Мазмұны:
Ағылшын тіліндегі есімдік туралы түсінік
Жалпы және жалқы есімдер
Есімдікті аудару жолдары
Есімдіктер (ағл.: Pronouns) — тұлғаға, затқа, заттың сынына және санына, үстеуге сілтеме жасап (олардың орындарын ауыстырып), бірақ оларды атамай, басқаша сөздермен (есім сөздермен) алмастыратын сөз табы. Есімдіктердің лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемнің мағынасын өзгертпейді. Есімдіктер алдыңғы сөйлемде немесе ойда айтылған сөздердің орнын ауыстырады.
Жалпы және жалқы есімдер.Аударма тәжірибесінде осы күнге дейін жалпы және далқы есімдерді жеткізу аудармасында ортақ алынған қатаң шарттары жоқ. Әр түрлі жалпы және жалқы есімдерді аудару кезінде жалпы және жалқы есімдер транскрипция арқылы жеткізіледі. Бұл принцип біршама өмірге кейін енгізілді, партия, профсоюз және т.б. біріккен ұйымдар атауларынан басқа. Мысалы: Edwards – Эдвардс, Maryland – Мэрилэнд, Downing Street – Даунинг Стрит, Morning Star – Морнинг Стар, Interprid – Интерприд (авианосец).
Саясат партиялары, профсоюз және тағы да басқа біріккен ұйымдардың атаулары міндетті түрде аудармаға түседі. Мысалы: Amalgamated Engineering Union – Біріккен машина салушылар профсоюзы. Federal Bureau of Investigation – ФБР. Civil Rights Congress – Азаматтық құқық үшін күрес конгрессі.
Бірақ көбіне жалқы есімдер екі элементтен тұрады – жалқы және жалпы есімнен. Жалпы есім элементін аударғанда, мұнда төрт әртүрлі жеткізу амал-тәсілдерін қарастыруға болады:
Жалпы есім тек қана транслитерацияға түседі. Бұл тәсілді транслитерацияға түсіп жатқан сөз – оқырманға жеткілікті білікті болса ғана қолданылады. Мысалы: Fleet Street – Флит Стрит, Kansas City – Канзас Сити.
Жалпы есім бір мезетте аударылады да, транслитерацияланады да. Бұл тәсілді басты мақсатпен оқырманға бұл сөздің формасы таныс емес болып, мәтінін аша алмаса қолданылады. Мысалы: Black Hills – Горы Блэк Хиллс, Holly Loch – бухта Холли Лох.
Жалпы есім элементінің аудармасы: The Atlantic Ocean – Атлантический океан, Richard the Lion Heart – Ричард Львиное Сердце.
Жалпы есім элементі қосылады. Ағылшын мәтіндерінде жалпы және жалқы есімдер – жалпы есімнің элементісіз жиі қолданылады. Өйткені ағылшын оқырманына мұнда не жайында айтылып жазылғаны жеткілікті түсінікті. Ал орыс аударма оқырманына – түсіндірмелі сөздер енгізуге тура келеді. Мысалы: Park Lane – улица Парк Лейн.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Есімдік дегеніміз не?
Есімдікті аудару жолдары
Жалқы және жалпы есімдіктерді аудару ерекшеліктері
Тақырып №53. Герундий аудармасы
Мазмұны:
Герундий және оның сөйлемдегі қызметі.
Герундийді аудару және аударма кезіндегі оның формалары.
Ақпаратты беру кезіңде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін немесе процесті жалпы мағынада беру қажеттілігі туады. Осындай жағдайда ағылшын тілінде герундий қолданылады. Герундийдің басқа сөз таптарына қарағанда қазақ және орыс тілдерінде ұқсастығы жоқ. Герундийді талдау жаңа ағылшын тілінің ерекше нұсқасының бірі болып табылатын етістіктің жақсыз тұлғасының жүйесінің дамуы мен оларды қолдану ерекшеліктерімен белгіленетін құрылысының жалпы сипаттамасының көзқарасынан қызығушылық танытады. Бұл, сөзсіз, таңдалған тақырыптың өзектілігі туралы куәландырады.
Герундийді келесі жолдармен аударуға болады:
1) Тұйық раймен:
She stopped answering my letters. – Ол менің хаттарыма жауап беруді қойды.
2) Етістіктен жасалған зат есіммен:
After finishing school he went on an expedition.- Мектепті бітіргеннен соң ол экспедицияға аттанды.
3) Көсемшемен:
In examining the manuscript the historian discovered a curious detail.- Қолжазбаларды қарастыра отырып, ғалым бір қызық дерекке тап болды.
4) Бағыңынқы сөйлемнің етістігінің қызметін атқаратын етістіктің жақсыз формасымен:
This volume differs from the previous in embracing a wider range of subjects.- Осы томның алдыңғыларынан айырмашылығы, оның сұрақтардың кең аясын қамтуында болды.
Нақты ағылшын тілінің эквалентін таңдау кезіндегі мәселердің бірі болып кейбір етістіктердің герундиймен және тұйық раймен қиыстыруы болып табылады. Кейбір етістіктерден кейін тек қана тұйық райды ғана, ал кейбіреулерінен кейін тек қана герундийді, ал кейбір етістіктерден кейін тұйық райды да, герундийлерді де қолдануға болады.
Тұйық рай әдетте келесі етістіктерден кейін қолданылады:
agree –қолдау; prepare — дайындау;
