Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патанатомия пз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

3 Курс Жалпы медицина студенттері үшін практикалық сабаққа арналған

Тақырып: Буындар мен бұлшық ет қабыну және дистрофиялық сырқаттарының патологиялық анатомиясы

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Буын арулары, этиологиялық факторлар.

  2. Остеоартроз: анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

  3. Морфологиялық сипаттамасы, ақыры.

  4. Ревматоидты артрит: анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

  5. Патологиялық анатомиясы. Асқынуы және өлім себептері.

  6. Ювенильді ревматоидты артрит.

  7. Кристалды ізбестенумен жүретін артропатиялар. Подагралық артрит.

  8. Буынның ісік аурулары.

Іі. Препараттарға макроскопиялық сипаттама бере білу керек:

№1 макропрепарат. Миеломды ауру кезіндегі бас сүйегі (дем.).

ІІ. Препараттарға микроскопиялық сипаттама бере білу керек:

№1 микропрепарат. Ревматоидты артрит (Г.Э. боялған).

IV. Терминдік сөздікті дайындау:

Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу:

  1. Ревматоидты артрит

  2. Синовит

  3. Ревматоидты түйін

  4. Артериоит

  5. Вепулит

  6. Капиллярит

  7. Остеоартроз

  8. Подагрический артрит

  9. Поннус

  10. Түйінді периартрит

  11. Остеопороз

  12. Фиброзды дисплазия

  13. Остеоартрит

Оқулық карта

3 Курс Жалпы медицина студенттері үшін практикалық сабаққа арналған

Тақырып: Буындар мен бұлшық ет қабыну және дистрофиялық сырқаттарының патологиялық анатомиясы

Макропрепарат:

1 макропрепарат. Миеломды ауру кезіндегі бас сүйегі (дем.).

2 макропрепарат. Ревматоидты ауру (сыртқы түрі).

Қол басының айқын шынтақтық девиациясы және сыртқы пішіні «аққу мойынына» ұқсайтын, бір мезетте бүгілген және ішке қайырылған (флексиягиперэктензия) саусақтардың деформациясы. Рефматоидты артрит – бұл бақынумен және буындардың деструкциясына әкелетін синовиальды қабықтың өсіп кетуімен (паннустың пайда болуымен) сипатталатын аутоиммунды ауру. Симметриялы зақымдану тән. Осы кезде ең алдымен қол басының және аяқтың ұсақ буындары содан кейін білезік, балтыр-аяқ басы, шынтақ және тізе буындары зақымдалады. Науқастардың көбінде HLA-DR немесе HLA-DR1 табылады. Бұл ревматоидты артриттің дамуына генетикалық бейімділіктің бар екенін көрсетеді. Инфекциялы агенттің ықпалынан ағзаның әртүрлі тіндерінде, әсіресе синовиальды қабықта, сонымен қатар тамырлар мен жұмсақ тіндерде, аутоиммунды реакция түрінде қабыну жауабы пайда болады. CD– лимфоциттердің активациясы нәтижесінде ісіктер некрозының факторы цитокининдер және интерлейкин-1 бөлініп шығады.

3 макропрепарат. Ревматоидты ауру (рентгенограмма).

Қ

Микропрепарат:

1 микропрепарат. Ревматоидты артрит.

Синовиальды қабықта айқын созылмалы қабыну бар. Лимфоциттер мен плазматикалық клеткаларды шоғырлануы және оның модулярлы пролиферациясы байқалады. Паннустың пролиферациясы процесі кезінде коллагеноздар бөлініп шығады да, бұл жақын жатқан буын шеміршегінің зақымдалуына (жаралануына) кейін деформация мен анкилоз дамытатын буындардың толық бұзылуына алып келеді. Сүйек тінінің деструкциясына лимфоциттер мен фибробластармен өндірілетін RANKL әсерінен активтенетін остеокластар қатысады. Буын сұйықтығының аспираты қою, лайлы, тұтқырлығы төмендеген, құрамында белогы көп және нейрофильді лейкоцитозды.

ТАПСЫРМА -БАҒДАРЛАМА