Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом айткул асемгул дурысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

Аңдатпа

Дипломдық жоба көп қабатты үйлерді сумен жабдықтайтын сорғы қондырғысының автоматтандырылған электр жетегі жобаланған. Дипломдық жобада сорғы қондырғысының түрлері, құрылысы, жұмыс істеу принципі келтірілген. Сорғы агрегатының типін және электрқозғалтқышын түрін таңдауды қарастырылған. Электр жетегі жүйесі ретінде, ЖТ-АД жүйесі таңдалған. Электрқозғалтқыштың параметрлерін есептеу және жиілік түрлендіргіштің құрылымдық сұлбасын келтіріп, параметрлеріне есеп жүргізу қарастырылған. Электрқозғалтқыштың механикалық және электр механикалық сипаттамалары келтірілген. Электр жетегінің имитациялық моделі құрастылып, оның өтпелі үрдістері зерттелініп және олардың графигтері тұрғызылды. Excel, Matlab Simulink сияқты математикалық пакеттер қолданылған.

Өмір тіршілік қауіпсіздік бөлімінде ақаба суларды тазалау әдістері, гидроциклондар көмегімен ақаба суларды тазалау келтірілген, дренчерлік автоматты өрт сөндіру жүйесін қолдану қарастырылған.

Экономикалық бөлімінде таңдалынған электрқозғалтқыштың тиімділігі туралы анализ жасалынған.

Аннотация

В дипломная работа посвящена разработке автоматизированного электропривода насосной установки жилищного комплекса для подкачки воды. В проекте приведены сведения о типах, конструкциях,о рабочих режимах насосной установки. Рассмотрены вопросы выбора типа насосного агрегата и электродвигателя. В качестве системы электропривода, выбрана система «ПЧ-АД». Рассмотрены параметры расчета электродвигателя, приведены схемы расчета преобразователя частоты, а так же и структурные схемы. Приведены механические и электромеханические характеристики электродвигателя. Построена имитационная модель электропривода, приведены графики переходных процессов. Использованы математические пакеты, как Matlab Simulink, Excel.

В разделе охрана труда приведены виды очистки сточных вод, а также очистка сточных вод с помощью гидроциклонов, применение дренчерной автоматической системы пожаротушения .

В разделе экономической части сделан анализ об эффективности выбранного электродвигателя.

Annotation

Diploma work is devoted to the development of automated electric pump unit housing complex for pumping water. The project provides information about types, structures, operating conditions of the pumping unit. Considered problems of selecting the type of pump unit and the motor. As an electric drive system, selected system "IF-AD." Сonsidered parameters of calculating the electric motor, given a calculation scheme converter of frequency , also structural schemes. Shows the mechanical and electromechanical characteristics of the electric motor . Used mathematical packages such as Matlab Simulink, Excel.

In the labor protection given types of wastewater treatment and wastewater treatment using hydrocyclones application deluge automatic fire extinguishing system.

In the economic part made an analysis on the effectiveness of the selected electric motor.

Мазмұны

Кіріспе 9

1 Ортадан тепкіш сорғы қондырғысы 11

1.1 Сорғы қондырғыларының құрылысы.

Сорғының жұмыс істеу принципі 11

1.2 Ортадан тепкіш сорғының түрлері 13

1.3 Сорғы қондырғыларының қолданылу аймағы 18

2 Сорғы қондырғысының басқару тәсілдеріне аналитикалық түрде

шолу 20

2.1 Сорғы қондырғыларының автоматтандырылуы 20

2.2 Cорғы қондырғыларының жұмыс режимін реттеу 22

2.3 Сорғының берілісі мен қысымын реттеу 23

2.4 Coрғы қoндырғылapының элeктр жeтeгінe қoйылaтын

тeхникaлық тaлaптap 26

2.5 Элeктp жeтeгiн тaңдaу жәнe нeгiздey 29

3 Электр жетегінің негізгі элементтерін анықтау 32

3.1 Сорғыш қондырғысының электрқозғалтқышын таңдау және

қуатын есептеу 32

3.2 Электрқозғалтқыштың есептік параметрлері 37

3.3 Қoзғaлтқыштың Т-тәpiздeс opынбacy cұлбacының

пapaмeтpлepiн aнықтaу 38

4 Жиiлiктiк түpлeндipгiштi тaңдay 40

4.1 Жиiлiк түpлeндipгiшi мeн күштiк cұлбaсының элeмeнттepi

мeн пapaмeтpлepiнiң eсeбi 40

4.2 Тpaнзиcтopдың жәнe кepi тoқ диoдтapы apқылы кeлeтiн тoктың opтaшa

мәнiн eсeптeу 43

4.3 Автoмaттaндыpылғaн элeктp жeтeктiң күштiк cұлбacын жoбaлay

және оның параметрлерін есептеу 45

5 Электр жетегінің механикалық сипаттамаларын есептеу және

тұрғызу 47

6 Басқару жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу және электржетегі

басқару жүйесін жобалау 51

6.1 Электр жетектің функционалды схемасы 51

6.2 Сорғы қондырғысының математикалық

сипаттамасы 49

6.3 Құрылымдық сұлбаны ойлап құрастыру және

оның параметрлерін есептеу 53

6.4 Құрылымдық сұлбаны сызықтандыру және

реттеуішті баптау 56

6.5 Аcинхрoнды қoзғaлтқыштың имитaциялық мoдeлiн

құрy жәнe өтпeлi үрдістepiн зeрттeу 57

7 Өмір тіршілік қауіпсіздік бөлімі 60

7.1 Сумен жабдықтау кәсіпорындағы ақаба сулармен

тазалау әдістері 60

7.2 Ақаба суларды гидроциклондар арқылы

тазалауға есеп жүргізу 63

7.3 Станциядағы дренчерлік автоматты өрт сөндіру

жүйесін есептеу 66

8 Электрқозғалтқыштың тиімді жүйесін

техника-экономикалық бөлімде дәлелдеу 73

8.1 Капиталды қаржы бөлуді есептеу 74

8.2 Жылдық пайдалану шығындарын анықтау 76

8.3 Техника-экономикалық көрсеткіштері 79

Қорытынды 80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81

Кіріспе

Статистика бойынша Қазақстанда өндіріліп шығарылған энергияның шамамен 1/5 бөлігі, халық шаруашылығының әр түрлі салаларыында қолданылатын, ортадан тепкіш сорғылармен тұтынылады. Сұйық берілісі және газдар үшін арналған ортадан тепкіш механизмдер (желдеткіш, сорғы, компрессор) электр энергиясының шығының қысқартуға, ерекше потенциалдық мүмкіндіктерге ие болатын негізгі жалпы өндірістегі механизмдер болып табылады.

Ортадан тепкіш механизмдердің салмағы, үлкен қуаты, жұмыс істеу ұзақтығы сияқты ерекше жағдайларына байланысты ереже бойынша түсіндіріледі. Көрсетілген жағдайлар энергетикалық баланста бұл механизмдердің түбегейлі меншікті салмағын анықтап жатыр. Қазіргі экономикалық қатынастардың шарттарында, энергоресурстардың барлығын қажетті тиімділікті жоғарылататын, энергияны сақтап қалатын технологияларды кең масштабта қолдану болып табылады. Бұл есепті шешудің негізгі мәселенің бірі, автоматтандырылған электр жетегінің құралдары көмегімен өнеркәсіптік объектілерде энергия тұтынылуын төмендету.

Ортадан тепкіш әсері бар механизмдер, жаппай энергия сыйымды электр энергияның тұтынушылары болып табылады. Дүние жүзілік тәжірибе бойынша қазіргі уақытта, реттелмейтін электр жетектері бар (ортадан тепкіш сорғы қондырғылары, компрессорлардың, желдеткіштердің) реттелетін жүйелеріне алмастыру орнықты болып есептеледі. Соңғы уақытқа дейін қолданылатын шығыс параметрлердің реттеу сұлбаларында- ортадан тепкіш әсері бар механизмдердің сұйық берілісі мен сұйық қысымы кезінде қуаттың түбегейлі жоғалуымен түсіндіріледі.

Ортадан тепкіш сорғы қондырғыларының автоматтандырылған электр жетегі жүйесі ретінде, өте қарапайым және сенімді асинхронды қозғалтқыштары бар, реттелетін электр жетектері кең қолданыс тапты. Қазіргі элементтік базаға ауыстыру, салмағын және энергетикалық, қолдану кезіндегі көрсеткіштерді біршама жақсартады. Жиліктік-түрлендіргіш басқару әдісі , асинхронды қозғалтқыштың айналу жиілігін байсалды реттеудің үнемді тиімді тәсілі болып табылады, өйткені ол барлық диапазонда ротордың сырғанауының аз мәнімен жұмыс істейді(сырғанаудың аз шығыны болған кезде), ПӘК өте жоғары және жақсы қатаң механикалық сипаттамасы болады.

Сорғы қондырғыларының электр жетектерін реттеу, тиімді жұмыс істеу режимімен қамтамасыз етіледі. Сумен жабдықтау жүйесінің электр жетектеріндегі жиіліктік-түрлендіргіш негізіндегі автоматтандырылған реттеудің жүйелерінің қолданылуы, бәрінен бұрын , сорғылардың электр жетектерінің электр энергиясының тұтынылуын азайтуға мүмкіндік береді және бұл кезде сұйықтың артық қысымы жасалмайды. Сорғы электр қозғалтқышының айналу жиілігін реттеудің арқасында сұйық қысымы тұрақты боп тұрады. Бұл дипломдық жобада көп қабатты үйлерді сумен жабдықтайтын сорғы қондырғысының автоматтандырылған электр жетегі жобаланған.

Дипломдық жобаның мақсаты, тұрғын үйдің сорғы қондырғысы үшін тиімді электр қозғалтқыш типін таңдай және тиімді реттеу тәсілін таңдау. Жобада сорғы қондырғысының түрлері, құрылысы және жұмыс режимдерін реттеу туралы мәліметтер келтірілген.

Жобаның есебі ретінде, таңдалған асинхронды қозғалтқыштың параметрлерін және электр жетегінің күштік тізбегін ойлап құрастырып, оның параметрлерін есептеп, электрқозғалтқыштың механикалық және электр механикалық сипаттамаларын тұрғызу. Автоматты басқару жүйесінің фунционалды сұлбасын құру, әдебиеттерге сүйене отырып реттеу әдістерін көрсету, басқару әдісіне экономикалық негізде негіздеме беру. Электр жетегінің имитациялық моделін құрастыру және олардың өтпелі үрдістерінің графигтерін алу.