Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика лекция 1 den 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
343.03 Кб
Скачать

2) Аударманың традиция бойынша аударылуы. Charles I-Карл Первый, George V-Георг Пятый.

Неологизмдер аудармасы

Неологизмдер дегеніміз- тілде пайда болған жаңа затты, жаңа ұғымды білдіретін жаңа сөздер, сөз тіркестері, фразеологиялық обороттар. Неологизмдердің жай сөздерден айырмашылығы, олар қолдана келе кәдімгі сөзге айналуы немесе жағалап кетуі мүмкін. Ғылым мен техниканың, әсіресе радиоэлектротехниканың т.б. тез дамуы көптеген неологизмдерді тудырды. Radiophone-радиотелефон, module-модуль. Компьютердің шығуымен байланысты көптеген, неологизмдер пайда болды. Line of code-количество строк программы, line printer-устроиство построчной печати. т.б.

Ағылшын тілінде америкада шыққан неологизмдер кездеседі. Kodak-кодак, Supermarket-супермаркет, File-файл т.б. жаңадан пайда болған неологизмдер әлі ағылшын- орыс сөздігіне енбегендіктен аудармада қиындықтар туғызады. Неологизмдерді дұрыс аудару үшін сөзге немесе сөз тіркесінің страуктурасына анализ жасау керек.

Мысалы: resupply-re префиксті қайта жасау дегенді білдіреді,supply- запас, снабжать, поставлять, пополнение запаса. Неологизмдерді аударудың бір тәсілі-транскрипция: friefing-брифинг, management-менеджмент:

2-тәсіл –калкалау тәсілі analog display –аналоговой дисплет, rotary engine-ротационная машина.

Неологизмдерді аударуда сонымен бірге сөздің мағынасын ашуда басты ұран контекст болып табылады. Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы («аудармашының жалған достары») аудару.

Ағылшын-қазақ-орыс тілдерінде басқа тілдерден енген, әсіресе латын,грек тілдерінен енген халықаралық сөздер кезігеді. Интернационал сөздер дегеніміз-көп тілдерде формасы, мағынасы жағынан ұқсас, ортақ, лексикалық бірліктер: film, textm radio, dialect, doctor, atom, legal.

Халықаралық сөздер ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында, химия мен медицинада, физикада көптеп кездеседі. Халықаралық сөздерді аудару негізінен көп қиындық келтіре қоймайды. Бірақ халықаралық сөздердің көпшілігі ағылшын-орыс-қазақ тілдерінде формалары бірінші деп болғаны әртүрлі мағыналары болатынын білу керек. Оларды жиі аудармашының «жалған достары» деп атайды.

Мысалы:accurate -мочный (аккуратный емес, resin-смола (резина емес), control -не только контролировать но и управлять. т. б.

Реалияларды аудару

Реалия дегеніміз- әр халықтың өзіне ғана тән өміріне, тұрмысына, салт-дәстүріне, тарихына әлеуметтік және рухани мәдениеті ерекшеліктеріне қатысты ұғымдар. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста сәлемдесуде ағылшын тілінде “How are you” (как у вас дела?) деп сұрайды. “I’m fine, thanks. And you.”(«Отлично,а у вас как») деп жауап береді. Ал орыс тілінде сәлемдесу, оған жауап беру бірдей «Здраствуйте». Мәдени және тілдік реалиядағы айырмашылық ағылшын тілінде жоқ ұғымның орыс, қазақ тілдерінде болуы немесе, керсінше. Мысалы: ағылшын тілінің meal сөзі орыс тілінде жоқ. Meal сөзі таңертеңгі, түскі, кешкі асты да білдіреді. Сол сияқты ағылшын тілінде орыс тілінің сутка сөзі жоқ. Сондықтан круглые сутки деген ұғымды ағылшын тілінде: wound-thr clork немесе 24 hours a day деп беріледі. Сол сияқты орыс тілінде Я хочу есть- дейді, ағылшын тілінде I want to eat деп айтпайды. Дұрыс варианты I’m hungry –Я голоден. т. б. Реалиялар да әртүрлі тәсілдермен аударылады: Жиі қолданылатын тәсілдер: транслитерация, калкалау, эксликация тәсілдері. Мы говорим: перестройка принесла свободу. То же самое гласностью- We say that perestroika has brought us freedom. The same applies to glasnost.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аударудың ерекшеліктері қандай?

2. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары қалай аударылады?

3. Неологизмдер деген не? Оларды аудару жолдары қандай?

4. Интернационал және псевдоинтернационал (Аудармашының жалған достары) лексика деген не? Оларды аударудың жолдары қандай?

5. Реалия деген не? Оларды аударудың тәсілдері қандай?

Тақырып№19: Фразеологияны аудару мәселелері

Мазмұны: 1. Фразеологиялық бірліктерді аудару кезінде орын алатын бейнелілікті сақтау, орын алмастыру және жоғалту.

2. Фразеологизмдердің стилистикалық және ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің эмоцияналдығын бір тілден екінші тілге беру.

Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында 2 негізгі міндет тұрады:

аударма тілінің сөз тіркестерінің нормасын қатаң сақтау;

фразеологизмдердің бейнелігін сақтап аудару;

Бірінші талап негізінен бейнелі емес фразеологизмдер, яғни еркін сөз тіркестеріне қатысты: to have a rest, to pay attention, to take a shave.

Бейнелі фразеологизмдер, яғни қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, идиомалар, нақыл сөздер т. б. Бейнелі құралдарды аудару өте жауапты, күрделі міндет. Фразеологизмдердің ерекшеліктерін білмеу олардың мағыналарының дұрыс берілмеулеріне алып келеді.

Бейнелі фразеологизмдерді аударудың 4 тәсілі бар:

бастапқы тілдің бейнелі фразеологизмін аударма тілінің эквивалентімен беру:

to play with fire – играть с огнем – отпен ойнау; to read between lines – читать между строк.

бастапқы тілдің фразеологизміне мағынасы жағынан ұқсас, бірақ басқа бейнемен берілген фразеологизмді қолдану. Мұндай фразеологизмдер фразеологиялық аналогтар деп аталады.

to make hay while the sun shines – куй железо пока горячо;

Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аударма тілінің ұлттық бояуы жоқ фразеологизмімен берілуі мүмкін:

he will not set the Thames on fire – он пороха не выдумает;

to light like Kilkenny cats – бороться не на жизнь, а на смерть;

when Queen Anne was alive – вовремя оно.

фразеологиялық бірліктерді калькалау, сөзбе-сөз аудару:

people who live in glass houses should not throw stones – люди, живущие в стекляных домах, недолжны бросаться камнями;

to keep a dog & barn oneself – держать собаку, а лаять самому.

егер бастапқы тілдің фразеологиялық бірлігінің аударма тілінде ешқандай аналогы, эквиваленті болмаса, немесе сөзбе-сөз аударуға келмесе, онда аудармашы экспликация тәсілін қолданады:

a skeleton in the cupboard – семейная тайна;

cut off with a spilling – лишиться наследства;

dine with Duke Humphrey – остаться без обеда;

Peeping Tom – человек с нездоровым любопытством.

Фразеологизмдердіаудару әсіресе ауызша аудармада көп қиындық келтіреді. Сондықтан аудармашыларда көп қолданылатын фразеологиялық бірліктердің аналогтары, эквиваленттері туралы сөздік қоры болу керек. Олар болмаған жағдайда тек экспликация, яғни түсіндіру тәсілін қолдану керек. Егер берілген фразеологизмнің аналогын білмеген жағдайда, бірақ оның мағынасы түсінікті болса, бейнелілігі жойылса да, оның мағынасын жай сөзбен түсіндіруге де болады.

Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар:

Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында қандай екі негізгі міндет тұрады?

Еркін сөз тіркестері деген не?

Бейнелі фразеологизмдер деген не? Оларды аударудың жолдары қандай?

Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аудару тәсілдері қандай?

Ауызша аудармада фразеологизмдерді аударудың қиындығы неде?

Тақырып№20: Аудармада грамматикалық сәйкестікті таңдау.

Мазмұны: 1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру.