Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика лекция 51ден.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.6 Кб
Скачать

Практикалық тапсырма

Берілген сөйлемдерді халықаралық сөздердің қолданылу ерекшеліктеріне сәйкес қазақ тіліндегі баламаларын табыңыз:

1. Discussions were held yesterday between union officials and shop stewards at Standard Telephones and Cables atEast Kilbridefollowing a dispute in the rate-fixing de­partment. (M. S., 1966)

2. Because of the danger of progressive collapse tenants on the Manor Estate in Bermondsey,London, have been asked not to keep potential explosives in their homes. (M. S., 1966)

3. The provincial governors returned at the March 18 elec­tions in the Argentine have been removed from office. (D. W., 1962)

4. TheUnited Statesand the Soviet Union yesterday inHelsinki,Finland, formally opened the third phase of their talks on curbing the strategic nuclear arms race, and expressed the hope that they would produce positive results. (M. S., 1970)

5. The bowl of the new telescope was made accurately to one-eighth of an inch. (D. W., 1963)

Тақырып №55. Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері

Мазмұны:

  1. Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері

  2. Мақал-мәтелдерді аудару

Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилыкезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. 

  Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев, т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше. Қазақ мақал –мәтелдеріғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын  өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырдыОлар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері

  2. Мақал-мәтелдерді аудару

  3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің айырмашылықтары

Тақырып №56. Аударма кезіндегі тіркес мәселелері

Мазмұны:

  1. Аударма кезіндегі тіркестер туралы түсінік

  2. Зат есімді сөз тіркестері

  3. Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері

Сөз тіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін тілде мынандай тәсілдер жұмсалады:

1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғаулар)

2. Шылаулар (жалғаулық, септеулік)

3. Сөздердің орын тәртібі

4. Интонация

Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу .

Зат есімді сөз тіркестері:

Зат есімді тіркестер негізінен үш формада—қабысу, меңгеру, матасу арқылы кұралады: қол сағат(қабысу), колхозға мүше (меңгеру), балтаның сабы (матасу)

Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері:

  «Зат есім — зат есім» типті сөз тіркестері

Қабыса байланысқан зат есімді тіркестердің ішінде өнімді жұмсалатындарының бірі — екі зат есімнен (зат есім — зат есім болып) құралатыны: қол орамал, ағаш күрек. Бұл құрамдағы сөз тіркестер анықтауыштық қатынасты білдіреді.

Анықтауыштық деп грамматикалық қатынасты жалпы белгісіне (қандай? деген сұраққа жауап болып, заттың сынын білдіруіне) қарай атаймыз. Іштей оларды былай даралауға болатын сияқты:

Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың мате- риалын атап анықтайды: ағаш қасық, тас жол, темір жол, түлкі тымақ.

Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді неге арналғанын атап анықтайды: қой ферма, мойын ағаш, көлік күш.

Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді мекенін атап, орын жайын атап анықтайды: көл бақа, ауыз үй, тау ешкі, төс қалта.

Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді кәсіп, жыныс, жас мөлшерін атап анықтайды: сушы жігіт, ұл бала, әйел кісі.

Басыңқы сөз жалпы атау болып, бағыныңқы сөз оның түрлік тобын атап анықтайды:  тоты  құс, қайың ағаш, қанар қап.

Бұл тіркестердің қызметі — түр атауын жалпы атауға теліп, оның жалпыға қатысын білдіру.

6.  Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді ұқсастық белгісіне қарай анықтайды: теке сақал, қой көз, пісте мұрын.

Бұл қатынастағы тіркестер көркем сөзде, поэтикалық туындыларда кеп ұшырайды: су жүрек, без бүйрек, тас бауыр.

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

7. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді өлшем, көлем жа- ғынан анықтайды: қора қой, топ адам.

Айта кететін бір жай—бұл тіркестерде анықтауыш-тық компонент ретінде мөлшер мағыналы зат есімнің дара қатысуы өте сирек. Зат есім сөздер сан есімдермен бірігіп бір анықтауыш компонент құрайды немесе сөз ретінде қатынасады: екі шөміш қымыз, екі машина бидай, тау-тау астық т. т.

«Зат есім — зат есім» түрінде келген сөз тіркестері мүмкіншілігі, перспективасы тұрғысынан қарағанда, белгілі мағыналық қатысына қарай қай зат есім болса да қатыстырып құрала береді. Бірақ тіліміздің әр кезеңінде, тіпті осы күнгі синхрондық күйінде де әр стильде бұл типтегі тіркестерге сөздердің қатысуының, өлшеулі нормалық, дәстүрлік қалпы бар екені байқалады.

Көп қыз-келіншек нөкерімен… Қарагөз келе жатыр (М. Ә.) Тау жақ жолмен жүрдік.

Аталған сөйлемдердегі қыз-келіншек нөкерімен, тау жақ жолмен деген тіркестер ауызекі сөйлеу тілінің сөзді жинақы, үнемді құрау талабынан туған. Бұлар жазбаша тілде көп қыз-келіншектен ерген нөкерімен, тау жақтағы жолмен түрінде құралған болар еді.

Екі зат есімнің қабысуы арқылы құралған сөз тіркестері — көнеден келе жатқан, тіліміздің грамматикалық жүйесіне икемділік беретін тіркестер, сондықтан бұлар тілімізде мол жұмсалады.

Кейбір еңбектерде атрибутивтік тіркестерге анықтауыш сөз ретінде зат есім сөздің кіруін былай түсіндіреді. Атрибутивтік қатынастағы тіркестер үнді-еуропа тілдерінде бағыныңқы компонент ретінде сын есім сөздердің қатысуы арқылы құрылады. Атрибутивтік қызмет ол тілдерде тек белгілі ғана морфологиялық базаға — сын есім сөздерге сүйенеді: железная дорога, чайная ложка.

Ал түркі тілдеріндегі атрибутивтіктің базасының кең болуы — зат есімдер мен сын есім сөздердің грамматикалық сипаты жағынан түгел сараланып шықпауының салдары. Түркі тілдерінде зат есім сөздер әлі де синкреттік күйінен түгел ажырамаған. Осы сапасы арқылы ол сөздер әлі де анықтаушы компонент ретінде сөз тіркесіне қатысып жүр дейді. Шындығына келгенде, қазақ тілінде зат есім мен сын есім грамматикалық тұрпаты жағынан анық дараланған. Зат есім сездердің атрибутивтік тіркесуге қатысуы тіліміздің синтаксистік заңдылығына сүйенеді және бұндай заңдылық көп тілдерде бар.

«Зат есім — зат есім» тіпті тіркестер қазақ тілінде атауыш сөз туғызу үшін көп жұмсалады: без бүйрек, иін ағаш, темір ұста.

Осыған орай газет тілінде жиі ұшырап жүрген мынадай жайды ескертіп кетейік. Ертеден қой қора, қой ферма, жүн мата деген атауыш сөздер бар болатын. Осы атаулар газеттерде соңғы кезеңдерде қой қорасы, қой фермасы, жүн матасы болып айтылып (жазылып) жүр. Осымен бірге жүк машинасы, газ құбыры, су құбыры (жүк машина, газ құбыр, су құбыр емес) деген сияқты атаулар да көп ұшырайды. Осында айтайын дегеніміз дәстүрлі, әрі атауыш сөз құрауға жатық, оңтайлы тіркесті шеткері шығарып, оған сенімсіз қарап байланысы морфологиялық тұлға арқылы көрінетін тіркес түріне ауысқанымыз дұрыс па? Тіліміздің ертеден келе жатқан тәжірибесіне қарасақ, (атау септіктегі зат есім—тәуелдеулі зат есім) типті тіркестерден атау сөз құрау жоқ емес: отағасы (от ағасы), киік оты, ат бегі, ауа райы.

Бірақ ертеректе, ауызекі сөйлеу формасы басым кезде бұл тәрізді тіркестерден құрылған атаулар санаулы-ақ болатын. Атау формадағы зат есімдердің қабыса бай-ланысқан сөз тіркестерінің атауыш сөз жасау үшін ерекше талғануына себептер бар. Тұлғасы ықшам сөздерден құрылғандықтан бұл тіркестер айтуға оңтайлы, бір атау ретінде танылуға оңай. Осы тіркестердің көбінен біріккен сөздер дамып шыққан: белбеу, қолғап, шекара, т. т.

Бұл тіркестер бір түбір тұлғалы лексема ретінде түрленуге оңай түседі: жүк машинаға тиеді. Қой қораны ертеден дайындады. Бұларға қарағанда жүк машинасын, қой қорасын дегендер көп шұбалаңқы көрінеді. Осы айтылғандардан шығатын қорытынды — қол сағат, жан қалта, төс қалтатәрізді сөз жасау тәсілдерін тілдің ұтымды, қалыпты амалы деп санап, оны шегеруден сақтануымыз керек.

Атау тұлғалы зат есімдердің қабысуы арқылы кұрылған сөз тіркестері туралы соңғы айтарымыз — тіркеске енген компоненттер арасына сөз түсірмейді, орын қатынасы өте берік, тығыз.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Аударма барысында қандай тіркестер кездеседі?

  2. Зат есімді сөз тіркестері дегеніміз не?

  3. Оны аударудың жолдары

  4. Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркесі дегеніміз не?

  5. Оны аударудың жолдары

Тақырып №57. Аударма кезіндегі жазба техникасы

Мазмұны:

  1. Жазбаша аударма

  2. Аударма кезіндегі жазба техникасы

  3. Жазбаша аударма түрлері

  4. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы

Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің  үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады.).

Аударма түрлерінің екі негізгі сараланушы түрлері бар: аударылатын мәтіндердің сипатына байланысты және аударма барысында аудармашының тілдік әрекеттерінің сипатына байланысты.

Аударманың жанрлық–стилистикалық саралануы түпнұсқаның жанрлық–стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты екі функционалды аударманың түрін ерекшелейді: көркем аударма және ақпараттық аударма.

Көркем аударма деп көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтады. Қалған тілдік шығармалар түрлеріне қарағанда, көркем әдебиет шығармаларының негізгі функциясы болып көркем–эстетикалық немесе поэтикалық функцияның есептелуімен көзге түседі. Осы мінездегі барлық шығармалардың негізгі міндеті болып қандайда бір эстетикалық әсер беру, яғни бір көркем-әдеби образ жасау болып есептеледі. Бұндай эстетикалық бағыт көркем-әдеби тілді ақпараттық мазмұны негізгі болып саналатын информативті тілдік қарым-қатынас түрлерінен ерекшелейді.

Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының  мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.

«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді  хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге  ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы  көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне). Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері болуы мүмкін.

Көркем және ақпаратты аудармалар көбінесе жазбаша аудармаға жатады. Көркем аудару - шығармалар мен аударумен бірге ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару, ресми-іскерлік материалдарды аудару, саяси-публицистикалық материалдарды аудару, газет-ақпараттық материалдарды аудару, патенттік материалдарды және т.б. аудару болып бөлінеді.

Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше: грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу керек.

Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше:

1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына

2. Арнайы сөздіктен сол сөздің мағынасын іздеп табуға

3. Түпнұсқаның контекстін білу. Егер ол шығарма болса, оны

ең алдымен толық оқып шығу керек.

4. Керекті сөзі бар қайырымды ғана оқып шығу және оны

бүкіл контекстпен салыстыру.

5. Сөздің бір-бірімен байланысуына

Жазбаша аудармада мәтіннің барлығы аудармашының алдында болады, ол оны бірнеше рет оқып, автордың идеясын толық түсінеді. Ал ауызша аудармада аудармашы ақпаратпен сегмент арқылы танысады, ол ақпаратты толық білмейді.

Жазбаша аудармада аудармашы оратормен тіл қатысып, ештеңе сұрай алмайды (мысалы: түсінбеген сөз, термин не ақпарат).

Жазбаша аудармаға түпнұсқадағы мәтіннің жазбаша түрдегі аудармасы жатады. Аударушы мәтінге және оның үзінділеріне бірнеше рет қайта оралып, керек болса түзеп, негізгі нұсқамен салыстырып, рецепторға автордың идеясын жеткізуге тырысады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Жазбаша аударма дегеніміз не?

2. Аударма түрінің неше негізгі түрі бар?

3. Көркем аударма қалай бөлінеді?

4. Көркем аудармаға нелер жатады?

5. Ауызша аудармадан жазбаша аударманың айырмашылығы неде?

Тақырып 58/59. Ауызша аударманың ережесі

Мазмұны:

  1. Ауызша аударма

  2. Ауызша аударма түрлері

  3. Ауызша аударманың ережесі

Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.

Синхрондық аударма дегеніміз – аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі, синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық  аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.

Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспе аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық  аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.

Ауызша аудармада аудармашы қарым-қатынасқа түсушілер мен тілдік байланыспен жұмыс жасайды, мұнда жиі кері байланыстар болады.

Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса, онда олардың көңіл –күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады. Ал егер аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма адаптивтік  транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша  толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор.

Кез-келген тілдік қарым-қатынаста ақпараттың берілуі бір ғана бағытта өтіледі: Түпнұсқаның қайнар көзінен Рецептірге. Аудармашы түпнұсқадағы тілден аударылатын тілге аударады. Ауызша аудармада екі жақты қарым-қатынастар бойынша әңгімеге ұласуы мүмкін, мұнда әрбір қарым-қатынас құрушы репликтермен алмастырылып отыруы мүмкін. Бұл кезде аудармашы «екі жақты аударманы» орындайды.

Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді. Зерттеудің бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз – ауызша айтылған оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге, паузаға және сөйлеу темпіне байланысты.

Ауызша аударма теориясы аудармашының басқа да қасиеттерін оқытып үйретеді. Оған жай артикуляция, хезитатциондық  үзіліске байланысты, аудармада жаңылысу, бұл интервалдың ұлғаюына әкеліп соғады, сондай-ақ айтылатын сөзге қатысты үзіліс кіреді.        Синхрондық  аудармада аудармашы жоғары темппен сөйлейді. Ілеспелі аудармада сөйлеу темпі біртіндеп баяулай бастайды, себебі аудармашы түпнұсқаның мазмұнын есіне түсіреді. Ауызша аудармада ең басты назар аудармашылардан нормативтік талаптарына аударылады. Мұндай талаптар синхрондық  және ілеспелі аудармада аса қажет: нақты артикуляцияны қамтамасыз ету, ритмнің біркелкілігі, акцентті дұрыс қою, соңғы айтылған ойдың дұрыс әрі түсінікті берілуі.

Ауызша аударманың орталық аспектісіне аударманың ерекше түрі ретінде жазбаша аудармаға қарама-қарсы қою. Арнайы ауызша аударма теориясы сандық және сапалық ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.

Синхрондық аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына байланысты. Синхрондық  аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық  аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы ерекше назарды сөздік қысқартуға береді.

Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар. Біріншіден, оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін.

Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын ақпараттың маңызды элементтерін сақтай отырып, қысқа түрде жеткізу.

Кейде айтылған ойда бірін-бірі толықтырып тұратын элементтер кездеседі, осы элементтерді мәтіннің мағынасын сақтай отырып түсінуге болады. Мысалы аудармашы мына сұрақты толықтай аударды дейік: Бұл жоспар қай кезде жүзеге асырылады? Ол мынадай жауап қайтаруы керек: Бұл жоспардың жүзеге асырылуы 1990 жылдан басталады, мұнда аудармашы қысқаша «тоқсаныншы» деп аударуына болады.

Аудармада ақпаратты қысқарту уақыттық өрісті сипаттайды. Ол оратордың  сөйлеу темпі мен түпнұсқа тілімен аударылатын тілдің сәйкестіліктеріне тәуелді. Ауызша аударма теориясы сөзді қысқарту арқылы екі тілдің құрамын, және семантикалық қайта құрылуын сипаттайды. Ең тиімді сөздің қысқартуларға сөйлемнің ең қысқа сөзбен айтылатын синонимдік  алмастырулар, мұнда әсіресе мекемелер немесе кәсіпорындардың толық атаулары, аббревиатурамен немесе қысқаша айтылады. (The United Nations-БҰҰ), зат есімнің қатысуымен жасалған етістік (to render assistance –көмектесу) сөз тіркесінде қосымша элементтерді түсіру (the policy pursued by the United States – АҚШ саясаты) және т.б. Оратордың жылдам темпімен айтылған мәтін аудармашы түрлі қысқарту тәсілдерін қолдана оырып мәтінді жазбаша аудармаға қарағанда 25-30% дейін қысқарта алады.

Ауызша аударманың басты бөлігі – аудармада баламалықты оқытып-үйрету. Ауызша аудармада жазбашамен салыстырғанда кейбір ақпаратты өткізіп алуымен ерекшеленеді. Аудармашы мәтіндегі ақпараттардың орнына басқа ақпаратпен алмастырып, түпнұсқаның мазмұнын өзгертуі мүмкін. Осыған орай тастап кетуге мыналар жатады: 1) эпитеттегі мағынасыз сөздерді тастап кету; 2) мәтіндегі басты және үлкен бірліктерді тастап кету, бұл аудармашының мәтіннің бөлігін түсінбеуінен туындайды; 3) аудармада мәтінді қайтакезіндегі тастап кету; 4) оратордың сөзінен қалып қою кезіндегі тастап кетулер.

Сонымен қатар аудармада қате мынадай түрлерге бөлінеді: жеке сөзді аударудағы үлкен қателік; сөйлемнің құрамын өзгерту барысындағы қателік және сөйлемнің құрамын өзгертудегі үлкен қателік және т.б.

Айтылған аударманың 2 түрлі классификациясы бір-біріне мүлдем сәйкес келмейді. Теоретикалық жағынан мәтіннің қандай да түрі болмасын ауызша немесе жазбаша аударыла алады. Практикалық жағынан мәтіннің кейбір аударылмайтын бөліктеріне байланысты ауызша аудармада шектеулілік ұғымына түсінік береді. Көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмайды, бірақ осы шығармаларда жеке цитаталар ауызша аудармада синхронды немесе ілеспелі түрде аударыла алады. Ауызша аудармада көркем-эстетикалық әсер беру аса қиын міндет болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Ауызша аударма дегеніміз не?

2. Ауызша аударманың түрлерін ата

3. Ізбе-із және ілеспелі аударма арасындағы айырмашылықтар қандай?

4. Ауызша аударма барысында сақталатын негізгі ережелер қандай?

5. Ауызша аударма барысында қандай әдістер қолданылады?

Тақырып 60/61. Стилистикалық құралдар арқылы бейненің берілу өзгешеліктері.

Мазмұны:

  1. Бейненің берілу өзгешеліктері

  2. Сипаттамалы аударма

  3. Реалиая сөздер

Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.

Реалиая сөздерді аударудың барлық тәсілдерін келесі схемамен белгілеуге болады:

1) транслитерация, транскрипция;

2) калькалау, жартылай калькалау, семантикалық неологизм;

3) ұқсас аударма;

4) контекстуалды аударма.

Сонымен, реалияны аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға кемістік келтіру немесе реалияның мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру. Газет-журнал мақалаларын аударғанда да қоғамдық-мәдени түсініктемелерді қолдануға болады.

С.Г. Тер-Минасова пікірінше, реалиялары бар түпнұсқа мәтіннің аудармада барабарлы қабылдауы мүмкін. Бұл үшін аударма тілінде «қоғамдық-мәдени түсініктемелер берілуі керек. Алайда аударма амалдары осы тілде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті болу қажет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Сипаттамалы аударма дегеніміз не?

  2. Аударма барысында бейненің берілу өзгешеліктері туралы айтып бер.

  3. Реалиая сөздерді аудару жолдары қандай?

Тақырып №62/63/64. Аударманың функционалдық стилі.

Мазмұны:

  1. Функционалдық стиль туралы жалпы түсінік

  2. Аударманың функционалдық стилі

«Функционалдық стильдер – белгілі бір елеулі әлеуметтік салада адамдардың қоғамдық-сөйлеу тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан әдеби тілдің түрі. Функционалдық стильдің тууы тілдің қызметімен, атап айтқанда, оның қарым-қатынас жасаудағы, бір нәрсе жайында хабарлаудағы және адамдардың санасына ықпал етудегі қызметімен және осы қызметтің үнемі кеңейіп отыруымен байланысты. Бұдан басқа функционалдық стильдің тууына қоғамдық сана, әлеуметтік қарым-қатынас, өндірістер сияқты тілден тыс факторлар әсер ететін мемлекеттік орындарда, ресми не жеке адамдардың сөздері (автор сөзі) мен олардың тыңдаушылары арасындағы қарым-қатынас та маңызды рөл атқарады. Функционалдық стиль тіл дамуының әр дәуірінде әлеуметтік, тарихи сипаты өзгеріп отыратын категория болып табылады. Функционалдық стиль ауызша және жазбаша түрде дамиды, оның ерекшеліктері лексика, фразеология, сөзжасам, грамматика, фонетика салаларынан, эмоционалды-экспрессивті сөздерден көрінеді.      Осы күнгі әдеби тілдердің көпшілігінде: күнделікті-әдеби, публицистикалық, ресми-іскерлік, өндірістік-техникалық, көркем әдебиет және ғылыми функционалдық стильдер қалыптасқан. Күнделікті-әдеби стиль – күнделікті бейресми қарым-қатынаста кең қолданылатын және әдеби тілдің «бейтарап» түрі болып табылатын сөз қолданыс қызметін; публицистикалық стиль – қоғамдық, саяси өмірмен байланысты адамдардың санасына ықпал ету мақсатындағы сөз қолданыс қызметін; ресми-іскерлік стиль – құжаттар мен экономика, құқық, дипломатия салаларындағы, мемлекеттік орындардағы қарым-қатынас қызметін; өндірістік-техникалық стиль – өндіріс, техника саласындағы сөз қолданыс қызметін; көркем әдебиет стилі – көркем әдебиетте (проза, поэзия, драмматургия) сөз қолданыс қызметін; ғылыми стиль – ғылым салаларында сөз қолданыс қызметін атқарады ...» [1,  390-391 бб.].     Тілдің кітаби стильдерінің ішінде ресми-іскерлік стиль басқалардан өзінің тұрақтылығы мен тар шеңберлі қолданыс ерекшелігімен сипатталады. Әрине, уақыт өте мазмұн сипатына орай ол өзгерістерге ұшырап отырады, алайда оның көптеген белгілері, тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрлар түрлері, ерекше лексикасы мен фразеологиясы, синтаксистік құрылымдары, жалпы оған консервативтік мәнде өзгешеленуін айқындайды.      Кез келген әдеби тіл дамуының ішкі заңдылықтары, ең алдымен оның мынадай салаларынан көрініс табады: сөздік қордың толығуы, яғни сөзжасам, синтаксис және семантика.   Осы тұрғыдан алғанда, әрбір тілдің ұлттық сипатта қалыптасуы  тілдегі өзгерістермен байланысты. Бұл саладағы өзгерістер сөз мағынасының, құрылымының, қызметінің өзгеруімен сипатталады. Сөз мағынасының өзгеруі мен жаңа сөз орамдары, терминдердің пайда болу себептерін тіл мамандары екі факторға негіздеп қарастырады: біріншісі – экстралингвистикалық фактор, бұл фактор қоғамда, саяси, мәдени т.б. өзгерістерге байланысты жаңа атаулар мен сөздердің қалыптасуына әсер етеді. Екінші фактор – лингвистикалық деп аталады, яғни тілдегі бұрыннан бар сөздер мен атаулардың уақыт өте мағынасы өзгеріп басқа қызметке жұмсалуы болып табылады.       Белгілі бір ұлттың қоғамдық-саяси, мәдени өмірінде болып жатқан өзгерістердің барлығы ресми тілде де көрініс табады. Тілдің даму тарихын халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырып қарау қазіргі тіл білімінің негізгі зерттеу ұстанымы болып табылады. Сол себепті біз ресми тілді қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей байланыста қарастырамыз. Өйткені қоғам қашанда қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім тұрады. Осыған орай тіл де дамиды.      Кез келген тілдің кәсіби, ресми тілінің лексикасы, оның даму жолдары, қалыптасуы жан-жақты зерттеуді  талап етеді. Өткен ғасырлардан бастап қазіргі заманға дейінгі аталмыш лексикалық топ атаулары қалыптасуының ерекшеліктерін зерттеу тіл дамуындағы сыртқы және ішкі факторларының өзара әрекеттестігінің нәтижесінде туындайтын аталым тетігінің жалпы заңдылықтарын айқындауға  мүмкіндік береді. Тіл білімі ғылымында қалыптасқан көзқарас бойынша қай тілдің болсын  лексикасының дамуы сыртқы факторлардың әрекеттерімен бірге тілдің ішкі үрдістерімен анықталады. Бұл үрдістер тілдің дамуының екі қырын сипаттайды: бір жағынан, тұрақтылық үрдісі, екінші жағынан, экспрессивтілік үрдісі. Осы аталған үрдістер тілдік жүйенің түрлі деңгейлерінде бір-бірімен күрделі өзара әрекеттестікте болып, басқа да  категориялармен өзара байланысқа түседі. Мысалы, мұндай категориялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: дәстүр, тілдік бедел, әдеби норма, әдеби стандарт.     Ресми-іскерлік стильдің ең басты белгісі ретінде оның көптеген сөйлеу стандарттары, яғни клишелері қабылданады. Егерде басқа стильдер үшін шаблонды құрылымдар стилистикалық жетіспеушілік болып саналса, ресми-іскерлік стиль үшін олар қалыпты, қажетті құбылыс ретінде қабылданады. Іскерлік құжаттардың басым көпшілігі материал берілуі мен баяндау формаларының жалпы қалыптасқан түрін айқындайды. Ал бұл өз кезегінде, оларды қолдану тәсілінің жеңіл әрі қарапайым болуын қамтамасыз етеді. Мәселен, іскерлік тәжірибесінің кейбір жағдайларында олардың тек толтырылуын қажет ететін дайын бланкілер қолданылады. Оның үстіне конверттердің өзін белгілі бір тәртіпте ғана толтыру қажет. Бұл сол конвертті толтыру үшін де, пошта қызметкерлері үшін де өте тиімді болып саналады. Сол себепті де кез келген сөйлеу клишелері іскерлік коммуникацияның жылдам жүзеге асуы мен жеңіл жүргізілуіне ықпал етіп, олардың құжаттарда орын алуы заңды болып табылады.      Жалпы алғанда, ресми-іскерлік стиль – бұл түрлі құжаттардың стилі: халықаралық келісімшарттар, мемлекеттік актілер, заңдар, үкімдер, жарғылар, нұсқаулықтар, қызметтік хаттар, іскери қағаздар және т.б. Ресми-іскерлік стиль өзінің түрлі жанрлары мен мазмұндарына қарамастан, барлығына бірдей бірнеше ортақ белгілермен сипатталады. Олар: - тілдік құралдардың үнемді пайдаланылуы, ықшамдылық, шағындылық; - материалдың стандартты орналастырылуы, белгілі бір форма болуының міндеттілігі (жеке куәлігі, түрлі дипломдар, туу және неке туралы куәліктері, ақшаға байланысты құжаттар және т.б.); - терминологияның, атаулардың (заң, дипломатия, әскери, әкімшілік және т.б. терминология) кеңінен қолданылуы, ерекше лексика мен фразеология (ресми, кеңселік) қорының болуы, қысқарған сөздер мен аббревиатуралардың мәтінге алынуы; - ерекше грамматикалық құрылысын, түрлі тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы; - түрлі аталымдық сөйлемдердің санамалау негізінде пайдаланылуы; - бір фактілердің басқаларға қисынды тәуелділігін айқындайтын күрделі сөйлемдерді қолдану үрдісі; - эмоционалды-экспрессивті сөйлеу тәсілдерінің толық немесе мүлдем болмауы; - стильдің төмен индивидуалдануы.      Жоғарыда келтірілген аталған стильдің ерекшелігі ретінде терминологияның басым қолданылуы атап көрсетілген, яғни терминологиялық бірліктер бұл стильдің ең бір маңызды айрықша сипаты қатарына жатқызылады. Ал, ғылыми дәстүр бойынша, қазақ терминологиясының даму кезеңдері үшке бөлінеді: І кезең – «Қазақ терминологиясының қазан төңкерісіне  дейінгі және кейінгі кезеңі (1910-1935 ж.ж.); ІІ кезең – Қазақ терминологиясының терминдер қалыптастырудағы жалпыкеңестік кезеңі (1935–1990 ж.ж.); ІІI кезең – Тәуелсіз  Қазақстан терминологиясы дамуының  бағыт-бағдарын айқындау кезеңі (1990 жылдан бергі уақыт).      Осы мәселеге байланысты профессор Б. Әбілқасымов былай деп жазады: «1808 жылы жазылған бір құжат «Билет уа йахуд бүтүкнама» деп аталыпты. Бұл құжат Орынбордың коменданты полковник Тарарикин атынан Жайық өзенінің ішкі Бөкей Ордасына жаз жайлау үшін өткен адамдарға берілген рұқсат қағаз болғанға ұқсайды. Бұл құжат тілдік жағынан өте ауыр, түсініксіз. Оның басты себебі, лексикасының басым көпшілігі – араб және парсы сөздері. Мәтіндегі 225 сөздің 113-і, яғни тең жартысынан артығы – араб және парсы сөздері. Түркі немесе қазақ сөздерінің саны 70-тей яғни 30-35%, қалған 15 пайыздайы орыс сөздері мен ономастикалық атаулардың үлесіне тиеді. Араб және парсы сөздерінің ішінде сөйлеу тілінде айтылмайтын кәндір, ғалишан, мужиб, бинан, азуланмиш, т.б. тәрізді лексемалар мен дахил уа малақат, ғалиасиаға муафих сияқты сөз тіркестері ұшырайды»

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Аударманың функционалдық стилі туралы әңгімелеп бер

  2. Функционалдық стиль дегеніміз не?

Тақырып 65/66. Аударма барысындағы аудармашының ролі

  1. Аудармашы мамандаға туралы

  2. Аудармашаның рөлі

  3. Аудармашыға қойылатын талаптар

Аудармашы мамандығын әртістің мамандығндай.Бірақ оған қарамастан,әр мамандықтын өз ерекшелігі болады.Әртістін міндеті кеиіпкердің обрызына кіріп,кейіпкердің іс — қимылын салып,көрермендерге әсер ету. Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы болмау керек.

Аудармашының басты мақсаты, мәтінің аудармасын дұрыс жеткізу, ол қандайда бір жест, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция туғызуға құқұғы жоқ.Ал бұндай жағдай болса, оған мәтінің мағынасы себеп болу керек, сіздің көмегініз емес. Аудармашының дауысы және іс- қимылы аударып жатқан адамның эмоциясына  тәуелді болмау керек.

Аудармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз. Әсіресе сіздердің назарларынызды доклад қорғаушылардың әзіл- қалжындарына аударған дұрыс болады, себебі олардын қалжындарына, сіз аудармаға дейін де, аударғаннан кейін де өздеріңізді ұстап, жай ғана жымйған дұрыс болады.

Әрқашан аудармашылардын есінде сақтайтын бір қағйда бар,  аудармашылар екі жағаны қосып тұрған копір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек.

Дәл осы қағидаға сүйене отырып айта кететінім, сіз аударып жатқан адам өз ренжісін немесе ашуын көрсетсе, сіз оның ойын бөліспеуге толығымен құқұғыныз бар.

Тілді оқығанда, сол ұлттын арасында оқыған көп пайдасын тигізеді, шетелдіктерге еліктеңіздер, олардын манераларын келтіруге тырысыңыздар. Өзіңізге үнайтын бір шетел артистің таңдап алыңыз да, соған толығымен еліктеніз.

Ал аудармашының сөздік қорына  келетін  болсақ, күнделікті қолданатын сөздердің эквиваленттерін жаттап   алыныздар, мысалы: «мен сізбен кейін хабарласам», «менімен хабарласып отыр», «кім ақырғы?» … Бұндай сөз тіркестер шетел тілінде тіптен басқаша айтылады.

Әрине аудармашы шетел тілін жетік білген жақсы, бірақ бәрінен бұрын ол өз тілін жақсы білу керек. Ілгермелі аудармашыларға шетел тіліне аударған оңайрақ түседі, өз тіліне аударғанша.

Тағы бір манызды мәселе- жалпы және арнайы білім, жан- жақтылық. Осның арқасында аудармашыны, аудармашы машинадан айырмашылығы.

Ал енді мына кітаптағы кейіпкер, кім ол , өзінің мамандығын жақсы біледі ме?

Оқыған, қарапайым киінген, сыпайы және ішімдік қолданбайтын, тамақ ішкенде өз мөлшерін білетін, дауысы  анық және құлаққа жағымды, батыс жақтын білімі туралы хабары бар, өз мамандығын бағалайтын адам.

Енді бір- неше тәжірибеде қолданылатын кеңестер:

Сіз аударып тұрған адамнын көнілін бөлменіз. Әрине сіздін тәжірибенізде өз- өзін тындағанды ұнататын адам кездесуі мүмкін, әрине мұндай жағдайда сіз оны тоқтатуға мәжбүр боласыз, бірақ  тындаушылардын сізге деген көз қарасы дұрыс болмайды. Ондай жағдайға түспеу үшін, сөйлеп турған адамға көзіңізбен немесе қолдын жесты арқылы тоқтау керек екенің ескеріңіз, ол жанында сіз тұрғаныңызды ұмытпау керек.

Егер сізде сұрақ болса, сіз оны сұрауға міндеттісіз- осындай жағдайда бөлшек аударма қолайлы, бірақ тек маңызды деген жерлерді ғана сұраныз, қайта- қайта адамды мазалаған әдепсіздік.

Егер сіз аудармаға ертерек дайындалып, көрермендер алдында тез , әрі дұрыс аударсаныз, ол аудиторияға жақсы әсер етеді.

Аударуды бастар алдында, тындаушылармен байланыс орнатқан дұрыс болады, мысалы : өзіңізді таныстырыңыз немесе сіздін дауысыңызды анық етіледі ме?- деп сұраңыз. Сонда аудитория сіздің дауысыңызға өз құлақтарын үйрете бастайды.

Ауыша аудармашының мамандығында, ен маңыздысы дауыс. Сіздің дауысыныз қатты, анық, бәріне естілетіндей болу керек.Егер сіздін дауысыңыз тым қатты немесе тым ақырын болса, дауысынызды алдын- ала үйреткен жөн. Егерде сіз дауысынызды үйретпесеніз, ол отырып қалады.

Аударманын тағы бір түрі «сыбырлап аудар». Ол ілгермелі аудармадай, бірақ аудармашы аударып беріп жатқан адамнын артында отырады немесе түрады, басқаларына бөгет жасамау үшін ақырын аударады, аудармашы дауысын бір қалыпта ұстау керек, ол әрине өте қиынға түседі аудармашы үшін. Және бұндай жағдайда жұмыс істегендіктен, ойынды жинау өте қиын.

Бөлшекті аударма көбіне актердің жұмысына ұқсайды, себебі ол да көп адамның алдында жұмыс істеуге мәжбүр, сондықтан қалай киіну керек, қай жерде отыру керек, ал қай жерде тұру керектігін алдын ала ойлайды.

Бөлшекті аудармада, ілгермелі аудармаға қарағанда көп артықшылығы бар.

Ілгермелі аудармашы, аударатын сәтте ғана шетелдікті көреді, ал жай аудармашы аударатын шетелдікпен алдын- ала кездесуге мүмкіншілігі бар. Аударма басталмай тұрып , шетелдіктерге барып өзіңізді таныстырыныз, олардың аудармашысы екеніңізді айтыныз, алдын ала кейбір терминдердің мағынасын сұрап алыныз, тіптен болмаса ауарайы туралы сөйлесіңіз.

Біріншіден, сыпайлағынызды, ұқыптылығынызды көрсетініз- соның арқасында сіз жұмысқа дайын екеніңізді көрсетесіз, шетелдіктер бұндайды бағалайды.

Екіншіден, ол сіз үшін манызды. Сіз алдын- ала  аударатын адамның манерасы мен дауысына үйренесіз.

Үшіншіден, сіз шетелдікпен алдын- ала келісіп алуға болатын жақсы мүмкіндік. Дос ретінде » тез және ұзақ» сөйлемесін деп келісіңіз. Ұмытпаныз ол сіз үшін маңызды.

Алдын ала оған шарт қойманыз, біріншіден шетелдіктін көз- қарасын тыңданыз, ол сізге де тиімді болуы мүмкін. Бірақ ұмытпаныз өмірде әр- түрлі жағдай болады, сондықтан сіздердің келісімдерініз ойдағыдай болмауы мүмкін.

Аударма барысында шетелдіктін қолданатын сөз- тіркестерін ескеріп отырыңыз.

Мысалы: аударманың бас кезінде «бюрократиялық барьер» деген сөз- тіркесін аударсаныз, «bureaucratic barriers», ал кейін шетелдік оның орнына «red tape» деп айтса, оны да тез арада түсініп «бюрократиялық барьер» l деп аударған дұрас болады.