Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
керек емес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.98 Кб
Скачать

Компьютерлік сауаттылық, компьютерлік білімділік және ақпараттық мәдениеттілік

Компьютерлік сауаттылық – оқыту сапасының алғашқы сипаты. Оның белгілеріне – ЭЕМ көмегімен есептеу, оқу, жазу, сурет салу, информацияны іздеу жатады. Мұғалімге тәуелсіз компьютермен тиімдіыс істеу жоғары қалыптасқан сауаттылықтың көрінісі.

Компьютерлік білімділік – оқыту сапасына екінші сипаты. Оқыту сапасының екінші сипаты. Оның белгілері: а) мамандыққа сәйкес компьютерлік әдебиеттерді үзбей оқу; ә) көпшілікке танымал программалар туралы ой - өрісінің кең болуы; б) жұмысқа қажетті программалық құралдарды таңдай білу; в) программалық құралдардың сапасы туралы пікір айту; г) программалық құралдар кітапханасын жасау; д) программалық құралдарды сапалы және сапасыз деп жіктей білу; е) ЭЕМ – ді қолданудағы шектеулер мен оның басымдылықтарын түсіну.

Мектеп информатикасы мұндай білімді толық қамтамасыз етуді мақсат етпегенімен, оның қажеттілігін мұғалім оқушыларға сезіндіруі тиіс.

Информациялық мәдениеттілік – оқыту сапасының үшіншіі сипаты. Ол қоғамның даму деңгейіне, адамның ойлау түрлеріне тәуелді қарастырылады. Ең алдымен, оқушыларға компьютерді пайдалану тәртібі айтылады. Мысалы, әдейі немесе байқаусызда басқа оқушылардың информациясын өшірмеу, өзгенің программасын «ұрламау», өзі табынатын тұлға іздемеу. Бұл оқушыларды компьютерлер «фанатизмнен», «хакерліктен» сақтандырады. Сонымен бірге, өтірііктен аулақ болу, жеткіліктің білмейтін программалар туралы пікір айтпау, кампьютерге ұқыпты қарау, артық информацияларымен компьютер жадын толтырмау, кездейсоқ өшірілген информацияларды қайта қалпына келтіру әрекеттері информациялық мәдениеттіліктің белгісі болып табылады. Информациялық мәдениеттіліктің мазмұнына қысқада түсінікті алгоритмдер құру, жұмыс нәтижелерін көркем безендіру, т.б. жатады.

Информациялық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік тәртіпті айтуға болады. Оған алгоритмдерді, текстерді, берілгендерді белгілі бір құрылымда жазу, жазған программаларының қолданушыларға түсінікті болуын ескеру, белгілеулердің қатаң жүйесін пайдалану, берілгендерді сақтаудың тиімді жолдарын ойластыру, компьютермен жұмыс істеудің өнегелі дағдыларын қалыптастыру жатады.

Оқытудың білімділік мақсаты бойынша - компьютерлік білімділік; практикалық мақсаты бойынша – компьютерлік сауаттылық; тәрбиелік мақсаты бойынша – информациялық мәдениеттіілік қалыптасады. Оқушылардың ЭЕМ – ді меңгеру деңгйлері мен компьютерлік сауаттылық, білімділік және информациялық мәдениеттілік арасыда бір мәнді байланыс болмайды. Мысалы, прграммалауды білмейтін пайдаланушы компьютерді белгілі бір деңгейде меңгерген болуы мүмкін, ал «фанат - программист» өзінің сүйікті СИ тілінен басқа тілдерді білмеуі мүмкін. Вирус жасаушы сауатты, білімді болғанымен сол білімін қолдануда мәдениеттілігі төмен болып есептелінеді. Егер компьютерлік білімділік пен информациялық мәдениеттіліктің деңгейлері сәйкес болмаса, онда компьютерлік программаларға «қастандық» көбейіп кететінін жоққа шығаруға болмайды.

Информатиканы оқыту мақсаттарына байланысты кейбір мәселелерде әртүрлі пікірлер айтылуы мүмкін. Мысалы, «программалауды оқушылардың барлығы білуі керек пе?» - деген сұраққа «иә» десек, келесі кезекте оны қандай деңгейде үйрету қажет? – деген сұрақ туындайды. Егер сабақта программалауға көп уақыт бөлінсе, онда компьютерлік білімді жетілдіруге бөлінген уақыт кемиді. Бұдан кейін «қандай программалау тілін үйрету керек?», «информатика сабағында модельдеумен айналысу қажет пе?» - деген секілді сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауап беру барысында «керек» немесе «керек емес» - деп бір мәнді жауап қатпай, оқытушылардың танымын ескеріп, әлемнің ғылыми келбетін ұғынуын, жүйелі – логикалық ойлауын дамытудағы нақты міндеттерге байланысты үйлесімді жауаптарды қарастырған жөн. Себебі, әрбір оқушы программист еңбегінің мәнін ұғынуы тиіс. Қазіргі кезде дайын программаларды қолдану жағына көбірек көңіл бөлінуде.

Компьютерлік сауаттылық, білімділік, мәдениет

Кәдімгі сауаттылық және компьютерлік сауаттылық арасында параллель жүргізіп компьютерлік сауаттылықты - ЭЕМ көмегімен санау, жазу, оқу, сурет салу, ақпаратты іздеу қабілеттері деп айта аламыз. Жоғары, қалыптасқан сауаттылықтың белгісі - жеке басшылық және ЭЕМ-ді қолданудағы жұмыс тиімділігі. Бұл оқушының бәлім сапасының бірінші сипаттамасы.

Мұндай сауаттылықты артық кең, мағынасын «жүйелік сауаттылыққа» дейін кеңейту әдетке айналды. Мүмкін, компьютерлік сауаттылықты оқудың екі сипаты сияқты басқа дәлірек категория керек шығар.

Оның негізгі белгілері информатика контекстінен алынған қарапайым білімді адам бейнесінен шығады. Оларға келесілер жатады:

1. негізгі, мүмкін компьютерлік емес мамандықпен байланысты компьютерлік әдебиетті жиі оқу;

2. кең білімділік, көптеген бағдарламалар және компьютерлер арасында бағдарлау, олардың мүмкіндіктерін білу;

3. нақты жұмысқа оптималды бағдарламалық құралдарды (БҚ) таңдай білу;

4. нақты БҚ-ң сапасына баға беру қабілеті;

5. өз БҚ кітапханасының бар болуы және оның уақытылы кеңейтілуі;

6. жақсы көретін және жақсы көрмейтін БҚ болуы;

7. ЭЕМ-ді қолданғандағы артықшылықтар мен шектеулерді түсіну.

Мектеп мұндай білімді қамтамасыз ете алмайтыны анық, бірақ оның негізін салып, қажеттігін қалыптастыруы керек:

Оқушы білімі сапасының үшінші сипаттамасы - ақпараттық мәдениет. Ол қоғамның даму деңгейімен, тұлғаның ойлау сипаттамаларымен бірге қарастырылуы мүмкін. Мұнда біз мәдениетті нақты және көкейтесті түсінілуін айтамыз. Бұл жалпы адамзаттық құндылықтар контекстіндегі компьютерді қолдану этикасы. Ғасырлар бойы қалыпты адам қатынастарын қалыптастыратын заңдалақтарды айтуға болады.

- Біреудің ақпаратын кездейсоқ немесе қасақана «өлтірме»;

- Біреудің бағдарламасын немесе дерекетерін «ұрлама». Мәселе мынада көшірілген ақпарат иесінен нәрсе сияқты бөлектетілмейді, мүмкін ақпарат кәдімгі мағынадағы тауар да емес. Мұнда мәдениеттің минималды талабы - біреудің еңбегінен пайда алмау және автордың келісімімен тегін алынғанды тегін бері. Айтар жоқ автор келісуінсіз көшіру және көшіру қорғанысын «бұзу» біреудің меншігін өзіңе меншіктеу болып саналады. Бұл бұзудың кейбір абстрактілігі істің мәнін өзгерпейді;

- «өзіңе кумир құрама», компьютерлік фанатизм - «хакерліктен», бағдарламаларға немесе тілдерге артық «циклденуден», шын әлемді компьютер ортасына дейін сығу әрекетінен бас тарту. Әлемтану саласында бұл - компьютер метафорасы арқылы бәрін бірақ түсіндіру әрекетінен сақтану;

- «өтірік айтпа», яғни жақсы білмейтін бағдарламаларды немесе деректерді әңгімелеме (қарапайымдылық).

- «жаныңдағыны өзіңді сияқты жақсы көр»: жолдастарыңа көмек көрсет, жұмыс жадысындағы артық орынды алма, көшірмелерді және ескі файлдарды өшір, өз жұмысыңнан кейін жадыны қалпына келтір. Ақпараттық мәдениетте эстетикалық мазмұн да бар – информатикада әдеміні бағалау және құру, көру қабілеті: түп нұсқалы, қысқа, түсінікті, тез, әмбебап алгоритм; нәтижені әдемі сипаттау (қағаздағы кесте немесе экрандағы терезе), графика мен түсті тиімді пайдалану.

Ақпараттық мәдениет бөлігі болып өзін - өзі шектеу – тәртіпке келтіру саналады: алгоритм мәтінін құрылымдық жазу, бағдарламалық продуктті өзің және басқалар үшін сипаттау әдеті, белгілеулердің әдемі жүйесі, сыртқы жадыда өз деректерін ойлы сақтау, ЭЕМ-дегі жұмыс кезінде жақсы әдеттердің құрылымдануы (қателерден сақтануымен).

Енді тәжірибелік білімнің мақсаттары компьютерлік сауаттылықтың құрылымдануына себепкер екені көрініп тұр; жалпы білімнің және ойлы дамудың мақсаттары компьютерлік білімділікпен байланысты, ал тәрбиелеу мақсаттары ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына қызмет етеді.

ЭЕМ-дегі жұыста меңгерілген жұмыс деңгейі, сауаттылық, білім және мәдениет арасында бір мәнді байланыс жоқ екенін айта кетейік. Бағдарламалай алмайтын қолданушы эрудит болуы мүмкін, ал фанат бағдарламалаушы өз Си-інен басқа ештеңе білмеуі мүмкін. Бұл көзқарастан вирус жасаушы сауатты, мүмкін білімді бірақ мәдениеті әрине жоқ.

Сонымен, егер информатикада компетенттік деңгейінің өсуі мәдениет деңгейінің өсуімен қабаттаспаса нәтижелер негативті болуы мүмкін, әсіресе компьютерлік желілердің даму тенденциясын ескерсек. Мұнда қосымша білім жауыздықты көбейтуі мүмкін.

Сондықтан компьютерлік білімнің көрсетілген үш мақсаттары педагогтың бағытталған күшін талап етеді және материалды қарапайым меңгеру кезінде автоматты түрде қалыптаспайды.

Мақсат жүйелеріне жасалынған сараптама информатиканы оқытудағы кейбір дискуссиялық сұрақтарға жауаптар ұсынады.

1. Барлық оқушыларға бағдарламалауды оқу керек пе? – Иә бірақ логика - алгоритмдік ойлауды, бағдарламалаушы еңбегінің мәнін түсінуді қалыптастыратын, бағдарламалаушы қолданушыларды дайындауды қамтамасыз ететін дәрежеде ғана. Мұнымен артық шұғылдану оқушылардың компьютерлік білім деңгейін көтеруге кететін уақыттың кетуіне әкелуі мүмкін. Бағдарламалаушы кәсібилігінің белгісі дайын бағдарламалар бар жағдайда бағдарламалаудан бас тарту деп есептейміз. Екінші жағынан кәсіби қолданушы стандартты емес, кішігірім есептерді бағдарламалаудан қорықпауы керек.

2. Қандай тілді оқу немесе қолдану керек? - Әрине, концептуалды қарапайым, бірақ, комбинаторлы бай бағдарлама. Мысалы, Кумир, Лого, жаңа Бейсик (жол нөмірі жоқ), DBASЕ типті МҚЖБ тілінің ішкі жиыны.

3. Болашақ қолданушыға ЭЕМ құрылғыларын білу керек пе (кейбір оқытушылар мен студенттердің жақсы көрмейтін тақырыбы? - Иә, бірақ, компьютерлік білімділікті және копмьютерді практикалыҚ қолданғанда табысқа әкелетін дәрежеде.

Бастауыш сынып оқушыларына информатиканы оқытудың принциптері

1) Байсалды іскерлікті ұқсату принципі. Сабақ кезіндегі жұмыс адамның кәсіби іскерлігін ұқсастыру керек. Мұғалім: «Біз қазір 1-сынып оқушылары қолданатын программаны жасаймыз». Ең маңыздысы оқытудың нәтижесі іс-әрекеттің бағасы болу және осы бағалау әртүрлі сапалық жақтан болу керек. Мысалы: тапсырманың толық және дұрыс орындалуы, дұрыс құрылған шешім. Балаларға баға олардың қабілеттері үшін емес, бүгінгі істелген жұмыстары үшін қойылатынын түсіндіру керек.

2) Проблемалы – ойындық принципі. Сабақтың тақырыбы өзінде белгілі бір проблеманы сақтау керек. Және ол сабақта талқыланатын, бұл күнге дейін шешілмеген және арнайы құрылған проблема болуы мүмкін. Бұл талқылау дискуссия түрінде өтуі міндетті емес, ол әңгімелесу, диалог, ойын түрінде өтуі мүмкін.

3) Алдын-ала клісу принципі. Курс немесе блок басында мұғалім мен оқушылар бүгінгі жүргізілетін ойын ережелері жайлы келісіп алады. Бұл сабақтың тез және тиімді өтуіне мүмкіндік береді, оның себебі оқушылар ұжымы ұйымшыл келеді.

4) Рефлексия принципі. Кейде сабақ барысында оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жету керектігін ұмытып кетеді. Сондықтан мұғалім уақыт өте келе сұрақтар қойып отырады. Мысалы: Бұны біз не үшін істеп отырмыз? Қандай мақсатпен? Неге басқаша емес, ал осылай?

5) Гуманизм принципі. Сабақта қарым-қатынастар келесідей құрылуы керек: оқушы – адам, сондықтан қателесуге құқылы; мұғалім – адам, ол да қателесуге құқылы. Білмеу және істей алмау ұят емес. Бір қатені көп рет қайталау ұят. Оқушы қаншалықты қателессе де, оны мақтайтындай бір амалы әрқашан да табылады.

6) Ойынды іскерлік принципі. Бастауыш сынып оқушысының басты іс-әрекеті – ойын болып табылады Сондықтан сабақтың әртүрлі этаптарында ойынды көбірек қосу керек. Әсіресе ролдік ойындар атақты.

7) Ақпаратты сақтау принципі. Мұғалім мінездемесінің бірі болып табылады. Мұғалімге сабақ барысында ғана емес, одан кейін де жазбалар жазу манызды. Өйткені сабақ барысы оны жоспарлағандай емес, одан да қызықты және нәтижелі болуы мүмкін. Сондықтан мынандай сұрақтар болуы мүмкін: басқа жастағы оқушылармен, басқа сыныпта өткізу мүмкін бе, жоспарлағанға қарағанда сабақтың жақсы өтуінің себебі неде?

8) Оқушының шығармашылық жұмысын ұйымдастыру принципі. Мысалы, оқушылар тышқан және пернетақта ұғымдарымен танысқанда оларға тышқандық және текстік курсоры жайлы әңгіме немесе өлең жолдарын жазуға тапсырма беруге болады. Сонымен бірге компьютерлік суреттердің көрмесін ұйымдастыруға болады.

Информатика кабинеті, оның жабдықталуы мен қызметі

Информатиканы оқыту құралдар жүйесіне оқулықтар, оқу және методикалық материалдар, компьютерге арналған программалармен қатар компьютерлерде жатады. Осы аталғандар бір комплексті жүйе құрып, оқушылардың көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Мектептегі информатиканы оқыту құралдар жүйесінің негізгі компоненттері төмендегідей:

- информатика курсының программа – методикалық қамтамасыз етілуі. Құрамына программалық құралдар да; оқытушының оқу процесін ұйымдастыруға, қойылған педагогикалық мақсаттарға жету үшін оқыту мақсатында жазылған программалық құралдар жасауға және оқу барысын автоматтандыруға арналған программалық құралдарда кіреді;

- негіздеріне қолданушының белгілі бір объектілік моделі (мысалы, текстік редактор, мәліметтер базасы, электрондық кестелер, әртүрлі графикалық жүйелер) жатқан, оқу процесінің мәдениетін қалыптастыратын объектілік бағытталған программалық жүйелер;

- дербес ЭЕМ – мен сәйкестендірілген оқытушылық, демонстрациялық құралдар. ЭЕМ – нің жұмыс істеу принціптерін, олардың бөліктерін, құралдарын демонстрациялау моделі;

- оқушыларға информацияның оңай таралуын, олардың оқу іс - әрекетіне қызығушылығын, қамтамасыз ететін, интелектуалдық мүмкіндіктерге және Дүниежүзілік информация торларыныңмүмкіндіктерін пайдалану түрлеріне бай телекомуникация құралдары.

Информатика кабинеті, оның жабдықталуы мен қызыметі.

Есептегіш техника кабинеті дегеніміз – оқу есептегіш техника комплектісімен, оқу көрнекілік құралдарымен жабдықталған “Информатика және есептегіш техника” курсы бойынша теориялық және практикалық класта, кластан тыс және факультативтік сабақтар өткізуге арналған жалпы білім беретін орта мектептегі оқу – тәрбие жүргізетін орын.

Есептегіш техника кабинетінде жүргізілетін сабақ төмендегідей қызымет көрсетеді:

- оқушылардың компьютерлік сауаттылығынан бастап информациялық мәдениетін қалыптастыру – қазіргі есептегіш техниканың құрлымы, басқаруы жайлы білім мен ЭВМ – да есеп шығару дағдысы мен іскерлігі;

- оқушылардые есептегіш техниканың өндірісте, жобалау – конструкциялық ұйымдарда, ғылыми – мекемелерде, оқу процесі мен басқару орындарында қолданылуымен таныстыру;

- информатика негіздерін оқу процесінде оқушылардың теориялық ойлауын дамыту;

- оқыту әдістерін жетілдіру мен мектептегі оқу тәрбие процесін ұйымдастыру.

ЕТК-не қойылатын талаптар

Есептегіш техника кабинетінде жүргізілетін сабақтар:

- “Информатика және есептегіш техника негіздері” – курсы бойынша сабақ немесе есептегіш техника, кинофильм, диапозитив, кестелер басқа да оқу құралдарын пайдаланатын жалпы білім беретін жеке оқу пәндерін пайдалану;

- мектептің қажеттілігіне қарай оқушылардың немесе мектеп басшылығымен оқушылардың құратын қолданбалы программаларын жасау;

- “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсы бойынша кластан тыс және факультатив сабақтар;

- эксперименттік және факультатив сабақтар.

Жоғарыда аталған жабдықтармен қатар, есептегіш техника кабинетінде:

- информатика курсын және басқа да пәндердің кейбір бөлімдерін оқытуға арналған бағдарламалар жиынтығы;

- оқуда дербес әдісті жүзеге асыруға арналған, компьютердегі жаттығулар мен оқушылардың өз беттік жұмысын ұйымдастыруға арналған тапсырмалар;

- ғылыми – танымал анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер тобы;

- мектеп директоры бекіткен, есептегіш техника кабинетінің жабдықталуы жөніндегі инвентарлық кітап;

- ОЕТ комплектісіндегі әрбір жұмыс орнын пайдалану жұрналымен;

- машиналарды жөндеу жұмысы атқару жұрналы;

- оқушыладың жұмысын көрсетуге арналған қабырға газеттері мен кестелерді қыстырғыштар;

- оқушыладың ЭЕМ – да өздері құрған таңдамалы программалары;

- алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған дәрі – дәрмектер;

- өрт сөндіру құралдары болу тиіс.

Есептегіш техниа кабинетіндегі дербес компьютердің орналасуына және жабдықталуына қойылатын талаптар

- Есептегіш техника кабинеті табиғи жарықпен жарықталынуы керек. Терезе солтүстік, солтүстік шығысқа бағытталынуы керек.

- Есептегіш техника кабинеті подвалда және іргетас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігінде орналаспауы қажет.

- Есептегіш техника кабинеті шуды көп шығаратын орындардан алыс орналасуы қажет.

- Есептегіш техника кабинетіндегі бар дербес ЭЕМ – нің алатын орны 6 кв.м. – ден, ал бөлменің биіктігі 4 метірден кем болмауы қажет.

- Есептегіш техника кабинетіндегі дербес ЭЕМ – дер саны 10 – нан кем болмаса ауданы 18 кв.м. болатын лаборант бөлмесі берілуі тиіс.

Есептегіш техника кабинетіне өзінің құрамынан зиянды химиялық заттар бөліп шығаратын құрылыс материялдарын пайдалануға руқсат етілмейді.

Дербес ЭЕМ қойылған столға электір қауіпсіздігі сақталған жергілікті желінің кабелі жүргізіледі.

Оқушыға арналған жұмыс орнының столының ұзындығы 70 см – ден, ал ені клавиатураның алдынан 30 см – дей асып тұруы қажет. Столдың манитор орналасатын беті горизонталь болуы, ал клавиатура орналасқан бет 15 – 160 – қа көтерінкі болуы қажет.

Жұмыс орындары мен құрылғылардың орналасуы

Құрылғылардың орналасуына қойылатын негізгі талаптар:

1) Оқшылардың, мұғалімнің және құрылғылардың жұмысының қауіпсіздігі;

2) Оқушыларға ыңғайлы болуы;

3) Сабақты жүргізу, сабақ тәсілдерінің әртүрлілігі және бақылауды ұйымдастыру тұрғысынан мұғалімге ыңғайлы болуы;

4) Жөндеу және қызмет көрсету жағынан ыңғайлы болуы;

5) Кабинет ауданын дұрыс қолдану.

Құрылғылардың орналасуына негізгі түрлері:

ОЖО – оқушы жұмыс орны

МЖО – мұғалім жұмыс орны

Есептегіш техниа кабинетін ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар

- Есептегіш техника кабинетінде дербес ЭЕМ жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.

- Есептегіш техника кабинетіндегі шаңды азайту үшін:

- Сырт аяқ киімін есептегіш техника кабинетінде ауыстыру қажет;

- Есептегіш техника кабинетінің кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;

- Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімің столындағы дербес ЭЕМ – ға жалғастырылған демонстрациялық телевизороды пайдалануға болады.

- Видеоманетор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі, немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны абзал.

- Клас тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінетін шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек.қара түсті шторды терезеге ілуге болмайды. Есептегіш техника кабинетіндегі дербес ЭЕМ – ға шеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге руқсат етілмейді.

- Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400 – 500 люкс болуы керек.

- Ауаның температурасы – 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы – 62-55%, ауаның қозғалыс жылдамдығы – 0,1 м/с болуы тиіс. Есептегіш техника кабинеті жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін желдетілуі керек. Желдетілу уақыты 10 мин. кем болмауы тиіс.

- Есептегіш техника кабинетінің жұмысын “Информатика және есептегіш техника негіздері” оқытушыларының бірі басқарады. Ол кабинеттің жабдықталуын, оұушылар мен мұғалімдердің Информатика және есептегіш техника негіздері” пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.

Оқушылардың дербес ЭЕМ – мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар:

- Дербес ЭЕМ – мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талапта сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай таңдалуы қажет. Орындық столдан 3-5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5-7° бұрышқа иіліп тұруы тиіс.

- Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының көзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экранындағы символдарды көру бұрышы 20 минуттық бұрыштан кем болмауы керек.

- Дербес ЭЕМ – экрандағы символдарды көру қашықтығы 0,6 – 0,7 м аралығында болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]