Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патанатомия пз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

Оқулық карта

3 Курс Жалпы медицина студенттері үшін практикалық сабаққа арналған

Тақырып: Жүрек ақаулары: туа пайда болған және жүре пайда болған. Қосарланған және біріккен ақаулар туралы түсінік. Жүректің компенсирленген және декомпенсирленген ақауларының патологиялық анатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Жедел тамыр жетіспеушілік

синдромы.

Микропрепарат:

1.Миокард гипертрофиясы. Бұлшық ет талшықтары бір шама қалындаған, кардиомиоциттердің ядросы ірі, жиі бұрыс пішінді, гиперхромды, көлденең жолақтар айқын. Строманың және тамырлардың талшықты құрылымдарының саны көбейген.

Ақыры: декомпенсация фазасында - жүрек жетіспеушілігі.

2. Эндокардтың фиброэластозы (Г.Э. боялған), сипаттау.

Макропрепарат:

1.“Киім ілгегі” тәрізді митральды қақпақшаның ревматизмдік ақауы. Митральды тесік күрт тарылған, шынашық саусақтың үшін әрен жібереді. Сол жақ жүрекшенің қабырғасы гипертрофияланған.

Ақыры: жүрек жетіспеушілігі.

2. Миокард гипертрофиясы (дем)

3. Миокардтың концентрлік гипертрофиясы. (дем)

4 Туа пайда болған ақаулар:

5 Миокард гипертрофиясы

6 2-камералы жүрек

7 3-камералы жүрек

8 Қарынша аралық перде дефектісі

9 Жүрекшеаралық перде дефектісі

10 Боталлов өзегінің бітіспеуі

ТАПСЫРМА -БАҒДАРЛАМА

3 Курс Жалпы медицина студенттері үшін практикалық сабаққа арналған

Тақырып: Жүректің ишемиялық ауруы

1 Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жүректің ишемиялық ауруы: анықтамасы, жіктелуі

2. ЖИА этиологиясы және патогенезі

3. Жедел ЖИА: жіктелісі

4. Миокардтың жедел ошақты ишемиялық дистрофиясы

5. Жүрек тәждік кенеттен өлім

6. Миокард инфаркты: патологиялық анатомиясы (макро – микроскопиялық сипаттамасы),

көлемі орналасуы бойынша инфаркт түрлері

7. Сол қарынша қабырғасында орналасуына байланысты миокард инфарктасының морфологиялық

сипаттамасы

8.Миокард инфарктасы ақыры және асқынуы: (кардиосклероз, жедел жүрек аневризмасы)

9. Миокард инфарктасы өлім себебі

10. Созылмалы ЖИА түсінік, түрлері.

11. Диффузды ұсақ ошақты кардиосклероз және постинфаркты ірі ошақты кардиосклероздың

патологиялық анатомиясы

12. Созылмалы жүрек аневризмасы: түсінік, ақыры және асқынуы

13. Жедел жүрек жетіспеушілігі патологиялық анатомиясы

14. Созылмалы жүрек жетіспеушлігі патологиялық анатомиясы

ІІ. Препараттарға макроскопиялық сипаттама бере білу керек:

1.Миокард инфарктісі (сипаттау).

2.Жүрек тампонадасы (дем).

3.Инфарктан кейінгі ірі ошақты кардиосклероз (дем).

4.Жүректің созылмалы аневризмасы (сипаттау).

5.Қолқа атеросклерозы (түрлі сатылары).

ІІ. Препараттарға микроскопиялық сипаттама бере білу керек:

1.Миокард инфарктісі (Г.Э. боялған) – суретін салу және сипаттау.

2.Кардиосклероз (Г.Э. боялған).

3.Тәж артерияларының атеросклерозы (Г.Э. боялған).

IV. Терминдік сөздікті дайындау:

Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу:

1.Атеросклероз 7. Миомаляция

2. Аневризма 8. Стенокардия

3. Қолқаның шынайы аневризмасы 9. Бірінішілік миокард инфаркты

4. Қолқаның жалған аневризмасы 10. Рецидивті миокард инфаркты

5. Миокардтың трансмуральды инфаркты 11. Қайталанған миокард инфаркты

6. Миокардтың интрамуральды инфаркты 12. Жүректің жедел аневризмасы

13. Созылмалы жүрек аневризмасы