Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика лекция 1 den 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
343.03 Кб
Скачать

1Тілдік жүйелер; 2) объективті шындық және оның бейнесі; 3) қарым-қатынасқа түсушілер.

Неміс лингвисі және аударма оқытушысы Альберт Нойберттің де аударма саласында көп еңбектері болды. Ол өзінің «Аударманың прагматикалық аспектілері» еңбегінде адекватты аударма түпнұсқаның прагматикасын сақтауға тиіс – деді. А. Нойберт прагматикалық адекваттылық проблемасын прагматикалық қатынастың 4 түрлі типімен байланыстырады.

Батыс Германияда әлі күнге дейін жеке аударма мектебі болмаса да батыс германиялық лингвистер аударма проблемасына қызығушылық танытып, қазіргі заманғы аударма теориясын дамытуға едәуір үлес қосты. Аударма жайлы теориялық еңбектердің ішінде Катарина Райс, Вольфрам Виллс, Ханс П. Крингс, Эрнст-Август Гуттың т.б. еңбектері басты орынды алады. Батыс германиялық аудармашылар басты көңілді аударма мен қазіргі заманғы аудармашылық әлеуметтік рөліне бөлді. Олар аудармашы қызметін кеңейтуге талпынады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Көрнекті ағылшын аударматанушылары мен олардың еңбектері ?

2. Франция мен Канададағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

3. АҚШ-ағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

4 Шығыс және Батыс Германиядағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

5. Скандинавиядағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

6 .Болгария және Шығыс Еуропа елдеріндегі аударматанушылар мен олардың еңбектері?

7 Ресей аударматанушылары мен олардың еңбектері?

Тақырып№24: Отандық аударматану.

Мазмұны: 1. Аударматанудың Қазақстандағы дамуы: теория және практика.

Қазақ қоғамында елеулі өзгерістердің болуы, қоғам мен дүниежүзілік өркениет арсындағы ынтымақтастықтың жедел өркендеуі, сондай-ақ өзге тілден қазақ тілінде аудару мәселесіне «қоғамдық тапсырыстың» қалыптасуы нәтижесінде ғасырдың бас тұсында әредік қана көрініс берген аударманың практикалық тәжірибесі елуінші жылдардан бастап кең ауқымда өрістеді. Анығырақ айтқанда, қазақ мәдениетінде аударманың практикалық жағы теориялық тұрғыдан талдауына қарағанда, анағұрлым ілгері кетті. Қорланып жинақталған аударма туындылардың, оның ішінде әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне тәржімаланған көркем әдебиеттің ғылыми пайымдалуына көңіл бөліне бастаған кез – 50 жылдардың орта тұсы. Бұл мәселе қазақтың зиялы қауымының өкілдері – ғалымдар, жазушылар, сыншылар, журналистер, кәсіби аудармашылар белсене атсалысты.

Мәселенің теориялық тұрғыдан қойылсы классик – жазушы, тәржімандық тәжірибесі өз алдына бір төбе М. Әуезовтың есімімен тығыз байланысты. Алғашқы мақаласының өзінде-ақ М. Әуезов проблеманың ғылыми тұрғыдан анықталуы «үзілді-кесілді күйдегі» пікірлермен, «сұрқадай пішінді» аудармаларды кінараттаумен шектелмейтіндігін, шын мәніндегі теорияның қажеттілігін және бұл үшін қандай мәселелерге назар аударудың нәтиже беретіндігіне тоқталады. Осы ретте нақтырақ айтатын бір жағдаят бар, ол – М. Әуезовтың аударма тілтану объектісіне де ене ме, әлде ол бірыңғай әдебиеттану ғылымының үлесіндегі сала ма деген сұраққа берген жауабы. Әрине, «... одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі – аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі біздіңше дұрыс бейім, аударманың сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді көркемдік принциптерді алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиет таныту теориясы зерттейтін объекті деп қарайды». (1,6-7) дегеніне қарағанда қаламгердің тәржіманы сөз өнері, шығармашылық өнер деп танитындығы аңғарылады. Әдебиеттану бойынша өзге зерттеушылер де, М. Әуезовтың осы сөзін тілге тиек етеді. (9,79). Алайда осы еңбегінің өзінде ұлы жазушы әдебиет тануға қарай ойысу «дұрыс бейім» дей тұрса да, аудару процесіндегі тілдің, тілдік құралдардың ролін жоққа шығармайды, түпнұсқаның сөз, стиль өнерінің берілуі аудармашы қолданған түрлі құрал-тәсілдермен (синоним, идиома, интонация, ырғақ, бейнелеу құралдары) анықталатындығын дәлелдейді.(1,7) Әдебиет ғылымы шеңберінде аударманың зерттелуі көрнекті жазушылар, ғалымдар, сыншылар – Ғ. Мүсіреповтың, Ә. Нұрпейісовтың, Т. Ақтановтың, Ы. Дүйсенбаевтың, М. Жанғалиннің, М. Әлімбаевтың, Ә. Дербесалиннің монографиялық еңбектері мен шолу мақалалырнда айтылады. Зерттеушілердің осы прблема турасындағы әдебиет танымдық тұжырымдамалары «Көркем аударманың кейбір мәселелері» деген жинақта, сондай-ақ Ә. Сатыбалдиевтің (9), С. Талжановтың (10) арнайы еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Ғалымдардың барлығы да айтатын ортақ пікірлерді жинақтар болсақ, онда негізгі бағыттар : а) аударма шығармашылықтың және сөз өнерінің бір түрі екендігіне, б) аудармада түпнұсқаның тілдік-стильдік ерешеліктерін сақтай отырып, «қазақ тіліне тән нормадан шықпау» қажет екендігіне (10); в) көркем аудармаларда кездесетін кемшіліктердің себептерін анықтауға барып саяды.

Сөз болып отырған объекті үшін ең маңыздысы – аударма процесінің тіл ғылымына байланысы, яғни аударма тілтану саласына жата ма, жоқ па деген сауалдың жауабы. Бұл турасындағы көзқарастар екі арнаға қарай таралады: оның бірі – аударма тек әдебиет танудың объектісі, өйткені ол белгілі бір жазушының шығармашылық қабілетінен туындайтын сөз өнері деген түйін, екінші – аударма әдебиетпен қатар лингвистикалық зерттеулердің өзегі болуға тиіс дегенді білдіретін тұжырым. Міне, осы соңғы пікірге келгенде, көзқарас «аударманың негізгі материалы – тіл, демек, ол тілдік тұрғыдан талдануға керек» деген жалпылама қағидамен тұйықталады. Әдебиеттік анализдің өзі тілдік құрал – тәсілдердің берілуі ерекшеліктеріне келіп, ұштасатын болғандықтан, әдебиет танушылар тәжіманның тіліне қатысты дәйектемелерін де айтып отырады. Ә. Сатыбалдиев тіл ғылыми шеңберінде әсіресе жеке сөздерге ұлт тілі қорындағы архаизмдердің, синонимдік мәндес сөздер қатарынан балама табудың, тұрақты тіркестерді қолданудың, аудармадағы синтаксистік құрылымның айырым белгілерін талдаудың қажеттігін атап өтеді. Ғалымның пікірінше, аударма кәсібі араласқаннан бері қарай бұл сала «Қазақтың бар сөзінің сараптап өтіп» сұрыпталуына үлкен ықпалын тигізді (9,8).

Қазақ ғылымында, сөйтіп, аударма мәселесіне әдебиет тану аспектісінде көбірек мән берілгенін көруге болады. Оның өзінде де мәселенің қарастырылуы «жекеден жалпыға қарай» принципінде өрбіп отырады, басқаша айтқанда, ғалымдар көркем әдебиеттің жеке бір нұсқасының – бір автордың бір немесе бірнеше шығармасының негізінде әдеби талдау жасап, осы арқылы ортақ заңдылықтарды анықтауға әрекет жасайды. Бұған, мәселен, Ә. Дербісалиннің Ы. Алтынсарин жасаған тәжімаларға тоқталуы, С. Талжановтың Н. Гогельдің бірнеше шығармасы төңірегінде ой қорытуы, Ә. Сатыбалдиевтің В. Г. Белинский шығармаларын талдауы, Т. Ахтановтың Ә. Нұрпейісовтің «Анна Каренинаның» қазақшалануы жөнінде пікір айтуы және т. б. Дәлел бола алады.

Халықтар арасындағы рухани қазынаның алмасу процесін мақал-мәтелдер, жұмбақтар айналасында, өз тәжірибесінен түйіндеулер жасайтын М. Әлімбаевтің еңбектерінде де аударма әдебиет саласы бойынша қарастырылады.

«Жекеден жалпыға қарай» принципі арқылы зерттеу жүргізу жұмыстары соңғы кезеңдерде бой көрсете бастады. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрді жалғастыра, және жаңаша ұлттық дамудың деңгейінен қарай отырып, жеке бір аударманың ерекшеліктерін зерттеу(2,6), нақты бір дәуірдегі 20-30 жылдардағы көркем аударманың дамуын қарастыру (4) арқылы тәжіматанудың ғылыми ұстанымдарын анықтау нышандары бар. Қазақ тілінен орыс тіліне аударудың айрықша күрделі, өз алдына дербес проблема екендігін атай отырып, осы ретте қазақ поэзиясының, оның ішінде халық эпосы үлгілерінің өзге тілдегі нұсқалануын талдаған Н. Сағындықовтың (8) зерттеуінің теориялық – танымдылық рөліне де назар аудартуға тиіспіз.

Тәржіма тәжірибесі тіл ғылымы аясында қарастырылған еңбек – ғалым Ө. Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» деп аталатын зерттеуі (3). Тілдің бір ғана қаттауы – фразеологизмдерді М. Горкийдің бірнеше шығармасының түпнұсқасы мен қазақ тіліндегі нұсқасын салыстыру негізінде зерттеуші қазақ тіліндегі идиомдардың, мақал-мәтелдердің аудармадағы номинативтік және бейнелеуіш қызметі жөнінде бірқатар құнды мәліметтер айтады, фразалардың тәржімалануының тиімді тәсілдерін көрсетеді. Аударманың не тіл, не әдебиет объектісі болуына қатысты жалпы көзқарастарды жинақтай келіп, Ө. Айтбаев «бірыңғай лингвистикалық тұрғыдан көркем аударманы әдеби лингвистикалық проблема есебінде қарастыру жөн» екендігін баса айтады (3, 222-223).

Көркем әдеби аудармалардан «басқа түрлерді», яғни қоғамдық-саяси әдебиеттің қазақшаланған нұсқаларын талдауды тіл білімімен қараушылық К. Сағындықовтың, Қ. Шариповтың, Қ. Жарықпаевтың, Ғ. Ахметовтың (7, 11) еңбектерінде байқалады. Оларда мәселенің қойылысы соншалықты нақты болмаса да, жекелеген сөздердің, терминдердің төл тілдегі баламаларын қалыптастыру қоғамдық-саяси мазмұндағы шығармалардағы тұрақты тіркестердің қазақшалануы жөніндегі пікірлер, сөз семантикасы, мағыналық бірлік, эквиваленттілік, сөз мағынасының өзгеруі, тілдік құралдардың функционалдық тармақтарға қарай сұрыпталуы, тіл мен норманың арақатысы тәрізді бірыңғай лингвистикалық проблемаларға барып тіреледі. Көрсетілген зерттеушілердің үлкенді-кішілі еңбектерінің әсіресе 50-70 жылдардағы қазақ терминологиясының жай-күйін, оның қалыптасуына аударманың ықпалын танып-білу тұрғысынан қарағанда, маңызы өте зор. Бір тілден екінші тілге аудару процесі мен осы процестің нәтижесінде алынған туындының тіліне лингвистикалық талдау жасау жұмыстары өзге түркі тілдерінде енді-енді қолға алына бастаған шаруа. Ал бұл проблема орыс тіл білімінде едәуір тиянақталған дәрежеге жетті. Дегенмен орыс ғаламдарының да тәржіманың лингвистикалық табиғаты жөніндегі көзқарастары әр түрлі. Бұл жөнінде қорытынды пікір айту - өз алдына жеке мәселе болмақ.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қазақстанда аударматану қай кезден басталады?

2.Қазақстандағы аударматанушылар және олардың еңбектері?

Тақырып№25: Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны

Мазмұны: 1. Аударма кездесетін қиындықтар

2. Аударма процесіндегі қатынастар

Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің  ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділікболғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды.

Көптілділіктің биологиялық негізі жоқ. Ал барлық адамдар бір биологиялық түрге жатады. Барлық адамдардың милары бірдей орналасқан, тіс, омыртқа сүиектері, тамақ қорытатын ішкі ағза органдары да бірдей. Адамдардың бәрі оттегі дем алады, ол жоқ болса өліп қалады. Адамға тән осы анотомиялық және физиологиялық  жағдайларды ескере отырып, адамдардың тек бір ғана тілде сөйлеуі керек қой деп ойлайсың.

Шындығында адамдар тегі жағынан бірнеше топқа бөлінеді, терісінің түсі, көлемі, сүйек құрылысына қарай, қан құрамына тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Осы жағдайды ескере отырып, әлемде тек 5-6 ғана тіл болуы тиісті, бірнеше тіларалық диалектілер ғана өмір сүруге тиісті сияқты.

Ал шындығында жағдай мүлдем басқаша. Бүгінгі таңда санақ бойынша әлемде 5 мыңға жуық тіл бар. Тілдердің нақты саның дәл атау мүмкіндігі болмай тұр, өйткені өз бетінше дамыған тілдер бар, сол тілдермен қатар жүрген диалектілер бар. Мұндай көптілділік, әрине, мұқият зерттеуді керек ететіні анық.

Аудармашының кездесетін қиындықтары тілдің ерекшелігімен және сол тілдің әр турлі жағдаяттарда кездесетіндігімен тығыз байланысты. Бұл жерде үш түрлі қиындықты атауға болады: тілдік бірліктің семантикалық, яғни мағыналық ерекшелігі, «өмір құбылысының » сәйкес келмеуі, тілден тысқары өмір шындығын суреттеудегі тілді пайдалану, өмір шындығы мен осы шындықты мәтінде суреттеп берудегі өзгешелік.

Тілдік бірліктер — бұлар бар обьектіні белгілеп беретін жай жарнамалар емес. Әрбір тілдің өзіне тән тұрақты белгілері бар, өзіне тән өзгеше мән-мағынасы бар. Бұл өзгешеліктер басқа бір тілмен сәйкес келмейді. Сондықтан аударма ісі бір формадан екінші формаға жай ауыса алмайды. Ол үшін аудармашыға қай тілдік бірліктің мәні түпнұсқадағы мазмұнға сәйкес келетінін біліп алу керек. Лингвистикада кездесетін тағы бір екінші кедергі-әрбір тілдің ерекшелігі мен өмір шындығын суреттеуі. Әңгіме жиі еске алатын экзотикалық дәлелдеулер емес, немесе эскимостарда кездесетін қардың түсіне байланысты емес, немесе аргентина бақташылары бағатын әртүрлі түстегі аттар емес, көптеген күнделік жағдайда кездесетін құбылыстар емес. Қазақ тіліндегі «қол» сөзін ағылшын тіліндегі «hand» және «arm», қазақ тіліндегі «саусақ» ағылшын тіліндегі « finger» «toe»,  қазақша «ит», «күшік » ағылшын тіліндегі «dog» немесе қазақ тіліндегі «ат» немесе «тұлпар» сөздері ағылшын тіліндегі «horse». Осылайша бір сөздің әр түрлі бөлінуі, аударманың бірнеше нұсқасының болуы аудармашының алдына айрықша мәселе туғызады, аудармашы қай нұсқасын таңдағанда дұрыс болады екен деп ойланады.

Аудармадағы қиындықтар түпнұсқада аталған кейбір құбылыстарға байланысты немесе қабылданып, аударылып отырған мәдениеттің аударма рецепторларына белгісіз жақтарына байланысты туындауы мүмкін. Әр тіл — өзінше жеке мәдениет.

Орыс тілінде «дала» деген сөз не? Бай әйел Ларина немен шұғылданған? Пушкин сөзімен айтсақ, ол әйел, Ларина «брила лбы»? Ағылшын адамы орыс тіліндегі « Будешь третьим?» сөзін қалай түсінуі керек? Ал ағылшын тіліндегі «Aunt Sally» деген не? «Marshes» деген не? «Braun Betty»-дің талғамы қандай? Деген сияқты сөйлемдерді қалайша дұрыс аударған орынды? Қандай жағдайда болмасын, аудармашы бөтен мәдениеттің оқиғаларымен, тілдің өзіне ерекшеліктерімен тән таныс болуға міндетті ғана емес, оны өз аудармасында көркем суреттеп, оқырманға түсінікті етіп баяндауға тиісті.

Бірақ тілдік факторлар тек аудармада ғана қиындық келтірмейді және оны жою үшін де жағдай туғызады. Әрбір тіл өз дербестігімен ерекшеленгенімен, оның құрылысы мен қолданылуы бпрлық тілдерге ортақ бір принцип бар, ол аудармада қолайлы жағдай туғызады. Барлық тілдер екі жақты бірліктерден құралады, ол тілдің дыбысталуы мен мағынасына байланысты. Олардың бәрі сөздік құрамнан, грамматикалық құрылысынан тұрады, ойды жүйелеп бір адамнан басқа ұлт өкіліне жеткізудің құралы болып есептеледі. Барлық тілдер хабарлама құраудың, тілден тысқары шындықты берудің басты құралы. Тілдер әр түрлі амал-тәсілдермен түсінікті болған уақыт категориясын, уақытын  жекелеген заттар мен құбылыстардың атауларын, жекелеген обьектілердің белгілерін, басқа да модельді атауларға түсініктеме береді. Тілдер көптеген әмбебап (универсалды) қасиеттерге ие. Оның осы әмбебап қасиеттері адамзаттың ойлауы мен айналадағы дүниенің бірлігін айғақтайды.

Әр түрлі лингвистикалық пәндердің жағдайы аудармашылық іс-әрекеттің көптеген маңызды аспектілерін сәулелендіріп ғана қоймай, аударманы зерттеушілердің  құзырына талдаудың бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынады, бұл күрделі құбылыс (феномен) туралы обьективті анықтама алуға жағдай туғызады. Қазіргі аудармашылық лингвистикалық зерттеу әдістерін кеңінен қолданады, оны толығымен пайдаланады және оған қажетті өзгерістерді енгізеді.

Аударма кезіндегі процесте әртүрлі тілдегі мәтіндер арасында белгілі бір қатынас орнатылады, аудармаға зер сала отырып, оны қолдану кезінде салыстырмалы түйіндеу жасалады. Мәтіндерді салыстыру-аударма туралы аса маңызды ақпараттың қайнар көзі. Бүгінгі таңдағы аудармашылықта төрт түрлі жүйелі анализ жасалады. Біріншіден, аудармашының мәтіні түпнұсқалық мәтінмен салыстырылады. Бұл салыстыру түпнұсқа мен аударманың мазмұны мен құрылымының жақындығы туралы бағалы деректер береді. Аударма ісі (поцесі) барысында  қолданылған стандартты амал-тәсілдердің үйлесімі туралы да хабардар етеді. Екіншіден, бір түпнұсқаның аударылған бірнеше варианттары,нұсқалары салыстырылады, бұл аударма нұсқалары бірнеше аудармашының жұмысы болуы мүмкін. Бұлай ету жеке-жеке әр аудармашының  өзіне тән аудармашылық ерекшеліктері мен кәсіби қасиеттеріне тәуелді емес болатын, алайда олардың бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды шығаруға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, аударылған мәтіндер сол аударылған тілдегі түпнұсқалармен салыстырылады. Осы жолмен мәтін аударылуға тиісті аударма тілінің өзіне тән ұлттық ерекшелігі мен ұлттық қасиеттерін ашуға мүмкіндік аламыз. Бұл не үшін жасалады? Оған жауап: Кейде аудармашы мәтін аударылуға тиісті  тілдің өзіне тән ұлттық ерекшелігі мен ұлттық қасиеттерінен,заңдылықтарынан, сақталуға тиісті ережелерінен ауытқып кетеді де, аударманың қате болуына алып келеді. Аудармашы саналы кейде санасыз түрде мәтін аударылуға тиісті  тілдің ауызекі қолданылу аясын кеңейту мақсатымен әртүрлі калькалар мен кірмелерді, тура сөзбе-сөз аудрушылық, қолданылуға тиісті формаларды өзгертушілік сияқты өзі қолданғысы келген әдіс-тәсілдерді сүйеніп кетеді. Әрине, аудармашы бұны мәтіннің аудармасын барынша дұрыс та түсінікті етіп аудару мақсатында жасайтындықтан, бұндай келеңсіздіктерге кешірім жасалады. Яғни бұл да бір аударма ісінің нормасы сияқты қабылданады. Төртіншіден, шетел тілі (ИЯ) мен аударылатын тілдердегі қатар мәтіндер  (ПЯ) салыстырылады. Басқаша сөзбен айтқанда, бір жанрға және бір стильге жататын мазмұны жағынан үндес мәтіндер салыстырылады. Бұл аудармашыға мәтін аударылуға тиісті  тілге стилистика жағынан үйренісуіне яғни адаптациялануына мүмкіндік береді.

Әртүрлі тілдердегі салыстырмалы анализ мәтіндердің бір-біріне ұқсастығын, олардың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістерді анықтайды. Сол сияқты мәтіндердің жекелеген элементтерін салыстырады.

Компонентті анализді қолдану тілдік бірліктерді бөліп алуға және оны түпнұсқадағы тілдік бірліктердің  ой  жиынтығымен салыстыруға мүмкіндік береді. Шетел тілдегі және сөз аударылуға тиісті  тілдегі сөздің бір -біріне сәйкес келушілігі қарастырылады. Ағылшын тілінде «student» орысша аудармасы «студент» аударған кезде ол «жекеше түр» және «оқушы» болады да, бірақ ол  «жоғары мектепте оқушы » және «мужской родта» деген мағынысынан айрылады. Ал керісінше, орыс тіліндегі «Хороший студент не будет прогуливать лекции» деген сөйлемде «мужской род» түсінігі бейтараптанып кетеді, себебі мұнда тек ер адамдар туралы айтылып тұрған жоқ, жалпы студенттер сөз болып отыр. Ал «жоғары мектепте оқушы » деген түсінігі  «лекция» сөзінен –ақ білініп тұр. Сондықтан бұл фразаны ағылшын тіліне аудару үшін «student» сөзі де жеткілікті: «A good student would not stay away from his lectures».

Аударма процесін суреттеп жазу үшін трансформационды  әдіс түпнұсқаның мазмұнын түсіну үшін беріледі және аударманың  соңғы вариантын (түпнұсқасын) анықтайды. Екінші жағынан аудару процесі тіларалық трансформацияның маңызды бір түрі болып есептеледі.

Аударманы зерттеу кезенінде аса маңызды орын алатын тәсіл лингвистикалық модельдеу әдісі. Бұл аудару процесінде теориялық модельдерді құру. Бұл процесс аудармашының басында бірнеше ойлану операциялары арқылы жүзеге асады, ол бақылауға алынбайды, өз алдына  «қара жәшік» болып көрінеді. Лингвистикалық модель аудару процесінде түпнұсқаның түрленіп аударма мәтініне айналып, жақсы ойға  алынған, көзделген нәтижеге жететінің дәлелдейді. Қазіргі аудармада аударманың бірнеше моделі бар, бұл аударма процесінің бірнеше әдіс-тәсілдерімен іске асатындығын айқындайды.

Аудармашылар лингвистер мен психологтардан информанттардан сұрау процедурасымен алмасты. Бір жағынан информанттар болып аудармашылардың өздері болып, сұраққа жауап беруге тырысты, нені басшылыққа алатындықтарын белгіледі. Екінші жағынан информанттардың орнын аударма рецепторлары да баса алады, олар аударма тілі туралы деректер бере алады, олардың «оқу мүмкіндігін», аударылған мәтінді аударылмайтын мәтіннен айыра алады, өздерінің аударма ісіне қоятын талаптарын жүзеге асыра алады. Барлық айтылған мәтін пленкаға немесе таспаға жазылып, бұл пленка немесе таспа жазылған мәтінге аударылады және түпнұсқадағы мәтінмен салыстырылады. Аударма жанындағы басқа да әрекеттер ескеріледі (күлкі, ыңқыл-сыңқыл, ухілеу т.б.) сол сияқты кідірістер. Мұндай тәжірибенің протоколы аудармашының жалпы стратегиясы немесе жоспары туралы, оның таңдап алған аударма варианты немесе түпнұсқасы туралы қорытынды жасайды. Осы айтылған пікірлерден біз мынадай тұжырымға келеміз: Аударманы лингвистикалық әдіспен зерттеу толық дәлелденген және нәтижелі жемісін береді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аудармашыда кездесетін қиындықтар неге байланысты?

2. Аудару процесі қандай роль атқарады?

Тақырып№26: Инфинитив формасынын аудармасы

Мазмұны: 1. Инфинитив туралы түсінік

2. Инфинитив қызметі

Инфинитив (090011801101лат.infinitivus - аныкталмаған форма) — Флективті және агглютинативті тілдердегі етістіктін кимыл атауының формасы, тұйық рай етістік. Инфинитив етістік баяндауыш түрінде және сөйлемнің предикатив мағынасы есім тектес мүшелерін білдіруде колданылады. Етістіктін баска формаларынан ерекшелігі — Инфинитивте шақ, рай, жак, көпше, жекеше категориялардын морфологиялык көрсеткіштері болмайды. Осындай категориалдык кызметі аз болғандыктан, Инфинитив біркатар тілдерде сөздік форма (сөздікгегі етістік лексемасы) ретінде жұмсалады.

Тарихи Инфинитив үндіеуропа тілдерінде етістіктін парадигмалық түлғасына айналған кимыл мәніндегі есімді білдіреді. Алтай, картвел, семит тілдерінде Инфинитив қимыл есімімен сәйкес келеді де, кейде етістік (шақ, етіс) категорияларын сактай отырып, есімнін морфологиялык, синтаксистік белгілеріне ие болады.

Кейбір тілдердін грамматикалык дәстүрі бойынша, Инфинитивпен кимыл есімі бірге каралады да, жалпы Инфинитив деп аталады. Кызметі жағынан Инфинитив латын, ескі славян тілдеріндегі 011008003051супинге, ағылшын тіліндегі 00511004080903051герундийге жақын. Қазақ тіліндегі кимыл есімі етістіктін түбіріне "у" формасынын жалғануы аркылы жасалады. "У" түлғалы кимыл есімі предикаттык мағынасын сактай отырып, есімдерше түрленеді.

Инфинитивтің көптеген функциялары арасында инфинитивтің іс-әрекет жалғастырушы пысықтауыш функциясын атап өткен жөн. Бұл созылмалы немесе іс-әрекет жалғастырушы инфинитив деп аталады. Бұл функциядағы инфинитив жалғасатын іс-әрекеттерді білдіретін сөйлемдерде қолданылады. Мысалы: I woke up one morning to find myself famous – Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым. Бұл аударманы дұрыс түсіну үшін ағылшын сөйлемінде бірқатар өзгерістерді енгізу қажет. Мысалы: I woke up one morning and found that I was famous — Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым.

Адьективты курылымдагы инфинитив

Бұл функциядағы инфинитивті қарастырмас бұрын атауына назар аударайық. «Адьектив» сөзі ағылшын тілінің «adjective» — «сын есім» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл құрылымды сын есімді құрылымдардағы инфинитив деп атауға болады. Бұл құрылымдағы инфинитив өздік және ырықсыз етістерде қолданылады. Ағылшын тілінде өздік етіс active voice, ал ырықсыз етіс passive voice деп аталады. Мұндай құрылымдағы инфинитив көбіне «қажеттілік» деген мағынаны береді. Мысалы: New zoo for children at Victoria Park London to be opened in 1966 is proposed by the Greater London Council’s Park Comitee – Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ комитеті 1966 жылы ашылуға тиісті Виктория паркінде балаларға арналған жаңа хайуанаттар бағын құруға ұсыныс жасады. Дәл осы сөйлемді басқаша етіп аударуға болады. Мысалы: New zoo for children at Victoria Park London to be opened in 1966 is proposed by the Greater London Council’s Park Comitee – Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ комитеті 1966 жылы Виктроия саябағында балаларға арналған жаңа хайуанаттар бағын ашуды ұсынды. Бұл сөйлемнен біз инфинитивтің адьективті немесе сын есімді құрылымында кейбір жағдайда модальдік мағынадан ауытқитынын көреміз.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Адьективты курылымдагы инфинитив туралы түсінік

2. Инфитив аудармасын қолдана отырып мысал құрастырыңыз

Тақырып№27: Сөздік құрастырудың техникасы

Мазмұны: 1. Лексикография теориясы туралы түсінік

2. Сөздік түрлері

Лексикография теориясы — әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады.

Сөздіктерді жасау жұмысында лексикография теориясының маңызы айрықша. Себебі сөздіктердің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның 0205010818теориясы мен091000108000практикасын жете білуді қажет етеді. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде айрықша назар аударатын мәселелер мыналар: – сөздің 09050108000лексикалық 0900218000мағыналарының типтері; – мағына мен қолданыс; – сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі; – 09000810500818полисемия құбылысы мен 090000800818омонимия құбылысының айырмашылығы; – фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері; – сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағы мен шегі; – 013907сөздерге берілетін 001829100000анықтама (түсіндірме) мен стилистикалық мінездеме және т.б.

Лексикографиялық жұмыста грамматика мен стилистиканың атқаратын қызметі зор. 0139070410Сөздіктерде сөздерге әртүрлі сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографилық теорияның тіл білімінің әртүрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеология), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатыстылығы келіп тұрады. Мысалы, сөздің мағыналық жағы түсіндірме сөздікте де, аударма сөздікте де маңызды мәселе болып саналады. Оларда сөз, ең алдымен, мағыналық жақтан талданып, анықталады. Осыдан сөздің мағынасын, мағыналық түрлерін, қарастыратын0105000108000030818семасиологияның лексикография теориясымен тікелей байланысы келіп туады. Сөздікті құрастыруда сөздерге 01000000108000грамматикалық мінездеме беру де қажет болады. Сөздердің грамматикалық тұрғыдан қандай лексико–грамматикалық топқа, яғни сөз табына, қатыстығы сөздікте тиісті белгілер арқылы көрсетіледі. Сөздік құрамының белгілі бір стилге тән, соған телінген сөздер де болады. Осыдан сөздіктерде ондай сөздердің қай стилге тән екендігін аңғартатындай берлгілер берудің қажеттілігі келіп туады. Мұның өзі тілдің лексикасының стилистикалық жақтан дифференсациялануын зерттеп, 09050108000лексикадағы стильдік топтар мен тармақтарды айқындаудың нәтижесінде ғана іске асады. Осы мағынада 011080081108000стилистика да 09050108000310010818лексикографиялық теорияда көмекші қызмет атқарады.

Сөздіктердің тіл–тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

1. Сөзіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілідің заманауи сөздіктері деп аталады.

2. Сөздіңтердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұнадай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне аранаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар: 02051008000003081801829139070410терминологиялық сөздік, 0108000080синонимдерсөздігі, 04100070500003081801829139070410фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.

3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік 0104001000139070410аударма сөздіктер.

4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады.

І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1. 0108000003081801829139070410Этимологиялық сөздік. 2. 02001081Тарихи сөздік

ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1. 02211004110051390704101Түсіндірме сөздік. 2. 0104001000139070410Аударма сөздік. 3.020510080000030818Терминологиялық сөздік]]. 4. 0080000501000030818Диалектологиялық сөздік. 5. 041000705000030818Фразеологиялық сөздік. 6. 0108000080Синонимдер сөздігі.

ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. 040005108000Фонетикалық сөздік. 2. 091100310010818Орфографиялық сөздік.

ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. 00108000005040818Энциклопедиялық сөздік. 2. 0001811100108021101390704101Иллюстративтік сөздік.

Аударма сөздік — лингвистикалық (тілдік) 0139070410сөздіктің бір түрі. Аударма сөздік екітілді немесе көптілді (ағылшынша-орысша-қазақша) болып келеді. Аударма сқздіктің негізгі объектісі белгілі бір тілдегі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін екінші тілге тәржімалау. Тұңғыш 0104001000Аударма сөздік үлгілері еткен ғасырдың II жартысынан бастап жарық көре бастады(Алекторов A. Е., Краткий казахско-русский словарь, Приложение к книге "К мудрости ступенька", М., 1891; БокинТ., Русско-киргизский словарь,005101809Верный1913; Катаринский В. В. Краткий русско-киргизский словарь, Оренбург, 1897; Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречии, 4-изд., СПб., 1888-1905). Осы ғасырдың 20-ж. бастап орысша-қазақша сөздіктер жасауға айырықша мән берілді. 1925-26 ж. бірнеше Аударма сөздіктер (Казахско-русский словарь, 291807180010400ҚHYPERLINK "%22Қызылорда"ызылорда, 1925; Орысша-қазақша әскерлік атаулары, Қызылорда, 1926), ал 1936 ж. 090011803010010811латын әHYPERLINK "%22латын%20әліпбиі"ліпбиі негізінде "Қазақша-орысша сөздіктер" ұдайы шығарылып тұрды. 0104001000Аударма сөздіктің бірнеше түрлері бар: бір тілдің сөздік құрамына, 09050108000лексикалық байлығына негізделіп, сөздің негізгі мағынасы, семантикалық құрылымы, сөздің грамматикалық тұлғалымар арқылы түрленуі, стильдік ерекшеліктері, сөзтіркесімділік қабілеті, осы сөз дәйек болатын тұрақты тіркестер жан-жақты қамтылатын екітілді сөздіктер; ғылымның белгілі бір саласына қатысты терминдік атаулардың екінші тілдегі баламасы көрсетілетін сапалық терминологиялық сөздіктер\ сөздік құрамының белгілі бір шектеулі бөлігі ғана қамтылатын, арнайы бір топқа (Мысалы , мектеп оқушыларына, тілді жаңа үйренушілерге) арналған 02100010011тілашар сөздіктер және т. б. Аударма сөздік лексикография ғылымының принциптеріне сәйкес жасалады. Сөздер әліпби тәртібімен беріліп, оның тұсына стильдік белгілер (көне, тарихи, эмоциялық экспрессия) қойылады немесе түсініктемелер жазылады, сондай-ақ техникалық әдістер (таңба-белгілер, курсив, қалың бояулы жазу) пайдаланылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Лексикография туралы не білесіз?

2. Сөздік құрастырудың оңай және қиын жолдары?

Тақырып№28: Түсіну барысындағы аударма анализінің рөлі

Мазмұны: 1. Аударма түрлерінің ерекшеліктері

2. Аударманы анализдеу тәсілі

Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.адамзат аударма арқылы араласып құралады.

09391005000104001000Көркем аударма – әдеби 081820010000001шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. 09110020011810001Орта ғHYPERLINK "%80%22Орта%20ғасырлардан"асырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі 011806051сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу 031121дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде 01010001040010001еркін аударма деп саналғанмен, шынында 02390110001төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда 022002112900түпнұсқаға сәйкес болуы шарт.09391005000104001000Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты 020000001талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік 080501051010шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби 091010511процесте алатын орны үлкен. 29000700293040501080511ҚHYPERLINK "%96%22Қазақ%20әдебиетінде"азақHYPERLINK "%96%22Қазақ%20әдебиетінде" әHYPERLINK "%96%22Қазақ%20әдебиетінде"дебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 219 HYPERLINK "%93.%2219%20ғ"ғ-дан басталады.0104001000[HYPERLINK "%22%5B1%5DHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%22Абай"1HYPERLINK "%22%5B1%5DHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%22Абай"]HYPERLINK "%22%5B1%5DHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%22Абай"Абай неміс ақыны 0051051Гетенің, орыс ақындары Ю.090510001002090810008001180502081Лермонтовтың, А.091100800005010000410105103050502081Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды,0011801001080Ы.Алтынсарин орыс педагогы 031080100809041231К.Д. Ушинскийдің, 08300511029210400090105104121018Шәкерім ҚұHYPERLINK "B%22Шәкерім%20Құдайбердіұлы"дайбердіұлы 020011009090502Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, 000091211118021018010051А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді.

Түсіндіру барысындағы аударма анализінің басты рөлі- аударма, ал міндеті – аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру.0104001000[HYPERLINK "%22%5B3%5D"3HYPERLINK "%22%5B3%5D"] Ал,аудармашылар болса, осы теория негізінде,практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет.Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп,толықтанып,дамып отырады.Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргіщзіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату;

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Лексикография туралы не білесіз?

2. Сөздік құрастырудың оңай және қиын жолдары?

Тақырып№29: Реферат құрастыру

Мазмұны: 1. Реферат құрастырудың жолдары

«Реферат және аннотация жазу» курсы немесе мәтіндерді ақпараттық өңдеу шет тілін оқытудың соңғы сатысында тез арада жазбаша ақпарат жинауға және оны мағыналық

тұрғыдан өңдеуге машықтандырады.

Студенттердің шет тіліндегі мәтінді түпкілікті түсінуі, яғни ғылыми –техникалық мәтіндерді қағаздан еркін аудару дағдыларының қалыптасуы-мұндай әрекеттердің негізі болып табылады.Мәтіндерді ақпараттық өңдеуде жақсы жетістіктерге жету үшін аудармашы- референт тек қана шет тілін біліп қоймай, сондай-ақ өзінің жұмысына, кәсібіне байланысты мәселелер жөнінде ғылыми әдебиеттерді үнемі оқып, шет ел басылымдарын еркін меңгеріп, көтеріліп жүрген мәселелердің соңғы кездегі жағдайларын және тілі оқытылатын елдің саяси құрылымын, экономикасын, тарихын, ғылыми жетістіктерін т.с.с.білуі қажет. Аудармашы-референт ең басты мәселені қосалқы мәселелерден ажыратып, өңделген материалды сараптап, жинақтап, қорыта білуі тиіс.

Мәтінді ақпараттық өңдеудің мақсаты- студенттердің реферативті хабарламаға тапсырыс берушінің талабына сай, белгілі мәселе жөніндегі қажетті және құнды ақпаратты жинақтауы.

- жалпы теориялық білімдерін бекіту

- тапсырыс берушінің талабына орай, түпнұсқа мәтінінің мазмұнын қысқа да нұсқа беруге үйрету.

«Реферат және аннотация жазу» курсын тәмамдаған соң студент білуі тиіс: .

-Реферат және аннотация жазудың негіздерін ;

- Құжаттардыаналитикалық өңдеу әдісін және ақпаратты өңдеудің қазіргі технологиясын ;

- Реферат және аннотация жазудың әдіс-тәсілдерін, мәтіндерді аналитикалық өңдеу құралдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қазіргі ақпараттық технологияны қолдана отырып редакциялауды меңгеру.

- Жалпы кәсіби шет тілі

- Базалық шет тілі

- Практикалық грамматика

- Тіл теориясы негіздері

- Курс постреквизиттерi:

- Мәдениаралық қатынастар теориясы мен практикасы

- Аударма теориясының негіздері

- Функционалды стилистика

Реферат жазу барысында осыларды ескере отыру керек.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Реферат деген не?

2. Реферат құрастырудағы ең маңызды элементтер қандай?

Тақырып№30: Мәтінді әртүрлі жанрда аудару

Мазмұны: 1. Мәтін аударудың түрлері

Мәтін аударудағы түрлі жанрладың бір бірінен айырмашылықтары

Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан).

Аударма түрлерінің екі негізгі сараланушы түрлері бар: аударылатын мәтіндердің сипатына байланысты және аударма барысында аудармашының тілдік әрекеттерінің сипатына байланысты.

Аударманың жанрлық–стилистикалық саралануы түпнұсқаның жанрлық–стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты екі функционалды аударманың түрін ерекшелейді: көркем аударма және ақпараттық аударма.

Көркем аударма деп көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтады. Қалған тілдік шығармалар түрлеріне қарағанда, көркем әдебиет шығармаларының негізгі функциясы болып көркем–эстетикалық немесе поэтикалық функцияның есептелуімен көзге түседі. Осы мінездегі барлық шығармалардың негізгі міндеті болып қандайда бір эстетикалық әсер беру, яғни бір көркем-әдеби образ жасау болып есептеледі. Бұндай эстетикалық бағыт көркем-әдеби тілді ақпараттық мазмұны негізгі болып саналатын информативті тілдік қарым-қатынас түрлерінен ерекшелейді.

Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.

«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне). Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін.

Көркем және ақпаратты аудармалар көбінесе жазбаша аудармаға жатады. Көркем шығармалар мен аударумен бірге ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару, ресми-іскерлік материалдарды аудару, саяси-публицистикалық материалдарды аудару, газет-ақпараттық материалдарды аудару, патенттік материалдарды және т.б. аудару болып бөлінеді.

Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше: грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу керек. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше. Жазбаша аударма келесі факторларға назар аудару керек:

1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына

2. Арнайы сөздіктен сол сөздің мағынасын іздеп табуға

3. Түпнұсқаның контекстін білу. Егер ол шығарма болса, оны ең алдымен толық оқып шығу керек.

4. Керекті сөзі бар қайырымды ғана оқып шығу және оны бүкіл контекстпен салыстыру.

5. Сөздің бір-бірімен байланысуына

Жазбаша аудармада мәтіннің барлығы аудармашының алдында болады, ол оны бірнеше рет оқып, автордың идеясын толық түсінеді. Ал ауызша аудармада аудармашы ақпаратпен сегмент арқылы танысады, ол ақпаратты толық білмейді.

Жазбаша аудармада аудармашы оратормен тіл қатысып, ештеңе сұрай алмайды (мысалы: түсінбеген сөз, термин не ақпарат).

Жазбаша аудармаға түпнұсқадағы мәтіннің жазбаша түрдегі аудармасы жатады. Аударушы мәтінге және оның үзінділеріне бірнеше рет қайта оралып, керек болса түзеп, негізгі нұсқамен салыстырып, рецепторға автордың идеясын жеткізуге тырысады.

1-ші классификация оригиналдың жанрлық-стилистикалық классификациясы б/ша 2 түрі бар:

Көркем(әдеби) аударма ж/е информациялық(арнайы) аударма.

Көркем немесе әдеби аударма деп - көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтамыз. Әдеби аударманың мақсаты шығарманың көркемдік эстетикалық аудармасын дәл беру.

Әдеби шығармаларды аударуға талдау жасау барысы аударманың көркемдігін қамтамасыз ету мақсатымен қатар кейде берілген текстің мағынасынан алшақтаудың барлығын көрсетеді.

М-ы: The mountain tops were hidden in in a grey waste of sky…

Вершины гор тонули в сером небе.

Were hidden- жасырын жатыр деген сөздің жақын сәйкес аудармасынан алшақтап «батып жатыр (тонули) деп аударманы жвқсы көркемдеп тұр.

Көркем немесе әдеби аудармада оригиналдың нақты бір жанрға жататындығына б/ы аударманың қосымша түрлері болады. Олар: поэзия аудармасы, пьеса аудармасы, сатиралық аударма, проза, текст, өлең т.б.

Хабарлама аудармасы дегеніміз- оқырманға көркем-эстетикалық әсері емес, қандай да бір хабарларды жеткізетін текстерді ауд-ы айтамыз. Мұндай текстерге әлеуметтік т.б. текстер жатады.

Бұл аудармаға сонымен бірге детектив әңгімелері, очерк, таза хабарламаларды қамтамасыз ететін аудармалар.

Көркем және хабарламалы аударма деп бөлу тек қана оригиналдың негізгі қызметін көрсетуге арналған негізінде көркем ауд-ң ішінде хабарлама ауд-сы да болуы мүмкін н/се керісінше хабарлама ауд-сы ішінде көркем ауд-ң элементтері де болуы мүмкін.

Хабарламлы аудармада оның қосымша түрлері аударылатын текстің әртүрлілігі функционалды стильге жататындығына б/ы мынадай қосымша түрге бөлінеді: ғылыми-техникалық материалдар, саяси-публицистикалық материалдар, ресми-іс материалдары, газет-ақпарат мат-ы, патенттік мат-р т.б.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Мәтін аудармасының түрлері қандай?

2. Мәтін аудармасының қай түрі ең тиімді?

Тақырып№31: Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді аудару

Мазмұны:

1. Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді аударудың жолдары

2. Мәтін түрлерінің бір бірінен айырмашылығы

Аударма – бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.

Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы. Аударма – әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді “Қалай аудару керек” деген сұраққа жауап іздеген кезде, зерттеушілер әр түрлі аударма объектілеріне назар аударады. Әрине, дәлме-дәл аударма жасау мүмкін емес. Бұл тілдердің грамматикасына, сөздік қорына және сол тілдердегі мәдени айырмашылықтарға байланысты. Мәдени айырмашылықтар аудару жолдарына, нәтижелеріне үлкен ықпал етеді.

Аудармашының алдына қойылатын үш түрлі талап бар.

Біріншіден, ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек.

Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс.

Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұқсан келтірмеуі тиіс.

Осыған байланысты басты назарды аудармашының біліміне аудару қажет.Әрбір тілдің өзіне тән тұрақты белгілері бар, өзіне тән өзгеше мән-мағынасы бар. Бұл өзгешеліктер басқа бір тілмен сәйкес келмейді. Сондықтан аударма ісі бір формадан екінші формаға жай ауыса алмайды. Ол үшін аудармашыға қай тілдік бірліктің мәні түпнұсқадағы мазмұнға сәйкес келетінін біліп алу керек.

Әңғімелерді аудару барсында кездесетін қиындықтары тілдің ерекшелігімен және сол тілдің әр турлі жағдайларда кездесетіндігімен тығыз байланысты.

Аудармадағы қиындықтар түпнұсқада аталған кейбір құбылыстарға байланысты немесе қабылданып, аударылып отырған мәдениеттің аударма рецепторларына белгісіз жақтарына байланысты туындауы мүмкін. Әр тіл — өзінше жеке мәдениет.Бұл жерде үш түрлі қиындықты атауға болады: тілдік бірліктің семантикалық, яғни мағыналық ерекшелігі, «өмір құбылысының » сәйкес келмеуі, тілден тысқары өмір шындығын суреттеудегі тілді пайдалану, өмір шындығы мен осы шындықты мәтінде суреттеп берудегі өзгешелік.

Қазақ тіліне әңгімелерді аудару үшін бізде қазақша-ағылшынша, ағылшынша-қазақша сөздіктері болуы керек.

Қандай жағдайда болмасын, аудармашы бөтен мәдениеттің оқиғаларымен, тілдің өзіне ерекшеліктерімен тән таныс болуға міндетті ғана емес, оны өз аудармасында көркем суреттеп, оқырманға түсінікті етіп баяндауға тиісті.

Аударма мәселесі әдебиетте әуелден басты назардағы мәселе. Әрбір аудармашы-жазушының шығармашылығын аударар кезде оның шығармашылығымен толықтай танысып алу керек.  Жазушының ішкі әлемін білмей жатып оған аударма жасау да қиындық тудырады.Аударма жасауда автор жанын түсініп, оның әлемдік көзқарасын, шығармашылық бағытын білу шарт.Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді аудару кезінде негізінен үш түрлі қасиетті білуі қажет:

1.Өзінің ана тілін жетік меңгеруі;

2.Ағылшын тілінің құрылымымен ғана емес, ол елдің тарихы, әдебиеті, тұрмысынан хабардар болуы;

3.Сөзбе-сөз аударудан гөрі, мағынасы мен идеясына аса көңіл бөліп аударуы керек.

Жасау немесе аудару қажет болғанда термин:  - алдымен қазақ тілінің өзінің лексикалық қорынан;  - одан ыңғайлы сөз табылмаса, көне қазақ (қыпшақ, шағатай) - олардан ыңғайлы сөз табылмаса ретімен: туысқан халықтар - - олардан ыңғайлы сөз табылмаса, араб, парсы тілдерінен алынуы Аудару барысында бір жанрға және бір стильге жататын мазмұны жағынан үндес мәтіндер салыстырылады. Бұл аудармашыға мәтін аударылуға тиісті  тілге,яғни қазақ тіліне стилистика жағынан үйренісуіне яғни адаптациялануына мүмкіндік береді.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы анализ мәтіндердің бір-біріне ұқсастығын, олардың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістерді анықтайды. Сол сияқты мәтіндердің жекелеген элементтерін салыстырады.

Авторлар жеке жұмыс істеуге болмайды. Сапалы аударма болуы үшін, бірлескен әрекет қажет. Көркем әдеби мәтіндерді аудару қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне жағдай жасайды.Аудармашылар әлем классиктерімен қоса әдебиеттің қазіргі қарым-қуатын білдіретін жаңа заманғы көркем сөз шеберлерінен де барынша өндіре аударуға тиіс. 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аудармашыға қойылатын талаптар

Тақырып№32: Аударма техникасы

Мазмұны: 1.Аудармашының мәтінді аудару үлгісі

2.Аударма процесіндегі бір-бірінен өзгешеленген екі кезең

Аудармашы алдымен мәтінді жеке бөліктерге бөліп аударады. Бөліктердің ұзақтығы түрлі тілдер мен жеке аударма түрлерінде бірдей емес.көп жағдайда аударма процесіндегі минималды бірлік мәтінге бір түсініктеме береді. Егер мәтінде белгілі бір түсініктеме беруге ақпарат жеткіліксіз болса, және оған мәтіннің басқа бөліктерімен танысу қажет болса да, аудармашы осы бөлікті аудармай басқа бөлікке көшпейді. Мысалы мына мысалда аудармашы екі бірдей сөйлемді біріккен сөйлемге айналдырады:

One of the fundamental aspects of the greatly strengthened United States imperialism following World War 1 was its fightening grip upon the other countries of the Western hemisphere.This was especially the case in Latin America.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ империализмінің экономикалық өсуі болып оның батыс елдеріне өз үстемдігін нығайтуы болды, әсіресе Латын Америкасында.

Ал ауызша аудармада аудармашы мүлдем басқаша тәсілдерді орындайды.

Бір жағынан ілеселі аудармада аудармашы ақпараттың бірнеше аспектілерін есте сақтай отырып, оратордың сөзінен кейін аудара бастайды. Екінші жағынан, синхрондық аудармада түпнұсқадағы ақпаратты бір мезгілде аударуды талап етеді. Сондықтан да аудармашы ақпаратты алғаннан бастап оны аударуға әрекет жасайды. Аударма процесіндегі бірліктердің көлемі айтылу бөліктерімен анықталады.

Аударма процесінде аудармашы әрқашан аударылатын тіл мен аударылатын тілдік бірліктерді салыстырып отырады. Аударылатын тілді қолдана отырып аудармаштүпнұсқаның мағынасын түсінеді, аударылған тілдің көмегімен мәтінді аударады.

Осыған байланысты аударма процесінде бір-бірінен өзгешеленетін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңге аудармашының түпнұсқадан ақпаратты алу әрекеті жатады. Екіншісіне- аударылған тілде жасалынатын барлық қажетті әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады.

Ақпаратты алу кезеңі түпнұсқаның мағынасын түсінумен анықталады. Яғни бұл кезеңде аудармашы түпнұсқадағы барлық ақпаратпен танысып, оның толық мән-жайын түсінеді. Содан кейін аударуды бастайды. Кейде мәтіннің мазмұны күрделі ақпараттық жүйеден тұруы мүмкін, сондықтан да аудармашыдан ойлау қабілетінің жоғары болуы талап етіледі.

Аудармада түсінік ұғымын екі жолмен анықтауға болады: түпнұсқаның мағынасына жалпы қорытынды жасау мен аударылатын тілдің құрамын жасау. Аудармашы аудармның мазмұнын жете ұғынып, оны аудармада дәл жеткізу қажет.мысалы, мына сөйлемде:It is important to get clear which are the structural and instutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resources.ағылшынның құрушысына (рецептор) institutional сөзінің нақты мағынасы қажет емес, себебі бұл сөз басқарма, көпшілік, жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы мағынасыз жеткіліксіз, өйткені ол түпнұсқаның нақты мағынасын жеткізе білуі керек.

Мына сөйлемді аударғанда аудармашыда бірнеше қиындықтар туындауы мүмкін:Since F.D. Roosevelt was baited and frustrated by the right and adopted by the left, his political ego was enlisted in support of the popular view. Мұнда аудармашы baited, frustrated, adopted етістіктерінің айтылу мақсаттарын және his political ego –сөзінің нақты мағынасын беруі керек.

Соңғы болып аудармашы түпнұсқаның синтаксистік құрамасын талқылайды.Тhe level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice. Бұл сөйлемде айтылу мақсатына қарай көмекші сөз on жалғанып тұр. Егер to depend етістігін басшылық етсе онда сөйлемнің аудармалы болашақтағы қойылым ең дұрыс ақпараттар мен кеңестен емес, шаруа қожалықтарының шешіміне байланысты байланысты болады. Егер екінші көмекші сөз on сөйлемнің басты мағынасы ретінде қолданса to take a decision on the best of information. Онда сөйлемнің мағынасы, болашақтағы қойылым ұзақ уақыт бойы шешілген ең дұрыс кеңестер мен ақпараттардың негізінде шаруа қожалықтарының төрайымдары арқылы шешіледі.

Аударма процесіндегі екінші кезең – аударылатын мәтін құрастыру үшін тілдік бірліктерді кездестіру және бұл жерде аудармашы тұрғысынан аударылған тіл кәдімгі тілдік қарым-қатынастардан өзгешеленеді. Бұл жерде аударылатын тілдің нормасына байланысты емес, екінші бір аударылатын мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты.

Түпнұсқаның мағынасын баламалы түрде берілуінде аударылатын тілде ешқандай шектеулілік болмайды: аударма түпнұсқа мәтіннен жиі қолданылатын құрамымен, түпнұсқаның аналогиялық құрамы, жасанды тілдік бірліктердің көп мөлшерімен, лексикалық бірліктермен, түпнұсқада жиі айтылатын сөздерді қолдануымен ерекшеленеді. Ағылшын-орыс аудармаларында кейіпкерлер әулие Георгидің атымен ант береді. Бірақ айтқан уәделерінде тұрмайды. Кейде орысша мәтіндерде ағылшын тіліне сәйкес келмейтін сөздер бар оларға: барбос, безлюдье, даль, ежовый, исстари және т.б.Егер аударылатын тілде тарихи осы шақ қолданылмаса немесе жиі қолданса, орыс тіліне аударуда бұл формалар жиі кездесетін болады. Аударылатын тілдің көптеген аударма актісінің нәтижесі бойынша өзіндік жүйе қалыптасады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ілеспелі аудармада аудармашы ақпаратты қалай аударады?

2.Аудармада түсінік ұғымын қалай анықтауға болады?

3.Бір-бірінен өзгешеленетін бірінші және екінші кезеңде аудармашы аудару барысында ақпаратты қалай жеткізеді?

Тақырып№33: Аудармадағы балама туралы түсінік

Мазмұны: 1.Баламалықтың екі түрі; Потециалды және аудармадағы баламалық

2. Идентифтік жағдай

3. Баламаның үшінші түріндегі аудару ерекшелігі

Аудармашының басты міндеттерінің бірі болып – түпнұсқаның мазмұнын толық беру саналады.

Баламалықтың екі түрін ажырата білу керек, біріншісі потенциалды баламалық түрлі екі тілден тұратын екі мәтіннің толық мазмұны және аудармадағы баламалық – түпнұсқа мен аударма мәтіннің мағынасының ұқсастығы. Аудармадағы баламалық түпнұсқаның лингвистикалық деңгейін сақтай отырып, түпнұсқаның әрбір бөлігіне түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, түпнұсқаны дәл беру.

Қандай да бір мәтін болмасын, қарым-қатынас функциясын атқарады: жаңалықтарды баяндайды, сезімді білдіреді, қарым-қатынасқа түсушілер арасында қатынас орнатады және т.б. Осы айтылған қарым-қатынастың мақсаты жалпы берілген ақпарат пен тілдік құрылымын анықтайды. Мына сөздерді салыстырайық: «Үстелдің үстінде алма бар», «Мен алманы қатты ұнатамын», «Маған алма беріңізші», «Сен менің айтқанымды естідің бе?». Осы айтылған сөздерде сөздің құрамы мен мағынасынан бөлек жалпы функционалды мазмұнын байқауға блады: хабарлау, ойлану, таңырқау, бір затты іздеу. Мәтін бір мезетте бірнеше қарым-қатынас функциясын ақаруы мүмкін – жоғарыда айтылған ой тек қана біріккен байланыс мәтінін құруы мүмкін, бірақ ол қарым-қатынас актінің нәтижесі болмайынша функционалды міндетті көздемейді.

Аудармада баламаның бірінші түрі түпнұсқаның тек қана қарым-қатынас мақсатында айтылған бөлігін сақтаумен түсіндіріледі.

(1)Maybe there is some chemistry between us that doesn't mix.

Кейде арамызда мінездері сәйкес келмейтін адамдар да болады.

(2) That's a pretty thing to say.

Ұялсаңшы!

Бірінші мысалда қарым-қатынас мақсаты басқа мағынамен берілді, бұл айтылған ойдың басты бөлігін құрап тұр. Мысалда қарым-қатынас әсері адамның өзіндік көркем бейнелеу қарым-қатынасынан туындап отырып, химиялық элементті пайдаланудың өзі сондықтан. Егер аудармашы аударылатын тілде түпнұсқаны сол күйінде аударса, ол сөйлем түсініксіз болар еді, ал енді аудармашының басқа сөздерді қолдана отырып аударуы айтылған ойға қажетті қарым-қатынас әсерін қамтамасыз етіп отыр.

Екінші мысалда қарым-қатынас мақсаты айтушының сезімін білдіріп тұр. Осы мақсатты жеткізу барысында аудармашы стереотиптік фразалардың бірін қолданды, бірақ бұл қолданылған тілдік тәсіл түпнұсқаның бірліктеріне сәйкес келмегенімен, берілген ойды нақ беріп тұр.

Берілген мысалдарға қарап, қарым-қатынас мақсаты айтылған ойдың жалпы мағынасын білдіреді.

Түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы қарым-қатынасқа мыналар тән: 1) лексикалық және синтаксистік құрылымның сәйкессіздіктері; 2) түпнұсқаның құрылымы, лексикасы мен аударманың семантикалық перефразасымен синтаксистік трансформациялардың байланысының болмауы; 3) тікелей логикалық немесе жанама байланыстың аударма мен түпнұсқада болмауы; 4) түпнұсқаның мазмұны мен аудармада басқа баламалы аудармамен салыстырғанда аз берілуі.

Баламаның екінші түрі түпнұсқаның жалпы мазмұны мен аударма тек қана бірыңғай қарым-қатынас мақсатын беріп қоймай, тілдік жағдайды сипаттайды. Жағдай дегеніміз объектілердің өзара байланысы, оларды суреттеу. Кез- келген белгілі бір жағдайға негізделген ақпараттан тұрады.

Баламаның екінші түрінде түпнұсқаның мазмұнын толық жеткізуде біріншімен салыстырғанда түпнұсқаның басты элементтері сақталады. Аудармада түпнұсқаның семантикалық құрылымы сақталады. Мұның мәнісі мынада-жағдай өз алдына бірнеше іс-әрекетті білдіреді, және оны тез түсіну оңайға соқпайды.

Осыған орай мәтіндегі жағдай мен оның сипаттау тәсілдерін ажырата білу керек. Тілді пайдаланушылар түрлі тәсілдермен сипатталатын идентифтік жағдайды мойындайды.

Идентифтік жағдай – бұл айтылған ойды нақты жағдайларды сипаттау.бірнеше мысал келтірейік:

He answered the telephone.

Ол тұтқаны көтерді.

You are not fit to be in a boat.

Сені қайыққа жіберуге болмайды.

You see one bear, you have seen them all.

Аюдың барлығы бір-біріне ұқсайды.

Келтірілген мысалдарға айтылған ой-пікірде түпнұсқадағы синтаксистік құрамы аударылған мәтінмен сәйкес келмейді.

Түпнұсқа мен аударма арасындағы байланыстар үшін бұл типке мыналар тән: 1) лексикалық құрылымы мен синтаксистік құрамының сәйкессіздіктері; 2)түпнұсқаның құрамы мен аударманың семантикалық перефразасы мен синтаксистік трансформацияларының болмауы; 3) аудармада қарым-қатынас мақсатын сақтау; 4) аудармада бірдей жағдайды сақтау, бұл екі тілдің арасында логикалық тікелей байланыстың куәсі.

Аудармада жағдайға байланысты баламалықты орнату көп жағдайда тілдегі ұжымның әрдайым жағдайды суреттеу үшін бір тәсілді пайдалануымен байланысты. Көбінесе бұл стандартты тілдің формулаларында, алдын-ала ескертулерде, жалпы айтылатын тілектерде, көңіл айтуда және т.б. қолданылады. телефоннан біреудің сұрап жатқанын ести салысымен біз біріншіден: «оны кім сұрап жатыр екен?» деп сұраймыз, ал ағылшынша: Who shall I say is calling? Есіктің қалай ашылатынын көрсеу үшін, ағылшындар есікке мынадай белгіні пайдаланады: «Pull» немесе «Push», бұл сөздің мағынасы қазақша- «өзіңе» немесе «өзңнен». Жаңадан боялған жерге алдын-ала ескерту үшін біз қазақша жазып қоямыз: «Абайлаңыз, боялған», ал ағылшынша- «Wet paint».

Егер түпнұсқадағы суреттелген жағдай аударылатын тілге қатаң белгілі бір тәсілмен аударылатын болса, аудармада ақпараттың құрылымы алдын-ала берілген болар еді. Түпнұсқа мен аудармада сәйкес келетін ақпараттың құрамы бірдей болуы мүмкін, егер ол екі тілде бірдей жағдай сәйкес келсе. Көп жағдайда белгілі бір жәйтті аударылатын тілде суреттеуді алмастыру арқылы аударады. Мысалы ағылшын және американдық авторлардың кітаптарынан үзінді:

Stop! I have a gun! (R. Bradbury).

Тоқта, атамын!

Reduction on taking a quantity (J.Galsworthy )

Тауарды оптом алушыларға жеңілдіктер

Peter's face muscles tightened (A.Hailey)

Питер тісін қисайтты.

He left the ship on Tuesday (A.Jerome)

Ол Сейсенбі күні кемеден түсті

Take a better man than she is, better man than I've ever met, to get away with being insulting to me! ( S. Lewis)

Мені себепсіз ренжітетін адам әлі тулған жоқ!

Кейбір жағдайдың белгілері айтушы ұжымға жақсы мәлім болуы мүмкін. Орыс Рецепторына Евангельдінің тарихы, мұнда Христос бес нан және екі балықпен бес мың адамды тойдырғаны өте жақсы белгілі. Осы тарихтан кішкене үзінді:

They found him over tea and one of these fishes which cover the more ground when eaten and explain the miracle of the seven baskets full (J. Galsworthy)

Бұл жағдай белгілі бір елдің тарихы мен мәдениетімен байланысты. Геттисбергтегі соғыс «жеті күндік соғыс» белгілі.(The Battle of the Seven Days),Наполеон «тағдыр адамы» (The man of Destiny), Веллингтон герцогы «темір герцог» ретінде(The Iron Duke), Шотландия «нан әлемі» ретінде белгілі.

Аудармада баламаның үшінші түріне мысал келтірейік:

Scrubbing makes me bad - tempered

Менің еден жуудан көңілім бұзылады.

London saw a cold winter last year.

Өткен жылы Лондонда қыс қатты болды.

Баламаның үшінші түрінде түпнұсқамен аударманы салыстыра отырып мынадай ерекшеліктерге ие:1) сйлемдегі лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылымының параллель болмауы; 2) түпнұсқаның құрылымы мен аудармада синтаксистк трансформация байланысының болмауы; 3) аудармада түпнұсқаның қарым-қатынас мақсаты мен идентифтік жағдайды сақтау; 4) түпнұсқадағы болған жәйтті суреттеу тәсілін қолдана отырып, аударманың жалпы түсінігін сақтау. Сонымен келтірілген мысалдарға қарап түпнұсқа мен аудармада суреттелетін іс-әрекет оның бірдей ақпаратты бейнелеуінен басталады.

Түпнұсқаның мазмұны мен аударма қатынастары формальді – логикалық түсінігі бойынша түрленуі мүмкін: бір мағыналық, біреуге жалынышты болу және қарама-қарсылық..Түпнұсқаның мағынасын түсіну дегеніміз ақпараттың құрамын сақтай отырып, түпнұсқада суреттелген тәсілді пайдалана отырып аудару. Алдыңғы баламаның түрлерінде аудармада ақпарат «не үшін берілді» және «ақпаратта не туралы» екендігі сақталса, ал мұнда «түпнұсқада не айтылды» және суреттелетін жағдайдың қай бөлігі қарым-қатынас объектісін құрайтындығы беріледі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аудармашының басты міндеттерінің бірі

2. Баламалықтың екі түрінің айырмашылығы қандай?

3. Идентифтік жағдай дегеніміз не? (мысалы)

4. Түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы қарым-қатынасқа нелер тән?

5. Баламаның үшінші түрі қандай ерекшеліктерге ие?

Тақырып№34: Реалиялардың аудармасы

Мазмұны: 1. Реалия аудармасына түсінік

2. Реалиялар мен терминдер

3. Реалиялардың берілу тәсілдері

Реалия аудармасы – тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі. «Реалия» деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім. (realis – нағыз, шын дегенді білдіреді). Реалия көбіне затты білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан «өмір» деген түсінікпен байланыстырады. Сөздік анықтамаларға сәйкес, реалия бұл мәдениет, тарих мәліметтері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фальклорлық кейіпкерлер аттарының аңыздар пәні болып табылады. Тілдерді салыстыру барысында бұл құбылыстарды білдіретін сөздер баламасы жоқ лексикаға жатады. Баламасы жоқ сөздер деп басқа мәдениетте кездеспейтін түсініктерді білдіруге қызмет ететін сөздерді айтамыз. Олар басқа тілге бір сөзбен аударылмайды және сол тілде бұл сөздерге сәйкес баламалары болмайды. Аудармашы суреттеу арқылы немесе өз неологизмдерін ұсына алады. М/лы: Victor (радио және теледидар жабдықтарын шығаратын фирма атауы), book-maker (жүгіру және секіруден жиналған қауымнан үстеме ақша алатын адам). Тілдерді салыстыру барысында басқа тілдік реалиялар мен формалардың арасындағы сәйкессіздіктерді атап көрсетуге болады. Басқа тілдік реалиялар сәйкессіздігі келесі жағдайларда байқалынады:

Реалия тек бір тіл тобына ғана тән ал екінші топта бұл сөздер кездеспейді М/лы: Drugstore (AE), the chemist’s (BE) – дәріхана

Реалия екі тілдік топқа да тән, бірақ олардың біреуінде реалия ерекше көрсетілген. М/лы: Clover leaf (AE) – машинаның үш бағытта ашылу жолдары.

Әртүрлі ортада ұқсас функциялар түрлі реалиялармен беріледі. М/лы: hot dog (AE) – тоқаш нан, soda fountain (AE) – кафе – балмұздақ

Ұқсас реалиялар әртүрлі болады. М/лы: cuckoo’s cell – көкектің шырылдауы (орыстардың сенімдерінде енді қанша өмір сүреміз дегенді білдірсе, американдықтардың сенімдерінде тұрмыс құру тойына дейін қызға қанша жыл бар дегенді білдіреді) Басқа тілдік формалардың сәйкессіздігі аударма тіліне ене отырыпб түрліше болып келедію Бұл реалиялар сөйлемде септеу және түрге байланысты - өэгеріп отырады, ал қалғандары жіктелмейтін категорияларды қолданылады. М/лы: ковбой – (cowboy) деген ағылшын сөзінен шыққан. Тілдік құбылыс ретіндегі мәдениетпен тығыз байланысты реалиялар ортаның дамуындағы барлық өзгерістерге тез әсер етеді, олардың арасында реалия – неологизмдерб тарихи сөздер, көнерген сөздерді атап өтуге болады. Лингвоелтану реалияларының қатарына ономастикалық реалиялар жатады: 1) Мәдени – тарихи түсініктері бар географиялық атаулар (топонимдер) EX: Boston Pops – музыкадағы Бостон оркестрі. 2) Антропонимдер – тарихи тұлға, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, көркем әдебиет кейіпкерлерінің аттары. Ex: Mіckey Mouse Мики Маус тышқан. 3) Әдеби шығармалардың ел өмірінде орын алған тарихи жағдайлардың, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің аттары: Ex: popeart – поп арт, BBC – British Broadcasting Corporation – Британияның радио тасымалдау компаниясы.

Реалиялар және терминдер.

Термин бұл ғылым тілінің элемиенті болып табылатын нақты мағынасы бар сөз. Ол аталған функцияны ғана орындайды және онда ешқандай көркем әдебиетіндегі сөздер қолданылмайды. Реалия әрқашанда реалия өзі пайда болған тілдің ұлтына тәуелді, бірақ ұлтаралық қолданысқа таралып терминдер тәрізді кеңінен қолданылып жүрген реалиялар да аз емес. Терминдер пайда болу жағынан реалиялардан ерекшеленеді. Реалиялар ұлттық сөздер және ұлттың ой өрісі негізінде пайда болған. Реалияның терминнен ерекшклігі шет тілін ұстанып жүрген адамдарға олардың кеңінен пайдаланылу әйгілілігі, таныстығы емес керісінше аударма тіліндегі олардың бейтаныстығы. Біздер арнайы терминология арнайы жұмыстар мен ғылымдардың аймағы екенін білеміз. Қазіргі таңда БАҚ – ң дамуы және адамдардың ғылымға деген қызығушылығы терминдердің халық өміріне енуіне септігін тигізді. Орыс тіліндегі реалиялар мыналар болуы мүмкін: 1. бөлек сөздер. Мысалы: Кремль декабристтер. 2. Сөз тіркестері. Мысалы: демалыс үйі, Мамаев Курган. 3. Сөйлемдер. 4. Қысқартулар. Мысалы: ЖОО, АХАЖ.

Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар. Сонымен реалия дегеніміз бір елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихи дамулардағы обьектілерді атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа ұлттарға бейтаныс боладыб сонымен қатар басқа тілдерде реалиялардың нақты баламасы болмайды.

Реалиялардың берілу тәсілдері

Транскрипция – аудару тілінен аударма тіліне фонетикалық форма жағынан механикалық түрде ауыстырылуы, яғни дыбыстар деңгейінде. Мысалы: Soviet, sputnik

Транслитерация – реалиялардың графем деңгейінде берілуі. Мысалы: Lincoln - Линкольн

Транскрипция амалы жарақсыз болған кезде аударма тіліне реалияларды беру амалы ретінде аударманы орынбасу, субституцияны қолданамыз. Реалияларды аударудың бірнеше түрлері бар: Неологизмдерді еңгізу (калька және жартылай калькап түрінде)

А) калька сөздің немесе айналымның сөзбе сөз аударма жолыю

Мысалы: victory day – жеңіс күні

Б) жартылай калька жаңа сөз және сөз тіркесі. Мысалы: desembrist - декабрист

В) шамамен аудару : 1. түрдің орын басу принципі (реалия бірліктерінің мазмұнын кең түрде беру)

Мысалы: Нарзан, Боржоми – минералды су, үйшік, коттедж- үй. 2. функционалды аналог (реалия - өлшемдердің берілуіне өте қолайлы)

Мысалы: Орыс тілінде ни копейки – ешқандай, ешқандай ақша жоқ, сто пудов - өте ауыр. 3. Суреттеу, түсіндіру ( түсінікті берудің басқа амалы қалмаған кезде тек ғана түсіндіріп қоямыз). Мысалы: two boys were playing flys a soft ball- Балалар доп ойнады

Контексттік аударма – контексттің мағынасын беру. Мысалы: How much are accomadations at health resorts?

Демалыс орнына жолдама қанша тұрады.

Транскрипция және функционалды аналог жолымен тарихи және ұлттық түрдегі реалия өлшем аудармасы. Мысалы: миля, фут, фунт, бушель.

Транскрипция және калька амалдарымен жасалатын русизмдер мен советизмдер аудармасы. Мысалы: vodka, ataman

Реалия – ақшалардың аудармасын транскрипция және функционалды аналог көмегімен береді. Мысалы: франк, доллар, фунт.

Практикалық тапсырма

1 жаттығу

Мына реалияларға сәйкес реалияларды табыңыз:

Ale

Whisky

To carry coals to Newcastle

What will Mrs. Grundy say?

Businessman

Tory

Labour

Sir

Skinheads

Franc

Lend-lease

Blues

Road Company

Flop

Traffic court

Kitchen- cabinet

2 жаттығу

Мына терминдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Arabesque, anode, cathode, quantity of formation, redundancy, feedback, frame, quantum, cyclotron, bionics, microfilm, supersonic, sedative, academic aptitude, duel personality, mental abilities, maintenance and operation instructions, customs duty, cash delivery, deflation, devaluation, loan capital, zero option.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Реалия аудармасы дегеніміз не?

2. Басқа тілдік реалиялар сәйкессіздігі қандай жағдайларда байқалады?

3. Реалияның термин сөздерден ерекшелігі не?

4. Реалиялардың графем деңгейінде берілуі

5. Реалияларды аударудың бірнеше түрлері

Тақырып№35: Неологизмдердің аудармасы

Мазмұны: 1. Неологизмдерге түсінік

2. Неологизмдердің құрылу тәсілдері

3. Сөздерді қысқарту (аббревиатура)

4. Конверсия

5. Фразеологизмдер мен саяси эуфемизмдер

Неологизмдер дегеніміз – тілде қоғамның және түсініктердің дамуына байланысты пайда болған жана сөздер жиынтығы. Осы неологизмдердіаудару технологиясы аударма тәжірибесінде өте маңызды мәселе болып табылады. Кейде белгілі бір сөздерді неологизмдер қатарына жатқызу уақыт талабына, қоғамның, ғылымның, техниканың және де әрине тілдің дамуына байланысты болады. Мысалы 100 жыл бұрын неологизмдер деп саналған самолет – ұшақ, летчик – ұшқыш сөздері және 50 жыл бұрын неологизм атанған телеведение – теледидар сөзі қазіргі таңда неологизмдер емес.

Неологизмдердің құрылу тәсілдері:

Сөздің құрылуына қажетті суффикстарды, префикстарды қолдану.Мысалы: commodification – ақшаны тауар ретінде қолдану, яғни оны сатуға немесе белгілі бір затқа айырбастау (simplification – сөзіне ұқсас), ive years banking talk has been dominated by three ghastly – ations: globaization securitization and commodification. These trends – of a worldlife market, of borrowers shifting from loans to securities6 of money becoming more like a commodity – have indeed been strong. Неологизмдер сонымен қатар –ship, -dom, -ize жұрнақтары көмегімен пайда болады. Мысалы: craftsmanship – исскуство воздействия на массы, showmanship – умение показать товар лицом, bangdom – организованный бандитизм, bogdom – жизненный тупик, itemize – рассматривать по пунктам, institutionalize – узаконивать. Сөздерді бір-біріне қосу арқылы неологизмдер жасауға болады. Мысалы: Laptop (Notebook) – переносный компьютер, know – how – ноу – хау, технология, sit – in – сидячая забастовка, shut – down – закрытие завода, has – been – свое влияние, discman, walkman – плеер.

Тілде бар сөздерді қайда қабылдау. Неологизмдердің құрудың бұл тәсілі арқылы танымал сөздерге жаңа мағына беруге болады. Мысалы: egg (жұмыртқа) сөзі қазір авиабомба деп те аударылады, өйткені пішіні жағынан бомба жұмыртқаға қатты ұқсайды; summit сөзі (вершина – жоғарғы шек) мемлекет басшыларының кездесуі деген мағынаға ие. Colour- blind сөзі бұрын түсті ажырата алмайтын адамды (дальтоник) бейнелесе, қазір оның мағынасы адамдарды ұлтына байланысты ажырата алмайтын адамды білдіреді. Shuttle сөзінің бастапқы мағынасы челнок (тігін машинаның бөлігі) болса, shuutle spaceship – көп қолданылатын ғарыштық кеме, shuttle trader - тауар тасу мақсатында шетелге қатынайтын саудагер адам деген мағыналарды білдіреді. Қайта қабылдау тәсілі арқылы компьютерлік технологияда көптеген неологизмдер пайда болды. Мысалы: Web – всемирная паутина – бүкіл әлемдік желі (Интернет), mouse – тышқан, site – сайт (страница в интернете) алғашқы мағынасы вид – түр, browser – браузер (to browse – блуждать етістігінен пайда болған), сервер – to serve – обслуживать етістігінен пайда болды.

Басқа тілдерден ену. Орыс немесен қазақ тіліне көптеген сөздер басқа тілдерден еніп неологизмдер қатарына жатқызылады. Мысалы бизнес және қаржы саласында: marketing – маркетинг, dealer – дилер т.б. Ағылшын тіліне де аз болса да, кейбір тілден басқа сөздер еңіп, сөздік қатарын толықтыруда. Мысалы: khozraschot – (a conflation of the Russian phracekhozyaistvennyraschot, meaning ‘self- supporting running’); the notion that industrial and other undertakings should be responsible for their own finances and not depend on the state subsidies. Сонымен қатар орыс тілінен енген perestroika сөзі де ағылшын тілінің сөздік қорында неологизм болып табылады. Tranche (трани) француз тілінен енген сөз несие немесе қарыз дегенді білдіреді.

Сөздерді қысқарту (аббревиатура). Кейбір неологизмдер қысқарған сөздер түрінде қолданылады немесе оларды қысқартуға тура келеді. Жалпы қысқарту дегеніміз – сөздерді бастапқы әріптер немесе мағынасы білдіретін әріптер көмегімен белгілеу. Мысалы: PC-personal computer, aka – also known as (известентакжекак), PR – public relations – nuap, FORTRAIN – formula translation – фортран. Кейбір неологизмдер қысқарту көмегімен жасалғанымен, қысқартуға ұқсамайды. Мысалы: scuba – self-contained underwater breathing apparatus – дыхательный аппарат для плавания под водой, SARS – severe acute respiratory syndrome –CAPC атипичная пневмония, radar – radio detecting and ranging – радар, HI-FI – High Fidelity – хай – фай. Қысқартулар туралы сөз қозғағанда мыналар туралы ұмытпау қажет:

а) дауыссыз дыбыстардың қолданылуы: ctr – centre, fwd – forward, rqs – requirements, jr – junior.

б) бастапқы буындардың қолданылуы: dept – department, nukes – nuclear weapons, libs – liberals.

в) аралас қысқартулар: ATM – automated teller machine – банкомат, E-mail – electronic mail – электрондық пошта. Неологизмдердің құрамындағы бас әріптер кейде қысқартулар болмай өздері белгілі бір мағынаға ие: H – bomb – hydrogen bomb - сутегі бомбасы, T – shirt – T әрпінің формасындағы қысқа женді футболка. Дыбысы және атауы ұқсайтын сандар мен әріптерден де қысқартулар жасалады: 4U – for you, YU? – why you, U1 – you won, 2B – to be, 18 – I ate, R – are etc.

5. Конверсия. Конверсия дегеніміз – сөздің бір бөлігінң екіншісінен пайда болуы, мысалы белгілі бір іс әрекетті білдіретін зат есімнен етістіктің жасалуы. Көбіне мұндай сөздер сөздікте болмайды, олардың аудармасын контекстің мағынасына қарай табуға болады. Мысалы: The gap is to be bridged in the near future – Этот разрыв нужно преодолеть в ближайшем будущем; (bridge – мост). Керісінше етістіктен зат есім жасалуы мүмкін: Spend (n) – an amount (to be) spent – количество потраченных денег.

6. Дыбыстық ұқсастық..Дыбыстық ұқсастық неологизмдерді құру тәсілі ретінде алдына сөздердің жаңа формасын табу деген мақсат қояды. Мысалы: dellionaire (milli8onaire, billionaire деген сөздерге дыбыстық жағынан ұқсайды) - бай адам дегенді білдіреді.

7. Фразеологизмдер. Кейбір неологизмдер фразеологизмдер, идеомалар немесе тұрақты сөз тіркесімен жасалады. Аудармашы үшін бұл тәсілді ең күрделі деп айтуға болады, өйткені дұрыс аудару үшін аударып жатқан тіл елінің сөздік қорынан жақсы хабардар болу шарт. Мысалы ағылшын тілінде бизнес саласынан айтар болсақ: deptnocrat – үкімет кепілдігімен несие беретін банк қызметкері, dead – cat bounce – биржалық нарықта акция құндарының өсуі, silver wheelchair – комақты ақша соммасы, sucker list – сатып алушылардың тізімі, think tank – жоспарлар мен ұсыныстарды ойлап табатын сарапшылар тобы (мозговой центр банка), windfall – аяқ астынан (неожиданно) келген кіріс.

8. Саяси эуфемизмдер.Эуфемизм – грек тілінен ‘euphemeo’ – «сыпайы сөйлеймін» дегенді білдіреді. Эуфемизмдер барлық тілдерде бар. Мысалы орыс тіліндегі эуфемизмдер: полный – сөзі толстый сөзінің орнына сыпайы түрі ретінде қолданылады, она беременна сөзінің эуфемизмі она в положений, өйткені көрініп тұрғандай соңғы сөз сыпайырақ болып естіледі. Саяси саладағы эуфемизмдер басқаларына қарағанда жанашыл болып табылады және олар ирониямен айтылады, сондықтан олар неологизмдерді құрудың негізгі тәсілдердің бірі ретінде аударма тәжірибесінде зор маңызға ие. Мысалы: voluntarily leisured (unemployed) – жұмыссыз, technologically challenged (unable to deal with technical appliances) – техникалық құралдардан хабарсыз, intellectually disadvantaged (stupid, low IQ [ай –кью – ақыл ой дамуының коэфиценті]) – ақыл деңгейі төмен, ақымақ, developmentally challenged (mentally retarded) – ақыл – ой дамуындағы кемшілікте, Flight attendant (steward, stewardess) – аспансерік (бортпроводник/ ө ница), international students (foreign students) – шетел студенттері, Native Americans (Blacks, Negroes) – афроамерикандықтар, academic dishonesty (cheating in schools) – сабақ кезінде көшіріп алу.

Практикалық тапсырма

1 жаттығу. Келесі сөздер мен сөз тіркес аудармаларына талдау жасаңыздар

1. brain drain – утечка мускулов – бұлшық еттің ағып кетуі

2. brown-bagger(амер.разг.) – человек, который берет с собой на работу еду с целью экономии или из за соблюдении диеты – үнемдеу мақсатымен немесе диета сақтайтындығынан жұмыс орнына тамақ әкелетін адам

3. disadvantaged – жарлы, кедей

4. doublespeak – жалған уәделер

5. double standard – бағаның екі түрі критерийлері

6. educational package – міндетті оқу бағдарламасы

7. gogglebox (брит.разг) – теледидар «қорап»

8. job-hopper – «ұшқалақ» жұмыс орнын жиі ауыстыратын адам

9. rap session (амер.жарг.) – белгілі бір тақырып аясындағы талқылау

10. shock wave – белгілі бір оқиға себепші болған потрясение, шок, возмущение

11. spahettiwestern (амер.жарг.) – ковбойский фильм сделанный итальянцами

12. sweetheartcontract – келісім шарт, мәміле заключенные в результате подкупа в ущерб своей компании

13. takeover – мемлекеттік төңкеріліс, заң күштерінің ауысуы.

2-жаттығу. Төмендегі неологизмдердің баламаларын табыңыз.

Antiflash, aqualung, to deglamorize, fall-out, hold-up, braintrust, in-crowd, in-depth, midi-skirt, mini-car, mini-cruize, to garage (a car), to orbit (the moon), play-in, paper back (book), to re-equip, to re-house, self-service, quiz-master, love-in, teach-in, stay-in, to service (a car), ringmanship, gimmick, brain tank, think tank, fact sheet, low profile, runaways, to jackboot, marginal man, nine-to-fiver, overexposed, sci-fi, upmanship, wheelhorse, work-in, kiss-in, buttinsky, baddie, paytriotism, foodoholic.

3-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді, құрамында қандай сөздер неологизм бола алатындарын анықтай отырып, қазақ тіліне аударыңыз.

1. Another deterrent to independent action is money, and the average Congressman chosses the line of least resistance.

2. Half the “bag ladies” and 37 per cent of homeless men are mentally ill.

3. Last year, there were nearly 800.000 recorded instances of “autocrime” ... in England and Wales, the Home Office reports.

4. The buzzword among the blue-sky researches of Japan now is bioholonics.

5. The irony of development is that to the extent that it succeeds, the world situation worsens and the dangers of ecocide are increased.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Неологизмдер дегеніміз не?

2. Неологизмдердің құрылу тәсілдері қандай?

3. Қысқарған неологизмдер туралы не білесіз?

4. Саяси эуфемизмдер туралы айтып беріңіз

Тақырып№36: Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары

Мазмұны:1. Герундий

2. Қазақ тіліне аударған кезде герундийдің сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы

3. Герундиялық айналымдардың аударылу жолдары

Герундий инфинитив және есімше сияқты ағылшын тілінің етістіктерінің бір формасы болып табылады. Құрылысы бойынша ол есімше формасына ұқсайды, бірақ есімшенің өткен шақта қолданылатын түрі герундийге ұқсамайды, яғни Patriciple ІІ формасы.

Gerund Active Passive

Infinite doing being done

Perfect having done having been done

Герундий аударма кезінде ағылшын тілінің формасы бойынша –ing жалғауы бар басқа етістіктермен немесе грамматикалық формалармен шатастырмау үшін оның ерекшеліктерін жақсы білу қажет, - ing жалғау бар етістік герундий деп аталады, егер:

сөйлемде бастауыштың қызметін атқарса – бұл жағдайда ол етістіктен туындаған зат есім болып, ешқашан артикльсіз және көпше түрдің –s жалғауынсыз қолданылады. Мысалы: Smoking is harmful – Шылым шегу денсаулыққа зиянды.

етістікке қатысты болып тұрған предлогтан кейін тұрса. Мысалы: On completing the experiment, we decided to consult the supervisor– Тәжірибені аяқтаған соң, біз басшымызбен ақылдасуды ұйғардық. The result depended on the problem being solved on time – нәтижелер мәселенің уақытында шешілуіне байланысты.

етістіктен кейін тұрса. Мысалы: They regretted having told about him – Олар оған бұл туралы айтқандары үшін өкінді.

Герундий бастаманы, жалғасатын немесе аяқталған іс әрекетті білдіретін етістіктерден кейін ғана тұра алады: start, begin, continue, do on, finish, stop. Өздеріне тән предлогтары бар және олардан кейін герундий қолданылатын етістіктер тізімін жаттап алу қажет, өйткені сол етістіктердің орыс немесе қазақ тілдерінде ағылшын тіліндегідей предлогтары жоқ, сондықтан аудармашы шатасып кетуі мүмкін:

account for - түсіндіру, differ in - ерекшелену, be interested– қызығушылық таныту, keep from – кедергі ету, result from – нәтиже болу, succeed in– қол жеткізу.

тәуелдік жалғауында тұрған етістіктен кейін немесе ілік септігінде тұрған зат есімнен кейін тұрса. Мысалы: Do you mind my opening the window? – Менің терезені ашып қоюыма қарсы емессіз бе?; His coming late was not a surprise to anyone –оның тым кеш келгені ешкімді таң қалдырмады; My friend’s becoming the prize winner pf the contest a good news for all of us - менің досымның байқау лауреаты атануы баршамызға тамаша жаңалық болған – ды.

келесі сөз тіркестерден кейін қолданылады:

cannot help –бір нәрсені жасай алмау, I cannot help thinking about it- Мен бұл жайында ойламай тұра алмаймын.

it is worth(it is worth while)- бір нәрсені жасау қажет, It is worth while reading this book – Бұл кітапты оқып шығу қажет.

it is no use - пайдасы жоқ, нәтижесі жоқ, бостан босқа, It is no use waiting for him – оны күтудің пайдасы жоқ.

Жоғарыда айтылған мысалдарға сәйкес қазақ тіліне аудару барысында герундий зат есім, көсемше, құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі бола алады.

Қазақ тіліне аударған кезде герундийдің сөйлем мүшелерінің қызметерін атқаратынына назар аударыңыз:

Бастауыш – Implementing market reforms in a lengthy process –Нарық реформаларының жүзеге асуы – бұл ұзақ мерзімді процесс. Ескерту: Есімшемен шатастырып алмаңыз - Implementing market reforms it is necessary to keep in mind social needs of the population - Нарықтық реформаларды жүзеге асыра отырып, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін ұмытпау қажет.

Тура толықтауыш – Would you mind showing us the whole process?- Бізге процестің барлығын көрсетіңізші. Would you mind their showing us the whole process?- Сіз олардың бізге процестің барлығын көрсетуге қарсы емессіз бе?

Тура толықтауыш қызметінде герундий келесі етістіктерден кейін қолданылады: avoid ( қашқақтау), engoy ( ұнату), excuse (кешіру), intend ( ынталану), like ( жақсы көру), prefer ( қалау), revent (кедергі ету), regret (өкіну), try ( талпыну), withstand ( қарсы тұру).

Предлогы бар толықтауыш - We have succeeded in maintaining productivity level over the whole period- Біз барлық берілген уақыт бойынша өнім өндіру деңгейін сақтай алдық.

Пысықтауыш – In establishing a refinance rate it is necessary to take into account a monthly inflation rate- Қайта қаржыландыру талаптарын бекіткен кезде айлық инфлияцияның деңгейін назардан тыс қалдырмау қажет.

Анықтауыш - There is little probability of financial assistance being provided this year- Биылғы жылы қаржылай көмек көрсететініне кәміл сенім жоқ.

Герундиялық айналым екі формада болып зат есім ретінде және құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі болып аударылады:

Тәуелдік есімшедегі зат есім (есімдік)+герундий. Мысалы: Professor Johnson’s (His) presenting a paper at the conference was not announced until yesterday-Профессор Джонсонның (оның) конференцияда баяндама қорғайтыны кеше ғана хабарландырылды. The outcome depends on all of factors being used together- Нәтиже барлық факторлардың бірге қолданылуына байланысты болады.

Ағылшын сөйлемнің бастауышы (герундийдің субьектісі емес) + герундий. Мысалы: All the former Soviet republics are alike in having their poorly developed infrastructure- Бұрынғы совет республикалары өздерінің нашар дамыған инфрақұрылымдарымен ұқсас болып келген.

Практикалық тапсырма

Берілген сөйлемдерді ағылшын тіліндегі герундий және герундиялық айналымдардың аударылу жолдарына көңіл бөле отырып, ана тіліне аударыңыз:

Calculating consumer price index is part of general statistic procedure.

He could not help telling the results of the negotiations.

It is worth while having all the data together before discussing them.

Would you mind our taking part in the discussion?

High credit emission in 2nd quarter resulted in the inflation rate having been considerably raised.

Both the companies are alike in being represented in the European market.

In dealing with statistic data it is necessary to have all the factors involved.

Upon being shown in tables, the figures were subject to thorough analysis.

There is high probability of their being invited to the congress as special guests.

We’ll probably think of trying another approach in this matter.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Герундий дегеніміз не?

2. Герундий қазақ тіліне аударылған кезде қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады?

3. Герундиялық айналым қандай формаларда аударылады?

Тақырып№37: Мәтіннің мағыналық және тілдік құрамына бүтіндей жол табу коммуникативті жағдайлардың экстра-лингвистикалық факторлардың тізімі

Мазмұны: 1. Аударманың жалпы теориясы, аударма нормасы

2. Аударма нормасының бес түрлі нормативтік талаптары

3. Адекватты аударма

Аударманың жалпы теориясы аударманың сапасының бағасы ретінде пайда болатын аударма нормалары түсінігін береді. Аударма лингвистикасы қатарында теориялық және нормативті бөлімдері бар. Аудармашы алдымен өз іс-әрекеттерінің мақсатын айқындап осы мақсатқа жету жолдарын іздеу керек. Бұл үшін аудармашы аударманың негізі теориямен, соның ішінде аудармашы өзі жұмыс жасап отырған саланы жетік білуі тиіс. Сондықтан нақты мәтін шарттарына сәйкес келетін аударманың қолайлы тәсілін қолдану және аударма процесінің нәтижесінде әсер ететін прагматикалық факторлардың тізімін табу да аудармашының маңызды жұмыстарының бірі. Аударма сапасы аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы деңгейімен беріледі. Сондықтан түпнұсқа мәтіндері мен аударманың жанрлық-стилистикалық тәуелділікпен және аударма нұсқасын таңдауына әсер ететін прагматикалық факторларымен беріледі.Бұл аспектілер аудармашының стратегиясын анықтайды. Аударма нормасы бес түрлі нормативті талаптар нәтижесінде қалыптасады.

● аударма баламасының нормалық мөлшері

● аударманың жанрлы(стилистикалық нормалары

● аударма тілі нормалары

● аударманың прагматиалық нормалары

● аударманың конвециалды нормалары

Аударманың баламасының нормалары құбылмалы параметр емес. Жанрлы стилистикалық нормаларды мәтін түрінің стилистиалық ерекшеліктеріне аударманың сәйкес келу талабы ретінде анықтауға болады. Бұл нормалар балама деңгеін талап етеді. Аударма мәтіні аударма тіліндегі тілдік шығармалар. Ол үшін норма ережелерін білу қажет. Аударманың прагматикалық нормаларын және құндылықтарын қамтамасыз ететін талап ретінда анықтауға болады. Аударма актінің прагматикалық шарттары аударма нормаларын сақтаудан толығымен бас тартуға әкеп соқтырады. Жалпы айтқанда түпнұсқа мазмұнын түсінік айтумен, мәнжазбалармен ауыстырады. Аударманың конвенциалды нормалары қазіргі жағдайда аударманың түпнұсқаға жақындығы талабы ретінде қарастыруға болады. Оның шеберлік іс әрекет ретінде түпнұсқаның орын басу және аударманы жүзеге асыру барысында түрлі міндеттерді орындау. Аударма процесінің нәтижесі түсініктерінде мына терминдерді қолданылады.

Адекватты аудармаға баламаны аудару, дәлме-дәл аударма және еркін аударма жатады.

Адекватты аударма – аударма сапасы бағасын жүзеге асыратын жақсы аударма. Ол аударма актісінің пранматикалық міндеттерін қамтамасыз етеді.

Баламалық аударма – басқа тіл түпнұсқасының балмсының деңгейлерінің бірігуінің мазмұнының айтылуы болып табылады.

Дәлме-дәл аударма – түпнұсқа мәтінінің заттық логикалық бөлігі ғана айтылады. Онда жанрлы стилистиалық нормалардың артта қалуы әбден мүмкін. Сөзбе-сөз аудармада түпнұсқаның формальді элементтері беріледі, осының нәтижесінде нормалар бұзылады.

Еркін аударма кезінде түпнұсқа мазмұны жойылады.

Практикалық тапсырмалар

Төмендегі мәтінді аударманың түрлі тәсілдерін қолданып, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударыңыз:

Bolashak

The Bolashak Presidential Scholarship Program for study in the United States offers scholarships for a maximum of two years to Kazakhstani students to earn graduate degrees at U.S. Universities in a variety of fields, including business administration, economics, law, ecology and environmental sciences, computer science, international relations, petroleum engineering, sociology, humanities, and social sciences. In Kazakh, bolashak means “the future”.

Kazakhstan was the first central Asian country to launch a presidential scholarship program for study abroad. Begun in 1993, the program was established by President Nazarbaev to train future leaders in business, international relations, law, science, engineering, and other key fields. Upon completion of their programs, scholarship recipients return to Kazakhstan to perform government service for a period of five years.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аударма лингвистикасы қатарында қандай бөлімдер бар?

2. Аударма нормасы қандай нормативтік талаптар нәтижесінде қалыптасады?

3. Адекватты аудармаға қандай аудармалар жатады?

Тақырып№38: Жазбаша аударма тәжірибесі

Мазмұны: 1. Жазбаша аударма тәжірибесі пәні туралы

2. Аударма дегеніміз

Жазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің басқа пәндер секілді

аудармашыны дайындауда маңызы орасан зор. Оның өзіндік мақсаты, міндеті, және талаптары бар.

Пәннің мақсаты – тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз ету, студенттерде практикалық жәене аудармашылық дағдыны қалыптастыру. Алайда негізгі мақсаты – студенттерге аударманың техникалық сатылары және ерекшеліктері туралы түсінік беру; түпнұсқа және аударма мәтіндерін салыстыра отырып ондағы ұқсастық пен айырмашылықты талдап айыра білу.

Осы пәнді оқып шығу нәтижесінде студентте келесі дағды мен іскерлік жүйесі қалыптасу қажет:

түпнұсқа мәтіндеріне талдама жасап, түрлі аударманы қолдану.

Түпнұсқа мәтінінің түрлену құралдары ретінде лексикалық, грамматикалық және стилистикалық өзгертулер жұйесін тиімді пайдалана білу.

әртүрлі күрделі деңгейлердегі мәтіннің аударма тәжірибесінде талдау.

Сонымен қатар студент осы пәнді меңгеру барысында қазіргі заман жағдайында аударма ісінің ерекшеліктерін, жазбаша аударма түрлерінің бөліну ерекшеліктерін, жазбаша аударма саласындағы аудармаға қойылатын талаптармен т.б. ақпаратпен танысады.

Аударма дегеніміз – белгілі бір халықтың немесе мәтіннің түпнұсқа тілінен аударма тіліне ауысуы. Осы анықтама бойынша дәлме-дәл аударма көбінесе мүмкін емес болады. Өйткені, екі тіл тек өздерінің тек грамматикалық жағынан емес, сонымен қатар мәдени ерекшеліктері және сөздердің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Ал осының барлығы аударма әдісіне және оның нәтижесіне әсер етеді. Мысалы іскерлік хатты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда «Dear Sir» деген бастаманы «Құрметті Сэр» немесе «Құрметті Мырза» деп аудару дұрыс болмайды. Мұны біз «Қадірлі директор» немесе «Қадірлі басшы» болып аударылады. Сол сияқты қазақ тілінен ағылшын тіліне аударғанда «Аса құрметті Шредер мырза» сөз тіркесін «Deeply respected Mr. Shroeder» деп аударған дұрыс болмайды. Өйткені мұндай сөз тіркестерді аударғанда ағылшын тілінің қалыптасқан дәстүрі бар, яғни ол «Dear Sir» немесе «Dear Mr. Shroeder» деп аударылады. Осы мысалдар аударманың коммуникативті іс-әрекетін дәледейді, яғни аудармашы жұмыс жасап отырған екі тілдің мәдениетінен хабардар болуы қажет. Әрбір аудармашы аударманың ауызша және жазбаша түрлерімен жұмыс жасай алуы тиіс. Ол үшін аудармашы осы екі аударма түрлерінің негізін және айырмашылықтарын білуі қажет. Ауызша аударманың ең басты талабы – шапшаңдылық және дәлділік. Аудармашы аударманы неғұрлым тез берсе, соғұрлым оның нәтижесі жемісті болады.

Ауызша аудармашының бойында ораторлық өнер болуы қажет. Ал жазбаша аудармада ондай қатаң тәртіп жоқ. Өйткені жазбаша аудармада әрбір

аудармашы ойланып, мәтінді бірнеше рет оқып шығып аударманың әдісін әбден анықтап барып аударуы мүмкін, себебі жазбаша мәтіндер әр түрлі стильде болады. Сонымен қатар жазбаша аударма тәжірибесі пәні аударманың грамматикалық және лексикалық аспектілерін қарастырады. Қорыта келгенде аударма деп қазіргі тіл білімінің тіл арлық іс-әрекеттің лингвистикалық аспектісін оқыпүйренуде ең маңызды құралын айтамыз жәнеде аударма деген әр түрлі тілде сөйлейтін екі адамның арасындағы сұхбатты, яғни комуникацияны жүзеге асыратын құрал.

Практикалық тапсырма

Мына сөйлемдердің қазақ тіліндегі баламаларын табыңыз:

It is surprising that some critics should say: “We don’t understand Shakespeare”.

An old man was slowly walking along the road.

There were no villages near by to ask the way.

On completing the experiment we decided to consult the supervisor.

They are too young to make such a decision.

The problem does exist, whatever you think about it.

He could not help telling the results of the negotiations.

There is no relief for wage and lower salary earners.

Lady gave a delicate and malicious smile.

You give me food and drink, and I shall tell you how to sale the ship.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жазбаша аударма тәжірибесі пәні нені зерттейді?

2. Пәннің негізгі мақсаты

3. Аударма дегеніміз не?

Тақырып№39: Фразеологиялық бірліктердің аудармасы

Мазмұны: 1. Фразеологиялық бірліктер

2. Фразеологиялық бірліктердің аудару тәсілдері

Фразеологиялық бірліктер немесе тұрақты сөз тіркестері ең басты ерекшелігі – олардың компоненттерінің мағынасын біріктіре отырып бір мағынаға ие болу. Сондықтан аудармашы оларды аударғанда компоненттерінің бөлек мағыналарына емес, жалпы сөз тіркестің біртекті мағынасына үлкен назар аудауы қажет. Тұрақты сөз тіркестері образды және образды емес болып екіге бөлінеді. Образды емес тұрақты сөз тіркестеріне мысал келтірелік: to make a sacrifice – құрбандық ету, to have a good sleep – ұйқыны жақсылап қандыру, to pay attention – назар аудару.

Ағылшын фразеологиясының өзіне тән стилистикалық және мағыналық қасиетін айта кеткен жөн. Мысалы: the hell of a time – қатты көңілді немесе зая кеткен уақыт деп аударылады.

Образды тұрақты сөз тіркестерін аудару тәсілдері:

1. Фразеологиялық баламалылық. Егер белгілі бір фразеологиялық бірлік түпнұсқа және аударма тілдерінде толығымен мағыналық және стилистикалық жағынан сәйкес келсе, оны фразеологиялық баламалылық тәсілімен аударамыз. Баламалар толық және толық емес болып екіге бөлінеді. Толық балама мысалы: to cast a glance – көз тастау, the bitter truth – ащы шындық, to play with a fire – отпен ойнау. Толық емес балама мысалы: to kill the goose that lays the golden eggs – алтын жұмыртқа туатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its song – құс ұшқанымен көрінеді, to fish in triobled waters - лай суда балық аулау.

2. Фразеологиялық нұсқаны қолдану. Мұндай тұрақты сөз тіркестер мағынасы жағынан ұқсайтын тұрақты сөз тіркестеріне аударылады. Мысалы: to work one’s fingers to be bone – қол үзбей жұмыс жасау, to hit the bird in the eye – дәл табу.

3. Фразеологиялық бірліктерді немесе тұрақты сөз тіркестерін калькалау. Аударма тілінде баламасы немесе нұсқасы жоқ тұрақты сөз тіркестерін аударғанда аудармашы түпнұсқа мағынасын сақтап қалу мақсатында сөзбе-сөз аударады. Мысалы: liars must have good memories – өтірікшілерге жақсы есте сақтау қабілеті қажет, to keep a dog and bark oneself – ит ұстағанымен өзің абалайсың.

4. Бейнелеп аудару. Егер аудармашы тұрақты сөз тіркес мғынасынан ауытқып кетсе, ол сол тұрақты сөз тіркес мағынасын суреттепнемесе бейнелеп аудара алады. Мысалы: And it is from this that we shall arrive at some particulars regarding the Newcome family which will show us that they have a skeleton or two in their closets, as well as their neighbors – Бұл адамдардан біз Ньюкомов жанұясына тиесілі олардың көршілерінде сияқты жанұялық құпиялары бар екендігі туралы кейбір жаңалықтарды біле аламыз.

Практикалық тапсырма:

Төменде берілген фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне аударыңыз:

out of the blue

to spread like wildfire

to turn back the clock

Caeser’s wife is above suspicion

to leave much to be desired

to work one’s fingers to the bone

a hard nut to crack

by fair means or foul

to sleep like a log

a fly in the ointment

a mare’s nest

a rolling stone gathers no moth

never look a gift horse into the mouth

if you lose, don’t lose the lesson

to bite the hand that feeds you

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тұрақты сөз тіркестерінің ең басты ерекшелігі не?

2. Фразеологиялық бірліктер нешеге бөлінеді?

3. Фразеологиялық бірліктердің аудару тәсілдері қандай?

Тақырып№40: АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР

Мазмұны: 1. Ресми іс-қағаздардың аудару барысы

2. Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін әрекеттердің төрт типі

3. Түсіндірме түріндегі аударма үрдісі

Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда ресми іс қағаздарды аудару объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.

Ресми іс қағаздарды аударуда бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталады. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді:

1. Орын алмастыру (перестановки);

2. Ауыстыру (замены);

3. Қосу (добавления);

4. Түсіріп тастау (опушения).

Бұлай бөлу, айта кету керек, шартты бөлу, жуықтап қана бөлу, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып келіп отырады.

Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сынарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.

Сөз қосу(добавления) дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Мысалы, ағылшын тіліндегі “Some of them must be perfect palaces; the swimming-baths, the lounges, the restaurants the palm courts- really, it must be hard to believe thаt one is on the sea” сөйлемі қазақ тіліне ““Ия, тамаша болар еді”, - деп құптай кеттіп мен оны.“Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, мейрамханалары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары – жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді” деп аударылған. Cөйлемдегі the palm courts зат есімі қазақ тіліне пальма ағашы өсірілген саяжайлары еркін тіркесі арқылы берілген. Palm пальма, court аула болып аударылатынын ескерсек, автор аударма мәтініне пальма ауласы деп беруді місе тұтпай, қазақ тілді оқырмандарға the palm courts зат есімін түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне сөз қосу арқылы пальма ағашы өсірілген саяжайлары деп жеткізуді жөн көрген.

Келесі мысалдарды талдап көрелік: “He only actually lived in it a fortnight – then he advertised it to be let furnished”, “Ол да екі-ақ апта тұрып, сосын үйді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жасайды”. Ағылшын тіліндегіa fortnight үстеуі қазақ тілінде екі апта мағынасын береді. Алайда мұнда бұл екі сөздің арасында -ақ демеулігі қолданылған. Сол арқылы сөйлемге шектеу, тежеу мәні қосыла берілген. Демек, бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған.

“It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face”, “Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады”. Түпнұсқа мәтініндегі fair woman зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Келтірілген аудармада бұл зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда «келген» сөзі қосылып отыр.

Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, “Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman with whom you could hardly have anything in common?”, “Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?”. Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда «көрінетін» мағынасын беретін looking сөзі берілмеген. Аудармашы тек good сөзін аударумен шектелген.

“They say, “I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak”, “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің”. Бұл аудармада beefsteak зат есімі қазақ тіліне етболып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.

Сөз түрлендіру тәсілі де ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударғанда ең көп қолданылатын тәсіл. Өйткені, ағылшын тілі мен қазақ тілі сияқты екі түрлі топқа жататын тілдердің материалдарын аудару барысында мәтінге көптеп түрлендіру жасауға тура келеді. Ол түрлендірулер кейде семантикалық деңгейде, кейде морфологиялық, кейде синтаксистік деңгейде болуы мүмкін. Яғни, ағылшын тіліндегі сөздер қазақ тіліне үнемі сөз болып аударылмағанымен, ағылшын тіліндегі сөздердіңқұрылымы жағынанқазақ тіліндегі сөздермен сәйкестенуі келесі мысалдармен негізделеді. “If Sir Ambrose was intended victim, he might possibly have purloined a rare manuscript or two that no one else would miss” сөйлемі қазақ тіліне “Ал егер оның ойы сэр Эмброузды құрту болса, ол жан адам жоқтай қоймайтын сирек қолжазбаның бір-екеуін қымқырып кетер еді” болып, “Mr.Mayherne was practical, not emotional. He coughed again, took off his pince-nez, polished them carefully, and replaced them on his nose” сөйлемі “Жөтеліп қойып, адвокат көзәйнегін алып асықпай сүртіп, қайта киді” болып аударылса, “I want you to ascertain for me exactly how much is newspaper chatter, and how much may be said to be founded on fact” сөйлемі “Сізден үнқағаздардың шулатып жатқаны мен әлі де алда айтылатын әңгімелердің қаншалықты дәлелді деректерге негізделгенін анық біліп беруіңізді өтінемін” деп беріледі.

Түсіндірме түріндегі аударма да аударма үдерісінде жиі қолданылады. Аударма барысында кейде түпнұсқа тілдегі белгілі бір тілдік бірліктің баламасы бір немесе бірнеше сөзбен беріле алмауы мүмкін. Бұл жағдайда аудармашы түсіндірме тәсілін қолданады.

Түсіндірме түріндегі аударма аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын әдебиеттердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз лексиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі - түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне жайылмалы синтаксистік құрылымдар арқылы берілуінде.

Түпнұсқа бірлігі мен оның аударма тіліндегі баламасының арасында лексикалық сәйкестік болмайды немесе бұл сәйкестік едәуір төмен болып келеді, аударма тіліндегі баламаның ішіндегі синтаксистік байланыс әртүрлі болады, түсіндірме түрінде аударма жасау іс-әрекетінің автоматтылығы сөзбе-сөз аударуға қарағанда әлдеқайда төмен, дегенмен түпнұсқа мәтіндегі бірлікті аудару процесі автоматты түрде жүзеге асырылмайды деп қорытындылауға да болмайды және синтаксистік-кұрылымдық үлгі тұрақты болып келмейді.

Мысалы:“The trouble with you young fellows is that you are so cocksure nothing can exist outside your own philosophy that you get the wind up when something occurs to jolt you out of that opinion”, “Жастардың бір жаман жері сол, сендер өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін сыңаржақсыңдар. Ал енді әлгі сенімдеріңді басқа біреулер жоққа шығара қалса, зәрелерің кете бастайды”. Бұл сөйлемде қолданылған зат есім әтеш және сенімді деген мағыналарын білдіретін cock және sureсөздерінен құралған. Бұл күрделі сөзге аударма сөздікте өзіне сенімді деген мағына көрсетілген. Алайда аудармада ол сыңаржақ деп берілген, яғни оғанөздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін деген түсіндірме беріліп отыр. Осы түсіндірме арқылы өзіне ғана сену мәні қосыла беріліп отыр. Олай болмаған жағдайда тек сыңаржақ сөзінің өзі cocksure зат есімінің мағынасын толық аша алмас еді деп ойлаймыз. Сол себепті мұнда түсіндірме тәсілі қолданылған деп санаймыз.

Келесі “Emily French had been a strong-willed old woman, willing to pay her price for what she wanted” сөйлемін қазақ тіліне “Эмили Фрэнч өз есебіне шегедей, көңіліне ұнаған нәрсенің құнын жақсы білетін кемпір болатын” деп аударған.

Негізінде, ағылшын тілінде strong-willed сын есімі қазақ тіліне тікелей аударғанда өз тілектеріне, қалауларына мықты немесе берік деген мағынада жұмсалады, бірақ аудармашы оны қазақ оқырмандарының түсінігіне сәйкестендіріп өз есебіне шегедей деген тұрақты тіркес арқылы түсіндіре беріп отыр.

Алайда өз қалауларына, өз тілектеріне мықты немесе берік деп берсе де автор қателеспеген болар еді, өйткені ол қолданыс та қазақ ұғымына жат емес.

Аудармашының мақсаты мықтылық, берік деген мағыналарды шегедей сөзін қолдану арқылы беруді жөн санаған. Шеге-мықтау, бекіту, қатайту мәндерін де өз семантикасында қамтитыны белгілі.

Сонымен, аударма – адамзаттың ой әрекетінің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғамдық тарихта түрлі тілде сөйлейтін топтар пайда болысымен, аудармаға қажеттілік пайда болған. Екі немесе бірнеше тілді немесе диалектіні меңгерген алғашқы ауызша аудармашылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар мен тайпалар арасындағы бірін-бірі түсіне алмау шектеуін шешуге ықпал еткен.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін әрекеттер ғалымдардың көрсетуінше неше типке бөлінеді?

2. Сөз түрлендіру тәсілі дегеніміз не?

3. Түсіндірме түріндегі аударма тәсілі қандай жағдайда қолданылады?

Тақырып№41: Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару

Мазмұны: 1. Мақал-мәтел тарихы

2. Мақал сөздің маржаны

3. Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару

4. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал мәтелдерді аударудың қиындықтары

Мақал-мәтел (лат. –proverbium, adagium, франц - proverbe, немістілінде - Sprichwort,

ағылшын тілінде - proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай қолданылатын афоризмдер. Мақал - мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде « paroimia » мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді.

Мақал – мәтелдер ғасырлар бойы қалыптасқан халық сөзі. Қазақ тілінде мақалдап сөйлеу

ерекшеліктерін зерттеу тек 1948жылдан кейін басталды. Бүгінгі күнде мақал-мәтелдер көбінесе ауылда және зиялы қауымда жиі қолданылып жүр. Осы жағдай, келесі 2 мәселені қамтиды: біріншіден, қазақ ауылындарында ғасырлық салт дәстүрдің әлі күнге дейін сақталып келе жатқандығын, олардың өз ойларын астарлап, қысқа да әрі нұсқа сөйлеп, мәнерлі көркем сөз құралдары, яғни мақал - мәтелдердің көмегімен білдіретіндігінен байқай алатын болсақ;екіншіден, бүгінгі күні зиялы қауым біртіндеп бұрынғы қазақ салт - дәстүріне бой ұрып, әңгімелесушінің сезімдерін жараламауға тырысып, мақал - мәтел арқылы ойларын астарлап айтуға тырысады. Алайда зиялы қауым мақал - мәтелдерді көбінесе қызметтеріне байланысты қолданады. Бұл жерде мақал - мәтелдердің әлеуметтік маңыздылығы байқалады. Бұқаралық ақпараттардан осы мәселенің төңірегінде басылған мақалалармен танысуға болады. Әсіресе, бұл мақалаларда мақал -мәтелдерді өкімет басындағылар қаншалықты жиі қолданылатынына көңіл аударылған. Себебі мақал–мәтелдердің қолданылуы адамның интеллектуалды дәрежесін көрсетеді. «Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – әр - қилы заманннан өтіп, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал -мәтелдерге өте бай ел. Тегінде, қазақ мақал - мәтелдерінің қағазға түсуі, кітапқа кіруі, кешеулеу басталғанына және тірнектеушісі оншама көп болмағанына қарамастан, бұл күндерде кітап болып халық қолында жүрген қазынамызды олқысына да алмаймыз, місе де тұтпаймыз.Жылдар бойында сарыла сарқылып қазақ мақал - мәтелдерін жинаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов еңбегін елден ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол кісінің жалғыз тергенінің өзі шамамен елу мың мақал – мәтелдей. Бұл телегей - теңіз байлық. Біздің халықтың даналықтары бауырлас халықтардың мақал – мәтелдерін ана тілімізге аудару арқылы да, ауыз тиіс арқылы да байып, толығып, толысып келеді. Бұл үдерістің бұрында том–томдап болсын, өмірден көрініс тапқанын байқаймыз. Дегенмен, 1960 жылға дейін туыстас, бауырлас халықтардың мақал – мәтелдері әр кітаптың бетінде жалғыз – жарымдап қана аударылып келді, жеке кітап болып жарық көрмеген еді. 1960 жылы шыққан «666 мақал мен мәтел » осы жаңа да игі істің төл бастамасына айналды. Одан кейін іркес–тіркес арасында бір жыл, екі жыл салып « Мақал -сөздің мәйегі »(1963 ) , «Шығыс халықтарының мақал - мәтелдері» (1968 ), - бұны орыс тілінен аударған белгілі журналист Мақсұтбек Майшекин «Ер айнасы - еңбегі» (1968 ), «Мақалнама» (1970 ) «Денсаулығынды ойласаң» (1974 ), белгілі журналист , қаламгер Ұзақ Бағаев 1971 жылы «Орыс халқының мақал –мәтелдері» атты еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударып, басылып шықты.» - деп жазады ақын М.Әлімбаев. Әрине, осы күнге дейін фонетика–фонологиялық, синтаксистік, семантикалық тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы емес болса да, бүгінде осы мақал – мәтелдер туыстық байланысы жоқ ағылшын тілімен салыстыра - салғастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.Осы мақаланың негізгі мақсаты - қазақ мақал – мәтелімен ағылшын мақал –мәтелдерін салыстыра отырып ұқсастығымен айырмашылықтарын және олардың өмір сүру салаларында қаншалықты жиі қолданылатынын пайымдау.Бұл жұмыста үш мыңнан астам қазақ және ағылшын мақал – мәтелдері зерттелді. Соның нәтижесінде біз мақал – мәтелдердің қандай өмір саласында қаншалықты жиі қолданылатынын анықтадық.Бірінші орында: өмір – орта, тұрмыс - тірлік, қоғамдық құбылыстар;Екінші орында: төрт түлік мал туралы;Үшінші орында: Адалдық, адамгершілік, ізгілік, достық туралы;Төртінші орында: еңбек - байлық, кәсіп – нәсіп туралы;Бесінші орында: сақтық, қырағылық туралы және де т.с.с. Қазақ ұлтына тән семантика ағылшын халқының мақал – мәтелдеріне де тән. Ағылшын мақал–мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек кӛркем сӛз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет. Осы орайда Ү. Кеңесбаеваның «Ағылшын халқының мақал–мәтелдері » атты 2004 жылы басылып шыққан кітабында ағылшын мақал - мәтелдерінің қазақ тіліне түп - нұсқадан аударып,балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде көркем әдебиетте жиі қолданып жүрген 1500 - ден астам мақал – мәтелдері енді. Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі кездестіруге болады. Жинақталған ағылшындардың ұлттық ерекшелігін көрсетіп, мінез – құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін тигізетін мақал–мәтелдерді көптеп ұштастыруға болады. Паремиология ғылымы мақал–мәтелді екіге бөліп қарастырады. Олар: «Мақал – дегеніміз өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысы шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Мақал туралы айтылған біраз мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.

Мысалы: «Мақал сөздің маржаны, Болмайды оның арзаны.»

«Тұз – астың дәмін келтіреді, Мақал – сөздің мәнін келтіреді.»

«Мақал - сөздің атасы, Ананың ақ батасы.»

«Мақалсыз сөз болмайды, Мақал ойды қорғайды.»

«Сөзге мақал жарасар, Егдеге сақал жарасар.»

«Мақал қайдан шығады, Ой болмаса. Киім қайдан шығады, Қой болмаса.»

«Мақал сөздің ажарын келтірер, Делдал сауданың базарын келтірер.»

«Мақалмен сөз өтеді, Мақтаумен бөз өтеді.»

«Атаның ақ сақалына да қара, Айтқан мақалына да қара»; т.б...

Осы келтірілген мысалдар мақалдың көркем әдебиетте және ауызекі тілде алатын орнын

айрықша екенін көрсетеді. Осы орайда, мысал ретінде және бір ағылшын және қазақ мақалын қарастырсақ: «Nothing stake, nothing draw » (ағылшын тілінде), ал қазақ тілінде

«Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас».мағыналары бірыңғай болғанымен, лексика-грамматикалық құралымы сәйкескелмейтінін анық білдіреді.

Ауызекі тілде және көркем әдеби тілдеде, мәтелге қатысты мақал-мәтелдерді ұштастыруға болады. Мысалы: «Мәтел – қыз, Мақал – жеңгесі, Ісінің жоқ теңдесі». «Сөз сүт болса ойдағы, Мақал – мәтел қаймағы ». Мәтелге мысал ретінде екі тілден мақал-мәтел беретін болсақ: Мысалы: «Many a true word is spoken in jest» (ағылшынтілінде).

«Ойнап айтса да ойындағыны айтады» (қазақ тілінде). «Pride goes before a fall » « Аспандай берме, Жерден ұзап кетерсің. Елден ұзап кетсең, Барса-келмеске жетерсің». Бұл ретте, синтаксистік баламасы ӛте ұқсас және қазақ тіліндегі баламасында даусты дыбыстар басымырақ. Бұл алдыңғы мысалда ол «О» әрпі болса, екінші мысалда «Е» дауысты дыбысы. Сонымен, бұл мысалдарда «ассонанс», немесе француз тіліндегі «assonance» деген құбылыстың «үйлесу», яғни бірыңғай дауыстылардың үйлесіп, қайталанып келуін көрсетеді. Ағылшын және қазақ мақалдары мен мәтелдері кӛп бӛлігі өлең формасында, ықшамдалған жолдарына ұйқасушы сөздер аллитерация мен ассонанс енген, соның нәтижесінде мақалдардың өзінің терең мағынасында, бай әуезділікке ие болған.Аллитерация–дегеніміз латын тілінде «alliteratio» әріп-көркем шығармаларында, көбінесе өлеңде, тұрақты тіркестерде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың сөз басында қайталанып келуі. Мысалы: «Little streams make great rivers»«Көлге көл қосылса, теңізбіздейді»Бұл мақалда тек қазақтілінде аллитерацияқолданған. Ол «К» дауыстыдыбысы.Алмына мәтелде ағылшын және қазақ тілінде аллитерацияны ұштастыруға болады.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді аударудың қиындықтары

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі.Мақалда ойдың тезисі мен дәлелдемесі бірлеседі.Мәтелде соның бірі ғана болады. Мақал-халық аузында туған философиялық мәні бар сөздер. Мақалға афоризм, қанатты сөздер (идиоматизм) жуық келеді.Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған.Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Парамиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі.Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысыты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен даналығын бойында сақтап, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.

Мақал-мәтелдердің бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің тұрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері тұрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар тұлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталған, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. Құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

Темірді қызғанда соқ.

Make hay while the sun shines

2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу:

Жатқан жыланның құйрығын баспа!

Don’t trouble until trouble troubles you!

3. Шартты райлы сөйлем түрінде:

Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер,

Атадан нашар ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер-

A man who has not been flogged is not educated.

4. Болымсыз жай сөйлем түрінде:

Жылтырағанның бәрі алтын емес

All is not gold that glitters.

Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады.Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: «No sweet without some sweat» деген мақалда бастауыш та баяндауыш та бар, ал «Ақыл-жастан,асыл-тастан» дегенде «шығады» сөзі қалып қойған.Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Мақадарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.Мысалы, туған жерге отанға қатысты мақалды алып қарасақ, «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалда мағынасы бойынша талдасақ, қай жерге барсаң да, қанша керемет жерлерді көрсең де, өзіңнің туған, кіндік қаның тамған жерге жетпейтіндігі айтылып тұр.Дәл осы мақал-мәтелдің ағылшынша нұсқасын алып қарайтын болсақ «East or West, home is best» деп беріледі.Яғни, мұндағы айтылып жатқан ой қазақ нұсқасындағы ойды турасында жеткізіп тұр.Екі нұсқадағы мағына толық сақталған.Отбасына, туысқа қатысты айтылатын мақал-мәтелдердің бірі «Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар».Мұнда балалы үйдің жағдайы мен баласыз үйдің жағдайы мысалға келтіріліп салыстыра, салғастыра айтылып тұр.Сонымен қатар бұл мақалда теңеу бар.Байқап отырғанымыздай, балалы үй-базарға теңеліп тұр.Сонда баласы бар үй шулы келеді дегені.Ал баласыз үйдің мазар болуы қуаныш болмайды, шу болмайды, адамның көңілі кетіп түңіледі дегенді білдіріп тұр. Мұндағы «базар, мазар» сөздері тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында белгілі бір күйді білдіріп қолданылып тұр. Осы мақал-мәтелдің ағылшынша нұсқасын алып қарайтын болсақ «A babe in the house is a well-spring of pleasure»деп берілген.Мұны турасында аударатын болсақ «Үйдегі бала-қуаныштың көзі» деп беріледі.Яғни екі тілдегі мақал-мәтелді салыстырып талдайтын болсақ, бұлар мағынасы жағынан ұқсас келеді.Алайда, ағылшынша нұсқасында ешқандай адамды терең ойланып, толғандыртатын теңеу немесе «базар, мазар» секілді ауыспалы мағынада тұрған сөздер жоқ. Осы тақырыпта қозғалатын ағылшын мақал- мәтелдерінің бірі «A good Jack makes a good Jill». Осыны аударатын болсақ «Жақсы Джектің жақсы Джилі болады» дегенді білдіреді.Әрине, бұлай айтатын болса, қазақ халқына түсініксіздеу болып келеді. Бұл мақал-мәтелдің мағынасы «жақсы еркектің жары да жақсы» дегенді білдіреді. Осы мақал-мәтелдің қазақша нұсқасы «Жақсы әйел жігітке біткен бақ» немесе «Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді».Ағылшын нұсқасындағы «Jack, Jill» деген ағылшын халқында ең көп таралған адам есімі.Тіпті Англияда өткен заманда барлық еркек атаулыны өз атымен емес дәл осы «Jack» деген есіммен атау кең тараған екен.Сондықтан да бұл мақал-мәтелде осы есімдердің қолданылуы бекер емес.Әрине бұл мақал-мәтелді кез келген адам түсіне бермейді.Әсіресе ағылшын халқының мәдениетін, тарихын білмейтін адам үшін бұл қиындық туғызады.Сондықтан да бұл мақал-мәтел басқа тілдерде дәл осы күйінде емес, яғни мағынасын сақтап берілген.Ал мағынасы қазақ нұсқасындағы мақал-мәтелмен сайма-сай келеді.Мақал-мәтелдердегі дәстүрлі тұрақтылық қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған стандарт болса да, абсолюттік ұғым емес.Ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне, сөз саптау шеберлеріне байланысты әртүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпы мазмұнына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге кемшілік бермейді.

Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімін т.б туралы бай информация табамыз.Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кейде егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды. Мысалы: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді», ағылшын нұсқасында «The rotten apple injures it’s nature». Мағынасы: «Шірік алма табиғатын бұзады». Қазақ нұсқасындағы малға қатысты сөздер ағылшын тілінде жеміс, көкеністермен алмастырылып берілген. Сол секілді «Қарын тойса, қарта әлем сасиды» деген мақал-мәтел ағылшын нұсқасында «Acorns were good till bread was founded» деп берілген.Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа көз болса бірте-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналып та жатады. Шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тапқан: «Brevity is the soul ofwit» - «Аз сөз алтын», «Rieh gifts are poor when givers prove unkind»-«Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаны жақсы жат артық» немесе «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық».Қай халық болмасын, билік пен байлықты, сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдің атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай болыстарды мысалға келтіріп отырған: «Ceaser’s wife is above suspicion», мұның аудармасы «Цезарьдің әйелі күдіктен жоғары» болса, қазақша нұсқасында бұл: «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» мақалмен сайма-сай келеді. Әрине бірінде әйелді мысалға алса, бірінде баланы келтіріп тұр.Дегенмен екі нұсқаның да меңзеп отырған мағынасы бір.Географиялық, биологиялық ерекшеліктер мақал-мәтелдер мазмұнынан көрініс береді.«Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген мақал-мәтел ағыллшын нұсқасында «Leopard can not change his spots» деп айтылады, яғни мағынасы «Жолбарыс өз дақтарын өзгерте алмайды» болады.Әрине мұнда мағына адамның мінез-құлқын, тәрбиесін көрсетуде жатыр.Дегенмен, жоғарыда айтылғандай мақал-мәтелдердің компоненттері өзгерсе де мағына сақталады.Қорыта келгенде,мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады. Әр халықтың мақал-мәтел қалыптастырудағы мәдениетке, наным-сенімге, дәстүріне байланысты өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары болады.Аудармашы үшін өз мәдениеті мен өзге мәдениетті біліп отырып салыстыра, салғастыра аударып тұжырым жасау әрқашан да ең қиын әрі күрделі жұмыс.