- •Инорматиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы
- •Информатиканы оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері
- •Компьютерлік сауаттылық, компьютерлік білімділік және ақпараттық мәдениеттілік
- •Информатика кабинеті, оның жабдықталуы мен қызметі
- •«Информатика және есептегіш техника» курсын оқыту мақсаттары
- •Алгоритм түсінігін меңгертуге арналған логикалық жаттығулар
- •Бастауыш сыныпта сызықтық алгоритм тақырыбына арналған логикалық жаттығулар
- •Винни қонжығы бал жегісі келді.
- •Бастауыш сыныпта тармақталу алгоритмі тақырыбына арналған логикалық жаттығулар
Инорматиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы
Электронды есептеу машиналары 1950 жылдардан бастап білім саласында қолданыла бастады. Ғылыми – зерттеу жұмыстары мен жоғары оқу орындарында ЭЕМ – мен орындалатын жұмыстарға байланысты программалаумен айналысатын оқушы топтары пайда болды. 1960 жылдары Москваның математика пәніне бейімделген мектептерінде программалауға мамандандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бірақ мамандардың жеткіліксіздігі мен есептеуіш техника мүмкіндігінің аздығы бұл жұмыстардың кең таралуына кедергі болды.
1960-1970 жылдары көпшілік пайдаланатын үшінші буын ЭЕМ – дері пайда болғаннан бастап информатиканың салалы даму кезеңі басталды. Атап айтқанда, Новосибирск қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершовтың басқаруымен «мектеп информатикасы» мәселелерімен айналысатын ғалымдар Г.А. Звенигородский, Ю.А.Первин, т.б. жұмыс істеді. Оның ішінде Г.А. Звенигородский Рапира программалау тілін және Ю.А.Первинмен бірге мектеп информатика курсының тұжырымдамасын жасады. Нәтижеде, мектепті компьютерлендіру мәселелеріне арналған мемлекеттік шешімдер қабылдауға толық негіз жасалды. 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында информатика пәнін оқу процесіне енгізуге байланысты жекелеген тәжірибелер Москвада, Санк – Петербургте, Новосибирскіде, Прибалтикада жүргізілді.
1982 жылы КСРО Министрлігі шешіммен жалпы білім беретін орта мектептердің оқу процесіне калькуляторлар енгізілді.
1984 жылы сәуір айында өткен Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) «Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгіі бағыттары» Пленумында «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін мектептерге енгізу мерзімін 1985 жылдың 1- қыркүйектегі деп аталады.
Бұдан кейін «Программалау – екінші сауаттылық» бағытында әдістемелік, дидактикалық, техникалық, әлеументтік, психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бағдарламасы жасалып 1985-1986 жылдары А. Ершов, В.Манахов, А. Кузнецов, Я. Гольц, М. Лапчик секілді ғылым әдіскерлердің алғашқы информатика оқулығы шықты.
1985 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту басталып мектеп мұғалімдері қысқа мерзімдегі дайындық курстарынан өте бастады.
1986-1987 оқу жылының басында «Информатика и образование» журналының бірінші саны шықты. Мектептер үшін информатика оқулығына байқау жарияланды. Байқау негізінде А. Ершов, А. Кушниренко, В. Житомирский, В. Каймин т.б. авторлар ұжымы информатикадан алғашқы оқу құралдарын дайындады. Қазақстан Республикасында 1992 жылдың қаңтарынан бастап, «Информатика. Физика. Математика» журналы, кейіннен бұл журналдың «Алгоритм», «Информатика негіздері» деген атпен қосымшалары баспадан шыға бастады.
1994 жылы информатика курсы 8-9 сыныптарға көшірілді. Қазақстан Республикасында 7-11 сыныптар үшін мемлекеттік білім беру стандарты жасалды. Информатикадан 7,8,9 сыныптарға арналған байқау оқулықтары шықты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 стратегиялық даму бағдарламасына сай мектептер жаңа типті компьютерлермен жабдықталды. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қолға алына бастады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері компьютерлік желіге қосылып, оны мектептер пайдалана бастады.
