Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақ Жол Сервис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
639.43 Кб
Скачать

1. Тәжірибе өтуінің мақсаты, міндеті және тәртібі. Кәсіпорынмен жалпы  танысу. 1.1. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатын анықтау және жоспар құру.

Өндірістік тәжірибені өту кезіндегі мақсатым: колледжден алған білімімді қолдана отырып, кәсіпорынның жұмысымен танысу. Теориялық білімімізді практикада қолданысын көру, үйрену, әрі алда кез келген кәсіпорында қызмет атқаруға дайын болу. Кәсіпорын қызметін сипаттайтын ақпараттар нәтижесінде кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалау, өндірістік жүйе жағдайы мен өндірісті ұйымдастыру, кәсіпорынның дамуына әсер ететін жолдарды қарастыру болып табылады. Жету жолдары: өндірістік тәжірибе кезінде кәсіпорынның қызметімен танысу, олардың атқарған қызметін салыстыра отырып, өндірістің дамуына әсер ететін жағдайлар қарастыру. Дамыған елдерден алған тәжірибені қолдана отырып, еліміздегі кәсіпорындардың дамуын қарастыру. Қазіргі кезде біздің жас мемлекетіміздің экономикалық дамуының Ұлттық стра-тегиясы қалыптастыруда. Қазақстан егемен мемлекет болып құрылуы сыртқы жене ішкі ортада анықталмаған жағдайда іске алынды. «Қазақстан – 2030» стратегиясын-да анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканы тұрақты динамикасының дамуы қажет. Жаңа индустриалды мемлекеттер қатарына қосылу үшін Қазақстан  әлеуметтік экономикалық дамудың жоғары қарқында-рын сақтауы қажет. Өндірістік түсуі және шығынды кәсіпорындар санының өсуі жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысқан мемлекеттерге тән. Әр өндірістің дамуы, жетілуі жалпы ұлттық мақсаттарға жетуге әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің басшыларының алдына қойған мақсаттары болып табылады. Өндірістік әрекетті жетілдіруді орталықтандырылған проблемасы болып  қазіргі кезде кәсіпорынның шаруашылық әрекетін ғылыми деңгейде басқару керек, бұл басқарудың барлық деңгейлерінде өндірістің экономикалық жетілуін қамтама-сыз етеді. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

  • Филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

  • Әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

  • Филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;

  • Филиалда болған барлық  іс-шараларға қатысу;

  • Фирманың өндіріс сферасын жетік меңгеру;

  • Мамандығыма байланысты белгілі бір тәжірибе алу және оны зерттеу.

  • Практика барысында фирманың келесі аспектілер зерттелді:

  • Өндіріс сферасы және нарықтағы алар орны;

  • Басқару структурасыжәне фирмадағы жарнама қызметінің орны, оның ішінде оның мақсаты және қызмет бағыты;

  • Нарықтың жағдайы және басқа да фирмалармен бәсекелес болатындай факторлар;

  • Фирманың өндіріс сферасын жетік меңгеру;

  • Мамандығыма байланысты белгілі бір тәжірибе алу және оны зерттеу.

Практика барысында фирманың келесі аспектілер зерттелді:

  • Өндіріс сферасы және нарықтағы алар орны;

  • Басқару структурасыжәне фирмадағы жарнама қызметінің орны, оның ішінде оның мақсаты және қызмет бағыты;

  • Нарықтың жағдайы және басқа да фирмалармен бәсекелес болатындай факторлар;

Практика өту барысында мынадай мақсаттар қойылды:

  • Өндірістік практика жұмысымның ең басты мақсаты фирмаға қолайлы жоспар дайындау, мамандығымның негізгі элементтерін жетілдіру, практика-лық есебіне қажетті материалдарды жинастыру және проблемаларды шешудің жолдарын қарастыру.фирманың өндіріс сферасын жетік меңгеру;

  • Мамандығыма байланысты белгілі бір тәжірибе алу және оны зерттеу.

Практика барысында фирманың келесі аспектілер зерттелді:

  • Өндіріс сферасы және нарықтағы алар орны;

  • Басқару структурасы және фирмадағы жарнама қызметінің орны, оның ішінде оның мақсаты және қызмет бағыты;

  • Нарықтың жағдайы және басқа да фирмалармен бәсекелес болатындай факторлар;

Практика өту барасында фирманың жарнама қызметінің жұмысы және тауарларды өткізу ісшаралары меңгеріліп,анализ жасалды.  Фирманың маркетингтік стратегиясы меңгерілді және мүмкіндігінше практикалық есепте көрсетілді.  Қазақстан  Республикасының экономикасының дамуына үлкен ықпалын тигізді.  тұрақты жұмыс істейтін өнеркәсіптер мемлекеттік бюджетке қомақты сома бөліп отыр, өнеркәсіпті биікке жандандырып жатыр, аймақтық қоғамның сәтті факторларының негізгі болып табылатын көптеген жұмысқа қабілетті бар халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Менің өндірістік практиканы өтуімнің мақсаты теория жүзінде өткен тақырыптарды практика жүзінде іске асыру арқылы практикалық тәжірибе жинау. Мамандық бойынша тәжірибе алу . Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі. Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті болуымен байланыстыбасқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпараттықалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Шығарылатын өнімге сұраныс, белгілі бір жағдайлар мен талаптарда өнімді өткізу мүмкіншілігі, бұл өнімнің өндірісін материалдық – техникалық қамтамасыз ету, негізгі өндіріс, өндірістің техникалық дайындығы, өндіріске шығындар мен белгілі бір бұйымдарды шығарудың тиімділігі жайлы ақпарат көлемі ұлғаяды. Мен өндірістік практикамды «Ақ-Жол-Сервис KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігінде өттім. Серіктестіктің оқшауланған мүлкі, дербес балансы, есептік және басқа шоттары, дөңгелек мөрі,мөртабандары, өз атауы көрсетілген бланктері,басқа да қажетті деректемелері бар заңды тұлға болып табылады. Серіктестік филиалдар, өкілдіктер ашуға құқығы бар. Серіктестік заңнамамен белгіленген тәртіпте сыртқы экономикалық қызметін дербес жүргізуге құқығы бар. Өндірістік  практика өту барысында нормативтік  құқықтық  құжаттамамен үйрендім, өз мамандығымды практика жүзінде үйрендім. Есеп берудің бірнеше  түрін  үйрендім. Мамандық бойынша құжаттарды толтырумен айналыстым,  құжат толтырудың формалары және әдіс тәсілдерімен жұмыс жасауды меңгердім.

1.2. Ұйымның құрылымымен танысу. Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында «Северный» районының №102 үйінде «Ақ-Жол-Сервис KZ»ЖШС-нің  ұйымы  2009 жылы іске қосылды,  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің шешімімен кәсіпорын жарғысы мен ережелері бекітілген. Серіктестіктің құрылтайшысы  Нокин Серік Кенесұлы. Бұл кәсіпорын 6 жылдан бері Қазақстандағы жоғарғы дәрежеде жұмыс істейтін строй компаниясы қызметіне өзi жетекшiлік ететін және осы бойынша танылған кәсіпорынның бiрi болып табылады. Бұл кәсіпорын қысқа мерзiм ішінде өндiрiсте үлкен тәжiрибе жинаған. ЖШС «Ақ-Жол-Сервис KZ» кәсіпорыны қызметтерімен, жоғары сапамен орындау және жоғары бiлiктi сервисді тиiмдi пайдаланумен ерекшеленедi.

«Ақ-Жол-Сервис KZ» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі жеке меншік нысанына негізделген,  Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және өзге  де шетелдердің аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін «Ақ-Жол-Сервис KZ» кешені ең жоғарғысы болып табылады, құрамы – 48,5 пайыз. Мамандығын жетiлдiру мақ-саттарында мамандарға тренингтер, семинарлар және үйрену мерзiмі белгіленген дәрістер жүргiзiледi.

Серiктестiк бұл уақытта үлкен тәжiрибеде жұмыс жасады, атақ алды, бизнес  бойымен тұтынушылар мен серiктестерде құрмет жаулап алды. Жетiстiктiң  құпиясы«Ақ-Жол-Сервис KZ» сапалылыққа кепiлдiк береді және меншiктi өндiрiстiң тек қана бұйымын сатудан тұрады.

1.3. Кәсіпорынның негізгі басшылығымен және мамандарымен, еңбек жағдайы мен жұмыс тәртібімен танысу.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында «Северный» районының №102 «Ақ-Жол-Сервис KZ» ЖШС-нің ұйымы 2009 жылы іске қосылды. «Ақ-Жол-Сервис KZ» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі жеке меншік нысанына негізделген, Қазақстан  Республикасының, ТМД елдерінің  және өзге де шетелдердің аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Құрылтайшының шешіміне сәйкес тіркелген және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңдарының негізінде әрекет етеді.

«Ақ-Жол-СервисKZ» ЖШС-нің басшылығының басқару құрылымын дирек-торы жүргізеді. Ол кәсіпорын барлық іс-әрекетіне жетекшілік етеді және де өзіне бағынышты барлық бөлімшелердің жұмысының орындалуын талап етеді. Директордың көмекшісі және орынбасарлары бар. Оларда өздеріне тиісті бөлімшелердің жұмысын бағдарлайды және бақылайды. Сонымен қатар зауытта әскери күзет қызметі ЖШС «Аспанай Секъюрити» және заң бөлімі қызмет етеді.Әскери күзет бөлімінің қызметі қауіпсіздік және де зауыттың территориясына бөтен адамдарды кіргізбеу болып табылады. Коммерциялық сұрақтар және автокөлік бойынша директордың орынбасары автокөлік цех, құрал жабдықтар бөлімі, ОМТС, қоймалар, цехқа бақылау жүргізеді. Ішкі байланыс және өткізу бойынша директордың орынбасары кәсіпорындық дайын өнімін өткізу, кәсіпорынның маркетиндік стратегиясын өңдеумен айналысады. Оған бағыныштылар: Ішкі электрбайланысжәне ішкі өткізу бөлімінің бастығы, өткізу секторы, ішкі электр байланыс секторы, таразы.  Байланысу құрылымындағы ең маңызды орынды алатын бас инженер. Оған бағыныштылар: өндіріс бойынша басмаман,бас механик, бас эенергетик, бас технолог, ПКО бастығы. Бұлардың арқайсысының өздерінің бөлімдерінің мүшесін ұйымдастырады және басшылық етеді. Қаржыны жобалау және инвестициябойынша директордың орынбасары экономикалық сипаттама мәселелеріне жауапты. Оның қарамағында: бас экономист, жоспарлы экономи-калық бөлім бастығы, жос-парлы экономикалық бөлім, еңбек ақы төлеу және штаб бөлімінің бастығы еңбек ақы төлеу және жалақы бөлімі. Бас бухгалтер бухгалтерияның және кәсіпорынның жұмысын бақылайды. Кадрлар және жалпы сұрақтар бойынша директор орынбасары, кадр бөлімінің бастығы кадрлар бөлімі, әкімшілік шаруашылық бөлім, концелярия, арнайы бөлім, редакция, шаруашылық цехы, жұмысшылармен жабдық-тау бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыра-ды, жоспарлайды, бақылайды. Бас инженер кәсіпорынның техникалық міндетін атқаратын жұмысты басқарады, жоспар орындалуына жауапты болады, жоғары сапалы өнім шығаруына, жаңа технологияларды қолданылуына жауап береді. Бас инженер кәсіпорынның өндірістік-техникалық кеңесін басқарады. Оған техникалық, бас механик,басэнергетик, өндірістікдиспетчерлік, техникалық бақылау, техника қауіпсіздігі бөлімдері бағынады. Техникалық бөлімнің міндетіне шығарылған өнімнің дамуының жолдары кіреді, жаңа өнім түрлерін жасап шығару, ғылым мен техниканың жаңа түрлерін өндіріс-ке енгізу, өндірістік процестерді механизациялау мен автоматтандыру, қойылған технологияның қадағалануы кіреді. Бас механик бөлімі өзіне бағынатын бөлімшелермен бірге технологиялық жабдықтардың жұмысы мен жағдайын бақылайды, технологиялық жабдықтарды  жөндейді, ескірген және жаңа жабдықтарға монтаж және демонтаж жасайды. Бас энергетик бөлімі, өзіне бағынатын басқа бөлімшелермен бірге кәсіпорынды электроэнергиясымен, жылумен, ауамен, сумен, кислородпен тоқтаусыз қамтамасыз етеді. Энергетикалық жабдықтарды жөндейді, электроэнергияның, судың,  жылудың, ауаның жұмсалған шығысын есептейді, энергетика цехтарында шаруашы-лық есептерді ұйымдастырады, энергетикалық жабдықтардың, қолданылумерзімінұлғайтады, ауа бассейнінің ластанбауын және судың таза тұруын қадағалайды, энергетикалық цехтарда ғылыми түрде ұйымдастырылуын қадағалайды, тұтынушылық-ты есептеуін, энергобалансты жасауын, персоналға инструкция және білім беруін қамтамасыз етеді. Басқа бөлімдермен өндірістік қарым-қатынаста болып, энергия беруші аудандық ұйымдармен байланысады. Өндірістік диспетчерлік бөлімі – өндірістің жүргізілуіне бақылау жасайды, жұмыстың айлық кестесін құрады, өндірісті тоқтататын себептерді жояды.

Техникалық бақылау бөлімі (ОТК) – дайын өнім сапасы мен кешеніне бақылау жасайды, ақауды ескертумен  азайту жолдарын  қарастырады, кәсіпорынға түсетін өнімнің, материалдың, жартылай өнімдірдің сапасын тексеріп отырады. Еңбек ұжымның қызметіндегі жалпы баға өнімнің сапасына беріледі. Бас экономист директордың экономикалық сұрақтары бойынша орынбасары болады, жоспар құрудағы және экономикалық стимулды көтереді, еңбек көрсеткіштерін көтереді, төлемақыны шығаруы және төлеуі, зауыт ішіндегі қаржы төлеуін ұйымдастыруына басшылық етеді. Оған жоспарлы экономика бөлімі, бухгалтерия, қаржы бөлімі, экономика бөлімдері бағынады. Жоспарлы экономикалық бөлімі – жылдық, кварталдық жоспарларды жасайды, олардың орындалуын қадағалайды, кемшіліктерін болдырмауын қарастырады, ішкі зауыттық және ішкі цехтың жоспарларды ұйымдастырып жүзеге асырады, экономикалық ынталандыру нормативтерін жасайды, сипаттама-лық жедел есептеу қызметін атқарады, негізгі агрегаттар мен цехтар, зауыттардың жұмысының нәтижесін көрсетеді, жаңа проектілер мен өнімге баға шығарып, қолдауға жібереді. Жоспарлы экономикалық ұйымдастырудың тәжірибесін зерттеп, оны жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді. Бас бухгалтер – кәсіпорынның қаражаты мен шаруашылық операциялар-ды есепке алады, кәсіпорыннын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Қаржылық бөлім – дайын өнімді өткізу мақсатындағы тапсырыс беруші-лер мен тапсырушыларға қаржылық есеп айырысу жасайды, керекті өнімге, жылу,материал, отын алуға есептер жүргізеді. Бұл бөлімнің міндетіне банктен несие алу, уақтылы қарызды қайтару, мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасын нығайту жа-тады. Экономикалық қызмет бөлімі – кәсіпорынның жан-жақты қызметінің нәтиже-сіне талдау жасайды, кәсіпорынынң тиімділігін нығайтуға әр түрлі жағдайжасайды,өндірістің шығарылуын көтереді, еңбектің ұйымдастырылуын ғылыми түрде өткізе-тін методикалық негізде жүргізеді, техникалық-экономикалық нормативтерді жасаудағы және нақты экономикалық стимулдарды жасайды.

Кадрларды басқару бөлімі – кадрлар бөлімі, еңбекті ұйымдастыру мен жалақыны төлеуді қамтамасыз етеді.

Компания қоғам алдындағы жауапкершілікті өндірістік қызметті табысты жүргізу, лайықты жұмыс жағдайын жасау, еңбеккерлер мен олардың отбасыла-рын қамқорлыққа алу, облыс тұрғындарымен өзара байланыста болу деп түсінеді. «Ақ-Жол-Сервис KZ» ЖШС өз еңбеккерлерін лайықты тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етіп қана қоймай, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына да ықпал жасауға ұмтылады.