Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Назерке каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Кіріспе

Қазіргі заманауи технологиялық процестерде материалдардың ағымын реттеу мен есебін өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші жүйелер арқылы жүргізу маңызға ие болуда. Салмақ өлшеу қондырғыларының халық шаруашылығының түрлі саласындағы рөлінің артуының маңызды факторлары болып технологиялық процестерді толық автоматтандыру мен материал салмағының оның сапасы мен өнім бағасына әсері туралы ақпараттың ықпалы болып табылады. Өндірісті басқарудың автоматты жүйесін кеңінен қолдану және жүк ағымы туралы ақпаратты тиімді және тез қолдану өлшеуші құрылғылардың рөлін арттырды. Осыған байланысты қалыпты және қатал жағдайда жұмыс істейтін өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғылардың дәлдігіне, , өнімділігіне, сенімділігіне деген талап артып отыр.

Өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғылар өндірістің түрлі саласында, ғылыми зерттеулерде, сондай-ақ басқа да ғарыштық және авиациялық техникаларды, кеме құрастыру, энергетикада т.б. техникаларды құру және қолдануда пайда болатын мәселелерді шешуде, автоматтандырылған өндіріс жүйелерінде барынша кең қолданылуда.

Салмақ өлшеуші техниканың қазіргі кездегі дамуының ерекшелігі қозғалыстағы объектілерді өлшеуде қолданылуы, сондай-ақ өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғылардың тек бақылау үшін ғана емес, технологиялық процестерді басқару үшін де қолдану да болып табылады. Осыған байланысты өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғыларға берілген дәлдікті сақтаумен қатар, жылдам әрекет ету, көрсеткішті тіркеу, ЭҚМ бірге жұмыс істеу және ақпаратты сандық таблода көрсету талабы да қойылады.

Автоматтандырылған өндірісті басқару жүйесі (АӨБЖ) мен технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ТПБАЖ) өндірісті және технологиялық процестерін басқару мақсатында қолдану өлшеуіш және салмақ мөлшерлеуші құрылғыларынан алынған ақпаратты қолдану тиімділігін барынша арттырды. Бұл, өз кезегінде, қолданудың барынша қиын жағдайында жұмыс істейтін таразы құрылғыларының жылдам әрекет етуі мен дәлдігін барынша арттыруға бағытталған зерттеу мен талдамаларды қарқынды жүргізуге әкелді.

1 Бөлім. Таспалық конвейердегі салмақ өлшеу құрылғыларының сипаттамасы

1.1 Таспалық конвейерді құру сипаттамасы

Конвейердің негізгі қолдану аясы – салмақты жүктерді тасымалдау: пайдалы қазбаларды, жер асты қазба жұмыстарын жүргізудегі жер жынысын, кей жағдайда – қалау материалдары.

Конвейерлі тасымалдаудың артықшылығы: тасымалдаудың үздіксіз болуына байланысты жоғары өнімділік, жоғары сенімділік (таспалы конвейердің дайын болу коэффициентінің 0,999 болуы, ал пластиналы конвейер үшін – 0,987); автоматты басқару жұмысына технологиялық жағынан бейім болуы және осыған байланысты қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынның аз болуы (тәулігіне бір конвейерге 1-4 адам/ауысым) және қызмет көрсетушілердің жарақат алу ықтималының аздығы; жүкті көлденең де, көлбеу де жазықтықта тасымалдау мүмкіндігі, жүк тасымалдау ара-қашықтығын ұзарту мен қысқартуға кететін жұмыстың аз жұмсалуы.

Конвейерлі тасымалдаудың кемшіліктері: күрделі қаржы шығын үлесінің салыстырмалы түрде жоғары болуы (бірақ жүк легінің артуымен азая береді) және пайдалану шығынының жоғары болуы.

Конвейерлі тасымалдаудың негізгі құралы болып таспалы конвейер табылады. Негізгі арналған мақсатына байланысты таспалы конвейерлер жүк тасу, адам-жүк тасу, адам тасу, тиеу және мөлшерлеуіш болып бөлінеді.

Жерүсті таспалы конвейердің технологиялық арналуына сай құрылымдық орындалуына байланысты стационарлы және жартылай стационарлы деп бөлінеді. Жартылай стационарлы конвейерлер қызмет көрсету уақыты 1-2 жылдан аспайтын немесе ұзындығын қысқартуға болатын өндіріске арналған [1].

Стационарлы конвейердің жетекті, керіп кигізілетін және артқы бөліктері бетон іргетасқа орнатылады. Жартылай стационарлы конвейерлердің артқы бөліктері, ал аз қуатты конвейерлердің сондай-ақ, жетекті бөліктері де іргетассыз орындаушы зауыт нұсқауы бойынша орнатылады.

Барлық таспалы конвейерлер келесідей негізгі бөліктерден: жетекті, керіп кигізілетін және артқы бөліктерден, қондырғыдан, конвейерлі таспадан; жүк тиеу қондырғысынан;электр қондырғысынан және автоматтандырудан тұрады. Конвейерлердің керіп кигізілетін бөлігі артқы немесе басқы бөліктермен біріктірілген, кейбір конвейер жүк түсіретін барабанның көтерме бөліктерімен жабдықталған (жүк түсіру консолін ұзартқышпен)[2].

1.1 суретте таспалы конвейердің құрылымдың сызбасы көрсетілген. Бұл конвейердің салмақ түсіретін органы жетекті барабанмен – 1, іске қосылатын резіңкелі икемді лентадан – 2 тұрады. Конвейердің қарама-қарсы жағында бағыттаушы барабан – 3 бар. Таспа конвейерді қондырғысына бекітілген роликтер – 5 ұстап тұрады.

Таспа жетек барабаны мен таспа арасындағы үйкеліс күші арқылы қозғалысқа келетіндіктен таспа үнемі керілген жағдайда болу керек. Ол керу құрылғысымен – 4 жүзеге асырылады. Жүк тиеу бункер – 8 арқылы жүргізіледі. Конвейерді тіректер – 6 ұстап тұрады.

1.1 Сурет – Таспалы конвейер сызбасы

Таспалар тросты-резіңкелі және маталы-резіңкелі болып бөлінеді. Жалпақтығы 300-ден 1600 мм-ге дейін.Конвейердің өнімділігін арттыру үшін таспаның жоғарғы беті роликтердің көмегімен 1.2 суретте көрсетілгендей жартылай шұңқырлы форма беріледі.