- •Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны.
- •2. Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері.
- •2.Синхронды аударма және оның ерекшеліктері.
- •2) Аударманың традиция бойынша аударылуы. Charles I-Карл Первый, George V-Георг Пятый.
- •2. Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары.
- •1Тілдік жүйелер; 2) объективті шындық және оның бейнесі; 3) қарым-қатынасқа түсушілер.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып№42: ресми іс қағаздарды аударудағы грамматикалық және лексикалық трансформацияның түрлері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны.
Мазмұны: 1. Аудармашылық іс-әрекеттің тарихи эволюциясы.
2. Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері.
Аударма жан-жақты, көп қырлы құбылыс. Көркем шығармаларды аудару, жарнамаларды аудару, шетел фильмдерін аудару-бұлардың барлығы аудармалардың түрлері. Халықаралық конференцияда синхронистің жұмысы-аударма. Шетелден келген қонақтарға таможняда немесе базарда көмектесу де аударма. Бір тілден екінші тілге өлеңдер, көркем проза, публицистика, әртүрлі ғылыми-техникалық материалдар, дипломатиялық құжаттар, іскерлік қағаздар, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері мен мақалалары, шешендердің сөздері, газеттегі мәліметтер, сұхбаттар т.б. аударылады. Аударманы жүзеге асыратын аудармашыға оригиналдың мағынасы мен формасын ең жоғары деңгейде бере алуы үшін екі тілді жетік білу аздық етеді. Жақсы аудармашы болу үшін аударманың тарихын, қыр-сырын, тәсілін, заңдылықтарын игеруі қажет.
Аудармашы мамандығының көп ғасырлық тарихы бар. Аударма мен аудармашы мамандығының шығу тарихы өте ертеден басталады. Аударма ешбір күдіксіз адам іс-әрекетінің ең көне түрі. Қасиетті кітаптардың айтуы бойынша Вавилон башнясы туралы аңызда ең әуелі жер бетінде тек бір ғана тіл болғаны айтылады. Бірақ Алла бірінің тілін бірі ұқпасын деп тілдерді әтүрлі жасаған кезден бастап, яғни адамзат тарихында тілдері бір-бірінен өзгеше топтар пайда болысымен, «әртүрлі тілді» топтар арасында қарым-қатынас жасауға көмектесетін аудармашылар пайда бола бастаған. Соғыстарда, келіссөзер жүргізгенде аудармашылар болған. Жазудың пайда болуына байланысты мұндай ауызша аудармашыларға-«тілмаштарға»-жазбаша аудармашылар, яғни ресми, діни және іскерлік тұрғыдағы әртүрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосылды. Қасиетті кітаптардың өздері әртүрлі тілдік варианттарымен көне ескерткіштердің, яғни аударма өнерінің биік шедеврі болып табылады.
Ең басынан бастап аударма адамдардың тіларалық қарым-қатынасын мүмкін қылатын ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени жетістіктеріне кең жол ашты, әдебиет пен мәдениеттің өзара дамуына, әрекет етуіне мүмкіндік жасады.
Бір тілдің өзін толық білу әркімнің қолынан келе бермейді. Ешбір адам кітаптарды барлық тілде оқи алмайды. Тек қана аудармалар ғана барлық адамзатқа Гомер мен Шекспирдің, Омер Хайямның, Данте мен Геттенің, Толстой мен Достоевскидің басқа жазушылар, ақындар, философтар мен ғалымдардың ғажап шығармаларын жеткізе алады.
Ең алғашқы аударма міндетінің теориялық тұжырымдамасы Цицеронның (б.э.д.т.ғ.) еңбектерінде болған кезігуі деп айтуға болады.
Ал, орта ғасырда европада барлық білімді адамдар латын тілін қолданды да аудармашы қажет бола қоймады. Одан кейін көпке дейін европалық дипломатика аудармашыларды қажет етпеді, себебі халықаралық қатынаста француз тілі болды.
Сонымен орта ғасырда аудармамен көп айналысқан жоқ. Орта ғасырлық аудармашылардың ішінде 9-шы ғасырдағы дарынды ағылшын жазушысы және аудармашысы Элфрикті атап өтуге болады. Ол аудармаға қойылатын негізгі талап-оның анықтығы,түсінуге жеңілділігі-деп санады. Англияда Жаңа кезеңнің басында талантты аудармашылар: Виклер, Еогер, Гауэр болды.
Аударма ісіне қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері үлкен үлес қосты. Қайта өрлеу дәуірінде аударма мәселесі ерекше маңызды болды. Бұл кезеңде аударманың қиындығы көптеген аударылған аудармалардың толық еместігін нақты түсінсе де, сонымен бірге сөзбе-сөз аударуды жақтаушылардың әдеби.... сақтап аударушылардың арасында күрес болды. Қайта өрлеу дәуірінің аяғында, аударма мүмкіндігіне скептикалық көзқарас пайда болды.
16-шы ғасырда Англияда королева Елизаветаның басқаруы кезеңіндегі әдеби шығармаға қызығушылық арытады. Аудару өнері ерекше мәнге ие болды. Кейінірек 19-шы ғасырда неміс ғалымы Шлейермахер «Аударманың әртүрлі әдістері жайында» (1813) мақаласында аудармашылық тпнұсқаның мазмұны мен формасының үйлесуін қатаң сақталуын талап етті. Ол өзінің айналасына неміс романтиктері: Новалис, Тихо, Моммзен, Шлегель т.б. болды. Тихо Моммзен өзінің «Аударма өнері» еңбегінде аударманың 3 түрін анықтайды:
1. Оригинал аудармасының мазмұнын дәлме-дәл беретін бірақ оригинал формасынан алшақтайтын шығарма («Валенштейн», Имадат т.б.)
2. Оригиналдың тек формасын сақтап шығарманы ана тілінде өз бетінше өңдеу.
3.Оригиналдың мазмұнында формасын да сақтап аударған шығар-малар. Ондай шығармалар деп ал Шлегелдің Шекспирдің аударуын санайды. Россияда аудармашылық іс-әрекет Еиев дәуірінде қанат жайды. Кейінгі зерттеулер Көне орыс аудармашылары көркемдік-тілдік деңгейі жоғары болғанын көрсетеді. Кейінірек, орыс әдебиетінің дамуымен аудармашылық іске белгілі орыс ақындары мен әдебиетшілері: Ломоносов, Сумароков, Тредвяковский, Жуковский үлкен көңіл бөлді. Пушкин Жуковскийді «Аударма.....» деп атады. Орыс теоретиктері мен практиктерінің көпшілігі кез-келген шығарманы орыс тіліне аударудың толық мүмкін екендігін мойындады. Бұл көзқарастарын олар басты міндеттері сөзбе-сөз аудару мен күресе отырып аудармаға терең шығармашылықпен қараумен үйлестірді.
Аударманың шығармашылық мәні туралы Белинский де өз ойын айтқан. А.С.Пушкин, аудармашы, тіпті аударма теоретигі болған. Өз өмірінің әр түрлі кезеңінде Пушкин 17-18 ғасырындағы француз ақындарының эпиграммаларын, Вальтер мен Парнидің өлеңдерін т.б. аударды. Пушкин үлкен аударма шебері болды және ол аудармаға шығармашылықпен қарау принципін сақтады.
Аудармаға В.И.Ленин өте жоғары талаппен қарады. Аудармашы ретінде ол аудармашылық жұмыстың қиыншылықтарын тамаша меңгере білді.Ленин ағылшын, француз, неміс тілдеріндегі еңбектерді аударды. Белгілі кеңес аударма танушысы А.В.Федоров өзінің аударма туралы кітабында Лениннің аудармаларына тән нәрсе: орыс тілінде берілген ойдың дәлдігі, толыққандығы, табиғилығы, түсініктілігі және аударма вариантын таңдаудағы батылдығын атап көрсетеді.
Халықаралық коммуникациялық мәселелері әртүрлі кезеңде әртүрлі шешіліп отырды 20 ғаырда және қазір халықаралық қатынас тілі –ағылшын тілі. Қазіргі таңдағы аудармашы халықаралық мәдениет қарым-қатынасын жасаушы – делдал. Аудармашы нені білу керек? Қандай білім мен дағдыларды меңгеру қажет? Аудармашының жұмысында тек қана лексикалық, грамматикалық қиындықтар кезіге ме? Өз тілін жетік білу, шет тілін тамаша меңгеру ғана талап етіле ме? Басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау проблемаларын табысты шешу үшін аудармашыға шет тілін білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударма жасайтын елдің реалистік білуі тиіс. «Коммунальды шаруашылықтың объетілері» деген фразаны ағылшын тіліне аудару үшін, біздің реалистің шет тіліндегі аналогін білу керек. Сөздіктер мұндай аналогтарды бермейді. Сөзбе-сөз аударма мағынасыз, түсініксіз болды. Сондықтан тек қана кәсіптік аудармалық дайындық адекватты эквивалентті табуға көмектеседі. Тікелей аналогі жоқ болса, суреттеу аудармасы көмектеседі. Аударманың теориясы мен практикасын білу кез-келген ситуацияда көмектеседі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Аударма деген не?
2 Аударма мен аударма қызметінің шығу тарихы қай кезден басталады?
3 Аударма қандай маңызды әлеуметтік қызмет атқарады?
4 Халықаралық коммуникациялық мәселелер әртүрлі кезеңде қалай шешіліп отырды?
5 Қазіргі таңдағы аудармашы қызметініңмаңызы қандай?
Тақырып№2: Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы.
Мазмұны: 1. Аударма іс-әрекет, процесс және нәтиже ретінде.
2. Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы.
3. Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырылымдауы.
Аударманың қоғамдық мәні, және аудармашылық іс-әрекеттің масштабының кеңюі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Аударманың көп ғасырлық тарихында аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге, аударма сапасын бағалау критерийлерін жасау, аударма процесінің барысына және нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауға бірнеше рет талпыныстар жасалынды. Аудармашы өз жұмысында үнемі әртүрлі аударма варианттарын таңдау қиыншылықтарымен кезігіп отырды. Осындай қиындықтарды жеңу туралы өз ойларын түсіндіруге тырысты. Мұндай тұжырымдама аударма принциптері түрінде қалыптасып отырды.
Сөйтіп, аударманың бірінші тетретиктері аудармашылардың өздері болды. Олар өздерінің жеке тәжірибелерін таратуға тырысты.
Мәселен, тіпті көне дәуірдің аудармашылары аударманың оригиналға жақындық деңгейі туралы мәселені кеңінен талқылаған. Көне аудармаларда оригиналды сөзбе-сөз көшіріп аудару орын алды. Ол кейде аударманы түсінуге қиындық келтірді. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар аудармашының еркін аударма жасауға құқығын теориялық жағынан негіздеуге тырысты.
Кейінірек кейбір аудармашылар «аудармашының нормативті теориясын» жасауға тырысты. Онда «жақсы» аударма дегенге жауап беретін бірнеше талаптар айтылды. Француз гуманисті, ақын, аудармашы Этьени Доле (1509 - 1546) аудармашы аударманың төмендегі 5 негізгі принциптерін басшылыққа алуы тиіс деп санады. Олар:
аударылатын мәтіннің мазмұнын және автордың айтайын деген ойын толықтай түсіну;
аударылатын екі тілді жетік білу;
сөзбе-сөз аударудан бас тарту;
аударма сөйлеудің жалпы қолданылатын формасын қолдану;
сөздерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру;
1790 жылы ағылшын аудармашысы А. Тайтлер өзінің «Аударма принциптері» деген жұмысында аудармаға төмендегідей талаптарды ұсынды:
1) аударма оригиналдың идеясын толық беруі тиіс;
2) аударманы берудің стилі мен манерасы оригиналдағыдай болуы керек;
3)аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс.
Мұндай талаптар қазір де мәнін жоғалтқан жоқ.
Сөзбе-сөз аудару мен еркін аударуды жақтаушылардың арасындағы талқылау Ресейде де болды. Орыс аудармашылары П.А.Вяземский және әсіресе А.А.Фет сөзбе-сөз аударуды жақтады, бірақ белгілі әдебиетшілер және аудармашылар Н.М.Карамзин, В.А.Жуковский аудармада аудармашылар оригиналды сақтай отырып, еркін өз бетінше шығарма жасау құқығын жақтады. Әсіресе олар өлеңдерді аударуда еркіндікті талап етті. Жуковскийдің мынадай қанатты сөзі кеңінен белгілі: «Прозада аудармашы – құл, ал өлеңде қарсылас». Аударманың осы бір-біріне қарсы екі концепсиясы XX ғ.-да боды. Ол кездегі ұсынылған аударма принциптері негізінен аударма практикасына сүйеніп жасалып отырды. Олар аударма әрекетінің мәнін ашатын қандай да бір ғылыми теориясына сүйенген жоқ. Олар аударманың жеке, немесе жеңіл аспектілерін қозғап отырды. Ағылшын зерттеушісі Т.Сэвори әртүрлі авторлар ұсынған аударманың негізгі талаптарын қосып төмендегідей талаптар ұсынды:
аударма оригиналдың сөзін беруі керек;
аударма оригиналдың ойын беруі тиіс;
аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс;
аударма аударма сияқты оқылуы тиіс;
аударма оригиналдың стилін беруі керек;
аударма аудармашының стилін беруі керек;
аудармада алып тастау,қосу болу керек;
аудармада алып тастау, қосу болмау керек;
өлеңдерді проза түрінде аудару;
өлеңдер аудармада өлең түрінде берілуі тиіс.
Мұндай аударма әректінің ғылыми теориясының керектігін негіздеуге талпыныстарға аудармашылардың өздері қарсы болды. Себебі аудармашылар бағынуға тиіс қандай да бір аударманың нормасы мен ережелері аудармашылардың шығармашылық еркіндігіне шек қоятын еді. Олар аударма теориясы мен ғылымын аударма өнеріне қарама-қарсы деп қабылдады.Олар талантты аудармашылар аударма теориясы туралы ұғымы болмаса да, аударма шедеврлерін жасағанын және жасап жатқанын көрсетті. Олар аударма деген - өнер, ешқандай аударма туралы ғылым мүмкін емес деп санады.
Бірақ, аударма өнері аудармашының психологиясына байланысты. Оның аударма процесін меңгеру қабілетіне, аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық факторларды ескеріп, тілдік құралдарды дұрыс таңдап, толыққанды аударма мәтінін жасай алу қабілетіне байланысты.Кейбір аудармашылар әртүрлі деңгейде мұндай қабілетке ие, бірақ ол итуитивті түрде шығармашылық актің нәтижесінде болады.
Аударма әрекетінің шығармашылық сипаты, аудармашылық әрекеті ғылыми анализ бен теориялық сипаттаудың объектісі бола алмайды дегенді білдірмейді. Аударманың ғылыми теориясының негізі XXғ.-дың ортасына ьаман аударма проблемасына тілтанушылар көңіл аудара бастағанда жасала бастады.Оған дейін аударманың лингвистика ғылымының қатысы жоқ деп саналды.20-ғ-дың ортасына қарай тілтанушыларға аудармашылық әрекетке өз көзқарастарын түбірімен өзгертуге тура келеді.Себебе ол кезеңде бірінші орынға саяси,коммерциялық,ғылымии-техникалық, «іскерлік» материалды аудару қойылады.Оларға афтордың жеке стилінің маңызы болмады.Осыған байланысты аударманың негізгі қиындықтары аударма процесіне қатысатын 2 тілдің тілдік жүйелер құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты екендігін айта бастады.Тілдік жүйе тілдік бірліктермен тілтанушылар айналысатын болғандықтан,және сонвмен бірге аударма дәлдігіне талаптардың өсуі,тілдік бірліктердің аудармада бірліктері бар екендігін көрсетіп,аударманың лингвистикаға қатысы бар екенін түсіне бастады.
Аударманы лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттігі жаппай аудармашылар даярлауда міндетінен туындады.20-ғ-дың ортасында аудармамен тек қана талантты аудармашылар ғана айналысып қойған жоқ,басқа да аудармашылар қажет болды.Аудармашылар дайындау үшін көптеген елдерде аудармалық мектептер,факультеттер мен институттар құрыла бастады.Олардың міндеттері жоғары білікті аудармашылар дайындау болды.Әдетте аудармашыларды дайындау шет тілдері оқытылатын жоғарғы оқу орындарында жүргізілді.Шет тілдернен сабақ беретін оқытушыларға оқу бағдарламасын,оқулықтар жасауларына тура келді.Ал ол жұмыстарды атқару үшін,аударма процесінің мәнін ашу керек болды және аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін лингвистикалық,экстралингвистикалық факторларды анықтай алу керек болды.
Тілтанушы мамандарға жоғары білікті аудармашылар даярлайтын тиімді курстар құру үшін тиісті деңгейде ғылыми база жасау керек болды,
Аударманың лингвистикалық аспектілерін нақты зерттеуді кеңес тілтанушылары бастады.1950 жылы Я.И.Рецкер өзінің «Ана тіліне аударудағы заңды сәйкестік» деген мақаласын жазды.Онда ол аудармашының аударма вариантын таңдауы тіпті де еркін емес екенін,оның заңды,яғни аударма процесіне қатысатын екі тілдің бірліктерінің сәйкестігімен анықталатынын сендіре айтты.Я.И.Рецкер бұл тәсілдерді «заңды сәйкестілік» деп атады,және 3 түрлі сәйкестік болатынын анықтады:эквиваленттер,аналогтар және адекватты ауыстырулар.Сөйтіп, «сәйкестік» ұғымы зерттеу практикасына нақты енді.Аударма процесінің тілдік заңдылықтарын анықтау үшін аудармаларды олардың түпнұсқаларымен салыстыру тәсілі ерекше маңызды болды.Соңғы онжылдықтарда аудармалық сәйкестілік мәселесімен көптеген авторлар айналысты.А.С.Бархударов «Тіл және аударма» деген еңбек жазды.1953ж.А.В.Федоровтың «Аударма теориясына кіріспе» атты еңбегі жарық көрді.Онда алғаш рет аударманың лингвистикалық теориясын жасаудың қажеттігі мен мүмкіндігі айтылды.Аударманың лингвистикалық аспектілеріне арналған еңбектер шетелдерде де көптеп шыға бастады.
Лингвоаудармалық зерттеулер 20-ғ-дың 70-жылдарында жемісті дамыды.Аударманың лингвистикалық теориясын жасауда үлкен үлесті кеңес ғалымдары қосты.Олардың еңбектеріне тән нәрсе – аудармалық зерттеулердің лингвистикалық негізін нақты анықтауға тырысу және аударманы тілдік ғылымдардың объектісі ретінде қарастыру болды.Зерттеулер нақты жасалған аудармалардың негізінде жүргізілді.Ондай аудармаларды оригиналдарымен олай салыстыру тіларалық қатынасты тілдік жүйелердің ерекше заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.Бұл тұста Ю.В.Ванниковтың «Аудармалық пәндердің бірегей комплексі» деген еңбегін атап өтуге болады.Бұл еңбекте аударма теориясының негізгі бөлімдерін топтастырудың жалпы принциптеріжасалған және аударманың жалпы,жеке,арнайы теориялары деген ұғымдардың анықтамаларын ұсынды.
1973 жылы В.Н.Комисаровтың «Аударма жайлы сөз» және 1980 жылы «Аударма лингвистикасы деген еңбектері шықты.Бұл жұмыстарда аудармаға лингвистикалық анализ жасау принциптрін жасауға,аудармалық эквивалент,аударма процесін және аударма модельдерін суреттеу тәсілдеріне көңіл бөлінді,бірінші рет аударма прагматикасы,аударма нормасы ұғымдары енгізілді.
Лингвоаудармалық мәселе А.Д.Швейцердің «Аударма және лингвистика» деген еңбегінде қарастырылды.А.Д.Швейцердің аударма процесінде грамматикалық трансформациялардың лексикосемантикалық қайта жасаудың болатынын анықтады.
1974жылы Я.И.Рецкердің «Аударма теориясы және аудармалық практика» деген еңбегі шықты.Ол еңбегінде автор аудармалық заңды сәйкестілік теориясының негізін жан-жақты айтып берді.Еңбекте сәйкестілік типтерінің классификациясы,аудармадағы әр түрлі лексикалық,грамматикалық,трансформациялардың түрлері суреттеледі.Автор фразеологиялық бірліктерді аудару мәселесіне және аударма мазмұнынын модальды,экспрессивті асектілеін беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Осы кезеңде кеңес ғалымдарының зерттеулерімен бірге аударманың лингвистикалық теориясы шеңберінде шетел тілтанушыларының еңбектерінің де маңызы зор болды.
Аударманың лингвистикалық теориясын жасауға арналған еңбектердің көпшілігінде аударманың жалпы теориялық проблемалары азды-көпті нақты қос тілге қатысты аудармалық сәйкестіліктерді жан-жақты суреттеу негізінде қарастырылады. Осы зерттеулердің нәтижесінде тек қана жалпы аударма теориясы ғана емес, жеке, арнайы аудама теорияларының негізін жасау мүмкін болды.
Соңғы онжылдықта аударманың жекелеген түрлерін зерттеуге арналған аударманың арнайы теориясы едәуір дамыды. Мұндай зерттеулер де жалпы алғанда аударма мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік жасап, жалпы аударма теориясының кейбір жағдайларын нақтылауға көмек жасады. Әсіресе әр түрлі ауызша аударма ғылыми –техникалық аудармаларды зерттеу табысты дамып келеді.
Сөйтіп, өз елімізде, шет елдерде жасалған лингвоаудармалық зерттеулер лингвистикалық аударма теориясын жасауға негіз болды
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Аударманың бірінщі теоретиктері кімдер болды?
2 Көне аудармаларда қандай аударма орын алды?
3 Аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге талпынған аудармашылар кімдер?
4 Аударманың ғылыми теориясының негізі қай кезде жасалына бастады?
5 Аударманың лингвистикалық аспектілерін нақты зерттеп,лингвистикалық аударма теориясын жасауға негіз болған кеңес ғалымдары кімдер?
Тақырып№3:Аударма теориясының негізгі ұғымдары.
Мазмұны: 1.Аударма теориясының пәні Аударма ұғымының анықтамасы.
2. Аударманың жалпы,жеке және арнайы теориялары.
3.Салғастырмалы әдіс- аудармалық зерттеудің негізгі әдісі ретінде.
Аударма дегеніміз – кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері бола алатын күрделі, көп қырлы құбылысы.Аударма жүргізу шеңберінде психологиялық, әдебиеттік, этнографиялық және аударма әрекетінің басқа да жақтары,сонымен бірге аударма қызметінің тарихы зерттелінеді.Қазіргі заманға аударма жүргізуде негізгі орынды аударманы лингвистикалық теориялық бөлігін лингвистикалық аударма теориясы құрайды. «Аударма теориясы» термині «Лингвистикалық аударма мағынасында колданылады».
Аударма теориясы жалпы аударма теориясы,жеке аударма теориясы,және арнайы аударма теориясы болып бөлінеді.Жалпы аударма теориясы аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтарын зерттейтін бөлім.Жеке аударма теориясы нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Арнайы аударма теориясы аударма процесі кезінде әртүрлі типтегі және жанрдағы текстердің ерекшеліктерін ашады.Жалпы аударма теориясы теориялық негізде түсіндіріледі және жеке.арнайы аудармалар теориясының негізгі түсініктерін анықтайды.
Аударма теориясы өз алдына мынадай негізгі міндеттерді қояды:
Аударманың жалпа лингвистикалық негізін ашып суреттеу.Яғни аударма процессінің негізінде тілдік жүйелердің қандай ерекшеліктері мен заңдылықтары жатқанын көрсету,аударма процесінің мүмкіндігінің шегін анықтау;
Аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау,оның басқа тілдік арақатынастарды айырмашылығын көрсету;
Аудармашылық қызметінің түрлерін топтастырудың негізін жасау;
Оригинальдық мәтіндердің және аударманың қарым – қатынастық тең құндылығы ретінде эквивалеттіліктің мәнін ашу;
Әртүрлі тілдерді біріктіру үшін жеке және арнайы аударма теориясын құрудың ерекшеліктерін және жалпы принциптерін жасау,
Аударма процесін оригинальдық мәтінді аударма мәтініне ауыстырудағы аудармашының әрекеті ретінде ғылыми сипаттаудың жалпы принциптерін жасау;
Аударма процесінде прагматикалық және қоғамдық лингвистикалық факторлардың әсерін ашу;
«Аударма нормасы» ұғымын анықтау және аударма сапасын бағалау принциптерін жасау;
Аударма лингвистикасы теориялық бөлімдерден басқа бірнеше іс жүзінде қолданылатын аспектілеріатап айтқанды аудармаға үйрету методикасымен байланысты әртүрлі анықтамалар мен сөздіктерді,құрап,қолданумен аударманы редакциялаудың методикасы мен бағалау,сонымен бірге аудармашы қызметінің табысты болуын қамтамасыз етуді шешетін әртүрлі практикалық сұрақтармен байланысты аспектілерден тұрады.
Лингвистикалық аударма теориясы ең бірінші кезекте аударма процесіне қатысатын тілдер қызметінің ережелерімен құрлысының ерекшеліктері негізінде жатқан аударма процесінің объективті заңдылықтарын анықтап,сипаттаумен айналысатын сипаттамалы теориялық пән болып табылады.Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды тәсілі болып,аударманың салғастырмалы талдауы қызмет етеді,яғни аударма мәтінінің формасы мен мазмұнын оригиналдық формасы мен мазмұнын салғастырып талдау.Аударма процесі кезінде әртүрлі тілдегі екі мәтіннің арасында белгілі бір қатынас орнайды.Осындай текстерді салғастыра отырып,аударманың ішкі механизмін ашуға,эквивалеттілік бірліктерді анықтауға,оригиналдағы бірліктерді аударма мәтініндегі эквиваленттермен ауыстыру кезінде болатын мазмұны мен формалардың өзгеруін анықтауға болады.
Салғастырмалы талдау жасау аударма кезінде әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерге байланысты кездесетін кейбір қиыншылықтарды қалай жеңуге болатындығын,оригиналдық қандай элементтері,аудармаға берілмей қалатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Жалпы аударма теориясы нені зерттейді?
2 Жеке аударма теориясы нені зерттейді?
3 Арнайы аударма теориясы нені зерттейд
4 Аударма теориясы пәнінің негізгі міндеттері қандай?
5 Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды әдісі не ?
Тақырып№4:Тілдік дәнекерліктің басқа түрлері
Мазмұны: 1.Қысқартылған аударма.
2.Өңделген аударма.
3.Аннотация.
4.Реферат,резюме.
Аударма процесі кезінде бастапқы болып оригиналдық мәтін ал соңғысы болып аударма мәтіні саналады.Сондықтан лингвистикалық аударма теориясы бастапқы тіліндегі мәтінмен де аударма тіліндегі мәтінмен байланыста болады.Аудармашылық қызмет оның мақсаты басқа тілдегі оригиналдың авторы жасаған хабарды аударма оқырмандарына дұрыс жеткізу болғандықтан ол делдал қызметін атқарады.Басқа сөзбен айтқанда әртүрлі тілде сөйлейтін аударма арасындағы қарым – қатынас мүмкіндігі,тіл аралық қарым – қатынас мүмкіндігі аударманың арқасында іске асады.
Толық қанды аударма жасау үшін аудармашының есінде мынандай жағдайлар:хабардың авторының өзгеше ерекшеліктері және хабарды қабылдаушылардыңерекшеліктері,аударма процесінің барысы мен нәтижесінде әсер ететін тіл аралық қарым – қатынастың аспектілері болуы тиіс.Тілдік делдал хабарды бастапқы хабардан алып,оны басқа тілде беруі керек.Сондықтан бұл қызметті екі тілді қатар білетін адам ғана іске асыра алады.Оригинальдық мәтіндегі хабарды жеткізу тіларалық қарым – қатынас мақсатына қарай тілдік делдалдар арқылы әртүрлі формада және толықтығы жағынан әртүрлі деңгейде орындалады.Тілдік делдалдылықтың екі негізгі түрі анықталған.Аударма және адаптивное транскудирование (қайта жасап ауыстыру).
Аударма толықтай бөгде тілдік оригиналға бағытталған.Аударманың міндеті қабылдаушының тіліндегі мәтіннің немесе оригиналдағы мәтінді толықтай қарым – қатынастық ретінде ауыстыра алатындай және қабылдаушының тіліндегі мәтінмен оригиналдағы мәтіннің қызметтік,құрлыстық және мағыналық жағынан тең болатындай тіл аралық қарым – қатынасты қамтамасыз ету.Аудармашы тілдік қарым – қатынастың күрделі тілдің қатысушы ретінде бір мезгілде бірнеше қарым – қатынастық қызмет атқарады.Біріншіде ол оригиналдың қабылдаушы ретінде яғни,бастапқы тілдің тілдік қарым – қатынас әрекетіне қатысады.Екіншіде ол аударма тіліндегі мәтінді жасаушы ретінде яғни аударма тіліндегі қарым-қатынас әрекетіне қатысады. Үшіншіден ол аударма тілінде жай мәтін жасамайды аударма мәтінін яғни ол мәтін қызметі мағынасы және құрылысы жағынан түпнұсқаны толықтай ауыстыра алатындай аударма мәтінін жасайды.Бұл аудармашы аударма процесіне қатыса отырып , бастапқы тілдегі және аударма тіліндегі әрекеттерд біріктірущі. Аудармашы алдымен бастапқы тілді талдап,оның аударма тіліндегі эквивалентін іздеп одан эквивленттік тілдік шығарма жасап,оны бастапқы тілмен салғастырып аударманың ең соңғы вариантын жасайды.Аударма тіліндегі тілдік шығарманы түпнұсқаның белгілі бірліктерінің аудармасы ретінде таңдай отырып аудармашы әртүрлі тілдегі екі мәтіннің қарым- қатынысы жағынан бірдейлігін қамтамасыз етеді. Аударма теориясының маңызды міндеті болып әртүрлі тілдегі мәтіндер мазмұнытепе-тең беру мүмкіндігін жасайтын тілдік экстролингвистикалық факторларды анықтау. Түпнұсқадағы және аудармадағы мәтін мазмұнының ортақтығы аударманың ортақтығы деп аталады.
Адаптивное транскодирование бұл хабарды бір тілден екінші тілге аудармадағыдай тек қана ауыстырып қоймай ,хабарды түпнұсқадағыдай емес тіл аралық мақсатта қайта жасап ,ауыстыратын тілдік делдалдықтың бір түрі . Қайта жасап ауыстырудың екі түрі бар:қысқартылған және адаптацияланған аударма. Қысқартылған аударма дегеніміз аударма кезінде түпнұсқаның кейбір бөліктерінің моральдық, саяси, немесе кейбір практикалық жағынан түсіп қалуы. Бұл жағдайда кейбір бөліктері түсіп қалса да түпнұсқаны аударма тіліне қарым-қатынастық жағынан тең дәрежелі түрде берілуі керек
Адаптацияланған аударма дегеніміз аударма кезінде түпнұсқаның құрылысы менмазмұнынтүпнұсқаны толықтай түсінуге мүмкіндігі жоқ,кейбір қабылдаушы топтар үшін түсінікті жасау мақсатында жартылай қысқартып аударуды айтамыз. Қайта жасап аудару хабардың көлеміне байланысты бөгде тілдегі мәтіннің мазмұнын топтастырып беретін хабарды аударуда аннотация, реферат, резюме аударғанда қолданылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Тілдік делдалдық деген не
2 Тілдік делдалдықтың негізгі қандай
3 Адаптацияланған транскодирование(қайта жасап ауыстыру )
4 Қысқартылған аударма
5 Адаптацияланған аударма деген не?
Тақырып№5: Аудармашыық іс-әрекеттің типологиясы
Мазмұны: 1 Қысқартылған аударма
2 Өңделген аударма
3. Аннотация
4. Реферат, резюме.
Аудармашының нағыз аударма ісі әртүрлі жағдайларда іске асады:
аударылатын текстердің тақырып, тілі, жанры жағынан әртүрлілігі;
аударма жазбаша ж/е ауызша орндалады, аудармашыға аударманың дәлдігі, толықтығы жайында талаптар қойылады т.б.
Аударманың кейбірі аудармашыдан жекеленген ерекше білім мен дағдыларды талап етеді.
Аударма түрлерінің 2 негізгі классификациясы бар:
аударылатын текстің сипатына және
аудармашының аудару кезінде сөйлеу әрекетінің сипатына қарай.
1-ші классификация оригиналдың жанрлық-стилистикалық классификациясы б/ша 2 түрі бар:
Көркем(әдеби) аударма ж/е информациялық(арнайы) аударма.
Көркем немесе әдеби аударма деп - көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтамыз. Әдеби аударманың мақсаты шығарманың көркемдік эстетикалық аудармасын дәл беру.
Әдеби шығармаларды аударуға талдау жасау барысы аударманың көркемдігін қамтамасыз ету мақсатымен қатар кейде берілген текстің мағынасынан алшақтаудың барлығын көрсетеді.
М-ы: The mountain tops were hidden in in a grey waste of sky…
Вершины гор тонули в сером небе.
Were hidden- жасырын жатыр деген сөздің жақын сәйкес аудармасынан алшақтап «батып жатыр (тонули) деп аударманы жвқсы көркемдеп тұр.
Көркем немесе әдеби аудармада оригиналдың нақты бір жанрға жататындығына б/ы аударманың қосымша түрлері болады. Олар: поэзия аудармасы, пьеса аудармасы, сатиралық аударма, проза, текст, өлең т.б.
Хабарлама аудармасы дегеніміз- оқырманға көркем-эстетикалық әсері емес, қандай да бір хабарларды жеткізетін текстерді ауд-ы айтамыз. Мұндай текстерге әлеуметтік т.б. текстер жатады.
Бұл аудармаға сонымен бірге детектив әңгімелері, очерк, таза хабарламаларды қамтамасыз ететін аудармалар.
Көркем және хабарламалы аударма деп бөлу тек қана оригиналдың негізгі қызметін көрсетуге арналған негізінде көркем ауд-ң ішінде хабарлама ауд-сы да болуы мүмкін н/се керісінше хабарлама ауд-сы ішінде көркем ауд-ң элементтері де болуы мүмкін.
Хабарламлы аудармада оның қосымша түрлері аударылатын текстің әртүрлілігі функционалды стильге жататындығына б/ы мынадай қосымша түрге бөлінеді: ғылыми –техникалық материалдар, саяси-публицистикалық материалдар, ресми-іс материалдары, газет-ақпарат мат-ы, патенттік мат-р т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Аударма түрлерінің 2 негізгі классификациясы қандай?
2 Аударманың жанрлық-стилистикалық классификация бойынша неше түрі бар ?
3 Көркем аударма деген не,оның қандай түрлері бар?
4 Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды әдісі не ?
Тақырып№6: Аударма процесінің аударылатын текстің түріне тәуелділігі.
Мазмұны:
1. Ғылыми –техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері.
2. Қоғамдық-саяси , ресми-іскерлік материалдарды аударудың ерекшеліктері.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері
Әрбір функциональды стиль шеңберінде аударма процесінің барысы мен нәтижесіне әсер ететін тілдік ерекшеліктерді бөлі көрсетуге болады. Мысалы, ғылыми-технологиялық сильде ол ғылыми технологиялық материалдықлексикалық граматикалық ерекшеліктері және бірнеше кезекте арнайы лексика, терминдер басты болып саналады.
Стильдің негізгі ерекшеліктері оның информациялылығы , логикалылығы, дәлдігі, түсініктілігі.
Лексика шеңберінде бұл ең бірінші ғылыми-технологиялық терминдер мен арнайы лексика. Терминдер дегеніміз белгілі –бір ғылым, техника саласындағы арнайы объектілер мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. Термин ретінде тек қана берілген стиль шеңберінде ғана қолданылатын терминдер, сонымен бірге жалпы қолданылатын сөздер де қолданылады. Мысалы: электроника текстерінде қолданылатын мынадай лексикалық бірліктер: coercivity, keraumophone, klystron т.б.басқа ғылыми-технологиялық текстерде қолданылады. Сонымен бірге жалпы мағыналы қолданылып жүрген dead, ripple, degenarasy т.б. сөздер ғылыми-технологиялық текстерде термин ретінде қолданылады.
Терминдер объектіні немее құбылысты оның немесе дәл берілуі керек. Мұндай типті сөздерге ерекше талап қойылады. Ең бірінші термин дәл мағынаны беруі керек, яғни логикалық анықталу жолымен ашылатын, берілген ғылыми –технологиялық саланың ұғым жүйесіндегі ұғым аталған терминмен берілетін белгілі –бір қатаң мағынасы болу керек.
Егерде оптикалық прибордың белгілі бір деталлі viewfinder(видеоискатель) деп аталса бұл термин тек осы детальді атау керек. Термин 1-ақ мағыналы ол контекстке байланысты болмайды. Терин қатаң логикалық системаның бөлігі болуы керек. Терминнің мағыналары мен анықтамалары логикалық классификациялық ережелеріне бағынуы керек. Яғни терминдер объекті мен ұғымды нақты айыра отырып,түсініксіз немесе қарама-қарсылықты мағына бермеуі керек. Сондықтан терминде эмоциональдылық метафора, т.б. теңеулер қолданылмайды.Үлкен көңіл жаңадан құрылған терминдердің жүйелілігіне аударылуы керек. Көптеген салаларда белгілі-бірұғымдар мен объектілер класстары үшін терминдер жасаудың арнайы ережелері жасалынған. М-ы: электрондық лампанын түрлерінің атауларыelektrode терминіне ұқсас лампада қолданылатын электродтардың санын көрсете отырып жасалынады.
Ғылыми-технологиялық материалдарда тек терминалогиялық ж/е арнайы лексикалар қолданылып қоймайды. Онда кез-келген функциональді стильде қолданылатын жалпы халықтық сөздер көп қолданылады. Сондықтан аудармашы тек белгілі- бір саладағы терминдер мен арнайы лексиканы игеріп қоймай тілдің басқа да қыр-сырын меңгеруі керек.
Газеттік-ақпараттық стиль де өзінің ерекшеліктерімен аударма процесіне әсер етеді. Бұл стильдегі материалдардың негізі міндетті белгілі бір мәліметті тыңдаушыларға жеткізу. Газеттік-ақпараттық хабарлардан айырмашылығы мұнда арнайы мамандар үшін емес, бүкіл халыққа олардың өміріне қатысты, қатысты емес құбылыстар мен оқиғалардың жалпы түсініктілігінде. Бірақ мұндада белгілі бір фактілерді хабарлаудағы ұғымдар мен құбылыстарды дәл жеткізуі керек. Сондықтан мұнда да аталған ойды жеткізуді терминдер мен атаулардың маңызы зор. Газеттік-ақпараттық стиль үшін әсіресе саяси терминология тән.
Газеттік-ақпараттық материалдарда көп мағыналы терминдер, синоним- терминдер,қысқартылған терминдер мен атаулар жиі кездеседі. АҚШ-ң саяси терминологиясында state термині «мемлекет» н/е «штат» дегенді білдіруі мүмкін:Both the state and Federal authorities are bent on estabilishing a police state. Бірінші жағдайда State термині «федералдық» деген анықтауышпен қатар келіп штаттар өкілеті дегенді білдірсе, екінші жағдайда state «мемлекет» деген мағынаны білдіріп тұр. Congressman термині неғұрлым кең мағынада «америка конгресінің мүшесі» дегенді немесе тар мағынада «өкілдерпалатасының мүшес»і дегенді білдіруі мүмкін: Last yeara umberof American Senators and Congressmen visited Greate Britain.
Бір термин текстің идеялық бағытына байланысты әртүрлі мағына беруі мүмкін. Idealism термині философиялық мағынада матерализмге қарама-қарсы көзқарас мағынада және сонымен бірге ideas – «идеялар» мағынада қолданылуы мүмкін.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері қандай?
2.Қоғамдық –саяси материалдарды аударудың ерекшеліктері қандай?
3.Термин деген не?
4.Газеттік-ақпараттық құралдарды аударудың ерекшеліктері қандай?
Тақырып№7: Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы
Мазмұны: 1. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері.
2. Қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік материалдарды аударудың ерекшеліктері.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері.
Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы бойынша аударма жазбаша және ауызша болып 2-ге бөлінеді.
Жазбаша аударма дегеніміз – аудармашы жазбаша тексті көзбен көріп, жазбаша аударатын аударманы айтамыз. Жазбаша аударманы бітіргенге дейін аудармашы аудармасын қайта оқуға, қарауына болады. Ауызша аударма дегеніміз – аудармашы оригиналды немесе тексті бір-ақ тыңдайды, қайтадан салыстыруға, түзетуге мүмкіншілігі болмайды. Бұл дегеніміз аудармашы оригиналды тыңдайды да қайтадан ауызша аударады.
Ауызша аударманың 2 қосымша түрі бар: синхронды және (последовательный) іле-шала аудару.
Синхронды аударма дегеніміз – аудармашы оратордың (сөйлеушінің сөзін тыңдай отырып, бір уақытта 2-3 сек қалып) аударады.
Синхронды аударма, әдетте техникалық құралдардың көмегімен оратордың сөзіаудармашыға наушник арқылы берілетін арнайы кабинада жасалынады, аудармашы микрофонмен сөйлейді де сол арқылы аударма рецепторға жетеді. Осындай құрылыс болғандықтан аудармашының дауысы оған оригиналды естуге кедергі жасамайды.
Синхронды аударма – қиын, күрделі аударма болып саналады. Өйткені ол аудармашыдан бір мезетте әр түрлі сөйлеу әрекетін талап етеді.
Аудармашы бір тілді таңдап оны 2-ші тілге аударуы керек және оратордың сөйлеу темпінен қалыспау керек.
Синхронды аудару 3 түрлі әрекеттің байланысымен орындалады: есте сақтау жұмысы, мұқият тыңдау оны тез жеткізу.
Ізінше Ілеспе
Іле-шала аудару (последовательный) – аудармашы оратордың бүкіл сөзін сөйлеп болғаннан кейін, немесе сөзінің айтып болғаннан кейін аудара бастайды.
Аударылатын сөздердің мөлшері әр түрлі болады. Жеке сөйлемдерден бастап оратордың 20-30 мин сөйлеуінен кейін аудару. Бұл аударма аудармашыдан айтылған сөздің мазмұнын ұзақ уақыт аударғанға дейін есте сақтап тұруын талап етеді. Егер оригиналдың көлемі жеткілікті мөлшерде көп болатын болса, онда аудармашы тыңдап тұрған кезде қысқартып жазып алуына болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың айырмашылығы оларға берілетін уақытта.
Жазбаша аударма кезінде аудармашы кез келген уақытта аудармасын тоқтатып, аударған бөліміне қарауға сөздік, анықтама қолдануға, арнайы мамандардан ақыл кеңес сұрауына болады. Бұл кез келген тексті (әдеби, хабарлама) болсын табысты аударуға мүмкіндік береді.
Ал, ауызша аудармада аудармашының ісі (жұмысы) уақыт жағынан шектеулі. Ол оратордың сөзінің темпінен қалыспау керек. Сондықтан ауызша аудармада аудармашының ойлануға, басқа вариант таңдауға сөздің немесе анықтама қолдануға мүмкіндік жоқ.
Сондықтан ауызша аудармаларға аударманы автоматты (тез) орындауға дағдылану өзгермейтңн сәйкес келетін аудармаларды білу керек. Аудармашыларға кейде адаптандырылған аударма, яғни кейбір керек емес жерлерін тастап аударуға, тексті компресс жасап (қысқартып, сығып) аудармаға тура келеді. Ауызша синхронды аудармада қысқа уақыт ішінде сөйлеу әрекетінің тездігі психологиялық және физикалық жағынан аудармашыға үлкен күш түсіреді, сондықтан синхронды аудармашы 20-30 мин жұмыс істейді.
Олар ауысып отыруы керек. Жазбаша аударма мен ауызша аударманың тағы бір айырмашылығы аудармашы аударманың әр түрінде жасай отырып әр түрлі тесктеп жұмыс істеді. Жазбаша аудармада аудармашы оригиналдан қарап отырып бір сөйлемнің соңынан бір сөйлемді аударады, және қасында бүкіл текст болады. Сөйлемдер бірін-бірі толықтырып отырады. Ауызша аудармада оратордың сөйлегені бөлшектеп тыңдап аударуға мәжбүр. Сөйлеушінің ары қарай не айтатыны белгісіз.
Жазбаша және ауызша аударма соңынан бірге тіл аралық қатынас жасаушылардың байланысына қарай да ажыратылады. Жазбаша аудармада аударма процесі кабинетте және аудармашы тіл аралық қатынас жасаушылармен байланыста болмайды. Ал ауызша аудармада аудармашы тіл аралық қатынас жасаушылармен тікелей байланыста болады. Ауызша аудармашы ауызша сөйлеген сөзді қалай ортатордың сөйлеу мәнері мен дыбысталуының ерекшелігіне, оның сөйлемді дұрыс құрылғанына, тіліне қарамай ауызша тілді қабылдап, сөйлеуші мен тыңдаушының арасында өзара түсінікті қамтамасыз етуге тиіс. Бұл аударма ауызша аударудың бір түрі болады, сал-ы бірақ жазбаша аудармаға жақынырақ. Хабар құлақпен есту арқылы емес, көзбен көру арқылы (текст түрінде, статьялар, хаттар, факстер) ауызша аудармадағыдай қабылдау анализ синтез бар уақытта өтеді. Инофирмауға өткізілген сұрақтарға қарағанда ҚБА офистердегі жұмыс кезінде кеңінен тараған аударма болып саналады. ҚБА-дың 2 жақтылығы аудармашылы түрде алғанда қарапайымдылығына қарамастан (ауызша аудармада тыңдау қиындығы болса, ҚБА-у хабардың текст түріне сүйенеді).
ҚБА-да ерекше дайындықты талап етеді. Берілген бөлікте көру арқылы қабылдау процессінде барлығын бірдей толықтай қабылдау, дағдысын жаттықтыру қажет, өйткені барлық уақытта тексті қарап шығуға бола бермейді. Сондықтан информацияның көп бөлігін көзбен қарап (көз жүгіртіп) түсініп қамту қажет және ешқандай үзіліссіз ыңқыл-сыңқылсыз бастау аулақ болу қажет.
Кейде текстің негізгі мазмұнын ғана беру қажет. Салыстырмалы түрде мұны жасау қиын емес. Мысалы іс-қағаздарына байланысты клише штамп сөз орамдарына көңіл бөліп отырып, тек текстің негізгі мазмұнын беруге болады.
ҚБА-да таныс емес сөздер мен орамдарға бас қатырмай олардың мағынасын жалпы контексті шешуге тырысу керек. Аудармаларға, соның ішінде ауызша аудармаға жақсы есте сақтау қажет. Айтылғандарды тез жазып алу әрине көмектеседі, бірақ жақсы есте жаттықтыру керек.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Аударманың психолингвистикалық классификация бойынша неше түрі бар?
Жазбаша аударма деген не?
Ауызша аударма деген не?
Ауызша аударманың қандай түрлері бар?
Жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері қандай?
Тақырып№8:Ауысша аударманың түрлері мен типтері
Мазмұны: 1.Ілеспе аударма және оның ерекшеліктері.
