Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Назерке каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать
  1. Бөлім. Метрологиялық сипаттамалар есебі

5.1 Жалпы сипаттамалар

Істен шығарулардың қарқындылығын есептеу үшін келесі пайдалану құжаттарына сүйенеміз:

  • Магнитті анизотропты күш датчигі;

  • ҚБ қоректендіру блогі;

  • ӨКБ айналдыру және күшейту блогі;

  • орын ауыстыру датчигі.Құжат;

  • CPU-314С-2DP микроконтролерінің модулі. Құжат;

  • АО16-VВ ұқсас шығару платасы. Құжат;

  • ЖКИ DV 16330S2TBVLY-H/R индикаторы. Құжат;

  • ОКА6 TESTA пернетақтасы. Құжат.

Конвейерлі таразының (ары қарай - таразы) тоқтаусыз жұмыс істеу

уақыты экспоненциальді заң бойынша өзгереді. Келесі жағдайларды қабылдайық:

  • Электронды техниканың тоқтау жиілігі (ЭТТЖ) уақыт бойынша

тұрақты;

  • ЭТТЖ тоқтау жағдайы кездейсоқ және тәуелсіз.

  • Кез келген ЭТТЖ-нің тоқтауы жарық шығарушы диодтан басқа,

таразының тоқтауына әкеп соғады.

5.2 Электронды техниканың тоқтау жиілігін қолданудағы тоқтау жиілігін есептеу

5.2.1 ЭТТЖ қолданудағы тоқтау жиілігін есептеу [8], [9], [10] анықтамалықтары мен әдістемеліктер бойынша [11] шамамен есептеу теориясын қолдану арқылы жүргізіледі.

5.2.2 λу ЭТТЖ қолданудағы тоқтау жиілігін есептеуге қажетті БҒЗИ «Электростандартта» құрастырылған математикалық модельдерінің түрлері:

λэ = λ0 ПіКі (5.1),

λэ = λн ПіКі (5.2),

λэ = λо.с.г. ПіКі (5.3),

λэ = λн.с.г. ПіКі (5.4),

мұндағы λ0, λн, λо.с.г., λн.с.г. (5.1 кесте)

ПіКі – қолдану режимі коэфициенті мен құрылымдық

технологиялық факторларға байланысты коэфициенттің көбейтіндісі.

5.1 к е с т е – Құрамалық модельдердің анықтамасы мен белгіленуі

Құрамалық модельдердің белгіленуі

Құрамалық модельдердің анықтамасы

Электронды техника бұйымдар класына арналған модельдер құрамына кіретін жасаушылар

о(о.с.г)

Қоршаған ортаның 25оС температурасына және атаулы электр күшіне сәйкес бұйымдар түрінің (топтарыдың) тоқтау жиілігі

н(н.с.г)

Техникалық талаптарға барынша сай қоршаған ортаның температурасына және атаулы электр күшіне сәйкес бұйымдар түрінің (топтардың) тоқтау жиілігі

Кр

Электр күші мен қоршаған ортаның температурасына бағынышты режим коэффициенті (бұйым қорабы)

Кэ

Барлық пайдалану факторларын, темпераура- мен электр күшінен басқа, ескеретін пайдалану жағдайының қаттылық коэфициенті

Интегралды микросызбалар

Ксл

Кристалдың(қораптың) температурасы мен интеграция дәрежесін ескеретін коэфициент

Жартылай өткізгіш аспаптар

Кф

Аспаптың функционалды қызметін ескеретін коэффициент

Кд.н

Техникалық талаптарға сай барынша максималды қуат тарауы бойынша күш шамасына байланысты коэффициент

Кs1

Техникалық талаптарға сай барынша максималды жұмыс қуатына байланысты коэффициент

Конденсаторлар

Кс

Барынша үлкен сиымдылыққа байланысты коэффициент

5.1 к е с т е н і ң жалғасы

Құрамалық модельдердің белгіленуі

Құрамалық модельдердің анықтамасы

КR

Барынша үлкен сиымдылыққа байланысты коэффициент

Резисторлар

КR

Барынша үлкен кедергі шамасына байланысты коэффициент

Км

Металды диэлектрлі резисторларға арналған барынша үлкен қуат шамасына байланысты коэффициент

Кs1

Жұмысшы кернеудің техникалық талаптарға сай максималды мүмкін шамасына қатынасына байланысты коэффициент

Коммутационды бұйымдар, трансформаторлар

Кр.ср.

Орташа қолдану жағдайының режим коэффициенті

Дәнекерлер

Кк.к

Қатысушы контактілер санына байланысты коэффициент

Кк.с

Тармақтау – біріктіру санына байланысты коэффициент

5.2.3 (5.1) және (5.2) моделдері шамасы әдістемелікте көрсетілген о (н) бұйым түрлерінің тұтынушы тоқтау жиілігін есептеуде қолданады.

5.2.4 (5.3) және (5.4) модельдері шамасы әдістемелікте көрсетілмеген о (н) және бұйым түрлерінің тұтынушы тоқтау жиілігін жалпы бағалауда қолданылады.

5.2.5 Кейбір жекелеген бұйым түрлерінде сынақ қорытындысының жеткіліксіздігі немесе болмау жағдайындағы күтілетін нәтижеЭ.

5.2.6 Шартты белгілер және құраушы модельдер (5.1 кесте)