Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
керек емес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.98 Кб
Скачать

«Информатика және есептегіш техника» курсын оқыту мақсаттары

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту.Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе- дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның организіміндегі психикалық және физиологиялық өзгерісі, кез- келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, ақыл –ойды дамытуды түсінеміз.

Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, олқандай дәрежеде оның организімінің табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенциалды мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай-ақ нақты дидактикаклық өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Сондықтан оқытудың жалпы мақсатында дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік беруге болады.

Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен ірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталажды.

Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдік және Отандық тәжірибелер оқу мапқсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік (арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару) басқа пәндерді оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып болып табылады.

Әрине компьютерлік сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де курсты оқытудың басты мақсаты орта білім беру мақсатынан туындайды.

Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін -өзі дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:

  1. білім беру;

  2. тәрбиелік;

  3. практикалық

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.

1. Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.

Сонымен, информатианы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл -* ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

2. Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты- оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

Курстың мақсаты қолданбалы және теориялық аспетілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ- нің қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курнсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ – ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ- ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының «тұрмыстық аспектісі» де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.

Қорыта келгенде , информатиканы оқытудың практикалық мақсаты - оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.

3. Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдеу мен программалар құру, оларды ЭЕМ – де орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді.Сонымен қатар, жеке адмның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жаупкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат - оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.

Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір- бірімен өте тығыз байланысты, оларды бір- бірімен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процесіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады.Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады.Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр.Информатика жас ғылым болғандықтан, ол даму үстінде.Оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат ғана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Информатиканы мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты ғана қалыптастыру мәселесі қойылды, ал мұның мағынасы тар екенін тәжірибе көрсетіп дәлелдеп отыр. Ал қазірггі кезеңде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қажет екені белгілі болып отыр.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз не ?

Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдында тұрған міндет - оқушыға әлемнің ақпараттық бейнесін түсіндіру. Ақпараттық бейне дегеніміз не ? «Ол оқушыға өзін қоршаған ақпараттық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін ақпараттық байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің жиынтығы; ақпараттық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру,»-деп түсіндіреді Н.Ф.Талызина.

Әрине бұл міндетті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы шешілетіні белгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушыны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог, оқушылар қауымы ақпараттық мәдениетпен қаруланы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]