Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақ Жол Сервис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
639.43 Кб
Скачать

3.4. Өндірістегі төлем ақы беру жүйесі. Еңбекақыны төлеудің түрлерімен және формаларымен танысу.

Еңбекақыны есептеуде жұмыс уақытын есепке алатын айлық еңбек табелі негізгі құжат болып саналады. Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің 2 нысаны бар: 1. Мерзімдік; 2. Кесімді; Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Кесімді еңбек ақы төлеу – мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделілігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негіз-гі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

  • Мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың  сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін  төлемдер;

  • Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін  төленетін  төлемдер;

  • Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

  • Сыйлықтар, сыйлықақылы  үстемелер және т.б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда  және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған  уақыттар үшін төлемдер жатады:

  • Демалыс уақыттарына ақы төлеу;

  • Мемлекеттік және қоғамдық  міндеттерді орындаған уақыттары  үшін  ақы төлеу;

  • Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы  үзілістері үшін ақы төлеу;

  • Жасөспірімдерге белгіленген  жеңілдік сағаттарға  ақы төлеу.

«Ақ-Жол-Сервис KZ» ұйымында жұмысшы жұмыс істейді әр қайсысының өз міндеті бар. Мейрам күндері бізге қызыл күн болып саналады. «Ақ-Жол-Сервис KZ» қызметкерлерінің барлығы жоғары білімді және жылда оларды өз білімдерін арттыру үшін оқытамыз.«Ақ-Жол-Сервис KZ» -да төлем ақыны айдың басында алады. Яғни айдың 10-нан бастап айдың 15-на дейін қызметкерлер өз төлем ақыларын алады. Кәсіпорында мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі еңгізілген.

3.5. Бақылаудың құрылымы.. Ұйымның менеджмент құрылымы. Ұйымның басқару құрылымының сызбасы.

Схема 1. Ұйымның басқару құрылымыны «Ақ-Жол-Сервис KZ» ұйымының басқару жүйесі сызықтық. Сызықтық жүйе ұйымға толықтай сай келеді.

3.6. Ұйымның бизнес-жоспары.

Бизнес жоспар - бұл өз бизнесіңізбен қол жеткізгіңіз келетін ісіңіздің қағаз бетіне түсірілген моделі, сонымен бірге мақсатыңызға жету үшін қолдағы ресурстарды қолдануға жоспарланған тәсіл. Жақсы бизнес - жоспар логикалық жоспарланған әрекеттің сызбасы болып табылады. Ол бизнестің келешегін түсінудіболжайды. Өзіңізге қойған мақсаттарыңыздан ығыса отырып, мақсатқа дәланықталған уақытында жету үшін қажетті этаптар мен ресурстарды қамтиды. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жанжақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағ-дайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1. Жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;

  2. Тауарларға сұраныс деңгейі мен  көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нары-ғы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;

  3. Бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы  мен бағасы) туралы мәлі-меттер талданады;

  4. Маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;

  5. Өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;

  6. Ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағ-дары белгіленеді;

  7. Жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жаса-лады;

  8. Жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;

  9. Жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;

  10. Қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады.