Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Артериалды гипертензия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

Диуретиктерге жатады:

Гидрохлортиазид (гипотиазид, дихлотиазид, эзидрекс). Таблетка түрінде 25, 50 және 100 мг. шығарылады.

Клопамид (____). Таблетка түрінде 0,01 және 0,02 шығарылады.

Гендапамид – антигипертензивті диуретик, таблетка түрінде 2,5 мг. шығарылады.

____ диуретиктер: Фуросемид (лазикс) таблетка түрінде 5, 20, 40, 80 мг. және инъекцияға арналған ерітінді түрінде 10 мг/мл (ампулалар 2 мл-ден).

Этакринді қышқыл (урегит) әсері ішке қабылдағаннан 30 минуттан кейін және көк тамырға енгізгеннен 15 минуттан кейін басталады.

Калийді қорғаушы диуретиктер: Триамтерен (птерофен) капсула түрінде 50 және 100 мг., сонымен қатар қосарланып тіркелген препараттар:

  • Триампур композитам (25 мг. триамтерен; 12,5 мг. гидрохлортиазид);

  • Диазид (50 мг. триамтерен; 25 мг. гидрохлортиазид);

  • Максзид (75 мг. триамтерен және 50 мг. гидрохлортиазид).

В - адреноблокаторлар.

Кардиоселективті (В1 – АБ)

Кардиоселективті емес (В1, В2 – АБ)

СМА -

СМА +

СМА -

СМА +

Метопролол

Практалол

Бетаксолол

Талинолол

Ацебуталол

Пропронолол

Тимолол

Соталол

Надолол

Карведилол

Окспренолол

Алпреналол

Пиндалол

Кальций каналдарының баяу тежеушілері (кальций антагонистері).

Барлық кальций каналдарының тежеушілері нәтижелі және жақсы көтерілетін антигипертензивті зат. Үнемі емдік мақсатта қолдану үшін ұзақ әсерлі препараттар тағайындалады. Қысқа әсер етуші нифедипин әсіресе мөлшері мг. және тәулігіне одан да жоғары қабылдау ұсынылмайды, себебі ол ишемиялық асқынуларды шақыруы мүмкін (микард инфаркін басынан өткергендерде науқастардың өлімі жоғарылайды). Тұрақты стенокардиясы бар науқастарға кальций антогонистерін тағайындау таңдамалы дәрілердің бірі. Жүрек өткізгіштік қызметі бұзылуында және жүрек жеткіліксіздігінде Верапамия және дилтиазимді тағайындау қарсы көрсеткіш болып табылады.

Химиялық құрамы бойынша жіктеуі:

  1. Фенилалкиламиндер, верапамил (фенонтин, изоптин);

  2. Дигидропиридиндер, ____ (коринфар, кордафен, адалат, фенигидин), нитрендипин (байпресс), никардипин (баризин), нисолдипин, фелодипин (плендил), исрадипин (ломир);

  3. Бензотиазепиндер, дилтиазем (дилзем, кардил);

  4. Пиперазиндер, лидофлазиндер, циннаризин, флюнаризин.

Ангиотензинді алмастырғыш ферменттердің тежеушілері (ААФТ): Органопротекторлы әсері бар қауіпсіз және нәтижелі зат. Жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың өлімін төмендетеді және әсіресе протеинурия болуы кезіндегі диабеттік нефропатияның үдеуін тежейді. Жүрек жеткіліксіздігінде, сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясында миокард инфарктін басынан өткергенде, диабеттік нефропатияда тағайындалады.

Аафт тағайындауға қарсы көрсеткіштер:

  • Жоғарғы сезімталдық;

  • Ауыр қолқа стенозында миокардтағы перфузия төмендеуіне қауіп төніп ишемия дамуында;

  • Артериалды гипотония;

  • Жүктілік және лактация;

  • СБЖ (креатинин 300 кммоль/л жоғары);

  • Гиперкалийемия (5,5 ммоль/л жоғары);

  • Екі жақты бүйрек артериясының стенозы.

АТ1 – рецепторларының тежеушілері: АТ1 –рецепторларының тежеушілері ААФТ көтере алмау кезінде және жүктілік кезінде, екі жақты бүйрек артерияларының тарылуы кезінде, гиперкалиемия кезінде қарсы көрсеткіш болғанда тағайындалады. ААФ ангиотензин ІІ толық тежемейді, бұл гормонның өнімі тіндік плазминогенмен, катепсини, химазамен бақыланады және А ІІ пайда болу жолы патологиялық жағдайда негізгі болып табылады. АТ1 – рецепторларының тежеушілеріне жатады: лозартан, эпосартан, телмисартан, вальсартан. Лозартан 50-100 мг-нан тәулігіне 1 рет тағайындалады, диуретиктердің жоғары мөлшерінде және бауыр мен бүйрек қызметі бұзылуында бастапқы мөлшерін 25 мг/тәул. дейін төмендетеді.

а – Адреноблокаторлар: АҚ қауіпсіз және нәтижелі төмендетеді, жатыр миомасы кезінде таңдаулы зат болып табылады. Оларды тағайындауға көрсеткіштерге ____ және глюкозаға төзімділіктің бұзылуы жатады. Екі негізгі топтарға бөлінеді:

а1 – АБ: празозин, доксазозин, теразозин;

а1 – а2 – АБ: кетансерин, индормин.

Доксазозин (кардура). АҚ біртіндеп төмендедейді, максималды нәтижесі 2-6 сағаттан кейін байқалады және 24 сағатқа дейін жалғасады. Мөлшері 1-ден 16 мг/тәул. дейін. Емді 1 мг-нан тәулігіне 1 рет 1-2 апта аралығында қабылдау ұсынылады, кейін 1-2 аптада мөлшерін 2 мг/тәул. дейін жоғарылатады.

Фентоламин (дибазин) көк тамырға енгізуге арналған ерітінді түрінде 5 мг. фентоламин 25 мг. маннитолмен бірге ампулада шығарылады, сонымен қатар таблеткада 0,02 г. шығарылады.

а1 – рецепторларының селективті агонистері (имидазолинді). а1-рецепторлары сопақша мидың ростральды вентролатеральды бөлімінде орналасқан, силепатикалық нерв жүйесінің тоникалық және рефлекторлы бақылауына жауап береді. Бұл рецепторлардың белсенділенуі орта мидың аралық аймағындағы қонбалы нейрондардың жойылуына әкеліп, орта мидағы симпатикалық преганглионарлы нейрондардың басылуын шақырады. Бұл ОНЖ белсенділігінің жойылуына, кейін КА шығуының азаюына әкеледі.

Имидазоминді шеткері рецепторларының стимуляциясы (күшеюі) метаболиттік гемостазға әсер етеді: глюкозаға тәуелді инсулиннің шығуын глюкозаның клетка ішіне кіруін жоғарылатады, кейін гликемияны төмендетеді, глюкозаның аэробты қышқылдануын және гликоген синтезін күшейтеді, лактат өнімін азайтады, бас ми тіндерінің глюкозаға сезімталдығын жоғарылатады.

Моксонидин (цинт, физиотенз) эссенциальды гипертензияда алғашқы мөлшері 0,2 мг. тәулігіне 1 рет, кейін қажет жағдайда мөлшерін 0,4-0,6 мг. дейін жоғарылатып тәулігіне 1 рет тағайындайды.