- •Бағдарламаға сәйкес педагогикалық білімдер:
- •Білімнің технологиялық аспектісі ... Әрекеттесуінің тәсілін білуді меңзейді:
- •Ұғым және анықтамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
- •Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері мен олардың арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
- •Сәйкестікті орнатыңыз:
- •Мұғалім көшбасшылығының функциялары мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
- •Көшбасшылықтың табысты болуының алты факторы мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
- •Өзара қарым-қатынастардың төрт түрі мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
- •Мұғалім көшбасшылығының негізгі үш бағыты мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
- •Мдж жасау үдерісінің кезеңдері арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
- •Ұғымдар мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз
Ұғым және анықтамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
Оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс
оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым
тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы.
ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі
критерийлер, лейблдер мен дескрипторлардың болуын көздейтін, оқушы жұмысын қалай бағалау керектігін түсіндіретін құжат.
А) Лейбл В) Рубрикатор Е) Бағалау критериі
С) Дескриптор
Д) Критериалды бағалау
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері мен олардың арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
Ұтымдылық
Сыңаржақтылықтың болмауы
Пайым
Тәртіп
Өзіндік сана-сезім
А) ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін өзі тануға қатысты эмоция да болуы ықтимал).
В) барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.
С) дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Д) тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық көзқарастарға көңіл бөлу).
Е) өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті сезіну.
Сәйкестікті орнатыңыз:
Ұзақ мерзімді жоспар
Орта мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
А) Жеке, дербес сабақ
В) Оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны
С) Жұмыс сызбасы, тізбектелген сабақтар
Мұғалім көшбасшылығының функциялары мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
Орындаушы функция
Қатысушы функция
Делдалдық функция
Қарым-қатынас
А) бұл арқылы олар бір-бірін оқытып, өзара білім алады
В) көшбасшы-мұғалімдер – тәжірибе мен ақпараттың маңызды көзі. Қажетті білімді олар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын пайдаланып, басқа көздер мен материалдардан ала алады немесе ұйымнан тыс көмек іздей алады
С) бұл ретте барлық ұстаздар өздерінің осы үдеріске қатыстылығын сезініп, өзгеріс пен дамудың бір бөлігі болып табылады
Д) мұғалімдер мектепті жақсарту қағидаттарын жекелеген сыныптардағы тәжірибеге көшіру тәсіліне қатысты. Ол көшбасшы-мұғалімнің негізгі міндеті. Ол мектеп ішіндегі байланыстардың беріктігіне және мұғалімдерді саналы дамыту үшін барынша мол мүмкіндіктердің ұсынылуына кепілдік береді
Көшбасшылықтың табысты болуының алты факторы мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
Жай бөлініс
Прагматикалық бөлініс
Стратегиялық бөлініс
Кезеңдік бөлініс
Бастамашылық бөлініс
А) Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағытталушылық – бұл бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады
В) Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие
С) персоналдың олар үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулықтар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді
Д) Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Е) Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар.
