Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест 22 мамыр (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.39 Кб
Скачать
  1. Соңғы жылдардағы зерттеулерде адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен көзқарастар, бейімділіктің үйлесімі ретінде анықталады

А) жады

В) уәж/мотивация

С) интеллект

Д) тәрбие

Е) оқу

  1. Бағдарламаға сәйкес педагогикалық білімдер:

А) оқыту пәні бойынша өзекті білімдерді білуге негізделген

В) білім берудің жалпы негіздерін, оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білуге негізделген

С) мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады

Д) оқытудың қосалқы құралдары туралы білім

Е) осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік ақпараттық құралдарды білуге негізделген

  1. Білімнің технологиялық аспектісі ... Әрекеттесуінің тәсілін білуді меңзейді:

А) технологиялық және пәндік білімдердің

В) техникалық және ақпараттық білімдердің

С) ақпараттық және коммуникациялық білімдердің

Д) педагогикалық және пәндік білімдердің

Е) пәндік және пәнаралық білімдердің

  1. Іс-әрекеттегі зерттеуді құрастырудағы ең күрделі іс:

А) жоспар құру

В) сұрақты дұрыс қою

С) қатысушылар ортасын анықтау

Д) пайдаланған әдебиет тізімін қалыптастыру

Е) дәлелдерді жинақтау

  1. «Егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті боуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойыннша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінуімен бірге жүруін көздеуі керек» деп тұжырымдаған зерттеушілер:

А) Бекта мен Кокс

В) Кокс пен Уэбб

С) Мишра және Келер

Д) Рэгг пен Браун

Е) Барнс пен Мерсер

  1. Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі негізгі үш мәселені қамтиды:

А) Құзырлылық, кәсібилік, тәжірибе

В) Мәнмәтін, өзектілік, жүйелі тәлімгерлік

С) Қарым-қатынас, мәнмәтін, тәжірибе

Д) Пікір, көзқарас, жүйелі коучинг

Е) Рефлексия, нәтиже, тәжірибе

  1. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз:

А) қисындылық, нақтылық, белсенділік, ашықтық, сенімділік

В) сезімпаздық, өзіне сенімділік, көшбасшылық, ақылдылық

С) рефлексиялылық, енжарлық, өзін-өзі бақылау, мақсаттылық

Д) тиянақтық, сенбестік, жабықтық, ақылдылық

Е) ұтымдылық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім

  1. Ересектер мен балалардың ойлауы арасындағы айырмашылықтар олардағы нейрофизиологиялық өзгерістер тұрғысынан емес, олардың тәжірибесінен болатын алшақтықта екенін түсіндіруге болады деп есептейді:

А) Макэлпайн мен Рид

В) Джон Дьюи

С) Госвами мен Брайант

Д) Хоу мен Мерсер

Е) Карл Роджерс

  1. Сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып жатқан әлеуметтік үдерсітер жетістіктерге себепші болады деп есептейді: мұғалім сыныптағы жалғыз білім көзі ретінде емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуын қолдайды.

А) Александер

В) Мишра мен Келер

С) Джон Флейвелл

Д) Хоу мен Мерсер

Е) Лев Выготский

  1. Көшбасшылықтың табысты болуының факторлары:

А) праксистік бөлініс, жай бөлініс, қоғамдық бөлініс, орталық бөлініс, желілік бөлініс, мәдени бөлініс

В) желілік бөлініс, прагматикалық бөлініс, мәдени бөлініс, стратегиялық бөлініс, кезектік бөлініс, кәсіби бөлініс

С) жоспарлы бөлініс, кезеңдік бөлініс, қоғамдық бөлініс, жай бөлініс, эксперименттік бөлініс, қауымдық бөлініс

Д) прагматикалық бөлініс, жай бөлініс, проблемалы бөлініс, стратегиялық бөлініс, бастамашылық бөлініс

Е) жай бөлініс, прагматикалық бөлініс, стратегиялық бөлініс, кезеңдік бөлініс, бастамашылық бөлініс, мәдени бөлініс

  1. Тиімді желінің ең басты ерекшелігі:

А) шеберлік

В) идеялардың әралуан болуы

С) сыпайылық

Д) тәжірибе

Е) сенімділік

  1. «Реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге қажетті деп есептейтін көптеген басты идеяларды әзірлеуге қатысып, жәрдемдесуіне және қолдауына байланысты желілер бүгінгі күні өте танымал болып отыр» деп тқжырымдаған:

А) Либерман

В) Баллантин

С) Фрост

Д) Циммерман

Е) Ренцулли

  1. Мұғалімнің үш көмекшісінің қайсысы этикалық және моральдық құндылықтарын ұстану, шыншыл, батыл, төзімді болу, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білу дегенді білдіреді?

А) Әдістемелік шеберлік.

B) Кәсіби түсінік.

C) Оқытудың тәжірибелік дағдылары.

Д) Кәсіби-адамгершілік тұтастық.

Е) Мұғалімдік қабілет.

  1. Өздігінен реттелетін оқудың аса маңызды үш элементі:

А) проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы, тапсырмаларды орындауда өзінің жұмысын бағалай алуы, құрдастарының жұмысына баға беру қабілеті

B) өзін-өзі реттей алу қабілеті, өзінің оқуы мен жеке жұмыс жасауын жоспарлай алуы, проблемаларды шешу барысында құрдастарымен ақылдаса отырып бір тоқтамға келу қабілеті

C) өзін-өзі және құрдастарын бағалай алу, өзінің іс-әрекетін жоспарлай алу, тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы

Д) тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы, оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы, проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы

Е) өзіндік жеке қабілет, тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы, өзін-өзі реттей алу қабілеті .

  1. «Желілер «барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине, және білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды шеше алмайды. Алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады» деп тұжырымдаған:

А) Фуллан

B) Фрост

C) Маклафлин

D) Уилсон

Е) Чапман

  1. Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі және идея қайталанып, жасалуы, бірақ үнемі мұқият бағалана бермеуі әңгіме түрлерінің қайсысын сипаттайды?

А) Қалыпты әңгіме.

B) Әңгіме-дебат.

C) Кумулятивтік әңгіме.

D) Әңгіме-сырласу.

Е) Зерттеушілік әңгіме.

  1. Оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдаған кім?

А) Хоу

B) Мерсер

C) Александер

D) Литтлтон

Е) Брайант

  1. Диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады деп есептейді.

А) Хоу

B) Мерсер

C) Александер

D) Литтлтон

Е) Брайант

  1. Білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында олар тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

А) Хоу

B) Мерсер

C) Александер

D) Литтлтон

Е) Брайант

  1. Жүйе басшыларының әріптестерімен жүргізетін жұмысына тар құсаудан босану сияқты қарайды, ол жүйедегі мектептер арасындағы ішкі мәдениеттен және бәсекелестікке бағдарланудан анағұрлым жоғары тұрады деп болжайды.

А) Харрис

B) Аспин

C) Фрост

D) Фуллан

Е) Мэтьюз

  1. Дәлелдердің деңгейі мен маңызын, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының қай белгісіне сай келеді?

А)Ұтымдылық.

B)Сыңаржақтылықтың болмауы.

C)Пайым.

D)Тәртіп.

Е)Өзіндік сана-сезім.

  1. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастырудағы алаңдау жағдайы сыныпта қай кезде орын алуы мүмкін?

А) Талаптың жоғары, дағдының төмен болуы.

B) Талаптың да, дағдының да төмен болуы.

C) Талаптың да, дағдының да жоғары болуы.

Д) Талаптың төмен, дағдының жоғары болуы.

Е) Талаптың да, дағдының да орташа болуы.

  1. Оқытудың қосалқы құралдары туралы білім білімнің қай түріне жатады?

А) Жалпы білімдер.

B) Пәндік білімдер.

C) Педагогикалық білімдер.

Д) Техникалық білімдер.

Е) Технологиялық білімдер.

  1. Кімдердің пайымдауынша «Олардың ертеде оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандырғанына қарамастан, адамның ойлау қабілетіне қатысты осындай болжамдар, оқытудағы бұндай тәсілдер мен білім беруді ұйымдастырудың осындай модельдері экономикалық және әлеуметтік ортаның өзгеріп отырған жағдайларына, танымдық саланың ахуалына және ХХІ ғасырдың зияткерлік талаптарына дайындалып жатқан оқушылар үшін жеткіліксіз деп саналады.

А) Кеммис және Брайант

B) Чапман және Аспин

C) Либерман және Баллантин

Д) Макэлпайн және Макбет

Е) Рид және Ренцулли

  1. Ақпарат пен ұсынымдардың маңызды болуы коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісінің қай мәселесін қамтиды?

А) Бағыттылық.

B) Мәнмәтін.

C) Өзектілік.

Д) Құрылым.

Е) Жүйелі тәлімгерлік.

  1. Тәжірибе негізіндегі сабақтар зерттеудің қай кезеңінің сипаттамасы?

А) Міндеттеме алу.

B) Зерттеуді әзірлеу.

C) Тәжірибенің мәнін түсіну.

D) Жаңадан бастау.

Е) Тәжірибені жетілдіру.

  1. Сәйкестендіріңіз:

1.Specific

2.Measurable

3.Attainable/achievable

4.Realistic

5.Timed

  1. Өлшеуге болатын

  2. Арнайы, нақты

  3. Шындыққа сай

  4. Қандай да уақыт аралығымен шектелген

  5. Қолжетімді

БЛОК В

  1. Ұғым және анықтамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:

  1. Оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс

  2. Оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты тұжырым жасап, шешім және/немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет

  3. Мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы

  4. Белгілі бір әрекетте немесе оқиғаны түсіну, игеру, сонымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немес оқиға тралы пікір, баға беру, жауапты реакция

  5. Оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару

А) бағалау

В) критериалды бағалау

С) формативті бағалау

Д) суммативті бағалау

Е) кері байланыс

  1. Іс-әрекеттегі зерттеуді (Action research) жүргізудің кезеңдері мен жасалатын әрекеттер арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:

  1. Бірінші кезең

  2. Екінші кезең

  3. Үшінші кезең

  4. Төртінші кезең

  5. Бесінші кезең

А) жаңадан бастау

В) тәжірибені жетілдіру

С) міндеттеме алу

Д) зерттеуді әзірлеу

Е) тәжірибенің мәнін түсіну