Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест 14,08,2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.48 Кб
Скачать

Тест

  1. Бірінші деңгей бағдарламасының өзара байланысты үш бағытының біреуін атап көрсетіңіз.

    1. Көшбасшылықтың конустық метафорасын дайындау

    2. Мектепті дамыту мақсатында кәсіби желілік қоғамдастық аясында білім алуға бастама жасау және қолдау көрсету

    3. Ұзақ мерзімді жоспар дайындау

    4. Командалық жұмысты ұйымдастыру

    5. Жоғарыдағылардың барлығы

  2. Қайсысы мұғалім тұлғасының «білім беру сызбасына» жатады?

    1. Мұғалім білімі

    2. Мұғалім ізденісі

    3. Мұғалім көзқарасы

    4. Мұғалім шеберлігі

    5. Мұғалім санасы

  3. Бірінші деңгей бағдарламасы қандай мұғалімдерді даярлауға бағытталған?

    1. Мықты басшы болатын мұғалімдерді

    2. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүргізе отырып, жеке тұлғаны қалыптастыратын мұғалімдерді

    3. Білімді мұғалімдерді

    4. Оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді

    5. Сауатты оқушыларды даярлайтын мұғалімдерді

  4. Құзырлы оқытудың маңызды факторы:

    1. Оқушылардың жиынтық бағалануы

    2. Мұғалімнің білімді болуы

    3. Мұғалімдердің әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста болуы

    4. Мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы

    5. Сындарлы оқыту

  5. Оқытудың қай түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарып, құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды?

    1. Тұлғалық бағдарлы оқыту теориясы

    2. Құзыреттілікке бағдарланған оқыту

    3. Гуманистік оқыту теориясы

    4. Дамыта оқыту теориясы

    5. Сындарлы оқыту теориясы

  6. Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер не істейді?

    1. Мектептің даму жоспарын дайындайды

    2. Коучинг ретінде мектепте өз әріптестерін оқытады

    3. Орта мерзімді жоспар дайындайды

    4. Мектепте білім сапасын арттырады

    5. Жоғарыдағылардың барлығы

  1. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:

    1. Ойлау туралы ойлау

    2. Мақұлдамау, теріске шығару

    3. Технологиялық үдеріс

    4. АКТ қолдану

    5. Тиісті ақпарат жинау

  2. Кім дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды?

    1. Пажарес (1992)

    2. Мерсер (2000)

    3. Барнс пен Мерсер (2000)

    4. Макэлпайн мен Рид (1996)

    5. Л.Выготский (1975)

  3. Креативті ойлаудың сипаттамасы:

    1. Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған

    2. Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды

    3. Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын

    4. Көптеген идеяларды ойлап шығарады

    5. Жоғарыдағылардың барлығы

  1. ........ сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып жатқан әлеуметтік үдерістер жетістіктерге себепші болады деп есептейді.

    1. Выготский

    2. Хоу мен Мерсер

    3. Перри

    4. Александер

    5. Шульман

  1. «Қалай оқу керектігін үйретуде» мұғалім оқушыға көмектеседі:

    1. Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге

    2. Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге

    3. Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға

    4. Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға

    5. Жоғарыдағылардың барлығы

  1. «Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық, дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді» Бұл үдеріс қалай аталады?

    1. «Көпіршелер тұрғызу» (Жером Брунер)

    2. ЖАДА (Выготский)

    3. «Ойлау туралы ойлану» (Мерсер)

    4. «Дүкенге саяхат жасап қайту» (Пиаже)

    5. «Білім беру сызбалары» (Пажарес)

  2. Қайсысы өздігінен реттелетін оқудың элементі болып табылмайды?

    1. Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы

    2. Оқушының проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы

    3. Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы

    4. «Бастама-жауап-кейінгі əрекет» формасы

    5. Оқушылардың өзін-өзі реттеу, бақылау, бағалауы

  3. Оқыту үшін бағалау қандай бағалау?

    1. Жиынтық бағалау

    2. Оқу циклі аяқталғаннан кейінгі бағалау

    3. Формативті бағалау

    4. Тест арқылы білімді анықтау

    5. Жоғарыдағылардың барлығы

  4. «Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді» әңгіменің қай түрінде кездеседі?

    1. Әңгіме-дебатта

    2. Кумулятивтік әңгімеде

    3. Сұхбат әңгімеде

    4. Зерттеушілік әңгімеде

    5. Диалог әңгімеде

  5. Тізбектелген сабақтар топтамасы нені көздейді?

    1. Сабақ мақсаттарын дұрыс қоюды

    2. Мектепке өзгеріс енгізуді

    3. Білім сапасын көтеруді

    4. Мұғалім даярлығының сапасын

    5. Жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс енгізу үдерісі туралы тәжірибеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды

  1. Орта мерзімді жоспарлау, бұл .....

    1. Жылдық жоспар

    2. Даму жоспары

    3. Тізбектелген сабақтар топтамасы

    4. Күнделікті сабақ жоспары

    5. Ашық сабақ жоспары

  2. Орта мерзімді жоспарлаудың мақсаты:

    1. Сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру

    2. Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу

    3. Оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау

    4. Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы

    5. Барлық жауап дұрыс

  1. Оқу нәтижелері неге бағытталуы керек?

    1. Мектепке

    2. Мұғалімге

    3. Оқушыға

    4. Оқу үдерісіне

    5. Басшылыққа

  2. Сәйкестендір. Мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар . . .

    1. білім сапасын көтеру болып табылады

    2. стратегия болып табылады

    3. міндет болып табылады

    4. оқу мақсаты болып табылады

    5. сабақ болып табылады

21.Окыту үдерісі мен окушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал ететін не?

А. Мұғалімді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету

В. Мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы

С. Мектеп әкімшілігінің тиімді басқаруы

Д. Мұғалімнің зерттеушілік жұмысы

Е. Білім беру органдарының қызметі

22. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-

А. оқушы

В. Ата – ана

С. Мұғалім

Д. Зерттеуші

Е. Тәлімгер

23. Кәсібилік мұғалімнің өзін ... ретінде қарастыруды талап етеді

А. Білім беруші субьект

В. Білім беру қоғамдастығының бір бөлігі

С. Білім алушы тұлға

Д. Көшбасшы

Е. Білім беруді басқарушы

24. көшбасшы мұғалім ұсынған ... негізінде мұғалімнің тәжірибесі жетіледі?

А. Нормативтік құжаттар

В. Топтық жұмыстар

С. Зерттеулер,инновациялар

Д. Тренингтер

Е. Әдістемелер

25. мұғалімдер өздерінің әріптестеріне әсер ету үшін қандай қасиеттерді көрсетеді

А. Көшбасшылык

В. Зерттеушілік

С. Ұйымдастырушылык

Д. Басқарушылық

Е. Адамгергершілік

26. Көшбасшылыктын конустық метафорасын түзген галым

А. Маслоу

В. Пажарес

С. Синек ,

Д. Мерсер

Е. Роджерс

27. Бірінші деңгей бағдарламасының өзара байланысты неше бағытын атап корсетуге болады

А. 2

В. 3

С. 4

Д. 5

Е. 6

28. орта білім беру жуйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, кең тараған тәсіл

А. Сындарлы оқыту теориясы

В. Метатану

С. Сыни тұрғыдан ойлау

Д. Диалогтік әдіс

Е. Креативтік тәсіл

29.Психологтар қандай ұғымды адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады?

А. Сенім

В. Көзқарас

С. Талап

Д. Ұстаным

Е. Тәуекел

30. оқыту стилін тандау кезінде ұстанымға негізделген ой-тоқтамдардың ыкпалы кушті деп дәлелдеген кім?

А. Пиаже

В. Маслоу

С. Выготский

Д. Мерсер

Е. Пажарес

31. мұғалім қызметінің сапасы - ...

А. Нәтиже

В.тиімділік

С. Оқыту үдерісі

Д. Күрделі феномен

Е. Жетістігі

32. оқытудын қандай жолы қолданылса да, неше көзқарас қарастырылады?

А. 2

В. 3

С. 4

Д. 5

Е. 1

33. бірінші деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімнің алдына қандай нақты міндеттеме қойып отыр?

А. Оқушының жан дуниесін түсіну

В. Сапалы оқыту

С. Әлеуметтік оқыту

Д. Сыни ойлауға уйрету

Е. Жеке тұлғаны тәрбиелеу