- •1.1 Алгоритмдеу негіздері
- •1.2 Borland Delphi бағдарламалау тілі
- •Borland Delphi–дің артықшылықтары
- •Өнімнің негізгі сипаттамалары.
- •1.3 Қолданылған компоненттердің сипаттамасы
- •2.1 Borland Delphi бағдарламалау тілінде графиктер тұрғызу элементтерін көрсететін бағдарлама
- •2.2 Бағдарламамен жұмыс істеу нұсқауы
1.3 Қолданылған компоненттердің сипаттамасы
Компоненттер тақтасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз етеді. Олардың ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады. Жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б. арқылы орындалады.
Батырмалар панелі тәрізді компоненттер палитрасы түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және «Properties» опциясын таңдағанда пайда болады. Компоненттер тақтасы қосымшаға қатысатын компоненттерді таңдау мүмкіндіктерін береді. Компоненттер - бұл Delphi – қосымшаны жинауға қажетті «құрылыс блоктары». Компоненттер пиктограмма түрінде тақтада орналасқан. Delphi-ді іске қосқанда «Standart» беті белсенді болып тұрады. Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою, пиктограмма қосу немесе кейбір пиктораммаларды басқа бетке жылжыту үшін Palette Properties диалогтік терезесі қолданылады. Осы диалогтік терезені ашу үшін Component/Configure Palette командасын немесе компоненттер палитрасының кез-келген жерінде тышқанның оң жағындағы контекстік менюдің Properties(қасиет) командасы арқылы жүзеге асады.. Component palette-(компоненттер палитрасы)-бұл Delphi-де көп қолданылатын құралдардың бірі. Ол көптеген сандар бетінен тұрады және олар компоненттер үлесінде болады «Сурет 1.2». Жұмыс барысында пайдаланушы жаңа беттерді құруға және барын кетіруге, кез-келген беттердегіні кетіруге, қосуға және олардың тәртіптерін өзгерте алады.
Сурет 1.2 Компоненттер палитрасы
Standard – Delphi-гі басқарудың стандарттық компоненттері, олар алдыңғы Массивтықтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;
Additional – Delphi-гі басқарудың қосымша компоненттері, олар алдыңғы жзиынтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;
Win32 – өзінде windows-тың (9x/NT) 32 дәрежелі Массивтығы бар компоненті ;
System – Delphi-дің спецификалық жүйелі көрнекі емес компоненті ;
Data Access – мәліметтер қорына шығу үшін;
Data Controls – мәліметтер қорындағы ақпараттарды көрсету үшін компоненттер;
ADO – ActiveX Data Objects (ADO) қолдану арқылы мәліметтер қорына қосылуға мүмкіндігі бар компоненттер;
InterBase –Borland Database Engine (BDE) немесе ActiveX Date Objects (ADO) қолданбаусыз, InterBase мәліметтер қорына қосыла алатын компоненттер ;
MIDAS – мәліметтер қорының көп буынды технологиялары үшін компоненттер;
InternetExpress –Web Server application (Internet–тіркемелер), жұмыс істей алатын тіркемелерді және де multi–tiered database (көп буынды тіркемелер) жұмыс істейтін тіркемені құра алатын компоненттер;
Internet – Internet-пен жұмыс істей алатын компоненттер;
FastNet components – оның көмегімен тіркемелер әртүрлі Internet – протоколдары қолдана алатын компоненттер;
Decision Cube –мәліметтер қорындағы көп өлшемді ақтараттар анализі компоненті (тек Delphi Client/Server);
QReport – жазбаша есептерді көрнекі жобалау компоненті;
Dialogs – өзіне Windows-тың стандарттық диалогтық терезелерін кіргізетін компоненттер;
Win 3.1 - Windows 3.1 басқару компоненттері (тіркемелердің кері сиымдылығы үшін);
Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.
DataSource компоненті — бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
MainMenu компоненті — бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
Panel компоненті — бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
Button компоненті — бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.
ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.
Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
ExcelApplication компоненті — бұл компонент Microsoft Excel программасын шақыру үшін қолданылады.
WebBrowser компоненті -бұл компонент htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.
Графиктік мүмкіндіктерді жүзеге асыру объектілері
Сурет салу беті Delphi-де Canvas (канва, холст- кенеп) деп аталады. Канваның әрбір нүктесінің х және у координаталары болады. Оның координаталық жүйесінің бастапқы нүктесі канваның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасады. Координаттар жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай өседі. Беттің өлшемін Height және Width қасиеттері арқылы өзгертуге болады. Координата пикселмен өлшенеді.
Графикада ағымдық көрсеткіш (көрінбейтін маркер) ұғымы бар. Ол қалыпты жағдайда координаталар басында орналасады. Ағымдық көрсеткішті жаңа позицияға орналастыру үшін MoveTo (x,y:integer) әдісі қолданылады. Әдістің орындалуы нәтижесінде көрсеткіш (х,у) координатасына жылжығанымен, экранда ешнәрсе сызылмайды. Ағымдық көрсеткіш позициясынан координатасы (х,у) нүктеге дейін сызық сызу үшін LineTo (x,y:integer) әдісі қолданылады.
Delphi графикасында негізгі геометриялық фигураларды салу әдістері:
Arc (x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)-доға
Chord(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- хорда
Ellipse(x1, y1, x2, y2: integer)- эллипс
Rectangle(x1, y1, x2, y2: integer)- тіктөртбұрыш
Pie(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- секторт.с.с.
Arc, Chord, Ellipse әдістерінде x1 және y1 параметрлерідоға, хорда, эллипстішектептұрғантіктөртбұрыштыңсәйкессолжақжоғарғы, x2 және y2- оңжақтөменгі бұрышының координаталары. x3 және y3, x4 және y4 параметрлері доға немесе хорданың бастапқы және соңғы нүктесінің координатасын анықтайды.
ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІМ
