- •91. Көлденең тасталған дене қозғалысын зерттеу
- •92. Серпімділік күшінің дене деформациясына тәуелділігін зерттеу
- •93. Серіппенің қаттылығын өлшеу
- •Жедел қозғалыс кезіндегі дене салмағының өзгерісін қадағалау
- •95. Серпімділік пен ауырлық күшінің әсері кезіндегі дененің шеңбермен (айнала қозғалуын) қозғалысын зерттеу
- •§ 3. Сақтау заңдары
- •102. Импульсті сақтау заңын зерттеу
- •Механикалық жұмысты өлшеу
- •Ауырлық күші жұмысын өлшеу
- •105. Серпімділік күшінің жұмысын өлшеу
- •Сырғанау үйкелісі күшінің жұмысын өлшеу
- •107. Көтерілген дененің потенциальды энергиясын өлшеу
- •108. Механикалық энергияны сақтау заңын зерттеу
- •Ауа қысымының оның қозғалыс жылдамдығына тәуелділігін бақылау
- •§ 4. Механикалық тербелістер мен толқындар
- •Серппедегі дененің еркін тербелісін зерттеу
- •112. Серіппеде тербелетін дененің амплитудасын, максимльды жылдамдығын және толық энергиясын өлшеу
Ауа қысымының оның қозғалыс жылдамдығына тәуелділігін бақылау
Құралдар: өлшемі 170X200 мм қағаз парағы – 2 дана.
Жұмыс мақсаты – оқушыларға ауа легі жылдамдығы мен оның статикалық қысымы арасындағы тәуелділікті көрсету.
Көрсетілген тәуелділікті байқау үшін оқушылар келесі қарапайым тәжірибелерді орындайды:
Әрбір қолға қағаз парағын алады, оларды бір-бірінен 5-6 см ара қашықтықта вертикалынан қояды да олардың арасынан жоғарыдан төменге ауа үрлейді (249-сур.). Олардың арасындағы статикалық қысымды төмендету салдарынан парақтардың жақындауы байқалады.
2. Ауа үрлеуді жалғастыра отырып, парақтар 2-3 см жақындайды және олардың жабысуын бақылайды.
3. Парақтарды ауыз деңгейінде ұстап парақ үстінен ауа үрлеп оның көтерілуін бақылайды (250-сур.).
4. Ауа қозғалысының жылдамдығын арттырады да бірінші жағдайға қарағанда тағы да парақтың үлкен биіктікке көтерілгенін бақылайды.
Ж
асалған қарапайым тәжірибелер оқушыларды ауа легі жылдамдығының көбеюі оның статикалық қысымы модулінің азаюына әкелетініне сендіреді және тікұшақ қанатының көтерілу күшінің пайда болу себептерінің бірін ашады.
§ 4. Механикалық тербелістер мен толқындар
251-сур. 111-жұмыс құралдары
Серппедегі дененің еркін тербелісін зерттеу
Құралдар: 1) динамометр; 2) массасы 100 г екі қармағы бар жүктер – 2 дана; 3) Фронтальды жұмыстарға арналған штатив (251-сур.).
Жұмыстың мақсаты – серпімділік пен ауырлық әсерімен серіппеде еркін тербелетін дененің кинематикасы мен динамикасын талдау.
2
251
-сур. ІІІ жұмыстың құралдары 51-сурет бойынша қондырғыны құрастырады. Штативтің табанына динамометрді вертикальды бекітіп оған массасы 100 г 2 жүкті іліп қояды. Жүктердің тербелу кезіндегі үйкеліс күшін болдырмас үшін динамометрдің көрсеткішін шкаладан теріс қаратады, оны вертикальды осьтің жанына 180° бұрады, ал штативтің табанындағы динамометрдің қалыбын жүктер ілінген өзекше тербелу кезінде аспаптың шектеуіш скобасына жанаспайтындай етіп реттейді.Жүктердің тепе-теңдік қалыбы байқалады, содан соң оларды тепе-теңдік қалыбынан 4-5 см-ге вертикальды төмен тартып жіберіп қояды. Серпімділік пен ауырлық күшінің әсерімен жүктердің еркін тербелісі байқалады. Бұл кезде негізгі зейінді олардың ығысуының, жылдамдығының, үдеуінің және тепе-теңдік қалыпқа қатысты тең әсерлі күшінің кезеңдік өзгерісіне бөледі. Жүктер тербелісінің кинематикасы мен динамикасын қарастырғаннан кейін оқушылар дәптерлеріне тең әсерлі күштердің векторларын, бір кезең ағымындағы олардың келесі 6 қалыбына арналған жүктерінің жылдамдығы мен үдеуін (суретін) салып отырады (252-сур.):
252-сур. Серіппедегі жүк тербелісінің кинематикасы мен динамикасы
жүктер тепе-теңдік қалыбына қарай тік қозғалады;
жүктер жоғарыға қозғалып тепе-теңдік қалыбын өтеді;
жүктер тепе-теңдік қалыбынан жоғарыға қозғалады;
жүктер тепе-теңдік қалыбынан төменге қозғалады;
жүктер төменге қозғалып, тепе-теңдік қалыбын өтеді;
жүктер тепе-теңдік қалыбынан төменге қозғалады.
Бұл жұмыста тербелуші дене ретінде массасы 100 г екі жүктің орына калориметрге арналған денелер жинағынан қармағы бар болат немесе жез цилиндрді алуға болады. Олардың массасы сәйкесінше 153 г және 165 г-ға тең.
Ақырында жұмысты кесігі 1X1 мм, ұзындығы 150 мм, шетіне массасы 100 г жүк ілінген резеңке баумен орындауға болады.
