Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BILETTER.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.9 Кб
Скачать

1-билет 20-ғасырдың 20-40 жж Қазақстан халқының құрамындағы демографиялық және ұлттық өзгерістер

1939-1959 жылдар арасыңдағы Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістерді бірнеше ішкі кезеңдерге бөле отырып қарастыруға болады:

Бірінші кезең 1939 жылғы санақ пен 1946 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды. Республика халқының қарастырылып отырған 20 жыл ішіңдегі айтарлықтай кемуі 1941-1945 жыддардағы демографиялық апат кезеңіне тен. Бұл мерзім ішіндегі халық құамының өзгерістеріне депортациялар, екінші дүние жүзілік соғысы және соғысқа қатысты мобилизация мен демобилизация, стихиялы және реттеулі эвакуация мен реэвакуация, өнеркөсіп орындарын көшіру, Еңбек армиясына мобилизациялау әсер етті.

Осы жылдары республика халқы 460,2 мың адамға кеміді. Ұлы Отан соғысы кезіңце 1202 мыңдық шығыны болған халықтың 1939-1946 жылдар аралығында 460,2 мың адамға ғана кемуі 1939-1941 жылдар мен 1945-1946 жылдар аралығындағи табиғи өсім мен көші-қон арқасында мүмкін болды. Қазақстан халқы 1939 жылы 6394 мыңнан 1941 жылы 6425 мың адамға өсіп, 31 мың (0,5%) адамға көбейді. 1941 жылдан 1945 жылдың 1-ші қаңтары арасында халық саны 6425 мыңнан 5808 мыңға түсіп, 617 мыңға кеміді. 1946 жылы 5933,8 мын адам есепте тұрды (1941 жылғы мөлшердің 92,4%). 1945 жылдың 1 қантары мен 1946 жылдың 1 қаңтары арасындағы халық санының 125 мыңдық өсімін республикаға соғыстан қайтқаңдар берді. 1946 жылдың бас кезіңдегі реэвакуация мен демобилизация аяқталғаннан соң Қазақстан халқының нақты саны айқындалды. 1945-1946 жылдар арасында Қазақстан халқы 549 мың адамға (8,5%-ға), жылына 109,9 мың адамға кеміген. Соғыс жылдары өлім-жітім көрсеткіші төмендеді. Егерде, Қазақстанда 1940 жылы 134,4 мың адам өлсе, соғыс жылдары жылына орта есеппен 104,5 мың адам, немесе 1940 жылғы өлім-жітімен 29,9 мың кем адам өлген. Мұның себебі: соғыс жылдарындағы туудың төмендеуіне; туу мен өлім-жітім туралы есептің толық болмағандығына; 16-55жас аралығындағы еркек кіндіктілердің (1300 мыңнан аса) соғыс майдандарында болуына, отбасылардың толық болмауына байланысты.

Ұлы Отан соғысы республиканың демографиялық тарихында өшпес із қалдырды. 1941 жылы есептегі арнайы қоныстанушылар мен эвакуацияларды қосқанда 7,6 миллион (қоспағанда 6425 мың) болған республика халқының 1366 мыңы Отанды қорғауға аттанды. Оның 330 мыңдайы өліп, 271 мыңы хабарсыз кетті, барлығы 601 мың адам тікелей шығын болды Жанама шығынмен қосқанда барлығы 1202 мың адам шығын болды. Соның ішіндегі қазақтардан тікелей 153,9 мың, жанамалай 172,1 мың, барлығы 326,0 мың адам шығын болды [45]. Соғыс шығыны ашаршылықтың демографиялық зардабындай бола қойған жоқ. Соғыста негізінен еркек кіндіктілер өліп, ал, өсім беретін әйелдер мен балалар аман қалса, ашаршылықта, керісінше, жеткіншек жас ұрпақ көп қырылып, ал, бала туатын әйелдер саны қатты шығынға ұшыраған. Соңдықтан, соғыстың сандық тура шығыны ашаршылықтың тура адам шығынынан 6 есе кем болса, ал, жанама адам шығындары тіпті 10 есеге жеңілдеу болды. Халқымыз соғыстың адам шығынын 12 жылда толтырса (1953 жылы соғысқа дейінгі деңгейге көтерілді), ашаршылық әкелген олқылықтарды 40 жылда әрең толтырды.

Туу керсеткіштеріне келсек, соғыс жылдарыңда республика халқының туу мүмкіндігі жойылған жанама адам шығыны 592 мың адам болды, соғыс майдандарында, тұтқында, госпиталдарда өлгені, хабар-ошарсыз кеткені т.б. бар, тура шығыны 601 мың адам болды. Батыс Қазақстанда бейбіт халық арасынан 300 адам өлген, барлығы 1939-1945 жылдар арасында Қазақстан 1202 мың адамынан айрылған. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Алматы қаласынан адам шығыны кен болған. Сонымен бірге, 1920 жылдардан бері республикада репрессияланғандардың 30-33% соғыс жылдарына сай келеді.

Сонымен, 1939-1946 жылдар аралығында туу керсеткіштері мен өлім-жітім деңгейі төмендеді. Соның нәтижесінде, осы кезеңде халықтың жалпы санында кему үрдісі басымдылық танытты [46].

Екінші кезең 1946-1951 жылдардағы, халықтың соғыстан кейінгі бүлінген, титықтаған қала мен ауылды, халық шаруашылығын қалпына келтіру, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін арттыру шараларын жүргізу кезеңіндегі этнодемографиялық процестерді қамтиды.

Бұл кезде Қазақстан халқының (тұтастай алғанда КСРО халқының) экономикалық, әлеуметтік-этнодемографиялық дамуында социалистік, тоталитарлық катынастар кең етек жайды. Соғыстан кейінгі жылдары елдің орталыққа бағынғаң; жоспарлы экономикасының тиімділігі туралы сенім тұрақтау: догмалық қасиетке ие болды. Соғыстағы жеңіс қоғамдық дамудың социалистік моделінін сөзсіз дұрыстығының дәлелі ретінде қарастырылды. Ал, сталиндік партиялық-мемлекеттік үгіт бұл ұғымды халықтың санасына сіңіріп, сол кезеңдегі қоғамдық қатынастарға бейімделген этнодемографиялық қатынастарды қалыптастырды.

1946-1951 жылдар — компенсаторлық кезең. Соғыстаң кейінгі отбасылардың бірігуі, бірінші және екінші кезектегі некеге тұру негізіндегі «некелесу науқаны» кезінде туу деңгейлері өсті, бірақ, өлім-жітім төмендемеді. Соғыстан кейін депортацияланғандар өз еліне қайтарыла бастады. 1946 жылдың 1 қаңтарында республикада 726 мың, 1947 жылдың 1 қаңтарыңда 426 мың арнайы жер аударылғандар есептелінді. (Арнайы жер аударылғандардын санының кемуі тек өз отанына қайтабастағанына ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы өлім-жітімнің де өскеңдігіне байланысты).

Сондай-ақ, бұл кезең репрессияның әлеуметтік топтарды түгел қамтыған, әсіресе, ұлттық интеллигенция өкілдеріне жаңа қарқынмен соққы болып тиген уақыты.

Қазақстан халқы 1946 жылш 5933,8 мыңнан 1951 жылы 6818 мыңға жетіп, 942 мыңға (15%-ға, жылына 188,4 мыңға) өсті. Тұрғындар саны қалада 494 мыңға (22%) өсіп, үлесі 2,5 пайызға көтерілсе, ауылда 385 мыңға (10%) өсіп, үлесі 2,5 пайызға төмендеді. Бұл кезеңнің соңына қарай республика өзінің соғыс уақытындағы адам шығынының орнын толтырып, соғысқа дейінгі көрсеткішіне қол жеткізді.

Үшінші кезеңді қамтитын, 1951-1959 жылдар аралығындағы 9 жыл ішінде өнеркәсіп орындарын салу, тың жерлерді игеру негізіңдегі көші-қондар қарқыны Қазақстандаға қазақтардың үлесін 1939 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендетіп, 29,8%-ға түсірді. Сол арқылы, ХХ-ғасыр бойы жүргізілген қазақ халқы үлесінің кему үрдісі шегіне жеткізілді. Бұл — тоталитарлық жүйенің толық күшіне енген, экономиканың дамуын жеделдету, елді иңдустрияландыру, ауыл шаруашылығында реформа-эксперименттер легін жүргізу т.б. шаралар негізінде жұмысшы табының жетекшілік рөлін көтеру және қазақстандық ингеллигенцияның қалыптасу кезеңі. Осы кезеңнің соңына қарай қазақ халқының 22-25%-дық өсімін берген 1960-1962 жылдардағы «демографиялық дүмпудің» негізі қалаңды.

1951-1959 жылдар арасында республикадағы тұрғындар саны 2476 мыңға (136,3%), немесе, жылына 309,5 мыңға өсіп, 1959 жылғы санақта 9294 мың болды. Ең көп өсім 1955—1956 жылдары байқалды: 591 мың адам қосылды. Бұл 1951 жылғы 90,8 мыңдық өсімге қарағанда 6,5 есе көп. Сонымен қатар халық санындағы өсім тың жерлерді игеруге келгеңдердің, сондай-ақ, 1955-1956 жылдары Қытайдан келген 240 мыңдық «кеңес азаматтарының» да есебінен деуге болады. 1955 жылы «кеңес азаматтары» елдегі бүкіл халыктың 2,8% құрады.

Сонымен, 1939-1959 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон-белсенділігін туғызған әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудағы факторлар: тұтастай халықтарды күштеп жер аударулар, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы мен соғыс кезіндегі мобилизация, эвакуация, соғыстан кейінгі демобилизация мен реэвакуация, шаруашылықты қалпына келтіру мен репатриация, тың және тыңайған жерлерді игеру мен елдің индустриалдық дамуын жеделдету және т.б. шаралары Қазақстан аумағын түгел қамтыды және халық құрамын терең өзгерістерге ұшыратты. Яғни, республиканың демографиялық дамуына әсер еткен сырткы факторлар барлық аймақтарға ортақ болып, халық саны динамикасына ерекше әсер етті. Бұл жылдары тұрғындар санының өсу қарқыны жөнінен Қазақстан КСРО-да тұрақты 1-орында болды (одақтық көрсеткіштен 7 есе артық). Қазақстан халқы 1939 жылғы 6394 мың адамнан 1959 жылы 9295 мың адамға көтеріліп, 2901 мың адамға (145,4%-ға) өскен

2-билет 20-ғасырдың 20-40 жж Қазақстан мәдениеттің дамуы

Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен  заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға  жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.

Москва мен  Ленинградта  “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.

Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары  А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.

1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл  бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері – Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “ұлтшыл” атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген “Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты әдеби еңбегіне де  космополиттік деген кәні тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың “Мәншүк” еңбектері қайтып алынды.

Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке  басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” жойылып, ГУЛАГ  МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.

Сотталған  адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы  Ж.Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955-1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957-1960),  Д.А.Қонаев (1960-1962), И.Юсупов (1962-1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді.

1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы  мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.

Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер  орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған  башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.

Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды.

1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.

Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды.

Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды.

Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық  шығын әкелді. 1963 жылға  дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.

Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды  ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы  КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.

Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады.  ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын  орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5 – 8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.

Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан  КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды.

Соғыстың зардабы мәдениет саласының  дамуында да үлкен қиыншылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келдірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты”, Ә.Нұрпейісовтың “Курляндия”, С.Мұқановтың “Сырдария”, Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар республика әдебиеті жазушылар Ә.Нұрпейісовтың, Т.Ахтановтың, Б.Момышұлының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармаларымен байыды. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы дүние жүзіне танылды. М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”, Брусиловскийдің “Дударай”, Қ.Қожамияровтың “Назугул” опералары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.

1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ.И.Сәтбаев сайланды. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М.Әуезов, Ә.Бектұров, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-корреспонденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғұлан, М.И.Усанович және т.б. сайланды. 50-шы жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның комплексті металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны және оның методикасын зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сәтпаев және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды.

Ал жоғарғы оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ,  50-ші жылдары 13 институт: Семейде – малдәрігерлік-зоотехникалық және медициналық, Қарағандыда – медициналық, политехникалық және педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте және басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды.

Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол және пионер ұйымдары, мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады.  Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің  саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95 % орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тәртіптің бұл қылмысының нәтижесінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінің  аясы жылдан жылға тарылып, тіпті ұлттық территорияға қауіп төнген жағдайлар орын алды.

Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық мәселелердің барлығы тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек  дәріптелді. 

3-билет Қазан төңкерісі Қазақстанда. Кеңестер билігінің орнауы

1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.Оның себептері: 1) Монархияның ауыр мұрасы 2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.

Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.

1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы: — Басқару түрі; — Автономия; — Азаматтың негізгі құқықтары; — Дін ұстану туралы мәселе; — Соттар туралы; — Қорғаныс; — Салық; — Жұмысшы мәселесі; — Халық ағарту; — Жер мәселесі.

Бағдарлама жобасының маңызы: 1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда — бейбіт жолмен.

4-билет ХІХ ғ. Екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында қазақ ұлт-зиялыларының қызметі

Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX тасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болтан өзгерістер қазақ халқынын рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық [[экспан- сия]]мен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады.Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті

5-билет Ақпан революциясы және Қазақстанда қос үкіметтің орнауы

Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурызРесей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөзбаспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.ШоқайА.БірімжановА.КенесаринТүркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының,кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердіңэсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.

Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкіметбиліктен тайдырылды

6-билет ХХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақстандағы сталиндік саяси қуғын-сүргін толқындары.

Ұлттың мүддесі дегеніміз ұлттың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ететін игіліктер. Рухани қажеттігін өтей білген ұлттың материалдық игіліктері де қорғалмақшы. Демек, ұлттық мүддесін қорғай білген мемлекеттің тәуелсіздігі өміршең болмақ. Осы орайда ұлттық сананы көтеру ісінде  негізгі салмақ тарих ғылымына түсетіндігін де мойындаймыз. Себебі, тарих өткен уақыт шындығын зерделейтін, кісілік келбетті сомдайтын  іргелі ғылым.

Ұлт мүддесі ұлт зиялыларының деңгейіне қарай қорғалмақ. Қазақ зиялылары әрқашанда ұлт мүддесін қорғай білді. Сондықтан да олар  сталиндік саяси қуғын – сүргін құрығына жаппай ілікті. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тапқандығы да тарихтан мәлім. Қазақ зиялыларының көрген қасіретін, рухани жан азабын жеткізу өте ауыр. Сталиндік саяси қуғын – сүргін қоғам өмірінің барлық саласын қамтығандықтан, тіпті оның құрығына әйелдер мен балалар да ілікті. Осы тұста кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің қазақ әйелдерінің теңдігі мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеріп, оны өз саяси мақсат – мүддесіне орай шешкендігіне де ерекше назар қажет.

        Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты - ұлттық рухы биік тұлғаларды қалыптастыру проблемасы екендігі де шындық. Ұлттық рухы биік жан тұлғалық деңгейге жетіп игілік пен ізгіліктің шапағатын өз айналасына тигізіп қана қоймайды, ұлтын өрге сүйрейді, келер ұрпақтың есті болып жетілуіне өзіндік үлесін қосады. Ұлттық рухы биік түұлғаны қалыптастыру үшін өткен тарих даналығына зер саламыз. Өкініше орай, кеңестік тоталитарлық жүйе дәуірлеп тұрған өз уақытында, КСРО құрамындағы ұлттардың өздік санасын өзінің «идеологиясына» сай қалыптастыруға барлық күшін жұмсады. Соның салдарынан бірнеше ұрпақ этникалық өздік сана жадынан айрылып, «кеңес өкіметінің балалары» санасымен тәрбиеленді. Оның салдары әлі күнге дейін күнделікті өмірден көрініс беріп те жататындығы ешкімге құпия емес.

Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін ақылмен пайымдауға да  күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқын кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының кісілік келбетін дәйектемек. 

    Тәуелсіздік алғаннан бері Отандық тарих ғылымында кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам тұсындағы саяси қуғын – сүргін зобалаңы зерттелінуде. Кеңес өкіметінің саяси ұстанымы өз ұлтының мүддесін ойлағандарды «ұлтшылдар», «тап жаулары», «жікшілдер», «оңшылдар», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп бөлшектегені де тарихтан мәлім. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тауып, жұртын сүйгендердің тағдырын кеңестік биліктің «шешкендігі» де мәлім. Қазақ ұлты өмірінде «ел-жұрт» атты категориямен берілетін даналық бар. Ел-жұрт ұғымымен бірге өскен қазақ баласында елдік түсінігі жоғары болды. Саяси қуғын – сүргін шаралары қазақты елдік санадан айыруға жол ашты. Саяси қуғын-сүргін салдарынан тексіздікке жол ашылғанымен, сталиндік зобалаң ұлт болмысының тамырын қиюға шамасы жетпеді. Оның түп-төркінін қазақ тарихының кісілік келбетінің биіктігінен, рух үндестігінің қуаттылығынан іздейміз. Әрине, бұл өз алдына бөлек зерделенетін іргелі тақырыптардың бірі екендігі де даусыз.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын – сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды. Осы мақсатта ең алдымен қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған дәлел ретінде сол жылдары қабылданған заңдарды алға тартамыз. Кеңес мемлекетінің заңдары қазан төңкерісінен бастап –ақ тоталитарлық жүйенің орнығуына жол ашты. Кеңестік құқық «биліктен айырылған қанаушы таптарға» қарсы бағытталғандықтан, адамдар шыққан әлеуметтік тегі үшін жазаланды. Кеңестік заңдар «кеңестік тәртіпті» нығайтуға, социалистік экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге тиіс болды [1]. Сөз жүзінде заңдардың сипаты демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар арасындағы күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси қуғын – сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.

    Кеңестік тоталитарлық жүйе билік тармақтарын бір – бірімен байланыстырып, сот билігін саясаттың құралына, коммунистік партияның қолшоқпарына айналдырды. Сол арқылы репрессиялық шаралар жүргізілді. Сот билігі өзіндік мәртебесінен айырылған тұста өрескел заңсыздықтар етек алып, адам құқықтары аяққа басылды. Ең алдымен халықты идеологиялық өңдеу ісі қарқынды қолға алынды. Ср. А. Хайек тоталитарлық қоғамда билік басына қабілетсіз тұлғалардың келетіндігін және ол қоғамның азаматтары идеалға шын берілгендіктен де аморальды істерді жасайтындығын жазған еді.  Р. Конквест өзінің «Большой террор» деген еңбегінде КСРО – дағы тоталитарлық тәртіпті зерттеп, репрессияның көлемі туралы пікір – таластардың бастамасын жасаған болатын. Сонымен кеңестік тоталитаризм тұсындағы саяси қуғын-сүргін шындығын ең алдымен шетелдік зерттеушілер көрсетті. Алайда, осы тұста КСРО – да КОКП - ның ХХ сьезінен кейін түрме мен еңбекпен түзету лагерлерінде болған тұлғалардың естеліктері мен әңгімелері шыға бастағандығын да ескеруіміз шарт. Сталиндік саясат біржақты сынға ие болды. Саяси қуғын – сүргін туралы еңбектер Л.И. Брежневтің басқару жылдарында кенет азайған. М.С. Горбачев тұсында сталиндік қуғын-сүргінді әшкерелеген еңбектер көп жазылса, ал одан кейінегі жылдары Сталинге дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін тарихы жазыла бастады. КСРО –ның өзінде қуғын – сүргін тақырыбы туралы тек қана диссиденттер жазған-ды. Олар өз шығармаларын шетелдерде бастырған. Бірақ, олар саяси қуғын-сүргін мехнизмін дәл ашып көрсете алмады. Ол үшін саяси қуғын – сүргіннің жүргізілу барысын көрсететін мұрағат құжаттарын жүйелі түрде зерттеу керек еді.

КСРО-дағы қайта құру курсына байланысты 1988-1991 жылдары кеңстік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін саясаты мен кеңестік тоталитаризмді терең зерттеуіне жол ашылды. Осы кезеңде жапай қуғын – сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар, мақалалар жинағы көптеп жарияланды. Кейін тоталитарлық жүйе құлаған Қазақстанның зерттеушілері қуғын-сүргін саясатының алғышарттарын, жүргізілу барысын, салдарын қарқынды зерттеді. Әлі де зерттеу жұмыстары жалғасуда. Себебі, сталиндік зобалаңның ауқымы кең болғандықтан, оны 5-10 жыл көлемінде зерттеп болу мүмкін емес. Тәуелсіздіктің арқасында шаң басқан мұрағаттардағы зерттеушісін күтіп сарғайып жатқан деректерге қолымыз жетіп, сол уақыттың шындығын көре бастадық. Зерттеушілер «құпия» қорларды зерттегендіктен де, көптеген жаңа еңбектер жарық көрді.

Кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында саясат жүргізіп, «кеңес халқын» қалыптастыру ісін қарқынды қолға алды. Енді саяси қуғын-сүргіннің адам құқығын аяққа басқан заңдық негіздерін зерделесек: КСРО-да 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін социалистік құрылысты орнықтырудағы шаруашылық механизмінің ажыратылмас бөлігіне айналды. 1920 жылдан бастап ВЧК-ГПУ-НКВД халық арасынан «кеңестерге қарсы мәліметтерді» жүйелі түрде жинаған[2]. Жак Росидің айтуынша 1920 жылдың басынан бастап-ақ «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» іс-әрекеті үшін 6 айдан жоғары мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Ал, 1930 жылы РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-10 бабымен 10 жылға сотталғандар саны миллионға жетіп, ГУЛАГ халқының 25 процентін құраған. Осы баппен сотталғандар түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде «агитатор» деген атты иеленген[3].

1920-1930 жылдары кеңестік сот жүйесі қайта құрылып, саяси қуғын-сүргін шараларын жүргізуге бейімделді. Кеңестік заңдар халық шаруашылығын дамытуға есептелген жаңа экономикалық саясаттың тиімді тетігі болғандығын да көптеген зерттеушілер дәлелдеді[1, С.677]. Сол кезеңдегі КСРО Конституциясының 157-бабында сот мәжілістері ашық жүргізіледі, ал 155-бапта судьялар мен халық заседательдері дербес, тәуелсіз болып, тек қана заңға бағынады деп жазылғанмен, іс жүзінде жағдай басқаша болды. Конституция тұжырымдары мен шынайы өмір арасындағы алшақтық адамдардың өз қоғамынан жаттануына (отчуждения от общества) әкелді. Саяси қуғын – сүргіннің қалыптаса бастаған жүйесіне сталиннің болмысы сәйкес келген. Ол тіпті, генералдарды да ғайбат (донос) айтуға мәжбүрлеген: « ... Плохо сигнализируете. А, без ваших сигналовни военком, ни ЦК ничего не могут знать», деп жеткізілген ақпараттың 95 проценті жалған, ал 5 проценті шындық болса да қанағаттанған[4].

1928-1931 жылдары жалған айып пен жала жабу әдісі күшейіп, айыпкерді «мойындатудың» әдіс – тәсілдері жетілдіріліп, ОГПУ – дің қолында репрессияны жүргізудің даяр механизмі болған. Осы механизм 1930 жылдары толықтай күшіне енген. Нәтижесінде саяси қуғын – сүргін жалпылама бағыт алды. Сот – тергеу органдарының жазалаушы қызметі саяси – шаруашылық науқандар барысында қарқынды деңгейде жүрді. Астық, ет дайындау, бай – кулактарды тап ретінде жою, социалистік меншікті қорғау науқандары кезінде жоспарды орындай алмаған халыққа қарсы қолданылған репрессиялық шаралар өте көлемді. Юстиция халық комиссариаты екі апта сайын сот – тергеу органдарынан экономикалық науқандарға қатысты қылмыс туралы мәліметтерді сұрап отырған.Сол кезде азаматтар үстінен қозғалған қылмыстық істердің басым көпшілігі заңсыз болған. Дәлел келтірсек: «... 1928 жылы сотталған шаруалар өз өнімдерін сатпаған және алыпсатарлықпен айналыспаған. Оларлың көпшілігінде астықты сату туралы рұқсат қағаз болғанымен, олардың үстінен заңсыз түрде түрде қылмыстық істер қозғалған» [5], - деген мазмұндағы деректер мұрағаттарда жиі кездеседі. Мәселен, Қылмыстық Кодекстің 61 бабының 3 тармағы науқан жоспарын орындамау мақсатында  ұйымдасқан топты жазалауға бағытталғанымен, осы бап бойына жеке адамдар да сотталған. Айыпқа тартылған тұлғаны «қылмыскер» атандыру үшін бірін – бірі танымайтын, әр ауылдан шыққан «айыпкерлерді» топтап, байланысы жоқ бірнеше істер біріктірілген. Ал, астық жинау науқанында кеңес өкіметіне наразылық білдіргендерді «террористік іс – әрекет» жасады деп айыптаған. Олар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 8 тармағымен ату жазасына кесілген. Тіпті, ауылдарында бай – кулак қаламағандығын айтқан ауылдық кеңес төрағалары да атылған. Ал, «науқан жоспарын орындауға шамамыз жетпейді» деп шындықты айтқан тұлғалар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 10 тармағымен сотталған. Нәтижесінде түрмелерге адам сыймай, сотталғандар адам төзгісіз жағдайда «жазаларын» өтеген. Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде азапты өмір туралы мұрғаттарда көптеген құжаттар сақталған. Түрмелерде адам санының шамамдан тыс болуын билік  «таптық күрестің шиеленісуінен» деп түсіндірген. Кейбір түрмелерде қылмыстық іс қозғалмай сотталған азаматтар да болған. Мысалы, 1931 жылы 112 орындық Қызылорда түрмесіндегі 325 адамның 203 – і ешқандай айыпсыз қамалған. Ал, 300 адам түрме қабырғасының жанында ашық аспан астында  «қамауда» жатқан[6]. 1930 жылдан бастап өлім жазасына кесілгендер туралы ақпарат мемлекеттік құпияға айналады.

1934 жылы С. М. Кировке жасалған қастандықтан соң репрессиялық саясат жедел дамыды. Нәтижесінде әскери емес адамдарды әскери алқа соттап, әрбір қылмыстық істі қарауға 15 минут уақыт «кеткен». Тергеушілер жауап алудың хаттамасын алдын ала дайындап, айыпкерге қол қойдыртқан.  НКВД органдарына тән ерекшелік тұтқынға алынған тұлғаның әлеуметтік тегіне, мүлкіне ерекеше назар аударатындығы. Сол жылдары сот – тергеу органдарына кәсіби біліміне қарамай, тек қана бұйрықты дәл орындайтын кадрлар іріктелген. Шала, сауатты, озбыр тергеушілер репрессиялық саясаттың нәтижесі. Егерде 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын – сүргін болмаса, осындай құбылыс өмірге келер ме еді? Адам құқын аяққа басқан заңсыздықтардың салдарынан ел арасында сот – тергеу органдарына үрей, сенімсіздікпен қарау үрдіс алған. Күні кешеге дейін КСРО бұғауынан шыққан елдер сот – тергеу органдарына сенімсіздікпен қарады. Өйткені, сот – тергеу органдары партияның айтқанын орындап, биліктің құралы ғана болды. Саяси қуғын – сүргінге ең алдымен ұлтжанды зиялылар ұшырады. Мұрағат құжаттары зиялылардың көзін жоюдың астарында саяси мән жатқандығын дәлелдейді. Тіпті, «халық жауы» атанып, атылған, лагерге айдалған тұлғалардың отбасы мүшелеріне дейін репрессияға ұшырады. Өйткені, кеңестік саясаттың түпкі мазмұнына кедергі болар отбасы құндылығы еді. Билік құрылымдары кез – келген отбасы мен жеке адам өміріне белсене араласты.

Қазақстандық әйелдерді, оның ішінде қазақ әйелдерінің саяси, құқықтық және әлеуметтік жағдайын өзгерту шаралары саяси қуғын – сүргінге ұласты. Саяси шаралар мен экономикалық науқандар барысындағы саяси қуғын – сүргін құрығынан әйелдер де аман қалмады. Саяси қуғын – сүргінге қазақтармен қоса, Қазақстанда өмір сүрген өзге ұлт өкілдері де ілікті.

«Ер адамдармен бірдей тең құқықты иеленген» (әйел теңдігі саясаты айтып отырмыз) әйел – аналар ер адамдармен бірдей дәрежеде қудаланды, ату жазасына кесілді, түрмеге жабылды, 8-25 жыл аралығында еңбекпен түзету лагерлерінде «жазаларын» өтеді. Өйткені, оларға ЧСИР (Отанын сатқандардың отбасы мүшелері) деген жалған айып тағылды. Міне, отандық тарихтың ең қайғылы, қасіретті беттерінің бірі. Қазақ тарихында мұндай сұмдық бұрын – соңды болмаған-ды. Қазан төңкерісіне дейінгі оқыған, зиялы қазақ қыздары қоғамдық қызметтерден әдейі шеттетіліп, ғасырлардан ғасырларға жалғасқан отбасы құндылығына саяси мән берілді. 1928 жылы тұрмыстық қылмысқа қатысты заңдардың барлығы бір жүйеге келтіріліп, РСФСР Қылмыстық кодексінің «Рулық тұрмыс қалдықтарын құрайтын қылмыстар туралы» деп аталатын 10-тарауында жинақталған. 1926-1929 жылдардағы тұрмыстық қылмыс түрлерін талдағанда оның шамамен 60 проценті қазақ қыздары мен әйелдеріне қатысты қозғалған[7]. Қазақ әйелдерін социалистік құрылысқа тарту саясаты мақсатты түрде жүргізілген. 1927 жылы жарияланған «Қазақстан кәсіподақтарындағы әйелдер арасындағы жұмыс туралы» деп аталатын кітапта «Партияның басты мақсаты жұмысшы табының ішіндегі әйелдердің ерекше мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Теңдік туралы, әйелдерді дамыту туралы мәселелерді біз ортақ мақсат, шешімдерден шығара отырып шешуіміз қажет» деп жазылған жолдар кеңестік биліктің әйелдерге бағытталған саясатының негізгі мазмұнын көрсетеді. Әрбір ұлттың мінезін ескере отырып, оны өзіне тиімді тұрғда идеологиялық өңдеуден өткізуге тұрғысында белсенді шаралар жүргізілді. Осы мақсатта кітапшалар, газет – журналдар көптеп шығарылған («Жетісу әйелдері», «Әйел теңдігі», «Азат әйел» және т.б. айтуымызға болады). Әйелдерді партияға кіргізу арқылы, олардың қызметін өсіріп, социалистік құрылысты нсихаттатқызды. Сонымен қатар, партия өзінің жүргізген шапраларының орындалу деңгейін қатаң бақылап отырған.

1920-1930 жж. Қазақ өлекелік БК(б)П комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі, әйелдердің саяси – құқықтық және экономикалық жағдайын өзгертуге бағытталған саясатты жүргізетін, партия нұсқауын орындаушы органға айналады. Қазақстандағы делегат әйелдердің жиналыстары әйелдерді республиканың өндірістік және қоғамдық өміріне тарту ықпал етіп, нәтижесінде жылдан жылға делегат әйелдердің саны артқан. Әйелдер клубтары мен жиналыстарының негізгі мақсаты мен міндеті «ескі тұрмыс қалдықтарымен күресу» ісіне қазақ қыздары мен әйелдерін тарту болатын. 1925 жылдан бастап құрылған қызыл отаулар да әйелдер арасында кеңес билігінің саясатын «ұғындыру» жұмысымен қарқынды айналысқан. Сонымен қатар, олар әйелдер арасында «кеңестерге қарсы» көңіл-күйді үнемі қадағалап, жоғарыға мәлімдеп отырған. Мәселен, 1926 жылы республикада 13 көшпелі қызыл отау болса, 1930 жылы олардың саны 74 – ке өскен. Мұрағаттардағы партия құжаттарында «мұсылман әйелдері үгіт – насихат жұмыстарына онша назар аудармайды, олардың арасында кеңестерге қарсы көңіл – күй басым» деген жолдар жиі кездеседі. Кеңес өкіметі қазақ қыздарының «надандығын» нағыз ұлтжанды зиялылардың басын біріктірген Алашорда үкіметіне кінә етіп те артқандығы тарихымыздан белгілі. 

Мұрағаттағы ОГПУ бөлімінің арнайы жазбаларында барлық округтерден «арнайы мәлімделер» жинақталып, «жоғарыға» жіберіліп отырған. ОГПУ бөлімі «жазбаларының» «Интеллигенция» деп аталатын екінші бөлімінде жергілікті жерлердегі зиялы қауым өкілдері мен олардың бала – шағаларының «кеңестерге қарсы» пиғылдағы әңгімелері жинақталған. Деректер келтірсек: «1929 жылы Зүбәйра Ілиясова малды сойып алу керек, Себебі, оны бәрібір өкімет тартып алады», Қызылорда округі, №15 ауылдың атқамінерлері Нұртаза Шоқаев пен оның ағасы Мырзеке Қалымбетов «парижде жүрген Мұстафа Шоқайдың өздеріне жақын арада қазақ халқы орыстардың езгісінен азат етіледі. Коммунистердің тәркілеу саясатынан қайғырмаңыздар. Кеңес өкіметі Қазақстаннан қуылғаннан кейін малдарыңыз қайтарылады, бұл жақын арада болатын жағдай» деген өсектер таратуда. Экономикалық науқандар кезінде ауыздан сөз «саяси мәнге» ие болып талай адам жазықсыз жау атанған. Мысалы, Орал округі, Жаңғалы ауылының тұрғыны Фатима Бакирова «Билік басындағылар байлардың малын тәркілеп, ал коммунистер тәркіленген мүліктерді арақ қылып ішеді» дегені үшін сотталған[5, 23 п.].  Ол кісінің арғы тағдыры беймәлім. Осылайша тізбектеліп кете беретін «мәлімдемелердің ізімен» жаппай жазалау жүргізілген. Жазықсыз жазаланған әйелдер түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде қанша қорлық көрсе де, психологиялық тұрғыдан адам айтып жеткізе алмас рухани ауыр азап шексе де күйеулері мен балалары үшін өмірмен арпалысып, қиындыққа қайсарлықпен төзе білген ерекше әйелдер болатын. Олардың рухы биік еді. Биік рухымен ұлттың рухын асқақтатты.

1937 жылы 28 желтоқсанда Орталық Комитет «жауапқа тартылғандардың балалары мен туыстарын оқудан шығару туралы» шешім қабылдап, сан мыңдаған жазықсыз балалардың тағдырын ойыншыққа айналдырды. Қаулының орындалу барысын сот-тергеу органдары қатаң бақылап отырған. Нәтижесінде балаға тән көңілмен айтылған жеке пікірлер мен болмашы істерге саяси мән беріліп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Мәселен, Алматы қаласындағы мектептер мен техникумдардағы саяси тәрбие мен қоғамдық жұмыстардың кемшіліктері туралы жасалған баяндамада (ІІХК тарапынан әзірленген) оқушылардың «кеңестерге қарсы» істері тізілген. Осылайша адам құқығы өрескел түрде бұзылды. Сондықтан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың нақтылы санын айту да өте қиын. Орта ғасырлық жазалау әдістерін қолдану арқылы «қылмыскерлер» саны күрт артқан. Бұл жағдайды биліктегілер халыққа «тап күресі саясатының жемісті» болуы деп «ұғындырған». Сот процесстері А. Я. Вышинскийдің «дәлелдердің ханшасы» (царица доказательств) теориясының нәтижесінде «жемісті» болған. Әсіресе, 1937-1938 жылдары «конвейер» жүйесімен тергеу ісі ІІХК органдарының басты тірегі болды. Осы мәселені саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар өз естеліктерінде жиі жазады.  Бекболат Мұстафин басынан кешкен саяси қуғын-сүргінде  айта келе «...түрмеге алып келген соң құжаттарымды лақтырып, табанға тастады. «Сен Жапонның шпионысың» деп ұрады. Итше тепкілейді. Ешкімді ешнәрсеге сендіре алмайсың. Күн сайынғы көретін азап осындай. Олар мені үнемі тік тұрғызып қояды. Ұйқы жоқ, тергеу амалдарының бірі осындай болады екен ғой. Бірақ мен бәріне төздім, ешқандай құжатқа қол қоймадым...» [8], - деп одан әрі сталиндік қуұлт еркіндігін мәңгіге жоюды көздеген саясатын жазады. Ал, Е. Гинзбург өзінің «Крутой маршрут» еңбегінде «... Меня поставили на конвейер, непрерывный допрос. Они меняются, а я осталось все та же. Семь суток без сна и еды, даже без вовращения в камеру.  ...Цель конвейера – истощить нервы, обессилить физически, сломить сопротивления, заставить подписать то, что им требуется»[9], - деп сол кезеңдегі «мойындату әдісін» көрсетеді. 1937 жылы 20 қаңтарда НКВД басшысы Ежовтың құпия бұйрықтарының бірінде атылғандардың жерленген жерін көрсетпеу туралы да жазылды.

Сталин ішкі және сыртқы қауіпті сезініп, ауыр өнеркәсіп пен жедел индустрияландыруды дамыту арқылы қорғанысты нығайтуға ұмтылды. Есебі жоқ адам шығыны оны ойландырмады. Зерттеушілер дәлелдегендей социалистік құрылыс жаппай жазалау, қудалау саясатымен нығайтылды. Сотталғандардың еңбегі тегін пайдаланылды. Ірі – ірі құрылыс обьектілері  жазықсыз жандардың көз жасымен салынды. Ең сұмдығы адамдар «халық жауын» әшкерелеуге деген ұмтылыспен тәрбиеленіп, репрессиялық сана нормаға айнала бастады. Бірақ сонда да адамдар адами құндылықтардан айырылмады. Сонымен саяси қуғын – сүргін салдарынан ұлттың рухы тұншықтырылды. Әсіресе, отбасы бірлігіне қарсы бағытталған саясаттың астарында үлкен мән жатты. Ол ұлттың тектілік келбетін жою болатын-ды. Әрбір ұлттың ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық құндылықтарын қасақана жою арқылы тамырсыз адамдарды (өзіндік көзқарасы, ұстанымы болмайтын жандар) қалыптастыру саясаты қарқынды жүрді. Нәтижесінде тап күресі деген адам ақылына сыймайтын ұғым өмірге енгізілді. Осы мәселені де тереңнен зерелеуіміз керек. Өйткені, қазақ қоғамының өзіндік өмір сүру салтына сай қалыптасқан әлеуметтік құрылымы большевиктер саясатына мүлдем сай келмеді. Нәтижесінде таптық көзқарастар қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымын, түйіндеп айтқанда адами құндылықтар жүйесін бұзды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды көптеген Алаш зиялылары тап күресінің қазақ ұлтының өмір сүруіне зор қауіп төндіретіндігін дәлелдеді де. Тіпті, Алаш зиялылары қазақ қоғамында тап күресінің болмағандығын, оның тамырын жаймау себептерін ғылыми тұрғыдан зерделеді де. Өкінішке орай, кеңестік тоталитарлық тәртіп ұлттық құндылықтарды жою саясатымен қаруланғандықтан, өзіне қарсы келгендерді  (отбасы мүшелерімен, туған-туыстарымен қоса) саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.

Саяси қуғын – сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген адами дамуға кереғар теріс түсініктер өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер, биліктен кеткенше талайды былғап кетер»,- деген мазмұндағы даналығының ақиқатына біз куә болып отырмыз.

7-билет ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі

Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды. Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформаларбарысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды. XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды.

Григорий Николаевич Потаниннің Қазақстанды зерттеудегі рөлі[өңдеу]

Г.Н. Потанин (1835-1920) Жәмішев селосында Сібір казактарының отбасында дүниеге келді. Ол - Ресейдің аса ірі қоғам қайраткері, публицист, географ-ғалым әрі этнограф. Омбы кадет корпусында оқыды, сонда жүріп Шоқан Уәлихановпен танысып, дос болды. Қазақтың тілін, тұрмыс-тіршілігін, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте жақсы білді. XIX ғасырдың 60—90-жылдары ҚазақстанОрталық АзияМоңғолияУрянхай өлкесі, Қытай және Тибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. Сол сапарлары кезінде қазақ фольклоры үлгілерін жинап, зерттеді. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, К. Өскенбаев, И. Сәтбаев, сондай-ақ Шыңғыс Уәлиханов сияқты көрнекті өқілдерімен достық қарым-қатынаста болды. Ғалым қазақ ертегілеріне, наным-сенімдеріне, халық поэзиясының үлгілеріне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмірінен «Қырғыз жәрмеңкесінде», «Қырғыздардың сауда-саттығы», «Шоң би», «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» сияқты басқа да мақалалар жариялады. Замандастары оны қазақ халқының адал әрі шын берілген сүйікті досы деп білді. 1915 жылы қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар Г. Потанинге деген зор құрметтің белгісі ретінде Орынборда оның 80 жасқа толған мерейтойын салтанатты жағдайда ұйымдастырып, атап өтті. Қазақтар оны «Греке» деп құрметпен атайтын.

Әбубәкір Диваевтың зерттеулері[өңдеу]

Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев (1856—1933) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүріп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қызығушылық танытады, XIX ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде отставкаға шыққан ол өз өмірін қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу ісіне арнайды. Ол әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. 1917 жылға дейін Ә. Диваев 100-ден астам тарихи-этнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстанның ежелгі тарихын жазу кезінде фольклорлық материалды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Ол қазақтардың «Тазша бала», «Жалмауыз кемпір» ертегілерін жазып алды. Сондай-ақ «Қырғыздардың ауру-сырқаулары мен оларды емдеу тәсілдері», «Аспан денелері қырғыздардың көзқарасы бойынша» деген мақалалар да жариялады. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.

Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы[өңдеу]

Қазақстан орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер етті. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерілісінің болған жерлеріне сапар шекті. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өтті. A. С. Пушкинді қазақтардың ауыз әдебиеті қатты қызықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А.С. Пушкин Орал қаласында болғанда қазақтың «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» эпосының бір нұсқасын жазып алды. Ол өзінің «Капитан қызы» атты әйгілі повесінде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін суреттеумен қатар қазақ халқының өмірі мен тұрмысын да, олардың сол оқиғаларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесі орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының өкілдері арасында, әсіресе ориенталистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды. Қазақстан аумағында Ресейдің аса белгілі ғалымдарының бірі Владимир Иванович Далъ сегіз жылға таяу, 1833—1841 жылдары тұрып, еңбек етті. В.И. Даль қарапайым көшпелі халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне көп көңіл бөлді. Ол өзінің хаттарының бірінде былай деп жазды: «Тағы дa көшпелілік салтында тұрып жатырмын. Бұл дегеніңіз рақат өмір! Тіпті одан кеткім де келмейді». Қазақтармен қызыға әңгімелескен В. Даль халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын зерттеуге кірісті. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегінің арқасында қазақтардың XIX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмірінен «Майра», «Түнгі күзетші» сияқты бірнеше әңгіме және «Бикен мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы «Бикен мен Маулана» повесі Парижде француз тілінде жарияланды. Еуропаның қарапайым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенін сол хикаят арқылы танып білді.

Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуі[өңдеу]

XIX ғасырдың орта кезіне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Декабристер, петрашевшілдер үйірмесінің мүшелері, Польшнадағы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқандар жер аударылып келді. Орыс акыны А.Н. Плещеев 1850-1859 жылдары он жылға жуық Қазақстанда саяси айдауда болды. Ол Ақмешітте жүрген кезінде қазақтармен бірге болып, Қоқан хандығына қарсы күреске қатысты. Ол қазақтарға зор кұрметпен қарады, олар туралы былай деп сүйсіне жазды: «Қазақтарга қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүзді, жомарт жүректі жандар. Оларды сыйламау мүмкін емес...» Ол бүкіл өмір бойы қазақ халқына деген шын пейілді ыстық махаббаты мен құрметін атап айтумен өтті. Қазақстанда жер аударылып келген Польшаның революционер-демократы Адолъф Янушкевич те XIX ғасырдың 40-жылдарында Орталық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты. Сол сапары кезінде күнделік жазып жүрді. Кейін ол күнделік поляк тілінде жарық көрді. А. Янушкевич өзінің күнделігінде қазақ даласы тұрғындарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін суреттейді. Ол өзінің бір хатында қазақ халқы туралы былай деп өте жақсы жылы лебіз білдіреді: «Кұдіреті күшті құдай осыншама қабілетті етіп жаратқан бұл халықтың адамзат өркениетінен тыс қалып қоюы мүмкін емес... жергілікті көшпелі номадтардың күткен күні ертең-ақ туады, сөйтіп олар өздеріне қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты да құрметті орнын ойып тұрып алатын болады». Польшадан Семейге жер аударылып келгендердің бірі Северин Гросс болатын. Ол да қазақтарға зор құрметпен қарады. Атап айтқанда, қазақтың ұлы ақыны Абай Кұнанбаевпен дос болды. Қазақтардың әдет-ғұрып құкықтары туралы құнды материалдар жинастырды. Кейінірек сол жинастырған материалдары негізінде Омбы қаласында «Қазақтардың тұрмыстық заңдарын оқып үйренуге арналған материалдар» деген кітап шығарды.

Тарас Григорьевич Шевченко

Украинаның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Григорьевич Шевченко 1847 жылдан 1857 жылға дейін Қазақстанның Кіші жүзі аумағында айдауда болды. Оның жер аударылуына ақынның бостандықты аңсаған өлеңдері себеп болған еді. Ол өзінің өлеңдеріне украин халқының бостандық пен тәуелсіздік алуға деген асқақ арманын арқау етті. 1847 жылы ол саяси айыбы үшін 33 жасында дербес Орынбор корпусына солдат етіп жіберіледі. Украинаның ұлы ақыны, талантты суретшісі Қазақстанға жер аударылып Ресей империясының солдатына айналады. Ол солдаттық борышын Орынбор, Ор бекініс-қамалдарында, Маңғыстау түбегіндегі Новопетровск бекініс-қамалында өтеді. Т. Шевченко мен жергілікті қазақтардың арасында достық жылы қарым-қатынас орнады. Патша үкіметі оның қазақтар туралы жазуына тыйым салды. Солай бола тұрса да Т. Шевченко «Түрмеден қашқан» («Варнак») атты повесть жазды. Онда қазақтардың аянышты ауыр халі суреттелді. Кейінірек Т. Шевченко «Егіздер» повесінде бұл тақырыпты тереңдете түсті. Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірі Т. Шевченконың салған суреттерінде шыншылдықпен бейнеленді. «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда», «Қайыршылар» деген туындылары дала кедейлерінің өміріне арналды. Суретшінің бейнелеу өнері саласында қалдырған мүрасы 450-ге тарта суретті қамтиды, ал соның шамамен 350-ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне арналған. Ұлы ақын жергілікті халық арасында зор сый-құрметке бөленді. Қазақтар «ақын Тараз» деп құрметпен атады. Жергілікті қазақтардың өмірімен жақын танысқан ол қазақ және украин халықтарының тарихи тағдырлас мақсат-мүддесі ортақ екенін айқын көре білді.

Қазақстан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешенді зерттеулер[өңдеу]

Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы елеулі рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда — Орынборда, Омбыда, Семейде және Ташкентте бөлімдері мен бөлімшелері ашылды. XIX ғасырдың 70-жылдары Қазақстан аумағында облыстар құрылғаннан кейін олардың барлығында да статистикалық комитеттер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және шаруашылығы жөнінде құнды деректер мен мәліметтер жинастырды. Ол материалдар облыстарда жыл сайын мұқият шығып тұратын «Шолуларда» және «Естелік кітапшаларда» жарияланып тұрды. Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрагат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжілістерінде мұрағаттык дерек көздері негізінде әзірленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Ол материалдар «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен жарияланып тұрды. 1895 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік аумағын археологиялық тұрғыдан Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі зерттеуге кірісті. Үйірме мүшелері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, оның нәтижелерін ғылыми басылым беттерінде жариялап тұрды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның далалық уездерін Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттеді. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен 12 томдық еңбек әзірледі. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әр түрлі уездеріндегі білімді қазақтар да белсене қатысты. Атап айтқанда, экспедицияның жұмысына «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов, Омбы мал дәрігерлік мектебін бітірген А. Исин, сондай-ақ О. Базанов, Р. Мәрсеков, Е. Итбаев, М. Шомбалов, Д. Сатыбалдин сияқты окыған жастар қатысты. Бұл материалдар XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының жай-күйі жөніндегі теңдесі жоқ деректеме болып табылады. Сонымен катар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткізілген Алғашқы жалпыға бірдей халық санағы кезінде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашылық қызметі, мәдениеті, тарихы, сондай-ақ халқының саны жөнінде аса қажетті мәліметтер мол болды.

Ағылшын, неміс және француз зерттеушілері[өңдеу]

ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстан жөнінде неміс, ағылшын және француз ғалымдары құнды еңбектер жазып қалдырды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын ағылшын саяхатшысы әрі суретшісі Т. Аткинсон (1799-1861) егжей-тегжейлі зерттеді. Ол 1848-1855 жылдары Жетісу қазақтарының көші-қон жерлерін аралап, жергілікті халықтың өмірі жайлы бағалы деректер жинады. Суретші ретінде көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттер салды. Неміс географы, этнограф әрі тарихшы Ф. фон Хеллъвалъд (1842-1892) «Орталық Азия. Жер бедері мен халқы» атты іргелі еңбек жазды. Ол еңбегінде қазақ- тардың тұрмыс-тіршілігін, көршілес халықтармен өзара қарым-қатынасын жан-жақты сипаттады.. Француз ғалымы Ш.Е. Ужвалъди де Мезе-Ковез Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеп, едәуір материалдар жинап, жариялады.

Қазақ зерттеушілері[өңдеу]

XIX ғасырдың екінші жартысында білімді қазақтардың тұтас бір тобы туған өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеуге белсене араласты. Атап айтқанда, Ресей географиялык қоғамының Семейдегі бөлімшесінде Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Ақбаев, М. Шорманов, С. Жантөреев, Б. Дауылбаев және басқалары жемісті еңбек етті. Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңгыс Уәлиханов (1811—1901) өз ұлының ісін одан әрі жалғастырды. Ол Сібір әкімшілігіне қажетті тарихи-этнографиялық материалдар жинастырды. 1867 жылы Мәскеуге көрмеге қою үшін қазақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ауқымды экспонаттар кешенін жіберді. Белгілі қазақ этнографы Мұса Шорманов (1819-1884) маңызды этнографиялық зерттеулер қалдырды. М. Шорманов Омбы кадет корпусында оқиды. Оқуын бітіргеннен кейін болыс, Баянауылсыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарды. Орыс ар- миясының полковнигі шенін алады. Ол «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы», «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері», «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар» деген макалалар жариялады. Қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеумен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, М. Жұмабаев, К. Кемеңгеров, А. Сейітов және басқалар шұғылданды. Өз елінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге қатысу олардың халықтың аянышты ауыр халін неғұрлым тереңірек түсінуіне жәрдемдесті.

Мұхаммед-Салық Бабажановтың ғылыми қызметі[өңдеу]

М.-С. Бабажанов қазақтың алғашқы этнографтарының бірі болды. Бөкей хандығының аумағында дүниеге келген. Болашақ ғалым Орынбор кадет корпусында жан-жақты білім алды. Оны бітіргеннен кейін Ішкі Ордада бірқатар лауазымды әкімшілік қызметтер атқарды. 1862 жылы М.-С. Бабажанов Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды және оның Үлкен күміс медалімен марапатталды. Оның «Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық деректер», «Ішкі Қырғыз ордасындағы саятшылық», т.б. құнды мақалалары жарық көрді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Көрнекті қазақ ақыны, публицист, этнограф және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Семей облысының Баянауыл сыртқы округында дүниеге келген. Бұхарадағы Көкілташ діни мед- реседе оқып, жоғары мұсылмандық білім алған. Бірнеше жыл туған өлкесінде мұғалімдік қызмет атқарып, қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашқан. Ол 1872 жылдан бастап қазақтардың халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға кіріседі. Осы мақсатпен Омбы, Павлодар, Семей, Петропавл, Атбасар сияқты тағы басқа да қалалардың маңындағы қазақ ауылдарын көп аралады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен қатар өзі де көптеген поэтикалық шығармалар жазды. Оның «Исабек ишан», «Мұса Шорманұлы» сияқты жоқтау өлеңдерінде тарихи деректер көп кездеседі. 1893 жылы ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған өлеңдері мен мақалаларын жариялай бастады. 1907 жылы Қазан қаласында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз» атты үш кітабы басылып шықты. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» еңбегінде тарихи нақты деректер негізінде, оның шын мәніндегі заңды иесі қазақтар екендігін ашып айтты. 1905 жылы 9 қаңтарда болған оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» өленін жазды. Ол осы еңбектері үшін патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады. Елден кетіп, Самарқанд, Бұхар жағына, Еділ мен Орал жағына барып бой тасалауға мәжбүр болды. Алайда қайда жүрсе де ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауды жалғастыра берді. Оның мақалалары алғашқы қазақ газеті «Дала уәлаяты» газетінде және «Айқап» журналында жарияланып тұрды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға ынталылықпен кірісуінің арқасында көптеген құнды бірегей тарихи аңыздар, этнографиялық материалдар, хандар мен сұлтандардың, батырлар мен би, қожалардың шығу тектері туралы егжей-тегжейлі деректер біздің күнімізге дейін сақталып, аман жетті.

8-билет. 1940-1950 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. Сталиндік қуғын-сүргін.

Кеңес өкіметі мен КОКПОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси құдалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М. Елікбаевтың тағдыры. Ол Н. С. Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бүзу, үлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы олқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жәнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н. С. Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік коғам құрылысын кең келемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға ерескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа ШоқайСмагул Сәдуақасов т. б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның хальқтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметгік-таптық құрылымында терең езгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жүмысшылардық, шаруалардық, зиялылардық үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, үйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсак ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық белігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең келемді жүмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының ара сындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ үлты елдін 85%-ы еді. Бүл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктершің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.

9-билет. 1920 ж. Республика ауыл шаруашылығындағы жағдай

Жер – су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).

Оның міндеттері :  1) Еңбек артельдерін құру.  2) Кедейлерге жер беру.  3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.

РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.

Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.

Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті.

Соның нәтижесінде:  1) Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн. – ға, 1928 жылы – 4 млн. – ға өсті.  2) Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды. 1924 – 1928 жылдары мал саны 24,8 млн. – нан 41 млн. – ға жетті.  3) Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың – нан 1928 жылы – 1 млн. 333 мыңға жетті.  4) Астық өндіру 1924 – 1925 жылдары 64,618650 пұттан 1928 – 1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. Осы уақытқа Қазақстанда 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қазақстанда мақата өсіретін «Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды.

Шаруалардың жіктелу процессі күшейді:  1) Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды.  2) 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды.  3) Кулак – бай қожалықтар 6,6 % - ден 14,8 % - ға көбейді.

10-билет. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстандағы ЖЭС

Жаңа экономикалық саясатқа көшу.Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.

Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.

Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюыныңсебептері: — Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); — 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; — Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; — Егін алқаптарының күрт азаюы.

Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.

1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. — Сауда еркіндігі. — Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. — Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. — Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. — Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.

Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]