- •36. Химиялық реакциялар туралы ұғымның қалыптасуы, дамуы.Химиялық реакция ұғымының атом-молекулалық ілім тұрғысынан дамуы.
- •37. Химиялық реакциялар туралы ұғымының дамуы. Негізгі білім мазмұны. Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.
- •38. Иондық теория тұргысынан химиялық реакция ұгымының дамуы.
- •39. Ерітінділер және электролиттік диссоциалану теориясының негіздерін оқыту әдістемесі, олардын бағдарламадағы орны мен маңызы. Ерітінділер концентрациясын оқыту әдістемесі.
- •40. Мектеп химия курсындағы ерітінділер туралы материалдарының орны мен маңызы. Оқушыларға ерітінді туралы алғашқы ұғымды vііі сынып химия курсында таныстыру және одан әрі ерітінді дамыту.
- •42. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі. Оқыту кезеңдері және оларға сипаттама.
- •43. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын д.И.Менделеевтің периодтық заң мен периодтық жүйесіне дейін және кейін оқыту әдістемесі.
- •44. Металл еместерді оқыту әдістемесі. Периодтық заң және электрондық теория тұрғысынан галогендерге сипаттама.
- •45. Металдарды оқыту әдістемесі. Мектеп химия курсында металдар туралы оқу материалдарының оқу-тәрбиелік маңызы.Оқушылардың металдар туралы алғашқы білім көлемі және деңгейі
- •46. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы. Органикалық заттардың құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру.
- •47. Оқушылардың химия пәнінен алған білімін қорытындылау. Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттері. Қорытындылау сабақтарын ѳткізудің әдістемесі.
- •48. Оқушыларды химия өндірістері мәселелерімен таныстыру. Химиялық өндіріс туралы оқу материалының маңызы және міндеттері. Химиялық өндірісті оқып-үйренудің методикалық мәселелері.
- •49.Термохимиялық теңдеу бойынша Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына есептер шығарып үйрену әдістемесі
- •50. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері,оларды ұйымдастыру
- •51.Қазақстан ғалымдарының химияны оқыту әдістемесіне қосқан үлестері
- •52.Химияны оқытуда орыстың ұлы ғалымдарының көзқарастары.
- •53.Орта мектептегі химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары.
- •54.Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу.
- •55.«Химия» пәнінен оқу бағдарламасы,оның құрылымы,мазмұны. Мұғалімнің бағдарламамен жұмысы. Оқу материалын жыл бойына бөлу.
- •56.Бағдарламаның тарауларында кейбір тақырыптар бойынша тақырыптық жоспардың үлгісі. Тақырыптық жоспар жасауда мұғалімнің жұмысы.
- •57.Дәстүрлі емес сабақтар. Семинар сабақтары, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.
- •58.Дәстүрлі емес сабақтар. Конференция сабағы, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.
- •59.Дәстүрлі емес сабақтар. Дәріс сабақтары, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.
- •60.Химиядан мектеп оқулықтары. Оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
- •61.« Су. Ерітінділер.» тақырыбындағы есептер шығару әдістемесі.
- •62.«Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша есептер шығарудың әдістемесі
- •65. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны.
- •66.Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.
- •67.Химиялық диктант және оның түрлері.
- •68.Тесттік тапсырмалар, олардың түрлері.Мысалдар келтір.
- •69.Химиядан мектептегі жаттығулар. Дидактикалық материалмен өз бетінше жұмыс жасау..
- •70.«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбындағы сандық есептер. Оларды шығару әдістемесі.
- •71.Орта мектептің химия кабинеті, оған қойылатын талаптар. Кабинет жұмысын ұйымдастыру және жабдықтау.
- •72.Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.Алғашқы көмек көрсететін дәрі қорабының жабдықтары.
- •73.Химия кабинетіндегі оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелері.
- •74.Химиялық реактивтер, олардың жіктелуі. Реактивтерді сақтау ережелері.
54.Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу.
Мектепте сабақ мазмұнына қарай әр түрлі көрнекіліктер қолданылады.
Оларды былай топтастыруға болады:
а/ табиғи көрнекіліктер: Минералдар, қазба байлықтары, әр түрлі тәжірибелік реактивтер, т.б. құбылыстарды көрсететін аспаптар т.б.
б/ Дыбыстық көрнекіліктер: Аудио-визуалдық құралдар арқылы берілетін бейнелер, дыбысты кинолар, грампластинкамен дыбыс жазу т.б.
в/ Рәміздік және сызбалық көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, диаграммалар, химиялық элементтің таңбасы бар әр түрлі көрнекіліктер.
Көрнекі құралдарды оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданады /Жаңа білімді хабарлаған кезде, үйге тапсырма бергенде, қайталаған кезде, білімді қорытындылап, жинақтау кезінде, т.б. зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындау барысында пайдалынады./
Теорияның тәжірибемен байланысы – бұл оқушылардың ғылым негізінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандылығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, бұл политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. /Өндіріс негіздерімен, халық шаруашылығымен байланысы/
Оқыту сапасын жетілдіре отырып, оқушылар күнделікті тұрмыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада химиядан алған білімінің қолдану салаларын көреді.
Бұл арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, кәсіптік бағдар алады.
55.«Химия» пәнінен оқу бағдарламасы,оның құрылымы,мазмұны. Мұғалімнің бағдарламамен жұмысы. Оқу материалын жыл бойына бөлу.
Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бұрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздағы “Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тэртібі” туралы қаулысының маңызы зор болды. Бүл қаулыда жалпы білім беретін пәндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның түрақты бағдарламасын үсынды.
Бүл бағдарлама жүйелілікке, үғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп қүрылды. Химияның негізгі үғымдары мен заңдарының анықтамалары тәжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың
зо
негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия ғылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.
Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама ұстанымы - химиялық заттар бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биоорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу - тәрбиелік маңызы зор. Мұны төмендегі берілген жаңа бағдарлама мазмұнынан айқын көруімізге болады.
56.Бағдарламаның тарауларында кейбір тақырыптар бойынша тақырыптық жоспардың үлгісі. Тақырыптық жоспар жасауда мұғалімнің жұмысы.
Сабақтарды жоспарлау. Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар жэне эр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде эр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер жэне әдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, әдістері мен құралдары белгіленеді. Қазіргі әдістемеде жэне мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың эр түрлі құрылымы паидаланылуда. Химияны оқыту әдістемесінің сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету және зертханалық эксперименттік ескертулер көрсетілген.
Студенттерге арналған эдістеменің тақырыптық жоспарында сабақтың рсті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері жэне сан есептерінің типі, пэнаралық және пэн ішіндегі байланыс, көрнекі құралдары қамтылады.
Тақырыптық жоспардың барлық мектептерде қолданылатын біркелкі түрін ұсынудың қажеті бола қоймас, ол мұғалімнің пайдалануына қолайлы, сабақтар жүйесінің алдын ала ескеруді қажет ететін аса маңызды мәселелерін қамтыса жеткілікті. Мысал ретінде “Азот топшасы” бойынша жасалған тақырыптық жоспардан үзінді келтіруге болады.
Тақырыпты оқып үйренудің негізгі міндеттері: азот пен фосфор түзетін жэне жай заттардың жэне қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін қарастыру ақылы периодтық заң және химиялық элементердің периодық жүйесі туралы білімді тереңдету жэне нақтылау. Оқушыларды дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін теориялық білімді қолдана білуге үйрету электролиттік диссоциациялану жэне тотығу-тотықсыздану эректтері тұрғысынан заттар қасиеттерінің құрылысына тэуелділігін түсіндіріп, жасалған қорытындыларды тәжірибе арқылы дәлелдеу; химиядан және математикадан алған білімді сан есептерін (теориялығымен салыстырғандағы өнім шығымының масалық жэне көлемдік үлесін табу) шығаруға пайдалану, химия ғылымының өндіріспен байланысын көрсету, химия өндірісіндегі негізгі мамандықтармен таныстыру, азық-түлік молшылығын жасауда, табигат қорғау ісінде химияның рөлін көрсету.
1. Сабақтың тақырыбы: азот топшасы элементтерін сипатау. Азоттың химиялық қасиеттері.
2. Сабақтың мақсаты: тақырыптың мэнін ашып түсіңдіру.
3. көрнекі құралдары. Элемент атомдары модельдерін көрнекі көрсету, аммиак синтезінің тәжірибесі.
4. Жоспарланған сабақ нэтижесі; азот, жай зат қасиеттерін білу. Периодтық жүйе және атом құрылысы жөнінде білетіндерін, химиялық элементтерді жэне жай заттарды сипаттауға қолдана білу, азоттың химиялық қаситтерін тотығу-тотықсыздану әрекеттерінің, химиялық реакциялар жүру заңдылықтарының тұрғысынан сипаттап түсіндіре білу.
Сабақтың жаңа материалын түсіндіруде енгізілетін жаңа ұғымдар болмауынан жоспардың 2-бабын пайдаланылып, басқа баптары текстегі ретімен берілді, пайдалануга қолайлы жэне көрнекі болу үшін тақырыптық жоспарды кесте түрінде жазган тиімді. Тақырыптық жоспар сабақтардың жүйесін және оны іске асыратын ауқымды мәселелерін ғана қамтиды. Әр сабақтың нақтылы мазмұны күнделікті жоспарда шешіледі. Күнделікті жоспар қысқа, кеңейтілген және қысқаша жазба түрінде жазылады.
7-кесте. Тақырыптық жоспардың үлгісі
Сабақ реті Сабақтың
тақырыбы Негізгі
ұғымдар Химиялық
эксперимент Жоспарланган
оқыту
нәтижесі Оқулық
бойынша
тапсырма
1 2 3 4 5
Күнделікті жоспардың мазмұны сабақтың типіне, құрылымына, құралдары мен әдістеріне қарай іріктеліп алынады. Жаңа білім беру сабағының күнделікті жоспарында мыналар көрсетіледі:
1) сабақтың тақырыбы;
2) Сабақтың білім мен тәрбие беру және дамыту мақсаты;
3) Пайдаланылған әдебиеттер;
4) Құрал-жабдықтары;
5) Құрылымы:
а) кіріспе бөлімде тексерілетін үй тапсырмасы мен тірек білімнің мазмұны мен әдістері;
ә) негізгі бөлімде түсіндірілетін материалдың жөспары, ұғымдар, заттардың формулалары жэне құбылыстардың реакция теңдеулері, тәжірибелер мен көрнекі құралдардың орны жэне пайдалану әдістері;
6) қорытынды бөлімде үй тапсырмасының мазмұны, орындау, әдістері, жаңа білімді бекіту жэне қолдана білу үшін қойылатын сұрақтар, орындалатын жаттыгулар және ейептер, өздігінен істейін жұмыстар.
Айтылғандарды нақтылау үшін бір сабақтың жоспарын келтірейік.
1. Сабақтың тақырыбы: «Кремний жэне оның қосылыстары».
2. Сабақтың мақсаты: Периодтық жүйедегі орны бойынша кремний элементін жэне оның қосылыстарын сипаттай білуге үйрету. Көміртегі және оның қосылыстарымен салыстырып, ұқсастыгын, айырмашылығын табу, зат қасиеттерінің құрылысына тэуелділігін көрсету, кремнийдің табиғаттағы маңызын, қосылыстарының қолданылатын салаларын түсіндіру.
3. Сабақтың жабықтары: кремнийдің табиғи қосылыстарының үлгілері; магний мен кварцтың қоспасы (2:3); тұз қышқылыныц ерітіндісі (1:1); натрий силикатының ерітіндісі, алмаз кристалл торының моделі, стақандар, сынауықтар; зертханалық жұмысқа қажетті реактивтер, көміртегі топшасын сипаттайтын кесте.
