоним және антонимдерді білдіретін сөздерді таңдай алатын жағдайларды құру.

«Бұл туралы не айтуға болады?», «Қандай сөз таңдап алуға болады?» сұрақтарына ойланып жауап беруге мүмкіндік беру.

Шығармалар оқу, әңгімелесу барысында жаңа сөздерді түсіндіріп, қызығушылықтарын тудыру.

Бала адамдардың көңіл күйі мен жағдайына байланысты сөздерді қолдануына жағдай құру (көңілді, жабырқау, мейірімді адам).

Жаңа сөздермен эксперимент жасау үшін жағдайлар жасайды.

Бала тілін әзіл-оспақ, ұйқас сөздер, өлең-тақпақтар арқылы байыта отырып, сауатты болуына қол жеткізеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға сан ұғымын түсіндіру

1.Санау деген не? Әрекетпе әлде операция ма? Онын құрылымы қаңдай және кішкентай балалар санауды қалай игереді: сан есім сөздерді рет – ретімен ауызша атау, санау болып табыла ма:

2. Сан деген не? Түсінік пе әлде ұғым ба: Егер сан – ұғым болса , онда оның сезімдік негізі не болып табылады, және балада сан түсініктен ұғымға қала өтнді?

3.Жиындықтағы нәрселерді санай отырып , балалар санға келетіні белгілі. Осындай жағдайда кеңістіктік фактор санды анықтауды қандай рөл атқарады?

4. Сан және санау өзара қандай қатынаста болады, қайсысы қайсысының алдыңда жүреді. Егер бұлар теңбе – тең емес , бірден – бір болса , онда бұл бірден – бірліктің құрылысы қандай?

Жиындардың әр түрлік классындағы жиынтық ретінде, әр қайсысы жиындардың өз жеке классының көрсеткіші болатын, мысалы дүниенің бес бөлігі, қолдағы бес саусақ, берілген ұзындықтың бес өлшемі, уакытты есептеудің бес өлшемі және т.б, әр түрлі сандармен аталған қазіргі натурал сан қатары қалыптасты.

1) Санау – бұл әрбір әрекетке тән белгілер: жиындардың белгілі бір классының көрсеткіші ретіндегі қорытынды сан түрінде мақсаты, құралы есептеу және нәтиже операциясы бар әрекет.

2) Санау әрекетінің мәні мынадан тұрады: нақты жиынтық элементтері мен сандардың стандартты жиыны ретіндегі сандардың натурал қатарының мүшелері ( бұлардың әр қайсысы жиындардың белгілі бір классының көрсеткіші болып табылады) арасында өзара бір мәндік сәйкестік орнайды.

3) Санау әрекетінің өзіндік ерекшелігі мынада: операциялар нақты жиынтықтармен, яғни әр түрлі анализатор (көру,есту,сезу және т.б.) арқылы қабылданатын ақырғы жиындармен жасалады. Сонымен сан есім – сөздерді рет – ретімен ауызша атау мүлде санау әрекеті болып табылмайды, себебі онда мақсат – санайтын нәрсе (нақты жиындар) жоқ әрі нәтиже де жоқ. 4-5 жастағы балаларды санауға үйретудің мазмұны: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, заттарды санауға, санды ретімен және қорытынды санын атауға, «Барлығы неше?» деген сұраққа жауап беруге үйрету.

5 көлемінде реттік санау және реттік санды атап «Қайсы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.

Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету.

Заттың аз тобына қосу немесе көп заттың тобынан бір затты алу, «Қанша болды?», «Қанша қалды?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы екі тәсілмен теңсіздікті анықтай білуге үйрету.

5-ке дейінгі сандармен таныстыру.

Заттың саны оның көлеміне және орналасуына байланысты емес екені туралы түсініктерін қалыптастыру.

Түрлі сезім мүшелері арқылы (көру, есту, сипап сезу) санауға үйрету.

Балабақшада пайдаланатын бейнелеу өнерінің түрлері

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:

- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Алдымызға қойған бағытымыз:

Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;

- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;

Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Кеңестер беру;

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:

- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;

- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

- көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларын меңгерту;

Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:

- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларды меңгерту.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.

Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.