Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест 22 мамыр (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.39 Кб
Скачать
  1. Өзара қарым-қатынастардың төрт түрі мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:

  1. Құрметтеу

  2. Жеке қарым-қатынас

  3. Құзыреттілік

  4. Адалдық

А) өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас

В) кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас

С) басқаның пікірін тыңдау және бағалау

Д) басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу

  1. Мұғалім көшбасшылығының негізгі үш бағыты мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:

  1. Оқушыларға немесе басқа мұғалімдерге көшбасшылық ету

  2. Кезекті тапсырмаларды орындауды басқару

  3. Шешім қабылдау немесе әріптестік арқылы басқару

А) ұйымдастыру іс-шараларын өткізу және оқу бөлімі меңгерушісінің, іс-әрекеттегі зерттеушінің, арнайы жұмыс тобы мүшесінің рөлі арқылы мектепті алға қойылған мақсаттарға қарай ілгерілету үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз ету

В) мектепті жетілдіру тобына мүшелік, комитеттерге мүшелік, іскер адамдармен, жоғары оқу орындарымен, жергілікті білім беруді басқару органдарымен және ата-аналар комитетімен әріптестікті ұйымдастырушы.

С) әдіскер, коуч, тәлімгер, тренер, оқу жоспарларын әзірлеуші маман, оқытудағы жаңа тәсілдерді әзірлеуші, зерттеу топтарының басшысы;

  1. Мдж жасау үдерісінің кезеңдері арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:

  1. 1-кезең

  2. 2-кезең

  3. 3-кезең

  4. 4-кезең

  5. 5-кезең

А) Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.

В) Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.

С) Кәсіби міндеттерді анықтау.

Д) Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.

Е) Құндылықтарды анықтау.

  1. Ұғымдар мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз

  1. Белсенді оқу

  2. Әлеуметтік-сындарлы оқыту

  3. Ынтымақтастық оқу

  4. Сындарлы оқу

  5. Оқытудағы бихевиористік тәсіл

А) талқылау, пікірталас, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру сияқты диалог жүргізудің түрлі әдістерін қолдана отырып түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу.

В) бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады.

С) оқытудағы бұл тәсіл оқыту үдерісінде білім алушыға жасалған әсерлер (түрткілер) және сол әсерлерге оқушылардың көрсеткен реакциялары ғана ескеріледі деген тұжырымға негізделген.

Д) педагогикалық (дидактикалық), сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару құралдарын кеңінен және

мүмкіндігінше кешенді пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметін жан-жақты жандандыруға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.

Е) талдау, эксперимент, жетекшілік ету арқылы жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты белсенді зерттеу әдістерін пайдалану кезінде түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу.