Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZNTMU_smezhnye_dis.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.28 Кб
Скачать

03_02_ қаз

SSS001

Қыс мезгілінде жгутті аяқ-қолда қанша сақтауға болады?

А) 1 сағат

B) 1,5 сағат

C) 2 сағат

D) 2,5 сағат

E) 3 сағат

SSS002

Шабылған жараға тән белгілер?

А) Жұмсақ тіннің жарақаттан болған жарасының шеттері сылынған

B) Жараның ену тесігінің көлемі кішірек

C) Жараның айналасындағы тіндердің мыжылуымен

D) Жараның шеттері тегіс, жылтыр

E) Жараның шығар тесігінің көлемі ену тесігінен үлкен

SSS003

50 ж. науқас оң иығының жоғарғы үштен бірінің ауру сезіміне, ісінгеніне, деформациясына, қызметінің бұзылуына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша жарақатты демалыста алған. Науқас клиникаға жеткізіліп, тексеріліп тоқпан жіліксүйегінің сынығы анықталған. Иммобилизация және Дезо таңғышы салынды. Оперативті емге тұрғылықты жеріне жіберілген. ҚКА №4 ортопедия бөлімшесіне госпитализацияланған. Оң тоқпан жілік сүйегінің рентгенографиясы мен КТ: оң тоқпан жілік сүйегінің басында және мойнында көптеген жарықшалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

А) Оң тоқпан жілік сүйегінің басының және мойнының жабық буынішілік көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен

B)Оң тоқпан жілік сүйегінің диафизі және мойнының жабық көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен

C)Оң тоқпан жілік сүйегінің мойнының жабық буынішілік көп жарықшалы сынығы.

D) Оң тоқпан жілік сүйегінің жабық импрессионды көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен

E) Оң тоқпан жілік сүйегінің басының және хирургиялық мойнының жабық буынішілік көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен

SSS004

Науқас В., 66 жаста. Травматологиялық бөлімшеге мынадай диагнозбен түсті: сол тоқпан жілік сүйегінің ортаңғы 1/3 жабық жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен. Қосымша аурулары: ИБС, стенокардия қысым, ФК3; гипертониялық ауру 3дәреже, қауіп4; қант диабеті 2 тип, субкомпенсирленген. Жарақатты магазинге бара жатқанда далада құлап түсіп алған.Тексеру планын құрыңыз:

A) Кеуде кл шолу R-графия , ЖҚА,ЖЗА, қанБ/х, глюкоза, ЭКГ

B) КТ, ЖҚА,ЖЗА, қанБ/х

C) Денситометрия

D) Қолдың қантамырларының УЗДГ

E) ЖҚА,ЖЗА, қанБ/х, глюкоза, ЭКГ

SSS005

48 ж. науқасты машина соғып кетті. Оң иығындағы, иық буынындағы ауру сезіміне,пальпация кезңндегі ауру сезімі байқалады. Оң тоқпан жіліктің жоғарғы 1/3 қимылдатқанда ауырады, патологиялық қозғалыс байқалады. Рентгенограммада- тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынығы, сыртқа және артқа ашылған бұрыш бар. Сіздің диагнозыңыз:

A)Аддукционды оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынығы

B)Абдукционды оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынығы

C) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының енген сынығы

D)Сол тоқпан жіліктің төменг1/3 ашық сынығы

E) Оң тоқпан жіліктің төменг1/3 ашық сынығы

SSS006

34 жасар науқас көктайғақ кезінде иығымен жерге құлады. Қарап тексергенде иық буынының деформациясы, ісінгенін, сүйек сынығының крепитациясы, қозғалғанда қатты ауырады.2-і проекциялы рентгеноргаммада тоқпан жілік сүйегінің хирургиялық мойнының бойында көлденең сынығы бұрыштық жылжумен, бұрыш сырқа ашық 40 ° және артқа 40 °.

Дұрыс диагнозды анықтаңыз:

A) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық әкетуші сынығы (абдукционды )

B) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық әкелуші сынығы (аддукционды )

C) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық сынығы

D) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық сынығы жылжуымен

E) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының енгенжабық сынығы

SSS007

50 ж. науқас К клиникаға: сол жақ жамбас буын аймағындағы ауру сезімге, физикалық күштемеден кейінгі ауру сезімінің күшейуіне шағымданып келді. Науқас 2,5 ай бойы ауырады. Сол жақ сан сүйегінің проксимальді сынығы бойынша емделген. Status localis: сол жақ жамбас буыны мен бөксе аймағының тері қабаты таза,операциядан кейінгі тыртық қабынусыз. Жамбас буынында қозғалыс көлемі шектелген, ауру сезімді. Жамбас буынында Бүгілу 40º. Жазылу 5º. Бұрылу 15º. Ротациямен бұрылу шектелген. Сол жақ төменгі бөліктің 2см қысқаруы. Жамбас буынының сол жақ R-графиясы:сол жақ сан сүйегінің вертельді сынығының дұрыс емес бітуінен көрінеді. Металлоконструкциялар. Сол жақ коксоварасы. Қандай диагноз қойылуы ықтимал?

А) Сол жақ жамбас сүйегі ұршығының сынығының дұрыс емес бітуі. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.

B) Сол жақтың посттравматикалық коксоартрозы, сол жақ сан сүиегі мойынының жалған буыны. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.

C) Сол жақ сан сүиегінің проксималды аумағының екінші реттік сынығы. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.

D) Сол жақтың диспластикалық коксартрозы. Сол жақ сан сүйегінің туа біткен шығуы. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.

E) Сол жақ санның араласып жабық сынуы. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.

SSS008

Қабылдау бөлімшесіне 41 жастағы науқас мынандай шағымдармен түсті: Құйрық аймағында ауру, жамбас және орта жілік буындағы ауру сезімі, сол аяғының қысқаруы, ауру себебінен, қозғалыс мүмкін емес. Тексеру кезінде: Аяқ тізе буында бүгілүі, ішке ротация, қысқарылған.Мүмкін диагнозыныз:

А) Сол ортан жілік сүйегінің мойынын сынуы.

B) Жамбас сүйек ойығынын сынуы

C) Орта жіліктін айдаршықтан төмен жағынан сынуы

D) Орта жілік басынын орталық шығып кетуі

E) Жамбас сүйек ойығынын сынуы және жілік басынын шығып кетуі

SSS009

Қабылдау бөлімшесіне 41 жастағы науқас мынандай шағымдармен түсті: Құйрық аймағында ауру, жамбас және орта жілік буындағы ауру сезімі, сол аяғының қысқаруы, ауру себебінен, қозғалыс мүмкін емес. Тексеру кезінде: Аяқ тізе буында бүгілүі, ішке ротация, қысқарылған. Қосымша-зерттеулер:

А)КТ

B) Рентгенография үйреншікті проекцияда

C)УЗИ D)МРТ E) Артроскопия

SSS010

30 жастағы науқас грузовиктен қулағаннан травматологияның қабылдау бөлімшесіне түседі. Шағымы: арқасы ауырады, жүрген кезінде күшейе түседі. Объективті қарауда: 10 кеуде омыртқасының өсіндінің кенет ауыруы, гибус байқалады. Рентгенограммада: Th10 дене компрессиясы 1/3.Диагноз:

A)Th10ның денесінің шығуы

B) Th10ның денесінің 1/3ке компрессиялық сынуы

C) Жұмсақ тіндердің соғылуы

D) Сколиоз

E) Туберкулезды кифоз

SSS011

18 жстағы ауру қабылдау бөлмесіне түсті. Шағымдары: оң жақ кеудесінің ауыратыны, тынысының оң жақтан тарылуы. Анамнез: Құрылыста жұмыс кезінде сатыдан құлаған. Болжама диагноз: оң жақ кеудесінің 6-7 қабырғаларының жабық сынығы. Гемоторакс. Гемотораксты анықтауда қандай зерттеулер тиімді?

А) Кеудені КТ-дан өткізу

B) Кеудені МРТ-дан өткізу

C) Плевра қуысына пункция жасау

D) Кеудені рентгенография жасау

E) Кеудені рентгеноскопия жасау

SSS012

Науқас В., 60 жаста, сүлгілерді қайнатып жатып бүкіл құрсақ аймағының күйігін алған. Сол аймақтың қатты ауру сезімі пайда болған, есінен танбаған. Кейіннен терісінде үлкен тығыздалған көпіршіктер пайда болған, ішінде сары сұйықтығы мен аздап серозды эксудаты бар. Жедел жәрдем шақырған және камбустиология бөлімшесі не жеткізілген. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Шағымдары зақымдалған аймақтағы қатты ауру сезіміне. PS 92 соққы минутына .АҚ 150/100 мм.сн.бб.

Локальды тексергенде: алдыңғы құрсақ аймағында жоғарыда айтылған өзгерістер, бірақ үлкен көпіршіктердің біразы жарылған, түптері қызыл, ылғалды, жанасқанда сезімталдығы төмендеген. Кейбір үлкен көпіршіктерде желетәрізді сары сұйықтықпен толған. Сіздің болжама диагнозыңыз және зақымдану көлемі?

А) Алдыңғы құрсақ қабырғасының II және III сатылы термиялық күйігі

B) Алдыңғы кеуде аймағының III б – IV сатылы

C) Алдыңғы құрсақ қабырғасының IIIб және IV сатылы термиялық күйігі

D) Термиялық күйік 1 сатылы

E) Қайнаған сумен күйу II сатылы

SSS013

50 ж. науқас оң иығының жоғарғы үштен бірінің ауру сезіміне, ісінгеніне, деформациясына, қызметінің бұзылуына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша жарақатты демалыста алған. Науқас клиникаға жеткізіліп, тексеріліп тоқпан жілік сүйегінің сынығы анықталған. Иммобилизация және Дезо таңғышы салынды. Оперативті емге тұрғылықты жеріне жіберілген. ҚКА №4 ортопедия бөлімшесіне жоспарлы түрде госпитализацияланған. Оң тоқпан жілік сүйегінің рентгенографиясы мен КТ: оң тоқпан жілік сүйегінің басында және мойнында көптеген жарықшалар анықталады. Қандай емдеу әдісін қолданасыз:

А) Ашық репозиция, оң тоқпан жілік сүйегінің басының остеосинтезі спицамен.

B)Оң тоқпан жілік сүйегінің проксимальді бөлігіне ашық остеосинтез жасау бекітілетін(Блокирующий)пластинамен

C)Оң тоқпан жілік сүйегінің жоғарғы 1/3 ашық остеосинтез жасау бекітілетін стерженмен

D) Оң тоқпан жілік сүйегінің төменгі 1/3 ашық остеосинтез жасау бекітілетін пластинамен

E)Ашық репозиция, сол тоқпан жілік сүйегінің жоғарғы 1/3 ашық остеосинтез жасау пластинамен

SSS014

Науқас В., 66 жаста. Травматологиялық бөлімшеге мынадай диагнозбен түсті: сол тоқпан жілік сүйегінің ортаңғы 1/3 жабық жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен. Қосымша аурулары: ИБС, стенокардия қысым, ФК3; гипертониялық ауру 3дәреже, қауіп4; қант диабеті 2 тип, субкомпенсирленген. Жарақатты магазинге бара жатқанда далада құлап түсіп алған.Емдеу планын құр:

A)Кардиолог және эндокринолог консультациясы, оперативті ем:жабық репозиция, сол тоқпан жілік остеосинтезі блоктаушы стерженмен.

B) Терапевт консультациясы, оперативті ем: Жабық репозиция, сол тоқпан жілік остеосинтезі блоктаушы стерженмен .

C) Ревматолог консультациясы, оперативті ем:ашықрепозиция, тоқпан жілік остеосинтезі пластинамен, винтпен.

D) Эндокринолог консультациясы, оперативті ем: ашық репозиция, оңтоқпан жілік сүйегінің төменгі 1/3 остеосинтезі қоюшы пластинамен

E) Кардиолог консультациясы, оперативті ем:кәріжілік нервінің ашық ревизиясы, репозиция, оң тоқпан жілік сүйегінің төменгі 1/3 ашық остеосинтез жасау блоктаушы пластинамен

SSS015

Науқас В., 66 жаста. Травматологиялық бөлімшеге мынадай диагнозбен түсті: сол тоқпан жілік сүйегінің ортаңғы 1/3 жабық жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен. Қосымша аурулары: ИБС, стенокардия қысым, ФК3; гипертониялық ауру 3дәреже, қауіп4; қант диабеті 2 тип, субкомпенсирленген. Жарақатты магазинге бара жатқанда далада құлап түсіп алған. Реабилитациялық іс жоспарды құрыңыз:

A) Реабилитациялық бөлімшеде 3 айдан соң емделу.

B) Реабилитациялық бөлімшеде 2 айдан соң емделу.

C) Гипстік таңғыш 3 айға

D) Торакальді гипсті таңғыш

E) Кардиологиялық бөлімшеде емдеу

SSS016

Науқас ДТПдан соң жолжөнекей транспортпен алып келінді.Оң иығының деформациясы, функциясының бұзылысы, ісінгені, иығының қысқаруы байқалады. Рентгенограммада - оң тоқпан жіліктің ортаңғы 1/3 қисық сынығы жылжуымен. Аурудың одан кейінгі жүргізу тактикасы:

A) Cынықтың орнын блокадалау, қаңқалық тарту шынтақ өсіндісінен әкетуші ЦИТО шинасында

B) Cынық орнын блокадалау, гипстік лонгета

C) Cынық орнын блокадалау, торакобрахиальді таңғыш

D) Cынық орнын блокадалау, репозиция, Дезо таңғыш.

E) Экстрамедуллярлы остеосинтез пластинамен сүйек пластикасымен

SSS017

Науқас жедел жәрдем көмегімен жеткізілген. Иығы Крамер шинасы мен бинтті тақғышпен иммобилизацияланған, иық аймағындағы бинт қанға сіңген. 1 метр биіктіктен созылған қолына құлаған. Сол иығында қатты ауру сезімін сезді. Status localis: Сол иық аймағында 2*3 см жара бар, жарада сүйек фрагменттері көрінеді. Сол иық ортаңғы 1/3 деформацияланған, ісінген, ауырады,қысқарған. Сіздің тактикаңыз:

A) Біріншілік хирургиялық өңдеуді жасау , интрамедуллярный остеосинтез

B) Біріншілік хирургиялық өңдеуді жасау және компрессионды-дистракционды аппарат қою

C) Біріншілік хирургиялық өңдеуді жасау, экстрамедуллярный остеосинтез

D)Экстрамедуллярный остеосинтез пластинаменсүйек пластикасымен

E) Сынық орнын блокадалау, торакобрахиальді таңғыш

SSS018

Ер адам 20ж., травматологта емделуде. Рентгенографияда оң білектің шынтақ сүйегінің ортаңғы 1/3 сынықтар арасындағы жырықтар сақталған сынығы бар, сынықтардың соңы саңылауы ашылған, ал сүйек милық каналдың саңыраулары склероздалған сүйек тінімен жабылған(замыкательные пластинки). Анамнезінен – науқас 5 ай бұрын оң білектің жарақатын алған: оң білектің сүйектерінің сынық-шыгуымен(Монтеджа),травматологиялық пункте бірмоментті сүйек сынықтарына гипстік таңғышпен қолдық репозиция жасалды. Контрольді рентгенограммада сынықтардың тұруы қанағаттанарлық, бірақ сынықтың консолидациясы байқалмады. Емдеу тактикаңыз:

A) Экстрамедуллярлы остеосинтез пластинамен сүйектік пластикамен

B) Интрамедуллярлы остеосинтез пластинамен сүйектік пластикамен

C) Экстрамедуллярлы остеосинтез пластинамен

D)Операция: БойчевII бойынша артқы қабырғасын нығайту лавсандыподвескамен

E) Компрессиондыдистракциондыиллизаров аппараты

SSS019

60 ж. науқас К клиникаға: сол жақ жамбас буын аймағындағы ауру сезімге, физикалық күштемеден кейінгі ауру сезімінің күшейуіне шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша 2,5 ай бойы ауыруды. Сол жақ сан сүйегінің проксимальді сынығы бойынша емделген. Status localis: сол жақ жамбас буыны мен бөксе аймағының тері қабаты таза,операциядан кейінгі тыртық қабынусыз. Жамбас буынында қозғалыс көлемі шектелген, ауру сезімді. Бамбас буынында Бүгілу 40º. Жазылу 5º. Бұрылу 15º. Ротациямен бұрылу шектелген. Сол жақ төменгі бөліктің 2см қысқаруы. Жамбас буынының сол жақ R-графиясы:сол жақ сан сүйегінің вертельді сынығының дұрыс емес бітуінен көрінеді. Металлоконструкциялар. Сол жақ коксоварасы. Қандай емдеу әдісі тиімдірек?

А) Металлоконструкцияны алып тастау. Гамма шегесі арқылы, сол жақ сан сүйегін ұршық аймағы арқылы остесинтез жасау.

B) Металлоконструкцияны алып тастау. Сол жақ жамбас буынын күшпен қаңқалық тарту.

C) Металлоконструкцияны алып тастау. Сол жақ жамбас буынын тотальды эндопротездеу.

D) Металлоконструкцияны алып тастау. Сол жақ жамбас буынын эндопротездеу және сол жақ сирақ сүйегінің кіші және үлкен жіліншігінің компактомиясы. Илизаров аппаратында ұзарту.

E) Сол жақ жамбас буынын ревизиялау және сол жақ сирақ сүйегінің кіші және үлкен жіліншігінің компактомиясы. Илизаров аппаратында ұзарту.

SSS020

Науқас М. 30 жаста 1,5 м биіктіктен құлаған. Негізгі соққы оң жақ иық сүйегіне тиген. Аурухананың травматология бөлімшесіне әкелінген. Объективті қарауда: оң жақ иық сүйегінің ортаңғы үштен бірі ауру сезімді және ісінген. Қозғалысы шектелген. Рентгенограммада оң жақ иық сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің ығысқан сынығы.Дұрыс ем жүргізу тактикасын көрсетіңіз

А) Оң жақ бұғананың акромиалды соңының шығуының лавсанопластикасы және Дезо гипспен таңу

B) Джанелидзе бойынша оң жақ иық сүйегінің шығуын қалпына келтіру

C)Ашық репозиция- сол жақ иық сүйегін Т тәрізді пластинкамен остеосинтездеу

D) Илиазаров аппаратымен ошақтан тыс остеосинтез

E) Жабық репозиция- оң жақ иық сүйегін стерженмен бөгеттеу остеосинтезі.

SSS021

50 ж. науқас оң иығының жо м ғарғы үштен бірінің ауру сезіміне, ісінгеніне, деформациясына, қызметінің бұзылуына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша жарақатты 13.09.2013 жылы демалыста алған. Науқас клиникаға жеткізіліп, тексеріліп тоқпан жілік сүйегінің сынығы анықталған. Иммобилизация және Дезо таңғышы салынды. Оперативті емге тұрғылықты жеріне жіберілген. ҚКА №4 ортопедия бөлімшесіне жоспарлы түрде госпитализацияланған. Оң тоқпан жілік сүйегінің рентгенографиясы мен КТ: оң тоқпан жілік сүйегінің басында және мойнында көптеген жарықшалар анықталады.Қандай емдеу әдісін қолданасыз:

А) Ашық репозиция, оң тоқпан жілік сүйегінің басының остеосинтезі спицамен.

B)Оң тоқпан жілік сүйегінің проксимальді бөлігіне ашық остеосинтез жасау бекітілетін (Блокирующии) пластинамен

C)Оң тоқпан жілік сүйегінің жоғарғы 1/3 ашық остеосинтез жасау бекітілетін стерженмен

D)Оң тоқпан жілік сүйегінің төменгі 1/3 аш

ық остеосинтез жасау бекітілетін пластинамен

E)Ашық репозиция, сол тоқпан жілік сүйегінің жоғарғы 1/3 ашық остеосинтез жасау пластинамен

SSS022

Қабылдау бөлімшесіне 41 жастағы науқас мынандай шағымдармен түсті: Құйрық аймағында ауру, жамбас және орта жілік буындағы ауру сезімі, сол аяғының қысқаруы, ауру себебінен, қозғалыс мүмкін емес. Тексеру кезінде: Аяқ тізе буында бүгілүі, ішке ротация, қысқарылған.Емі:

А) Бірден шығып кеткен ортан жілік басын орнына келтірін гипс коксит повязкасын салу

B) Қанқа тарту

C) Манжеттік тарту

D) Екілік қанқа тарту және шеткі жанына қарай айдаршықтан тарту

E) Шеткі мақта -марльді петлямен тарту

03_ 03_ қаз

$$$001

Шейнлейн – Генох ауруының абдоминальді түріне тән белгілері:

А) Буынның ауру сезімді ісінуі

В) Терідегі геморрагиялық бөртпе

С) Гематурия, альбуминурия

D) Шымшу симптомынан кейін теріде нүктелі бөртпе қалуы.

Е) Айтылған симптомдардың комбинациясы

$$$002

Жедел аппендицитке күмәндаған баланың төсектегі қалпы:

А) Он жағынан аяғын ішке бүккен+

В) Сол жағынан

С) Арқасынан

D) Ішінен

Е) Отырған

$$$003

Қуық-несепағар рефлюксінің хирургиялық емі болып:

  1. Нефрэктомия

  2. Пиелостомия

C) Қуыққа несепағарды шырыш асты қабаты арқылы орналастыру

D) Несепағар саңылауының тарылуы

E) Цистостомия

$$$004

Портальді гипертензия түрінің жиі кездесетіні:

A) Бауырүстілік.

B) Бауырішілік.

C) Бауырдан тыс.

D) Аралас.

E) Комбинацияланған.

$$$005

Ерте жабысқақтық іш өтімсіздігі кезінде консервативті ем жүргізу уақытысы:

А) 3-6 сағат

В) 6-12 сағат

С) 12-24сағат

D) 18-24 сағат

Е) 24-36 сағат

$$$006

Отадан кейін 4 сағат өткен, ерте жабысқақтық іш өтімсіздігі кезінде қажет:

А) Жедел ота, бақылау

В) Жоспарлы ота

С) Ауыз арқылы барий ерітіндісін беру және консервативті емдеу

  1. Лапороцентез

Е) Стационарлық бақылау

$$$007

Балада суық аппендикулярлы инфильтрат анықталды:

А) Стационарлық бақылау

B) Амбулаторлық бақылау

С) Антибиотикті ем,физиоем, бақылау

D) Жедел түрде ота жасау

E) Жоспарлы түрде ота жасау

$$$008

Іріңді жараны өңдеу кезіндегі анестезия

А) Жалпы анестезия

В) Жергілікті инфильтрациялық анестезия

С) Жергілікті өткізгішті анестезия

D) Жергілікті хлорэтил

E) Индивидуальді көрсеткіш

$$$009

Сепсис кезінде қоздырғыштың тарауы

А) Біріншілік ошақта

В) Екіншілік ошақта

С) Қан арқылы

D) Индивидуальді жағдайда

E) Барлық вариантта

$$$0010

5 Жастағы балада конус тәрізді көптеген іріңді ошақтар бар.Ошақ ортасында іріңді өзегі бар. Жеделдеу кезеңге тән. Процесс неге тән:

А) Тері клетчаткасының абсцесіне

В) Фурункулезға

С) Рожалы қабынуға

D) Флегмонаға

E) Пседофурункулезға

$$$0011

Жаңа туған нәрестелердегі туа пайда болған аномалиялардың ішіндегі ең жиі тарағаны:

А) Туа пайда болған кеңірдек – өңештік жыланкөзі

B) Жоғарғы және төменгі жыланкөзбен өңеш атрезиясы

С) Жыланкөзсіз өңеш атрезиясы

D) Төменгі кеңірдек – өңештік жыланкөзімен өңеш атрезиясы

E) Жоғарғы кеңірдек – өңештік жыланкөзімен өңеш атрезиясы

$$$0012

Пилоростеноздың клиникалық симптомдары әдетте анықталады:

А) Туған соң алғашқы күндері

B) Өмірінің екінші аптасында

С) Өмірінің үшінші аптасында

D) Өмірінің төртінші аптасында

E) Өмірінің 1 айынан кейін

$$$0013

3 апталық нәрестеде «фонтанша» құсу және дене салмағының төмендеуіне, 2-3 күнге дейін ішінің жүрмеуіне, зәрінің азаюына шағымданып хирургия бөлімшесіне түседі. Ауырғанына 4 күн болған. Қарағанда бала өте мазасыз. Іші қабысқан, «құм сағаты» симптомы оң.

Науқастың болжам диагнозы қандай?

А) Ішек өтімсіздігі.

B) Жедел аппендицит.

C) Пилороспазм.

D) Пилоростеноз.

E) Өңеш стенозы.

$$$0014

Анасы 1 айлық баласымен поликлиникаға келіп қаралды. Нәрестеде айқын кекіру мен ұйықтап жатқанда жөтелу симптомына шағымдалады. Анамнезінде белгілі: бала салмақты дұрыс қоспайды, жиі өкпесі қабынады, құсығы шырыш пен қан аралас, тамақтандырғанда мазасызданады.

Науқастың болжам диагнозы қандай?

А) Пилороспазм.

B) Жоғарғы жартылай ішек өтімсіздігі.

C)Көкеттегі өңеш тесігінің жарығы.

D) Гипоксиядан кейінгі энцефалопатия.

E) Муковисцидоз.

$$$0015

Поликлиникаға мамасы 2 жастағы қызымен келіп қаралды. Негізгі шағымы – нәжісінде қан бара. Анамнезінде белгілі, бала жасына сәйкес өсіп келеді. Тәбеті жақсы. Нәжісі күнделікті, қалыпты,ауырусыз.

Науқастың болжам диагнозы қандай?

А) Анустың жырығы.

B) Инвагинация.

C) Анустың стенозы.

D) Тоқ ішек жарасы.

E) Тік ішек полипі.

$$$0016

Поликлиникаға мамасы 2 жастағы қызымен келіп қаралды. Негізгі шағымы – нәжісінде қан бара. Анамнезінде белгілі, бала жасына сәйкес өсіп келеді. Тәбеті жақсы. Нәжісі күнделікті, қалыпты, ауырусыз.

Бұл жағдайда ең алғаш қандай әдіспен тексеру жүргізіледі?

А) ирригография.

B) Рer rectum қарау.

C) Колоноскопия.

D) Құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ жасау.

E) Нәжісін дисбактериозға зерттеу.

$$$0017

Нәрестелер хирургиясы бөлімшесіне туылғанынан 4 сағат өткен қыз бала келіп түсті. Түскен кезде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тамақтандырғанда құспаған, бала мазасыз. Бұл жағдайда диагнозды анықтау ең алғаш қандай әдіспен тексеру жүргізіледі?

А) Құрсақ қуысы ағзаларына шолу рентген суретін түсіру.

B) УДЗ құрсақ қуысы ағзаларына.

C) ЭКГ.

D) Ректосигмоскопия

E) Колоноскопия.

$$$0018

Емханаға 8 жасар қыз баланы анасы алып келді. Негізгі шағымы – жағылып жүрген нәжіс (каломазание). Анасының сөзіне қарағанда бала 2 жастан бастап іш қатумен зардап шегеді екен. Бірнеше ай бұрын жағылып жүрген нәжіс анықталды. Қарап тексергенде анусында ерекшеліктер жоқ. Саусақ арқылы ректальді тексеру жасалды. Тексеру барысында қандай белгіге көңіл бөлу керек?

А) Анустың тарылуы

В) Анальді каналда ісіктің болуы

С) Анустың жарақаты

D) Анальді сфинктердің бос болуы

E) Тік ішектің полипі

$$$0019

8 айлық баланы емханада қарап тексеру барысында табанның иілу, супинация мен аяқ басының ішке қараған белгілері анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

А) Артрогриппоз

В) Полая стопа

С) Параличтік ат тұяғы

D) Литтл ауруы

E) маймақтық

$$$0020

8 айлық балада жамбас буынын рентген суретке түсіріп қараған кезде сол ортан жілік басының жоқ екені, орнынан тайғаны анықталды. Оң жақ буыны қалыпты. Анамнезінен белгілі болғаны 2 айлық кезінде дене қызуы 39 гр дейін жоғарылап, сол жақ аяғын қозғалтуы шектелген болған. Антибиотик алғаннан кейін белгілер жойылып кеткен. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) Рахит

B) Эпифизарлы остеомиелит

C) Полиомиелит

D) Туберкулез

E) Ортан жіліктің сынығы

$$$0021

Бала 1 жаста. Қабылдау бөліміне ортан жілік аймағының ісінуі мен пальпация жасағандағы ауру сезіміне шағымданып келді. Бала жүрмейді. Анамнезінен – 3 сағат бүрын каляскадан құлап кетке. Рентген жасағанда – ортан жіліктің ортаңғы 3/1 бөлігінің қисық сынығы. Емдеу тактикасы қандай?

A) Cкелетті таңу

B) Кред-Кефор әдісі

C) Шпиц әдісі

D) Шаде бойынша тарту

E) Гипсті таңу

$$$0022

Қабылдау бөліміне 5 жастағы бала келіп түсті. Достарымен шырақ жағып отырғанда күйік алған. Іш пен кеуде бөлігінің көпіршігі бар күйік жарасы, кей жерлерінде геморрагиялық бөлініспен, кей жерлерде қоңыр өліеттенуі байқалады.Термиялық күйіктің қай дәрежесіне жатады.

A) Беткейлі күйік

B) бірінші-екінші дәрежелі күйік

C) екінші дәрежелі күйік

D) Үшінші А дәрежелі күйік

E) IIIA-IIIB дәрежелі терең күйік

03_04_каз

$$$001

Алдыңғы камераның тереңдеуі, иридоденез, көрудің төмендеуі, гиперметропиялық рефракция. Бул белгілерге көбірек тұра келетін диагноз?

А) Увеитке

B) Катаракаға

C) Афакияға

D) Кератитке

E) Глаукомаға

$$$002

Көз дәрігеріне жас адам шамалы белгілі жарықтан қорқу, екі көзінің шамалы жасаурауына шағым етіп келді. Объективті: OU қасаң қабықтың стромасында лимбге жақын жерде көптеген нүктелі инфильтраттар байқалды, инфильтраттың үстінде кедір – бұдыр, сол инфильтраттарға эписклерадан қан тамырлары тараған. Қосымша тексеріп қарағанда гетчинсов тістері, ер тәрізді мұрын, маңдай дөңесінің томпақтауы байқалған. Қандай диагноз көбірек болуы мүмкін?

А) Птеригиум

В) Герпесті кератит

С) Фликтенулезды кератит

D) Мерездік кератит

Е) Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы

$$$003

Окулист қабылдауында 25 жастағы пациент, повар. Науқастың шағымы: оң көзінің қызаруы, көзден бөлінулер, таңертеңгі қабағының жабысып қалуы. Шамалы жарықтан қорқушылық, жас ағу. Екі күннен бері ауырады. Суық тиюмен байланыстырады. Объективті: OD-көз саңлауы тарылған, қабақтар ісінген, кірпіктері жабысқан. Қабақтың конъюнктивасы қызарған, ісінген, инфильтрацияланған. Конъюнктивадан іріңді бөлінулер. Көздің алдыңғы бөлігі патологиясыз. OS сау. VOD=1,0; VOS=1,0. Сіздің диагноз? Қандай зерттеу әдістерін қолдануға болады?

А) Жедел конъюнктивит. Вирусологиялық зерттеу

В) Аллергиялық конъюнктивит. Цитологиялық зерттеу

С) Гонобленорея. Бактериологиялық егу және гонореяға тексеру

Г) Жедел конъюнктивит. Бактериологиялық егу

Е) Көктемгі катар. Вирусологиялық зерттеу

{ Дұрыс жауап}=Г

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

Науқасқа 45 жас, слесарь. Науқас жоғарғы қабағының ішкі бетінде ауру сезімінсіз ісік пайда болғанына шағымданады. Пайда болғанына 5 айдай уақыт болған. Кейінгі бір ай ішінде ісіктің үлкейгені байқалған. Объективті: қабақтың ортаңғы үштен бір бөлігінде шетінен 3 мм жерде ауырмайтын диаметрі 4 мм өсінді бар. Оның үстіндегі тері жылжымалы, өзгермеген. Өсіндінің үстіңгі жағындағы конъюнктива шамалы қызарған. Көздің басқа бөліктерінде өзгерістер жоқ. Vis OD=1,0; Vis OS=1,0.

Болуы мүмкін диагноз? Емдеу тактикасы

А) Теріскен. Жергілікті антибиотиктер

В) Теріскен. Хирургиялық ем

С) Фурункул. Вишневский майымен компресс

D) Халазион. Сары сынап майын конъюнктива қапшығына жағу

Е) Халазион. Хирургиялық ем

$$$005

Науқас көз алдында қара дақтың пайда болғанына, сөздерді оқый алмауына шағымданады. Сөздегі барлық әріптерді оқу үшін басын әр жаққа бұрыуға тура келеді. Науқасқа бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет? Бул зерттеумен не анықтауға болады деп ойлайсыз?

А) Көру кеңістігін анықтау. Орталық скотоманы табу үшін

B) Көру жітілігін анықтау. Рефракция аномалиясын анықтау үшін

C) Биомикроскопия өткізу. Гипопионды табу үшін

D) Көру кеңістігін анықтау. Артқы синехияны анықтау үшін

T) Биомикроскопия өткізу.Миозды табу үшін

$$$006

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]