Intend — ниеттену; appear – көріну;
learn – білу, оқу; arrange — ұйымдастыру;
manage – қолынан келу; ask – сұрау;
mean — мағынасында; claim –мойындау;
offer — ұсыну; consent – көну;
plan — жоспарлау; decide – шешім шығару;
demand – талап ету; pretend – елестету;
deserve – тұрарлық болу; promise – уәде беру;
expect – тосу, күту; refuse – бас тарту;
fail – сәтсіздіктерге ұшырау; seem — елестеу;
forget — ұмыту; threaten — қорқыту;
wait — күту; hope – үміт арту, үміттену;
want — қалау.
Мысалы:
We hope to buy a car. – Біз машинаны сатып алуда үміттенеміз.
You expected to get all information you need. – Сен саған керекті барлық мәлеметтерді алатындығын күттін.
He doesn’t want to produce these goods. – Оның бұл тауарларды шығарғысы келмейді.
You want to use a new computer – Сенің жаңа компьютерді қолданғын келеді.
He deserves to be sent to peison – Ол оны түрмеге қамауға тұрарлық.
Герундий әдетте келесі етістіктерден кейін қолданылады:
forbid – рұқсат бермеу; admin — мойындау;
mention –еске салу; appreciate — бағалау;
miss — өткізу; avoid — қашқақтау;
postpone – артқа қалдыру; regret — өкіну;
complete — бітіру; practise – тәжіребелеу;
consider – бағалау; quit – қалдыру, тоқтату;
delay – артқа қалдыру; recall- еске түсіру;
deny – мойындамау, терістеу; recommend — ұсыну;
discuss — талқылау; risk – тәуекелге бару;
enjoy – ләззат алу; suggest — ұсыну;
finish — бітіру; tolerate — шыдау;
keep – ұстау, жалғастыру; understand — түсіну;
Мысалы:
He enjoys talking to you. – Ол сенімен әңгімелесуден ләззат алады.
They postponed leaving. – Олар жол жүруді артқа қалдырды.
They stopped firing. – Олар аттысуды тоқтатты.
He regrets being unable to help. – Ол көмектесе алмайтыны үшін өкінеді.
Герундий сонымен қатар келесі айналымдардан кейін қолданылады:
approve of something – бір нәрсені қолдау;
Insist on smth – бір нәрсені талап ету;
be better off – ең жақсы күйде/ жағдайда болу;
keep on doing smth – бір нәрсені істеуді жалғастыру;
can’t help doing smth – бір нәрсені істемейге тұра алмау;
look forward to smth – бір нәрсені шыдамсыз күту;
count on smth – бір нәрсеге үміттену;
object to doing smth – бір нәрсеге қарсы болу;
don’t mind- қарсы болмау;
think about smth – бір нәрсе туралы ойлау;
forget about smth – бір нәрсені ұмыту;
think of smth – бір нәрсе туралы ойлау;
get through smth – бір нәрседен өту.
Мысалы:
He couldn’t help laughing. – Ол күлкіден тұра алмады.
You should think about taking this examination. – Саған бұл емтиханды тапсыру туралы ойлану керек.
They insist on paying immediately. – Олар дереу ақы төлеуді талап етті.
He doesn’t mind getting up early. – Олар ерте тұруға қарсылық білдірген жоқ.
Mother object to his smoking too much. – Анам оның соншалық темекені көп тартуына қарсы болды.
To remember, to forget, to stop етістіктерінен кейін герундийді де, тұйық райды да қолдануға болады; бұл жағдайда сөйлем мағынасы өзгереді. Салыстырыңыз:
I remember meeeting him for the first time five years ago. – Менің оны 5 жыл бұрын алғаш рет қалай кездестіргенім есімде.
I must remember to meet him at the station next Saturday. – Мен оны келесі сенбі күні станцияда күтіп алуды ұмытып қалмауым тиіс.
Jake completely forgot buying two pounds of sugar the day before. – Джейк алдыгүні қалай екі фунт қантты алғанын мүлде ұмытып кетті.
Jake forgot to buy sugar although I reminded him twice about it. — Мен оған бұл туралы екі рет есіне салсам да, Джейк бәрібір қантты сатып алуды ұмытып кетті.
“Stop talking!”, the teacher shouted in exasperation. – Мұғалім “Сөзді доғарыңдар!” – деп ашуланып айғалады.
They stopped to talk the matter over in detail. – Олар бұл істі нақтылау талқылау үшін тоқтады.
Тұйық райлы немесе герундиялық айналымдар ойдың мақсаты мен мағынасына байланысты таңдалады. Салыстырыңыз:
I remember visiting Rome last summer. It was great! – Менің өткен жылы Римге келгенім есімде. Бұл тамаша болды!
Please, remember to post the letter at the Central Post Office! – Өтінемін, хатты орталық почтамттан жіберуді ұмытпа.
Бірінші сөйлемде оқиға туралы естеліктер жөнінде айтылған (герундий), ал екіншісінде – іске асырылуы тиіс іс- әрекет жөнінде айтылған (тұйық рай).
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Герундий дегеніміз не?
Герундийдің сөйлемде атқаратын қызыметі
Герундийді аудару
Аударма кезіндегі оның формалары
Тақырып № 54. Лексикалық трансформация
Мазмұны:
Лексика туралы жалпы түсінік
Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар
Халықаралық сөздер
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір – бірімен сәйкес болу шарттары , әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып , олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық – стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.
Халықаралық сөздер дегеніміз – бірнеше тілдерде бірдей дыбысталатын, яғни дыбыстық, мағыналық және грамматикалық құрылымға ие сөздер. Көбіне мұндай сөздер қоғамдық саяси немее ғылыми мағыналарда айтылады. Мысалы: capitalism, astronomy, constitution, system, diameter. Олардың қатарында қоғамдық сөздерді де көре аламыз: occupant, delicate, elegant, scandal.
Халықаралық сөздердің көбісі латын немесе француз тілдерінен енгізілген, өйткені орта ғасырлар кезінде латын тілі халықаралық болып, әдебиет, дипломатия және ғылым тәлә болып саналған. Мысалы Томас Мордың «Утопия» шығармасы латын тілінде жазылды. Ал француз тілінен енгізілген халықаралық сөздер кішкене кейінірек зерттелген. Ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздерінің логикалық мағына жағынан сай келмейді. Осындай сөздердің сәйкес келуі немесе келмеуі globe және planеt сөздерін мысалға ала отырып көруге болады, яғни мағынасы жағынан planеt және планета сөздері бірдей болса, globe сөзі глобус деген мағынамен қатар жер шары, держава, әйнекті абажур дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды. Мысалы: detail сөзі подробность, деталь, вникание в подробности, детализацияь деген мағыналарға ие. Сондықтан бұл сөз арнайы әскери термин ретінде отряд ретінде немесе солдат сөздерін білдіру арқылы қолданылады. Detail зат есімі көмегімен to detail етістігін тудыруға болады. Agony сөзі ағылшын тілінде жанның қысылуы деген мағынаға ие болса, орыс тілінде агония сөзі өлім алдындағы қысылу деген мағынаны береді. Сондықтан ағылшын тіліндегі аgony сөзі сөйлеу құрылымы ретінде де қолданылады. Мысалы: agony column деген іздестіріп жатқан туысқандар жөніндегі газет мақаласы деп аударылады. Жоғарыда айтылып кеткендей ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздер әртүрлі стилистикалық мағыналарға ие.
