Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KhO_1240_AUYZShA.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.34 Кб
Скачать

1-сұрақ Химияны оқыту әдістемесі пәні және оның ғылыми негізі. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері. Химияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы және оның педагогика ғылымдарындағы орны. Химияны оқыту әдістемесінде қолданылатын зерттеу әдістері. Химияны оқыту адістемесінің зерттейтін маселелері.

Қазірге дейін химияны оқыту әдістемесі - ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пэні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.

Химияны оқыту эдістемесі педагогикалық ғылым эрі оқу пэні. Химия - заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларга үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.

Оған оқу үрдісін үйымдастыру, оқушылардың танымдық іс- әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.

Келесі мәселе - «қалай оқиды?» - деген сүрақтың жауабына келсек,ол оқушылардың іс-әрекеті 'бойынша анықталады. Химияны оқыту әдістемесіне ғылыми түрғыдан қандай анықтама беруге болады? Бүл элі күнге дейін толық шешімін таппаған мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір оқу қүралдарында мынадай анықтама берілген: бүл - жасөспірімдерге химия ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі химия курсының мазмүнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.

Химияны оқыту әдістемесі мүғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін жэне дағдыларын дамыту әдістері мен қүралдарын айқындап береді.

Химияны оқыту эдістемесі эрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмүнын, оқыту әдістерін тәрбие жүмысымен тыгыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңцылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс-әрекетін бір- бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.

Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі - сол пэнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұргысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұргыдан қарастырганда оқыту дегеніміз - жасөспірімнің бойына ужымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Ал әдістемелік түргыдан алоқыту - нақтьілы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Оқыту әрекетіне «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқу пэні», «оқушы- оқушы» қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.

Химияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді( 1 -сызбанұсқа).

Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зертгейді. Ол оқыту әрекетінің мэнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту эдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің әдістемелік негізі ретінде пайдаланады.

Жалпы педагогикалық жэне дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, химияны оқыту эдістемесі орта метептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес мектептегі химия курсының мазмұны таңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады.

Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі - оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру.

Химияны оқыту эдістемесінің зерттеу эдістері жэне оның басқа гылымдармен байланысы. Осының алдында ғана баяндалган химияны оқыту эдістемесін зерттеуді төрт мэселеге топтастыруға болады.

1. Химия не үшін оқытылады? 2.Химияда нені оқытады? З.Химияны қалай оқытады? Химияны оқытудың нэтижесі қандай?

Бірінші сүрақтың жауабы мектеп химия курсындағы материалдарды іріктеп алу арқылы анықталады.Ол үшін химия ғылымының даму логикасы мен тарихы, теориялық және нақты материалдардың өзара ара қатынасы ескеріледі.

Екінші сұраққа былай жауап беруге болады: химияны оқыту әдістемесі оқушының жас ерекшеліктеріне карай оқу материалдарының мазмұнына сай қарастыруға нұсқау береді; оқу қүралдарын қалай қолдану жөнінде үсыныс жасайды; оқушылардың өздігінен орындайтын жүмыстары мен жаттығуларына бағыт сілтейді. Оқыту үрдісінде үғымдарды, заңдарды, теорияларды іріктеп алудың жолдарын қарастырады. .

Ушінші сұрақтың жауабы оқытуға байланысты қарастырылғаны жөн. Оқыту - мұғалімнің қызметі. Мүғалім оқушыларға химиялық білімді меңгертеді, оны ақпараттар берумен байланысты орындатады. Сонымен бірге, химияны оқыту әдістемесі - орта мектептерде химиядан сабақ беретін мүғалімдерді жоғары оқу орындарында кэсіптік мамандыққа даярлайтын оқу пәні.

Химияны оқыту эдістемесі педагогикалық ғылым жэне оқу пәні болғандықтан, қоғам талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы орта білім беру жэне тэрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес химия пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне негізделіп қүрылады.

Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмүнын анықтауда шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деректерді, үғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химияны оқыту әдістемесі осы гылым негіздерінің неғүрлым маңызды элементтерін, оқып-үйрену нысандарын дүрыс таңдауға, оқу материалдарын неғүрлым түсінікті жэне еске сақтауға жеңіл де, үғымды түсінуге бағыттайды. Химияны оқыту әдістемесіне өзара жақын химия ғылымының бір саласы - химия тарихы. Ол химия ғылымының жеке тарауларын оқытқанда - оның даму жолдары мен заңдылықтарын ашуда, ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін түсіндіруде, элементтердің ашылу тарихын оқытқанда,- нақты деректермен көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, химияны оқыту әдістемесі ғылымы дидактиканың заңдары мен ұстанымдарына сэйкес дамиды. Химияны оқыту эдістемесінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сипатталуымен тығыз байланысты. Ол психология мен физиология ғылымдарымен де байланысты, өйткені, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сэйкес, нақты материалдарға байланысты білім дамытылып отырады.

Бүл мәселелерді шешу үшін химияны оқыту әдісі педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайдаланады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тэрбие қүжаттарын, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық жэне т.б. жүмыстарын талдау, мүғаліммен жэне оқушымен әңгімелесу, анкета алу т.б.

2-сурак .ХОӘ пайда болуы,дамуы,Қазақстанда дамуы.

Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге химиялық білім беру ісімен тікелей айналысты, көптеген құнды методикалық пікірлер айтты.М.В.Ломоносов (1711-1765) химияның қатардағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.Д.И.Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына теориялық және деректі материалдарды енгізу, химиялық экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты.А.М.Бутлеров (1828-1886) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазды.М.В.Ломоносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін құрайды.Қазан революциясының алдындағы кезеңде химиктер С.И.Сазонов., Г.М.Григорьев., А.Н.Реформатский жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарында химияның оқу пәнін тұрақтандыру үшін күресті.В.Н.Верховский., Л.М.Сморгонский., Я.Л.Гольдфарб химияның жүйелі курсныңы бағдарламасын жасады, тұрақты оқулықтарын және тұңғыш методикасын жазды (1933-34 жж.). Бұдан кейінгі кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымы жағынан негіздеуде Л.А.Цветков., Ю.В.Ходаков және С.Г.Шаповаленко және т.б. көп еңбек сіңірді. Химияны оқыту методикасы жалпы білім беретін орта мектепгі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты зерттейтін көп салалы ғылымға айналды. Атап айтқанда, химияны оқытудың ұйымдастыру реформаларын және әдістерін жетілдіруді Д.И.Кирюшкин., химияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, химияны оқыту құралдарын жасау және тиімді пайдалану методикасын С.Г.Шаповаленко., Н.Е.Кузнецова., химияны оқытудың өндіріспен байланысы және химиядан тереңдетіп білім беру мәселелерін Д.А.Эпштейн., химиялық эксперименттің теориясы мен сарамандығын В.С.Полосин., К.Я.Парменов., органикалық химияны оқыту мәселелерін Л.А.Цвтков., химияның еориялық негіздерін оқыту методикасы Г.И.Шелинский., В.П.Гаркунов., химияны оқытудың басқа пәндермен байланысын Е.Е.Минченков., Д.П.Ерыгин зерттеді. Бұлардың әрқайсысы көптеген ғалым шәкірттер тәрбиелеп шығарды, оқу-методикалық еңбектер жариялады.Одақ көлемінде жүргізілетін методикалық зерттеулерді үйлестіріп отырды. Зертхананың ғылыми қызметкерлері Л.А.Цветков., Р.Г.Иванова., Е.Е.Минченков., М.З.Зуева., Т.В.Смирнова., Т.З.Савич., И.Н.Чертков., П.А.Глориозов., В.Л.Рысс химияны оқытудың жалпы методикасын жазды, мұғалімдерге күнделікті көмегін тигізетін бірнеше методикалық құралдарды жариялады. Солардың ішінде Р.Г.Иванованың., И.Н.Чертковтың., П.А.Глориозовтың., Ю.В.Ходаковтың және т.б. методикалық құралдарды қазақ тіліне аударылды. Химияны оқыту методикасына творчестволық жұмыс істейтін мұғалімдерде өз үлестерін қосып келеді.

Қазақстанда дамуы. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту методикасын жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда озат мұғалімдердің іс тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге методикалық көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворовтың «Химияны оқытудың социалистік құрылыстың практикасымен байланысы» (1940 ж), «Есеп – химияны оқытуды практикамен ұштастырудың негізгі құралы» (1940 ж), «Орта мектепте лабораториялық жұмыстар жүргізудің әдістері» (1941 ж) еңбектерін атап өтуге болады.

Д.Қоянбаев – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылық өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин – ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашников - химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсупова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова - химияны оқытуда оқушылардың IV – VI кластарда жаратылыстануда математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелерін жинақтап, көпшілікке таратуда, мұғалімдерге арналған методикалық кеңестер жариялауда бұрынға КСРО Педагогика ғылым академиясының оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институты қазақ бөлімщесінің қызметкерлері К.Ә.Сарманова., М.Д.Жадрина., методист М.Х.Хасенова едәуір еңбек сіңірді. Олар жетілдірген бағдарлама бойынша химияны оқытуға арналған бірнеше методикалық құралдар жариялады.

Шығармашылық жұмыс істейтін химия мұғалімдерінің іс тәжірибесі атап айтқанда, Р.А.Болатқұлованың (Алматы), К.Н.Шабдаровтың (Алматы), Ж.Жұмахановтың (Шығыс Қазақстан облысы), Б.Торсықбаеваның (Жезқазған облысы) және т.б. еңбектері жеке кітапшалар түрінде басылып шықты.

Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Қазақстан мектебі» методикалық зерттеулердің нәтижесін және мұғалімдердің тәжірибелерін жариялауға ұдайы назар аударып келеді.

3-сурак Орта мектепте химия оқытудың мақсаттары. Жеке оку пәндерінің мақсаты қогамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат - эржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам жэне оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тэрбиесін береді, ғылыми жэне ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасөспірімнің бойына азаматтық борыш, елі мен жерінің тағдыры үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылыкпен еңбек етуге, өзін-өзі басқаруға эзірлейді.

Осы жалпы мақсатқа сәйкес эр пэннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тэрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту мақсаттары да қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек жэне т.б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну жэне ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.

Бүл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар:

1. Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуга әзірлеу, политехникалық дайындық беру;

2. Химия зертханасында, өндірісте, табиғатта жэне күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға жэне түсіндіре білуге үйрету;

3. Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;

4. Заттармен, қүралдармен, көрнекі қүралдармен жүмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;

5. Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;

6. Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке және табандылыққа тәрбиелеу;

7. Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру.

Химия пэнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады.

Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері. Оқытудың мақсаты дегеніміз - жорамал нәтижесі, ол оқьітудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады жэне химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.

Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету (2-сызбанұсқаны қараңыз).

1- с ы з б а н ұ с қ а. Заттар және олардың кездесу түрлері

Әр түрлі күрделілену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде заттардың бір-біріне айналу өзгерістерін атом-молекулалық деңгейде қарастырады, өзінің зерттеу зерзаты

і;

[■ 'ЪЪ22^\'Һ

жагынан физика мен биологияның арасында орналасады. Бұлармен физикалық химия, ядролық химия, геохимия, биохимия, т.б. гылымның жүйесін түзеді.

Химиядан орта білім берудің екінші міндеті - пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу жэне түсіну саласында физиканың эдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар (геология, минералогия жэне т.б.) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың қүрамына кірегін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып, молекулалық биология зерттейді. Бүл гылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, ягни айтылғандармен гана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанүсқаға сәйкес осы гылымдар арасындағы өзара байланыстың мэнін ашып көрсету керек.

Химиялық орга білім берудің үшінші міндеті - табигаттың түтастығы, онда жүзеге асатын қүбылыстардың бір-бірімен байланыстылыгы, шарттылығы жөнінде гылыми көзқарас қалыптастыру. Өлі табиғатты қүрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты қүрайтын организмдердің денесі заттардан түрады. Заттардың өзі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бөлшектерден қүралады.

Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу. Қазір үш миллионнан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда.Осы миллиондаған заттардың ішінен қайсысын және қандай дәрежеде өту қажеттігін шешу - аса жауанты міндеттердің бірі.Заттар туралы білім үғымдардан тұрады, олардың негізгілері - химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.

Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті - химия курсын қүрайтын үғымдар жүйесін, эр жүйеге кіретін жеке үгымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.

Заттар мен үғымдар теориялық көзқарастар түргысынан іріктегі алынады. Олардың бірі - теорияны өтуге әзірлеу үшін, екіншісі - бекіту үшін, үшіншісі теорияның негізінде оқып үйрену үшін қажет. Мәселен, заттардың қасиеттерін, оның атом-молекулалық кұрылысын, сондай-ақ элементтердің қасиеттерін түсіну үшін атом қүрылысын, периодтық заң мен периодтық жүйені білу керек.

Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын теориялардың мазмүнын, деңгейін және орнын негіздеу. Теориялық білім деректі материалдарды сүрыптау, түсіндіру және болжау, үғымдарды анықтау міндетін атқарады.

Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін артгыру. Бүл негізді жүзеге асыру үшін химия өндірістерімен жэне олардың ғылыми негіздерімен таныстыру, технологиялық негізгі үғымдарды қалыптастыру, қалаулы қасиеттері бар өнімдерді, бағалы синтетикалық материалдарды өндірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның мэнін көрсету, химиямен байланысты мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тэрбиесін жүзеге асыру керек.

Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті - табиғатты аялай білуге баулу; химияны жэне химия өнеркэсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың, топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді жэне тиімсіз жақтарын білу; соңғы кезге дейін химияны тек қана мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, организмдерге жэне адам денсаулығына тигізетін қолайсыз әсері жөнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.

Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті - оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті - оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық эдебиеттермен жүмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлей білуге, өз ойын анық, дәл, жүйелі жэне дәлелді жеткізе білуге үйрету; химияның өзіне ғана тэн тілдік қүралдарын, химиялық символиканы, номенклатурасын және терминологиясын жетік білдіру; олардың мағынасы мен қүрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.

Пәннің оқу – тәрбиелік міндеттері.Ғылым негізі – аса маңызды деректер, ұғымдар, заңдар мен теориялар және химиялық символика жөнінде білім беру;Химиялық құбылыстарды бақылауға түсіндіре білуге үйрету;Заттар мен химиялық құрал – жабдықтарды пайдалана білу, қарапайым тәжірибелерді жасау және оларды орындағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау білігін қалыптастыру;Химияның оқу материалы негізінде оқушының жеке басының қабілетін: оқу материалынан ең маңыздысын жекелей білу, салыстыру, себеп – салдар байланысын ашу, жинақтап қорыту, алған білімін қисынды және дәлелді баяндай білу, өздігінен толықтырып, қолдану білігін қалыптастыру;Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан – салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету;Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру;Химияны оқытудың дамытушылық мақсаттары.Химияны оқыту дамытылған мәнде жүргізілуі керек, өйткені танымдық мүмкіндіктер, логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекеттерге байланысты. Ойлау, есте сақтау, эмоциялық сөйлеу т.б сапаларды дамытуды керек етеді. Оқушылардың ақыл – ойы білім мен білікті игеру барысында дамиды. Білімді алу мен қолдану процесінде жүзеге асатын ойлау тәсілдері: салыстыру, анализ және синтез, жіктеу және жүйеге түсіру, себеп – салдар байланысын ашу, қорыту және жалпылау. Ақыл – ойы дамумен қатар қиялы, зейіні, қызығушылығы артады. Қызығушылық деп оқушының бір нәрсеге зейін қоюға, кейбір заттар мен құбылысты танып білуге ұмтылуын айтамыз. Химияда оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес, тек соларда таба білу керек.Химияны оқытудың тәрбиелік міндеттері мен мақсаттары.Ол еңбекке баулу, адамгершілікке үйрету, нысанды қасиеттерін қалыптастырады.Оқыту кезінде ғылыми көзқарас, саяси – идеялық, нанымдық пікірлер туғызып, жан – жақты тәрбиелік сипатта болады.Табиғатты аялай білуге баулу, химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтық ластануын болдырмау т.б туралы экологиялық тәрбие беру.

4 Cурак. ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ МАЗМУНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫ Химия курсының мазмүнын тицдауга жэне оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар.

Химия курсының мазмүны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне гылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дүрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.

Жүйелілігі. Оқу материалы гылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындагыларға негіз болады. Жүйелік негізі, әсіресе, химияның негізгі үғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар жэне химиялық реакциялар туралы үғымдар жүйесіне біріктіреді.

Түсініктілігі. Бүл ғылыми негізге- керегар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бүрмалаушылыққа әкеліп соғады.

Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату ушін ерітінді үғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш бөлшектерінің өзара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.

Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.

Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта туседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мэні мен мағынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білуі керек. Мұның өзі оқушылар білімінің жаттанды және үстірт болмауын қамтамасыз етеді.

Көрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптаскан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқыгуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан- жақты бақылау жасауға, эр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.

Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл - оқушылардың гылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың өндіріске енгізілуін, ал химия өнеркәсібініқ қажеттілігі ғылымнық дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен өткен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан өндіру, оқ- дәрі жасайтын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе-теңдікті қалаған жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру қүралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.

Сөз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алған теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бүл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін күбылыстарға негізделіп қүрастырылады.

Орта мектептегі химия курсының мазмуның сурыптау негіздері Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмүнынның түтастығы; гылыми дэлдігі жэне қүндылығы; оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.

Бүпар оқу пэндерінің бэріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмүнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру эдістемесінде талданған. Енды соларға тоқталып өтейік.

Оку материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі.

Қазіргі ғылыми-техникалық даму дэуірінде жеке гылым салалары қарыштап дамыды. Қайсыбір топшылауларға қарағанда, эр 7-10 жылда ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мүның өзі оқу пәндерінің мазмүнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отыруды қажет етеді.

Оқу пэні ретінде химияның мазмүнына деректі материалдар, жетекші теориялар мен заңдар, өңдірістік материалдар енгізіледі. Осылардың эрқайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа иедялармен толысуы керек.

Химия курсының мазмүнын таңдағанда жэне толықтырғанда білімнің жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ішінен ең іргелі білім мен біліктері іріктеліп, жетекші идеяның төңірігіне топтастырады, олардың ішкі мэнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың түрғысынан түсіндіреді.

Демек, теория мен деректі тэжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау - аса маңызды әдістемелік міндеттердің бірі.

Деректер теориялық көзқарарсты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нэтиже береді.

Үгымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымының, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында эр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес. Дегенмен, оқушылардың эзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сэйкес дамытылады; физикалық дене—► зат—> элементтік құрамы—► элементар бөлшектер—*■ иондық құрамы—*• материяның бір түрі.

Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады (1). Бұдан соң атом молекулалық теорияның (2), электрондық теорияның (3), электролиттік диссоциациялану теориясының (4), жалпы материалистік көзқарастың (5) тұрғысынан дамиды.

Қиыншылықты бөлу негізі. Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда эр қилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе - оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орнын тиімді анықтау. Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды игеруге қиналады. Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады. Деректі материалдар теорияның алдынан жэне соңынан қарастырылады да, бірінші жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда бекіту, нақтылау жэне дамыту мақсатын көздейді.

Қиыншылықты бөле білу негізі ұғымдарды дамытуға тығыз байланысты. Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстың эр жерінде өтіліп дамытылады. Мэселен, валенттілік ұғымының VII сыныпта эмпирикалық түсінігі, VIII сыныпта электрондық тустнігі беріліп келді. Эмпирикалық ұғымның өзі, алдымен қосылу, соңынан орын басу реакциялары арқылы эр гақырыптарға белініп беріледі.

Қиыншылықты бөле білу негізіне сәйкес терминдердің мағынасы да біртіндеп ашылады. VII сыныпта атом - химиялық бөлінбейтін заттың ең кішкене бөлшегі деп анықталады да, VIII сыныпта атомның элементар бөлшектерден тұратын күрделі құрылысы түсіндіріледі.

VIII сыныпта электрондардың атомдағы күйі, периодтылықтың себебі туралы күрделі материалды толық және терең қарастыру мүмкін еместігінен, бүлардың негізгі бөлігі XI сыныптағы жалпы химия курсына көшірілді.

Политехнизм негізі. Бүл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмүнына енгізілетін материалдар: 1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің жэне негізіне химиялық эрекеттер жататын кейбір өндіріс орындарының шикізаттары, өнімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппаратары; 2) өндірістің жалпы жэне химияға тэн ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа өндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орны; 4) химия өнеркэсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары;

5) химия өндірістерінің экологиялық мәселелерін шешудегі мэні; 6) кәсіптік бағдар беретін материалдар.

Келтірілген материалдар оқушылардың ғылыми-техникалық ой - өрісін дамытуға бағыттапған. Бүлардан басқа политехнизм оқушыларды сарамандық іске бейімдеу, түрмыста және табиғатта жиі кездесетін заттармен жүмыс істей білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Тарихи негіз. Бүл негізді жүзеге асыру дегеніміз - химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі жэне болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру. Тарихи негіз екі бағытта жүзеге асады: біріншісі - орта мектептегі химия курсының мазмүны мен қүрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі - химия элементтердің заттардың, химия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мэлімет беру.

Бірінші бағыттың негізінде теориялық көзқарастардың орналасу реті анықталды. Мүнда оқушыларды ғылым тарихындағы адасулар мен қателіктерге соқтырмай, тура жолмен алып жүру мақсаты көзделді.

Екінші бағыт бойынша оқу материалының мазмүнына кіретіндер: 1) кең таралған жэне толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы, оттегі мен суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлүматтар беру; 2) атом-молекулалық ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж. Дальгон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) масса ның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов жэн А. Лавуаз

тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.

.

5-сурак. Орта мектептегі химия курсы мазмұиының қалыптасу кезеңдер. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сэйкес химия пэнінің мазмүны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.

1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз-бүл бағдарламаларда эр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмұны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мүғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жүмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай қүрылды. Профессор П.П. Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мэні мойындалмады, оны тәжірбиеден оқушылардың өздері қорытып шығаруға тиісті болды.

1923 жылы қабылданған жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін “табиғат” , “еңбек”, “қоғам” деген қүрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік әрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.

Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бұрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздағы “Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тэртібі” туралы қаулысының маңызы зор болды. Бүл қаулыда жалпы білім беретін пәндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның түрақты бағдарламасын үсынды.

Бүл бағдарлама жүйелілікке, үғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп қүрылды. Химияның негізгі үғымдары мен заңдарының анықтамалары тәжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия ғылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.

Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама ұстанымы - химиялық заттар бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биоорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу - тәрбиелік маңызы зор.

6-сурак Химиялық ұғымдардың қалыптастыру бір мезгілдік нәрсе емес, олар пәнді одан әрі оқып – үйрену үрдісінде дамиды, жаңа белгілермен ұғымдар байиды, түсіндірілуі тереңдейді. Ұғымдарды қалыптастыру үш кезеңнен тұрады: бірінші әзірлік кезеңі, ол – қалыптастыратын ұғымның тірегі; екінші кезеңде ұғымның алғаш қалыптасуы іске асырылады; ал үшінші кезеңде ұғымды кейінгі таным үрдісінде қолданумен және көлемі мен мазмұны бойынша оны дамытумен сипатталады.Орта мектептегі химия курсын оқытуда ұғымдар қалыптастыру теориясының дамуына атақты орыс химигі - әдіскер В.Н.Верховский елеулі еңбек сіңіреді. Көптеген әдістемелік еңбектердің авторы С.Г.Шаповаленко химиялық ұғымдарды қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосты. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында химияда бұрыннан қалыптасқан генетикалық байланыс ұғымын заттың құрылысы жөніндегі ұғымдар алмастырды. Атомның құрылысын зерттеуге баса назар аударылды, соның нәтижесінде кванттық – механикалық түсініктер теориясы пайда болды. Ол заттың ішкі құрылысын тереңірек зерттеуге баса назар аударды. Сөйтіп атом – молекулалық ілім, құрамның тұрақтылық заңы, массанын сақталу заңы, органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы т.б. пайда болды. Химияны оқыту, білім беру және тәрбиелеу мақсаттарының бірі – оқушыларға химияны саналы, жүйелі әрі баянды меңгерту. Ол ұғымдар жүйесін дұрыс меңгеру байланысты.Ұғымдарды қалыптастырудың бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:1. кезеңде заттар мен әр түрлі құбылыстарды тікелей байқау және пайымдау. Нақты заттардың мысалдармен танысу: оттек, сутек, т.б. Затарды оқу арқылы «зат», «заттың қасиеті» жөніндегі мәліметтерді жүйелеу. 2. кезеңі – заттар туралы теориялар мен белгілі заңдылықтарды пайдалану кезіндегі анықтамалық материалдарды қолдана ббілуге назар аудару.3. кезең – заттар жөніндегі жеке ұғымдарды, басқа ұғымдарды түсіндіру кезінде пайдалану.4. кезең – химияның алғашқы ұғымдарын, күрделі ұғымдарды түсіндіруге және дүниетанымдық көзқарастарды нақтылай көрсету кезінде қарастыру. Сондай – ақ пәнралық байланыстарды пайдалану.

7-билет.Химиялық тіл және оның манызы Химияның ғылыми тілі дегеніміз кәдімгі ұлттық немесе табиғи тілге қатынасы қандай ?-деген заңды сұрақ туады. Таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылатын табиғи тіл көп құрылымды болып келеді,атқаратын қызметі де сан алуан. Кез келген хабарламаны жеткізуде табиғи тілдің мүмкіндігі зор болғанымен әр ғылым өзінің бір құрылымды ғылыми тілін жасауға тырысады. Оларды жасанды тіл деп атайды, химияның тілі де арнайы қызмет атқаратын жасанды тілдердің бірі.Химия тілінің үш бөлігі бар. Химиялық тілдің бірінші бөлігі-ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер –ғылыми ұғымдардың атаулары. Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалаптасты. Мәселен , затпен байланысты заттың «қасиеттері», «құрамы», «құрылысы», «жіктелуі», «алынуы» және басқа толып жатқан терминдер қалыптасты. Әдетте бір ұғым бір ғана терминмен беріледі, мағынасы шектеулі келеді, теориялық тұжырымдамаларға тәуелді түрде өзгереді. Химия тілдің екінші бөлігі – химиялық номенклатура , заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелік , ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі. Жүйелік және халықаралық номенклатура химиялық символикағанегізделеді. Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Оқулықтарда, кейбір методикалық әдебиеттерде химиялық тілге символика ғана жатқызылып келді. Химиляқ символика-халықаралық шартты тіл. Жүйелік номенклатура және химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді.Химиялық тіл- оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу,тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады. Химияның қоғам өміріндегі маңызын,экологиялық мәнін түсінеге мүмкіндік береді.

8-сурак .Мектеп курсындағы химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің біріне саналады. Есеп шығару – оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы.

«Су және ерітінділер, негіздер» тақырыбында алмасу реакцияларының аса маңызды бір түрі – бейтараптану реакциясы туралы ұғым қалыптасады. Негіздер мен қышқылдардың, сілтілер мен қышқылдық оксидтердің арасындағы алмасу реакциялардың мысалдары қарастырылады. Бір – біріне қарама – қарсы реакциялар судың анализі мен синтезі талданады. Тәжірибе жүзінде заттың құрамына кіретін элементтердің масса үлестердің есептеу арқылы химиялық формула табу әдісі көрсетіледі. Орын басу және қосылу реакциялары жөніндегі оқушылардың білімі толықтырылады. Қосылу реакциялардлың бір түрі гидроттану туралы жаңа ұғым беріледі. Бұл бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты түсінудің негізін құрайды.

9-сурак Оқыту эдістері туралы түсінік. Әдіс - іс-әрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс терминінің мағынасы өте кең. Ол кез- келген адамның сарамандық жэне теориялық іс-эрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерін игеруінің тәсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана іс әрекеті, немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды. Ол оқушы мен мұғалімнің бірігіп, мақсатқа жету жолындағы ізденісі, іс -әрекеті болып табылады.

Әдістің мэнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын жэне мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді Оқыту әдістері дегеніміз- белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-эрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.

Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғалімі оқушыларын білім жэне бікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге багытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны оқыту әдістері химия гылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз - мазмұнның ішкі қозғалысы.

Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені эдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайданылған. Солардың бэрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз - белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формулалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.

Химияны оқыту эдістері ғылыми зерттеу эдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып, білу эрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.

Оқыту әдістерінің жіктелуй Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы жэне жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы эдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме - иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) жэне зерттеу әдістеріне тармадалады. Бұлардың эрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз эдістерінің тобы, сөз - көрнекі сарамандық эдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.

1. Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру - жалпы әдістің сөз эдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); э) эңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс.

Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру әдісі - мұғалімнің екі негізгі іс - әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық жэне көрсетілімді пайымдау тәсілі. Бұл эдіс негізінен үш топқа бөлінеді.

2. Сөз - көрнекі эдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; э) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс.

3. Сөз - көрнекі - сарамандық әдістер тобына:

а) оқушылардың үлестіріп берілген материаддармен жұмысы;

э) химиялық тәжірбиелер орындау;

б) кұралдар құрастыру, модельдер жасау; в) жазбаша жэне графикалық жұмыстар орындау жатады.

Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің мынандай әдістері бар.

1. Сез әдістер тобы: а) әңгімелесу (дискуссия, семинар), э) текспен өздігінен жұмыс. 2. Сөз - көрнекі әдістер тобы: а) көрнекі кұралдарды пайдаланып, эвристикалық әңгімелесу; э) көрнекі құралдар жэне текспен өздігінен жұмыс. 3. Сөз - көрнекі - сарамандық әдістер тобы жеке әдістерінің тізбесі осының алдыңдағыға ұқсас, одан айырмасы оқушылардың таным эреқеті эвристикалық сипатта болады.

Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу жэне ғылыми-көпшілік эдебиеттермен оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз-көрнекі әдісі: эдебиеттермен және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сарамандық эдістер тізбесі сөз эдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге, субъективті жаңалық ашуға бағытталған.

Оқыту әдістерін жалпы логикалық жағынан алғанда индукция және дедукция, аналогия деп жіктейді.

Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.

10 –cұрақ. Әңгіме. 10-25 минутқа созылатын қысқа мерзімді баяндау. Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мэселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін. Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды.

Кіріспе бөлімге кіретіндер: мэселе қою, баяндаудың мақсатын жэне маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласын ояту. Мәселенің жеке беліктерін жэне баяндау жоспарын хабарлау.

Баяндау бөлімі: жоспарга сәйкес ретімен баяндау. Мұғалім алдымен әр мәселені сұрақ түрінде қойып, оқушылардың назарын аударады, содан соң баяндайды, оқушылардың қалай қабылдағанын, гүсінгенін бақылай жэне бекітеді.

Қорытынды бөлімінде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіреледі.

Суреттеу, түсіндіру жэне мәселеге негізделген эңгіме кезінде оқушылардың таным әрекеті жүзеге әр түрлі асады. Мәселеге негізделген эңгіме іздестіру әдістеріне жақындайды, оқушылар білім алу тәсілімен мына сызбанұсқа бойынша танысады: қайшылық жағдай - туатын мәселе - шешу жолдарын қарастыру, гипотеза - оны дәлелдеу жолы - шешу - қорытынды. Мәселен, метанның электрондық құрылысымен таныстыратын мәселе негізіндегі эңгіме екі қайшылықты шешу арқылы жүзеге асырылады. Бірінші қайшылық көміртегі атомының құрылысы туралы оқушылардың білетіні мен метан молекуласының сандық құрылымы арасында туады. Көміртегі атомының электрондық құрылысына қарағанда сутегі мен қарапайым қосылысының формуласы СН2 болуы керек, бірақ ол - СН4. демек, көміртек атомының сыртқы қабатындағы жұптасқан электрондар ковалентті байланыстар түзуге қалайша қатысады? Бұл мәселені шешу үшін көміртегі атомының қалыпты жэне қозған күйі деген ұғымдар енгізіледі, олардың эрқайсысы символикалық сызбанұсқалар, электрон - толқындық модельдер арқылы көрсетіледі.

Екінші қайшылық көміртегі атомындағы 5 - жэне р - электрон бұлттарының кеңістікте орналасу бағыттарымен метанның кеңістіктегі пішінін салыстырудан туады. Тетраэдр пішінді молекула қалай түзілген? Бұл мәселені шешуге оқушылардың білімі жетпейтіндіктен мұғалім гибридтеу теориясы туралы қысқаша түсіндіреді, сондай-ақ сызбанұсқалары мен модельдерді пайдаланады. Баяндауға оқушыларды белсенді қатыстыру үшін көміртегі атомының электрондық құрылысын, 5 және р - бұлттарының бағытталу сызбанұсқаларын оқушылардың өздеріне сыздырады.

Дәріс. Әңгімеден айырмасы - ұзақ мерзімді (30-40 минут) баяндауға жатады, жоғарғы сыныптарда жиі қолданылады. Орта мектеп реформасында, жаңашыл мұгалімдер іс-тәжірибесінде, кейінгі методикалық эдебиеттерде дәріске көп көңіл бөлінеді, оның тиімділігі нақты дәлелденген. Мэселен, электролиттік диссоциациялану тәрізді теориялық тақырыптан алдымен дәріс, содан соң оқушылардың сұрақтарына жауап қайтару, содан кейін семинар жэне диспут өткізген тиімді.

Дэріс мұғалімнің жан-жақты дайындалуын қажет етеді жэне оған қойылатын талаптар:

1. Дәрістің жалпы педагогикалық, дидактикалық жэне әдістемелік мақсаттарын анықтау;

2. Оқу материалын іріктеу: а) оқушылардағы жаңа білімді игеруге қажетті білім қорын анықтау; э) жаңа білімнің мазмұнын және көлемін нақтылы белгілеу;

3. Дәріске қажетті оқыту құралдарын іріктеу, әдістемелік жағынан негіздеу;

4. Дэріс жоспарына кіретін негізгі мәселелерді, олардың баяндалу ретін, оқушыларды белсенді қатыстыру тәсілдерін ойластыру;

5. Дэрістің қорытынды бөлімінде оқушылардың материалды қандай дэрежеде түсігенін тексеретін бақылау сұрақтарын, қорытындылау жэне жүйелеу жолдарын белгілеу.

Әңгімелесу. Диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады . Әдістің мэні - мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайырады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Баяндалғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынгы сыныптардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сипаты мен мақсатына қарай бұл эдіс хабарлама, эвристикалық жэне бақылау, қоры гынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі. Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін жэне сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар:

1. Оқушыларға әңгімелесудің мақсатын, негізгі міндетін жеткізу, оларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандыру;

2. Әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу жэне жіктеу, қойылу ретін және тұжырымдалуын ойластыру;

3. Негізгі жэне қосымша сұрақтардың арақатынасын анықтау;

4. Жоспарланган сұрақтар бойынша эңгімелесу, кластағы оқушыларды жаңа білім алуға ұмтылдыру, бүкіл сыныппен әңгімелесу;

5. Әңгімелесудің мақсатынан ауытқымау, уақытты үнемдеу;

6. Әңгімелесудің нэтижесін жинақтап, қорытынды жасау.

7.

Сез әдістер тобы: а) әңгімелесу (дискуссия, семинар), э) текспен өздігінен жұмыс. 2. Сөз - көрнекі әдістер тобы: а) көрнекі кұралдарды пайдаланып, эвристикалық әңгімелесу; э) көрнекі құралдар жэне текспен өздігінен жұмыс. 3. Сөз - көрнекі - сарамандық әдістер тобы жеке әдістерінің тізбесі осының алдыңдағыға ұқсас, одан айырмасы оқушылардың таным эреқеті эвристикалық сипатта болады.

Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу жэне ғылыми-көпшілік эдебиеттермен оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз-көрнекі әдісі: эдебиеттермен және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сарамандық эдістер тізбесі сөз эдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге, субъективті жаңалық ашуға бағытталған.

Оқыту әдістерін жалпы логикалық жағынан алғанда индукция және дедукция, аналогия деп жіктейді.

Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.

11- сурак Мектепте сабақ мазмұнына қарай әр түрлі көрнекіліктер қолданылады.

Оларды былай топтастыруға болады:а/ табиғи көрнекіліктер: Минералдар, қазба байлықтары, әр түрлі тәжірибелік реактивтер, т.б. құбылыстарды көрсететін аспаптар т.б.

б/ Дыбыстық көрнекіліктер: Аудио-визуалдық құралдар арқылы берілетін бейнелер, дыбысты кинолар, грампластинкамен дыбыс жазу т.б.

в/ Рәміздік және сызбалық көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, диаграммалар, химиялық элементтің таңбасы бар әр түрлі көрнекіліктер.

Көрнекі құралдарды оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданады /Жаңа білімді хабарлаған кезде, үйге тапсырма бергенде, қайталаған кезде, білімді қорытындылап, жинақтау кезінде, т.б. зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындау барысында пайдалынады./

Теорияның тәжірибемен байланысы – бұл оқушылардың ғылым негізінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандылығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, бұл политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. /Өндіріс негіздерімен, халық шаруашылығымен байланысы/

Оқыту сапасын жетілдіре отырып, оқушылар күнделікті тұрмыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада химиядан алған білімінің қолдану салаларын көреді.

Бұл арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, кәсіптік бағдар алады.

12-сурак Сөз- көрнекі әдістер ішінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді көрнекі көрсету (көрнекі көрсету эксперименті). Ол: 1) оқушылардың тэжірибелік білігі мен дагдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделі; 3) эксперимент “қауіпті” болганда; 4) аз мөлшерлі реактивтер нэтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу жэне құрал -жабдық жеткіліксіз болганда қолданылады.

Оқу-тәрбиелік міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке мынадай талаптар қойылады;

1. Көрнекілік - корнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрінуі үшін арнаулы көрнекі көрсететін үстелде жәНе үстелшеде, ірі ыдыстарда жасалады. Жасанды жарық, экран - кадоскоп қолданылады; '

2. Қарапайымдылық - тәжірибе жасалатын құрал құрылысының күрделі болмағаны жен, егер құрал күрделі болса, оқушылардың назары бөлінеді, құбылысты бақылауға кедергі жасайды;

3. Қауіпсіздік - көрнекі көрсетілетін тэжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болуы керек. Улы заттар түзілетін, қопарылыс қаупі бар тәжірибелерді алдын-ала дайындауга, сақтық шараларын ескеруге жете көңіл бөлінуі керек;

4. Сенімділік - тэжірибе міндетті түрде шыгуы тиіс. Күмэнді болған жагдайда мұгалімнің алдын ала ескертуі керек;

13-сурак Бүл әдістің мәні - оқушылардың сарамандық іс-әрекетін тиімді үйымдастыру. Бүған жататындар: оқушылардың эксперименттік (зертханалық жүмыстар, сарамандық тәжірибелер) жаттығулар жасау химиялық есептер шығару, кітаппен жүмыс, графикалық жүмыстарды орындау. Мүның бәрі оқушылардың өздігінен істейтін жүмыстары, оны жаппай, топпен жэне жеке түрде үйымдастыруға болады.

Оқушылардың эксперименті - заттар мен химиялық реакцияларды танып, білудің негізгі қүралы. Ол арқылы оқушылар заттардың қүрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті, заттардың генетикалық байланысын, химиялық қүбылыстардың мэнісін түсінеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алады.

Зертханалық жұмыстардың мақсаты - жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып -үйрену сабақтарында жасалады.

Оқушылар сарамандық жұмыстарды тақырып өтілген соң орындайды, олардың мақсаты алынған білімді және білікті бекіту, нығайту, нақтылау, жетілдіру жэне тексеру.

Оқушылардың таным іс-әрекеті, яғни оқу барысы түрғысынан алғандаоқушылардың эксперименті мынадай кезеңдерде жүзеге асады: 1. Тәжірибенің мақсатын түсіну; 2. Заттарды зерттеу; 3. Қүрал қүрастыру немесе дайын күйінде берілген қүралды пайдалану; 4. Тәжірибені орындау; 5. Тәжірибені бақылау, нәтижесін талдау жэне қорытынды жасау; 6. Алынған нәтижені түсіндіру жэне реакция теңдеулерін жазу; 7. Жазбаша есеп беру.

Мүғалім оқушылардың зертханалық жүмыстарды қалай жасағанын қадағалап, бақылайды, олардың эр тобынан өзіне көмекшілер тағайындап алады. Оқушылар жіберген қателер қолма- қол түзетіледі. Зертханалық жүмыстардың техникасы жэне жабдықтары онша күрделі болмайды, олардың уақыты кесімді жэне оқушылар бір мезгілде орындайды.

Сарамандық тәжірибелер екі түрлі болады: нүсқаулар бойынша орындалатын тәжірибелер жэне эксперимент есептері. Нүсқаулар - оқулықта беріледі, тэжірибе жасаудың барлық кезеңдері сипатталады, бақылау тәсілдері көрсетіледі, сақтық шаралары ескертіледі. Дегенмен, сарамандық жүмыстарды нүсқаулар арқылы ғана откізу жеткіліксіз.

Сарамандық жүмыс басталар алдында мұгалім үй тапсырмасын тексеріп, әңгімелеседі.

Мүғалім сақтық шараларын еске түсіріп, эзірліктің толық екеніне көзі жеткен соң өз бетінше тәжірибелер жасауға рүксат береді. Жүмыс кезінде оқушылардың алдын ала белгіленген сарамандық біліктері мен дағдыларын қадағалап, эр білікке “+” дүрыс, дүрыс емес, “о” -білмейді деген белгі қояды.

Оқушылар сарамандық жүмыстың есебін арнайы дәптерге жазып, кабинетте қалдырады, оны мынадай үлгіде жасауға болады:

Жүмыстың тақырыбы

Тәжірибенің аты Мұғалім оқушылардың жұмыстарын келесі сабаққа дейін тексеріп Тәжірибенің орындалу реті Құралдың суреті. Бақылау. Қорытынды және реакция теңдеулері.

14-сурак Білім мен білікі тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы. Оқытудың нэтижесін шығару - оқыту барысындағы аса маңызды бөлік. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдістері жэне ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тэрізді білім мен білікті тексеру де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейді.

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, жетілдіреді.

Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды эр сабаққа эзірленіп келуге машықтандырады, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, өз ойын анық жэне дәл жеткізіп сөйлей білуге үйретеді.

Білімі мен білігін күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар сыныптан сыныпқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.

Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тәрбиелеу міндеттерін атқаруды қамтиды жэне дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алғанда бақылау, үйрету, бағдарлау жэне тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім оқытудың эр кезеңінде оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нәтижесін талдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, адал және шыншыл болуга тәрбиелейді.

Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады. Жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың бұрыннан білетіндерін есепке алады. Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мәселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды. Білімді тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сәйлеу мэдениетін дамытуға, тірек хабарларын, сызба-нұсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тәсілдерін қалыптастыруга, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағд ы лан дырад ы.

Бақылау, бағдарлау, үйрету және тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.

Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке тақырып бойынша эр оқушының білімі нақтылы анықталады.

Тексеру жүйелі жэне жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті дидактикалық жэне техникалық құралдар, тексеру эдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сәйкес алдын ала әзірленеді.

Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейін көтеріліп, өзін-езі бақылайтын, ез ісіне сын кәзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Ізгілік пен демократияландыру тұрғысыннан алганда бұл аса маңызды талаптардың бірі.

Тексерудің түрлері мен әдістері эр мұғалім жүзеге асыра алатындай қарапайым жэне оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімді тексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан алыстамаудың, әділеттік пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор екенін айрықша айтпаса болмайды.

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру эдістері мен түрлері

Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді жэне қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделікті тексеруді жеке сабақтарда, дүркінді тексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеруді тоқсаның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бұлардың әрқайсысы өткізу немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сүрауға, жазба жұмыстарға жэне экпериментік тапсырмаларға бөлінеді. Бұлардың өзі одан эрі жекелеп сұрау, топтық сұрау жэне жапай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жұмыстары, ұзақ мерзімді бақылау жұмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жек-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жұмыстары, үй эксперименті болып тамамдалады. Білім мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен жэне машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, сұрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанұсқалар, т.б.

Тексерудің кез келген түрін қолданғанда оқушылардың біліміне, білігіне жэне дағдысына қойылатын талаптар ескеріледі, олар қазіргі бағдарламада көрсетілген. Негізгі талаптарды химиялық теориялар мен заңдарын, деректі және өндірістік материалдарды игеру мэселелерінің төңірігіне топтастыруға болады.

Оқушылар химиялық теориялардың: 1) негізгі қағидаларын; 2) ашылу тарихын; 3) эр қағиданы дәлелдейтін тәжірибелер мен деректерді; 4) теорияны өздері танысатын деректерді түсіндіруге, заттардың қасиеттері мен құбылыстарды болжай білуге пайдаланатын дәрежеге жетуі керек.

Оқушылар эр заңның және ұғымның: 1) мазмұны; 2) өтілген теория тұрғысынан анықтамасын; 3) заң жэне ұғым тұрғысынан жеке деректердің, құбылыстардың түсіндірілуін; 4) заңның ақиқаттылығын дәлелдейтін тәжірибелерді; 5) ашылу тарихын білуі тиіс.

Оқушылар орта мектепте оқылатын эр заттың табиғата таралуын, алыну тәсілдерін, қасиеттерін, құрамы мен құрылысын, қолданылуын білуі қажет. Химиялық өндіріске байланысты оқушылар: 1) өнімінің құрамын, сипатамаларын, халық

шаруашылығындағы маңызын; 2) шикізат құрамының өндіріске әзірленуі; 3) өндірістің негізіне жататын химиялық эрекеттерді; 4) оларды жүзеге асыратын негізгі аппараттарды; 5) өндірістің ғылыми негіздерін білуі керек.

Осы кездегі педагогикалық және әдістемелік эдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға жэне тексерілуге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі - оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жүмыс істей білу; білімнің басқа қүралдарын пайдалана білу; беретін жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей білу, өзін-өзі бақылау жэне талдау. Екіншісі - оқушылардың даму өрісін көрсететін қисынды біліктер мен дағдылар: анализ жэне синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізгісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дәлелдеу, қорытындысын шығару. Үшіншісі - еңбек істей білуге байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек етуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі; реактивтермен жұмыс етуге білуі; сақтық шараларының орындауы; тәжірибе жасау техникасын меңгеруі; құбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуга икемділігі; уақытты тиімді пайда;іануы, жұмыс орнының тазалығы.

Осы үш саладагы жалпы біліктер мен дағдылардың әрқайсысы химиялық материалды өткенде жэне химиядан тэжірибелер жасағанда қалыптасуы жэне тексерілуі тиіс.

Тексерудің қай түрі болса да тиімділігі мен дайындылығына байланысты. Оның негізгі түрлері тақырыптық жоспарда көрсетіледі. Күнделікті, дүркінді жэне қорытынды сұраулар үшін карточкалар әзірленеді.Бақылаудың барлық түрлеріндегі оқушылардың білімін, білігін жэне дағдыларын бағалау нормалары бағдарламада көрсетілген, соны басшылыққа алу керек.Бағалау кезінде оқушылар жауабының сапалық кәрсеткіштері ескеріледі, олар: тереңдігі, толықтығы, сапалылығы, жіберген қателіктерінің саны мен сипаты. Оқушы жауабының тереңдігі теориялық деңгейінен көрінеді. Олардың минералды қьшіқылдың қасиеттерін - электоролиттік диссоциациялану, органикалық қышқылдардыц қасиеттерін электрондық теория тұрысынан түсіпдіре білулері керек.Оқушының жауабында жіберген қателері елеулі және болымсыз деп есептеледі. Елеуліге оқушы жауабының таяз және түсініксіз.болуынан туындайтын мына қателіктер жатады: оқушы ұғымның негізгі белгілерін, затардың маңызды қасиеттерін, заңның тұжырымын шатастырады, теориялық білімін құбылыстарды салыстыруға, жіктеуге, тусіндіруге, себеп-салдар байланысын ашуға және болжай білуге пайдалана алмайды. Болымсыз қателерге оқушының жаңылып кетуінен, өз жауабында мән бермей сөйлеуінен жэне жазуынан туындайтын қателіктер жатады, мэселен реакция теңдеуіне кейбір коэффициенттер қоюды ұмытады, ион зарядтарын және санын дәл көрсетпейді, бірақ мұғалімнің ескертпесінен кейін оларды түзетеді.

Осы сапалық көрсеткіштер тұрғысынан ауызша жауапқа қойылатын бағалар:

«5» деген бага өтілген теориялардың тұрғысынан толық жэне дұрыс берілген, әдеби тілмен жүйелі баяндалған және оқушының дәйектілігін білдіретін жауапқа қойылады.

«4» деген баға өтілген теориялардың тұрғысынан толық дұрыс жэне жүйелі баяндалған, бірақ екі-үш болымсыз қате жіберіп, мұғалімнің ескертуімен түзелген жауап үшін қойылады.

«3» деген баға толық, бірақ елеулі қатесі бар жауап үшін немесе толық емес, ретсіз жауапқа қойылады.

«2» деген баға оқу материалының мазмұнын түсінбей немесе елеулі қателер жібергенде, мұғалімнің жетелеуші сұрақтарынан кейін қателерін түзете алмағанда қойылады.

«1» деген баға жауап болмайтынын көрсетеді.

Сонымен оқушылардың білімін, білігін жэне дағдысын тексеру - оқыту мақсаттарынның қандай дәрежеде орындалғанын көрсетеді. Соңғы кездерде деректерді, теориялық материалды, тілді меңгеруге, экспериментті меңгеруге, есептерді шығаруға қойылатын талаптар, білімді бағалау критерийлері бағдарламада көрсетілген.

15-сурак. Ауызша сурақ қою. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай сұраудан тұрады. Ауызша сұрақ қоюдың артықшылығы мұғалім оқушының жауабын көзбе - көз тыңдап, талдайды жэне бағалайды. Әр оқушының дара ерекшеліктерін, қабілетін, есін, ынтасын, ойлауын, сөйлеу мәнерін жетік біліп алуына мүмкіндік туады.

Ауыша сұрау білімді тексерудің барынша қиын түрі болып есептеледі, себебі оқушылардың үй тапсырмаларын қалай дайындап келгеніне байланысты анықталады. Ауыша сұрау жеке дара жауап алу, қатарынан жаппай жауап алу, тығыздатылған (құрама) жауап алу болып бөлінеді.

Қысқа мерзімді ауызша сұрау жаңа сабақты түсіндіруден бүрын тірек білімді еске түсіру үшін, сабақтың соңында жаңа материалды бекіту үшін жүргізіледі. Ұзақ мерзімді ауызша сүрау белгілі бір тақырыптан оқушылардың алған білімін, қайталау пысықтау жэне тексеру максатын көздейді.

Ауызша сүрақ қою кезінде ең маңызды әдістемелік мәселені жэне қалай сүрайтынын анықтау. Ауызша сұрау бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тиімділігін арттыратын әдістері бар.

1. Сұрақ қою, жауап беретін оқушыны тыңдау. Сұрақ алдымен жалпы класқа беріледі, әр оқушы өзінің психикалық жағынан жауап қайтаруга әзірлейді. Бірінші сұракгы дайындауға уақыт аз бөлінетіндіктен жауап беруге тәуір оқитын окушы шақырылады. Ол тақтаға жетіп әзірленгенше сыныпқа екінші сұрақ беріліп, екінші оқушы жекелеп жауап беруге әзірленеді. Осылай, сұрақ жоспарына сәйкес, келесі оқушылар шақырылады, бірінші оқушы жауабын бастайды. Окушының жауап беруге эзірленуі. Сұрақтың мазмұнына сәйкес оқушы жауап беру жоспарын жасайды, тақтаға химиялық формулаларды, реакция теңдеулерін, есеп шығару амалдарын жазады. Тәжірибе жасау тапсырылған болса, қажетті реактивтерді, аспаптарды, эр оқушының эзірлігін және сыныпты қадағалайды, қажет жағдайда ескертулер жасайды, сыныпқа арнайы тапсырма береді.

2. Жауапты тыңдау. Бұл- аузша сұрақ қоюдың ең жауалты және қиын кезеңі. Әдетте оқушылар тақтада жауап берген оқушыны зейін салып тыңдамайды, бос отырады немесе өзіне ұнайтьш бірдеңелермен айналысып кетеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін мұғалім сыныпқа қалай тыңдау керектігін айтып, тапсырмалар береді:

A) жауаптың жоспар бойынша жүйелі берілуін қадағалау;

Ә) қандай ескертпелер және толықтырулар жасауға болатынын межелеу;

Б) жауап туралы пікір айту;

B) жауапқа баға беріп, неге олай бағаланғанын түсіндіру;

Г) оқушының жауабын анықтай түсетін және толықтыратын сұрақтар қою;

Д) тәжірибені дұрыс жасап, қорытындылау.

Жолдасының жауабына пікір айту (б) күрделі жұмыс, пікірде жауаптың толықтығы, тереңдігі, дәлелділігі, есептің шығарылу тәсілі, тэжірибенің қалай қойылғаны талданады. Мұны жүзеге асыру үшін оқушы өз білімін басқа оқушының жауабымен салыстырып, айырмасын таба білуі керек. Бұған оқушылар біртіндеп үйретіледі. Жолдастарының жауабын бағалау да (в) оқушыдан парасатты, білімді жэне әділ болуды қажет етеді. Басқа жағдайда білімді бағалаудың

құны түсіп, бос әурешілікке экеліп соқтырады. Жауап берген оқушыга сұрақтар қоюда (г) күткен нэтижеге жете алмайтын жағдай жиі кездеседі. Өйткені оқушылар жауаптың мазмұнына қатысы аз кездейсоқ сұрақтарды жаудыртып жібереді. Сонымен пікір айту, бағалау жэне сұрақтар қою оқушылардан білімділікті, сыйластықты, т.б. жоғары сапалы қасиеттерді қажет ететін болғандықтан, мектеп сарамандығында тиесілі орын ала алмай келеді. Бүкіл сынып ұйымдасқан түрде жұмыла кіріскенде ғана сұрау мақсатына жетеді, ал білім бәсекесін тудыру арқылы сыныптың белсенділігін арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Тәжірибесі аз мұғалімдердің ауызша сұрақты ойдағыдай жүргізуге қиналатынын, қойылатын талаптарды толық орындамайтынын ұстаздық сараман көрсетіп келеді.

Жаппай ауызша сұрау қысқа мерзім ішінде бүкіл сыныптың бір мәселе жөніндегі білімін анықтау үшін пайдаланылады. Үй тапсырмасы, химиялық ұғымның қалыптасуы, жаңадан өтілген материалды қалай түсінгені, көбінесе, жаппай тексеріледі. Сұрақтар қысқа, негізгі мәселені ғана қамтитын түрде беріледі. Мэселен хлор тақырыбы бойынша “Хлордың суда ерігіштігі қандай?”, “Хлор суының қасиеті жөнінде не білесіздер?” іспетес 25 сұрақ эзірлеуге болады.

Жаппай сұрау кезінде оқушылар нақтылы деректі біле ме, білгенін түсіне ме, түсінбеген жағдайда себебін анықтау жэне болдырмау мақсаты көзделеді. Деректі толық білмейтін оқушыдан оны дәлелдеп тұсіндіруді талап етудің қажеті шамалы. Кейде деректің өзін білгенімен мәнісін түсінбеуі де мүмкін. Мәселен, оқушы хлордың суда аз еритіндігін, бірақ оның себебін молекула құрылысы тұрғысынан дәлелдеп бере алмайды. Өйткені газдардың ерігіштігі химиялық байланысының табиғатына тәуелді екенін естен шығарып алған. Мұндай жағдайда оқушының жауабын нақтылай түсетін қосымша сұрақтар қоюға тура келеді.

16- сурак . Оқушылардың білші мен дагдысын эксперименттік тексеру. Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген экспериментік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген. Бұлардың оқушыларды қалай игергені көрнекті көрсету арқылы, тәжірибе жасату жэне зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқылы анықталады.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім көрсеткен тәжірибені білімін тексеру кезінде оқушы қайталайды, мүғалім мына мәселелеге көңіл аударады жэне бақылайды: тәжірибенің мақсатын білуін қажетті заттар мен жабдықтарды таңдап алуын, қүрал қүрастыруын, тэжірибе жасауын жэне құбылыстарды бақылауын, құбылысты түсіндіруін жэне химиялық тілмен жазуын. 6- кесте. Оқушылардың білігі мен дағдысын есепке алу

Білік пен дағды Оқушының аты-жөні

1 2 3 4

1. Берілген бөлшектерден құрал құрастыру

2. Герметикалылығын тексеру

3. Қатты заттың мөлшері

4. Қышқылдың мөлшері

5. Сақтық ережесін ескеруі

6. Штативке бекітуі

7. Газ жүретін түтік ұшының орналасуы

8. Қыздыру техникасын білуі

9. Қыздыру аспабымен жұмыс ережелерін сақтауы

10. Құбылысты бақылауы

Қысқаша талдаудан кейін оқушының білігі мен дағдысына баға қойылады.

Оқушылардың эксперименттік білігі мен дағдылары зертханалық тәжірибелер жэне сарамандық жұмыстар кезінде тексеріледі. Ол үшін мұғалім тәжірибенің мазмұнын талдап, оқушыларда болуға тиісті біліктер мен дағдылардың тізбесін жасайды. Мәселен хлор сутекті жэне тұз қышқылын алу тәжірибесіндегі тізбе мынадай болуы мүмкін.

Мұгалім 4-6 оқушының тэжірибені қалай жасағанын қадағалап, эр білік пен дағдының тұсына белгі қояды да, олардың жиынтығы жэне оқушылардың жазба есебі бойынша бағалайды.

Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру және бақылау сарамандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма эксперимент есептері түрінде беріледі. Оқулық жэне оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар: 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық шешуі; 3) қажетті сызба - нұсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табуы және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті; 6) түсіндіру жэне қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жұмыс орнын таза ұстауы; 9) жұмыс орнын тэртіпке келтіруі; 10) жазбаша есебі.

Мұғалім келтірілген біліктер мен дағдылардың орындалу сапасын талдауға және зертханалық жұмыс кезіндегі бақылауларға сүйеніп, әр оқушынын жұмысын бақылайды.

17-сурак. Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру. Жазбаша тексерудің артықшылығы аз уақыт ішінде көп оқушының білімі мен білігін, химиялық сауаттылығын, алған білімін қолдану жайын анықтауға мүмкіндік береді.

Бір мезгілде өткізетін жазбаша тексеру арқылы оқушылардың өтілген материалды қандай дәрежеде меңгергені, жіберетін қателерінің мазмұны жэне көлемі анықталады.

Жазба жұмыстарын жүргізгенде оқушылардың химиялық құбылыстарды сипаттай білуі, құралдардың аттарын жэне жұмыс істеу тәсілдерін білуі, химиялық символиканы, физика мен математикадан алынған шамалардың таңбаларын білуі, заңдардың және ұғымдардың анықтамасын, оларга сүйеніп есептеулер жасай білуі, деректерді түсіндіру үшін теорияларды пайдалануы, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты сызбанұсқа түрінде көрсете білуі, т.б. тексеріледі.

Оқушылардың білімін жазбаша тексеру химиялық диктант, қысқаша мерзімді бақылау, ұзақ мерзімді бақылау, баяндама және шығарма түрінде жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді бақылау жұмыстары (15-20 мин.) үй тапсырмасын тексеру үшін, жаңа материалды қабылдауға әзірлеу немесе оқушылардың оны қалай түсінгенін анықтау үшін, жалпы түрде айтқанда нақтылы материалдан оқушылардың білімін анықтау үшін жүргізіледі. Бақылау жұмысының нұсқаларындағы сұрақтың саны, мазмұны, сипаты жэне қиындығы уақытқа лайық іріктеледі. Оқуіиылардың білімін, білігін және дагдыларын қорытып тексеру және багалау. Оқушылардың білімін, білігін жэне дағдысын қорытынды тексеру олардың білімін есепке (зачет) алу жэне емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Химиядан орта мектепте оқушылардың білімін есепке алу көп жылдардан бері қолданып келе жатса да әдістемесі нақтылы талданбаған. Ең алдымен эр сыныпта өткізетін сынақ санын және тақырыптарын анықтайды. Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмұны анықталады. Үшіншіден, оларды тексеретін сұрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бұған жай жэне мәселелі сұрақтар, сан жэне сапа есептері келтіріледі. Төртіншіден, материалдың мазмұнына қарай сынақ ауызша немесе жазбаша өткізіледі.

Сынақ кезінде белгіленген сұрақтар бойынша бір оқушы жауап береді, қалғандары тыңдап, түзетулер жасайды немесе бір сұраққа барлық оқушы жауап береді. Кейде, әсіресе, қорытындылау сабақтары кезінде 3-4 оқушы ауызша сұралады, 8-10 оқушы эксперимент есептерін, 8-10 оқушы сан есептерін шығарады. Бұл әдістердің эрқайсысының өзіне тэн артықшылықтары жэне кемшіліктері бар. Келтірілген әдістердің біріншісінде сұралғаннан басқа оқушылар белсенділік танытпайды, кейбір оқушылар ғана тексеруден өтетіндіктен көпшілік оқушылар жөнді әзірленбейді. Екінші эдіспен білім тексеруге уақыт көп кетеді, барлық сұрақты қамту қиынға түседі. Үшінші әдісте оқушы бір жағынан ғана тексеріледі. Мү.ның қайсысында болса да оқушының тақырыгіты толық менгергені жөнінде нақтылы пікір айту мүмкін емес. Сондықтан тексеру эдістерін бір-бірімен штастырып, түрлендіріп отыру керек.

Сынақ оқушылар білімін есепке алудың басым түріне жатады, оны емтиханға айналдыруға болмайды. Әдетте, сынақ (зачет) алу 1-2 сағатқа созылады, сабақ үстінде еткізіледі. Оқушыларды толық қамту үшін жартылай жазбаша химиялық диктант, бақылау жұмысы, жартылай әңгімелесу түрінде өткізілуі мүмкін.

Химиядан мектеп бітіру емтихадары оқушылардың білімініц, білігінің дағдысының сапасын анықтап, мемлекеттік бақылау жасау үшін бірыңғай билеттер жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Емгихан билеттерінде оқушылардың теориялық білімі (бірінші сұрақтар), химиялық элементерді жэне олардың қосылыстарын сипатай білу (екінші сұрақ), сан және эксперименттік есептерді шығару біліктері мен дағдылары (үшінші сұрақтар) тексеріледі. Билеттерде есептердің типі көрсетіледі, оларға сәйкес нақтылы есептерді мұғалімнің өзі таңдайды. Олардың мазмұны жергілікті материалдарға байланысты құралғаны дұрыс.

Емтиханға әзірлену қорытынды қайталау, типтік есептерді шығару түрінде жүзеге асырылады. Мұнда химияның бір саласының ішіндегі, эр салаларының арасындағы (бейорганикалық химия, органикалық химия, жалпы химия) байланысты тудыруға, негізгі ұйымдардың даму сатыларын анықтауға және бір жүйеге түсіруге баса назар аударылады.

Бақылаудың барлық түрлеріндегі оқушылардың білімін, білігін жэне дағдыларын бағалау нормалары бағдарламада көрсетілген, соны басшылыққа алу керек.

18-сурак Сабақ туралы тусінік. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. Химияны оқытудың білім мен торбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.

Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы - ұйымдастыру формалары - сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе құрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір болігі (кесіндісі) деп есептейді.

Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндетері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.

Сабақ ұғымының негізгі белгілері: оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына сәйкес жасалган сабақ кестесімен өткізіледі; уақыты кесілімді - 45 минут; оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді. Өткізу эдістері алуан түрлі.

Бір сыныпта оқитын оқушылардың жасы, физиологиялық жэне психикалық жетілуі шамалас, оқу жоспарында белгіленген мерзімде химияның бағдарланған курсын толық меңгеру мүмкіндіктері бар.

Химия курсы жеке сабактарға жүктеліп оқытылады, олардың жалпы саны-303, ҮІІІ-сыныпта-105 сабақ, ЕХ сыныпта - 85 сабақ, X сыныпта-68, XI сыныпта -68 сағат өткізіледі. Бұлар біртұтас сабақтар жүйесін қүрайды, бүл жүйеде эр сабақтың орны, өзіндік атқаратын қызметі бар.

Кез келген сабақ мақсаты, мазмүны, типі, қүрылымы, құралдары жэне әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру және дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық және эдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген элеуметік сүранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта қүру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен жэне творчестволық түрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сәйкес анықталады, оларға жататындар: а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау; э) жаңа білімді қабылдау; б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту жэне жетілдіру; г) білімді қолдану;

д) білімді тексеру және бағалау.

Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, үғымдарды, заңдарды жэне теорияларды нақтылайды.

Химия сабақтарының жіктелуі Химияны оқыту әдістемесінің оқулықтары мен оқу кұралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге жэне нүсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту әдістері, материалдық мазмүны, оқушының таным әрекетінің тэсілдері алынады.

Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақгарын 5 типке бөледі:

1) жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);

2) теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;

3) білімді қорыту және жүйеге түсіру;

4) бақылау-есепке алу;

5) аралас сабақтар.

Өзге әдістемелерде сабақтың типі үшке дейін ықшамдалган.

1- тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары. Негізгі дидактикалық буыны - оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.

2- тип. Оқушылардың білімімен білігін жетілдіру сабақтары. Бұған оқушылардың алған білімін қайталау және бекіту, қорытындылау жэне жүйеге түсіру сабактары кіреді.

3- тип. Оқушылардың білімін және білігін тексеру, есепке алу жэне багалау сабақтары. Мүнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады.

Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқага жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дэріс сабағы, ^ңгіме сабағы, эңгімелес сабағы , кітаппен жұмыс істеу сабағы, үлестіріліп берілетін материалдармен жүмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан эрі дэріс сабағының нұсқаларын - хабарлама баяндау жэне мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына - жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба - нұсқа жэне кестелер жасау т.б. жатады.

Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру жэне сарамандық сабақтар жатады.

Химия сабақтарының құрылымы. Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік жэне дағды калыптасгыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар: 1) оқушыларды түгендеу;

2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз әдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру; 3) үйге тапсырма; 4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру жэне бекіту (сұрау, есеп шығару). Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.

Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дәрістерінің сабақатры алты бөліктен тұрады. Мысалы, дәріс сабағының бөліктері: 1) оқушыларды

түгендеу; 2) үй тапсырмасын тексеру; 3) мұғалімнің дәрісі; 4) үйге тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы.

Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар: 1) оқушыларды түгендеу;

2) өздігінен істейтін жұмыстарға мүғалімнің түсінік беруі; 3) окушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабықтардың тізімін жасау; 4) жүмыс орнын эзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау және есеп жазу; 6) жүмыс орнын тәртіпке келтіру жэне өткізу.

Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптаурынға айналдыру тиімсіз екенін іс жүзінде де, теория жағынан да дәлелдейді. Сабақ оку жүмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі жэне біртүтас дидактикалық жүйе. Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі-мақсаттары, мазмүны және әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.

Сабақтың жалпы педогогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады. Әр буын өзінен басқаларымен оку барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың қүрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.

Сабақтың тағы бір қүрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, үғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан түрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пәнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан эр түрлі қисынды психологиялық тэсілдерді қажет етеді.

Мазмүндық қүрылымның әр белігіне сәйкес қолданылатын әдістердің өз-ара байланысу реті эдістер қүрылымын түзеді. Сабақтың мақсаттары, мазмұны жэне әдістерінен түзілетін үш қүрылымы бір-бірімен үласып, байланысып жатады.

Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған қүрылымы кездеседі. Бүл көзқарас бойынша кезкелген сабақ үш бөліктен түрады; кіріспе бөлім, негізгі бөлім жэне қорытынды бөлім.Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімді өтуге дайындайды, мазмүны сабақтың типіне, ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтың негізгі бөлімінде жаңа материал өтіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нәтижесі шығарылады.

Қазіргі эдістемеде әр түрлі типі және қүрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді:

1. Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық жэне әдістемелік мақсаттарын нақгылы айқындау;

2. Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама жэне оқушыларға сэйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;

3. Сабақта өтілетін оку материалын өмірмен, ендіріспен, коғамдық кұрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру жэне кэсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;

4. Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қогамдағы өз орнын табуына, табиғаты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жэрдемдеседі;

5. Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;

6. Пэнаралық байланысты жүзеге асыру;

7. Сабақтың эр бөлігін тиімді өткізетін әдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға жэне оку материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;

8. Окушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының ұлесін артыру. Оқушылардың жаппай, топтык жэне жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дэл анықтап, тиімді ұйымдастыру;

Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, эр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды

19. Кластан тыс жұмыстардың манызы. Химиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың түрлері, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы. Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанымен факультативтік сабақтардың да мазмуны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мэселелерді білгісі, үйренгісі келеді. Мұның езі химияның тұрмыстағы жэне халық шаруашылығындағы маңызының күн сайын артуымен де байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Өзінің атынан көрініп тұрғанындай бұл жұмыстар — оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Ірі ғалымдардың өмірінен, ғылымға шексіз берілуінен үлгі-өнеге алады, ашқан жаңалықтарының мэнін жэне маңызын түсінеді. Химияның жэне химия енеркәсібінің жетістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы істерімен танысу оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араласуға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, ездігінен жұмыс істей білуге үйретеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді, мектептің жағдайына, оқушылардың қызығуына қарай анықталады. Оқушылардың қызығуы сабақ үстінде, ғылыми-көпшілік кітаптарын, мерзімді баспасезді оқығанда туады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырганда еріктілік негізі сақталады жэне оларды жүргізудің негізгі әдісі - оқушылардың ©здігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл-кеңесін беріп, бағыттап отырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық жэне сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету; көпшілік жэне жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға мамандарды, оқушылардың ата-аналарын қатыстыру; сыныптан тыс жұмыстармен оқушыларды шамадан тыс шұғылдандырмау; сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар химия пэнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай реформа жасалып жатқан қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр.

Химиядан жүргЫлетін сыныптан тыс жүмыстардың түрлері. Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар көпшілік, топтық жэне жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.

Көпшілік жұмыстарга жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық шектер, олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі жэне айлығы, конференциялард.б.

Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер

клубының жэне қоғамының секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары.

Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат жэне баяндама әзірлеу, құрал жэне көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп, олар біртіндеп қалыптасты. Жиырмасыншы жылдарда химиядан сыныптан тыс жұмыстар техникалық станцияларда жүргізіледі, оқушылар тәжірибе жасау, құралдар мен көрнекі құралдар әзірлеумен шұғылданды. Отызыншы жылдарда химиялық үйірмелер жұмыс істеді, оларды ұйымдастыру жөнінде оқу құралдары жарық көрді. Қырқыншы жылдарда алғашқы химиялық қоғам ұйымдастырылды, бұлар кейінгі жылдарда кең өріс алды. Елуінші жылдардан бастап “Химия в школе” журналында сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесін баяндайтын бөлім ашылды, ғылыми зерттеу жұмыстары дамыды. Алпысыншы жылдарда Д.И.Менделеев атындагы Бүкілодақтық химия қогамы жас химиктер секциясын ұйымдастырды. Оған орта мектептің оқушылары, арнайы орта жэне жогары оқу орындарының студенттері мүше болып, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуге белсене

араласты. Жас химиктер шығармашылығын насихаттауға арналған Одақтық көрмелер ұйымдастырылып, бэйгелер жарияланды. Жас химиктер секциясының жұмысына ірі ғалымдар, жоғары оқу орнының оқытушылары қатысты. Осының бәрі сыныптан тыс жұмыстардың кең өріс алуына зор ықпалын тигізді. Бұрынғы КСРО Ғылым Академиясының “Химия и жизнь” журналында жас химиктерге арналған тартымды материалдар үзбей жарияланды. Соңғы уақытта жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пэні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік жэне одан эрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсарту жолға қойылуда.

20. Оқушылар білімін тест бойынша бақылау, оның жақсы жақтары мен кемшіліктері. Тесттік тапсырмалар құратыруға қойылатын талаптар. Тесттік тапсырмалардың түрлері. .Тестілеу

Тестілеу— өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау.

Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тестер көмегімен жүргізіледі. Тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тестер көмегімен жүргізіледі. Тестік тапсырма деп нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты алгоритмді орындауды талап ететін тасырманы айтады.

Тест- нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жинағы.

Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу- тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, біліктілік және дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудің сапасы, біліктілік пен дағдының қалыптасу

қолданылатын тест түрлері

Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т.б) үш нүкте беріледі.

Сәйкестендіру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналаытырылуы.

Реттік тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т.б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.

Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т.б) беріледі.

Кәсіптік бағдар тесті: мазмұнына қандай да бір кәсіптің пәндік оқыту кезеңінде айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынына негізделеді.

Баламалы тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды бір мәнді болғаны дұрыс.

Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі.

Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б түрде берілуі мүмкін.

21. Химиядан оқу жұмыстарын жоспарлаудың міндеттері мен маңызы. Жоспарлаудың түрлері –жылдық және тақырыптық жоспарлар, сабақ жоспары. Тақырыптық жоспар жасауда мұғалімнің жұмысы.

22. Мұғалімнің сабаққа даярлануы, күнделікті сабақ жоспары.Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны. Сабақ жоспарларының мысалы.

. Сабақ жоспарында жазылатындар:

1. Күні.

2. Айы, жылы.

3. Сыныбы.

4. Тақырыбы.

5. Мақсаты.

6. Сабақ типі, құрылысы.

7. Оқыту әдіс-тәсілдері.

8. Көрнекі құралдар.

9. Өздік жұмыстар.

10. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.

11. Қойылатын сұрақтар.

12. Үй тапсырмасы.

Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.

Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.

Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.

Сабақ жоспарының үлгісі:

• сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі;

• сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып;

• оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;

• сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;

• оқу материалының мазмұны;

• әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері

• сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;

• үйге тапсырма.

Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко ... 298-бет)

1. Нақты тұжырымдалған тақырып.

2. Сабақ мақсаты:

а) дидактикалық;

ә) тәрбиелік;

б) дамытушылық.

3. Жабдықтары (кино, бейнефильм, кесте, оқу құралы):

4. Дыбыстық құралдар.

5. Сабақ барысы (сценарий жасалады, оқушыларға сабақ үстінде берілетін сұрақтар, сабақтан оқушылар өздері қорытынды жасауы керек).

6. Сабақ қорытындысы.

7. Шығармашылық тапсырма.

8. Қорытынды. Оқушылардан не ұнағанын, не ұнамағанын сұрау, кім белсенді болғанын сұрау.

9. Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға рақмет айту.

Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және құрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады.

23. Химиядан топсеруен өткау. Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен, өндірісін және қоғамдық құрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тэрбиесі жэне кэсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі.

Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химиялық өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркэсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.

XIII сыньіп. Отегі алатын қондырғы. Тұз қышқылының өндірісі. Су тазалайтын станциялар. Дәріхана, өнеркәсіп жэне ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар жэне өлке тану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электрстанциялары.

IX сынып. Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндіретін заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме кірпіш жэне шыны өндіретін заводтар. Әк өндіретін завод. Суыту мекемелері.

X сынып. Мұнай жэне табиғи газ өндейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық жэне гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы.

XI сынып. Пластмаса. Синтездік жэне жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермасы.

Мектептің мүмкіндігіне қарай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сагаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын үйымдастырылу және танымдық жүмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мүғалім топсеруен объектісімен жан-жақты танысып, оқу-тәрбиелік маңызы бар заттар мен қүбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғылырды дэл анықтап, олармен таныстырудың әдістемесін анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмүнын сүрыптайды.

Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен - химия, физика, география, биология, тарих, т.б. үйымдастырылады. Мүнда бір объект (нысан) эр жағынан қарастырылып, оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлүмат алады жэне уақыт үнемделеді.

Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бүрын өту кезінде немесе өткеннен кейін үйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады . Мысалы өндіретін цехқа топсеруен жасау үшін, алдымен, арнайы сабақта оттегін зерханаларда жэне өнеркәсіпте оттегін алу тәсілдері талқыланады. Оттегінің кәп мөлшерде ауадан алынатыны, ол үшін ауаның қүрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықты пайдалану қажеттігі айтылады.

Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен өткізіледі:

1) оттегі алатын шикізат (ауа) жэне дайындау (тазарту);

2) оттегін алудың өндірістік барысы;

3) оттегінің қолданылуы;

4) өндірістік бақылау (цехтың химия-зертханалық жұмысымен танысу).

Оттегін өндіретін цех машина залынан, газгольдер және газ толтыратын бөлмеден, слесарлық шеберханадан түрады. Бүлардың қүрылысы жэне жүмыс істеу негіздерімен таныстырғанда топсеруен жургізуші оқушылардьщ біліміи, жас ерекшеліктерін ескереді. Ол ушін мұгалім топсеруеннің жетекшісімеи алдын ала кездесіп, түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алуы қаж^т, бұл - аса маңызды шарттардың бірі. Әдетте маманы техниканың ұсақ-түйек мәселелеріне мұқият тоқталып айтады да, оқушылар жалығып, топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сонымен топсеруеннің объектісін мұғалімнің өзі (жақсы білетін жағдай) түсіндіргені жөн.

Топсеруеннің алгашқы нэтижесі келесі сабақта шыгарылады. Мұғалім топсеруен объектісі (нысаны) бойынша оқушылардың көрген - білгенін нақтылайтын сұрақтар әзірлеп келеді.Оқушылар өздерінің жазып алгандары бойынша жауап қайтарады. Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырады,қосымша мағлұматтар береді. Бұдан соң мұғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ, конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге даярлық жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жазба рефераттар, баяндамалар, өндіріс сызбанұсқасын, макеттер, модельдер, жинақтамалар жэне басқа безендіру материалын әзірлейді, қабырға газетін шыгарып, көрме ұйымдастырады. Заводтағы негізгі мамандықтар женінде мәліметтер жинайды, конференцияға айтулы мамандарды шақырады. Топсеруеннің материалдарын сабақта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде пайдаланады

24-билет. Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей,біріңғай бағдарламалармен оқытылған кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген құштарлығы,көбірек білгісі келетіні байқалып жүреді.Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.Бұлардың кәдімгі сабақтан айырмасы- тереңдетіп оқитын Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Бірінші-орта мектепте өтілетін химия салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар:жалпы химияның негіздері, Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері.Екінші- химияның халық шаруашылығында қолданылуына байланысты арнайы факультативтер: Өнеркәсіптегі химия , ауыл шаруашылығындағы химия, Химиялық анализдің негіздері Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты,бағдарламасын, оқу құралдарын Білім министірлігі бекітеді.Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғары мектептің мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнерәсіп және ауыл шаруашылығы мамандары жүргізеді. Факультативтік сабақтар оқу кестесі бойынша өткізіледі, оларды мектеп басшылары бақылайды.Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша тыңдап алғанымен, үзбей қатысуға және үлгеруге міндетті.Мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі.Факультативтік сабақтар дәріс, әңгімелесу,оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, т.б. арқылы өткізіледі.Оқушылар өздігінен жұмыс ретінде рефераттар, баяндамалар мен кестелер әзірлейді, құралдар құрастырылады,анықтамалармен және ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттермен танысады.Факультативтік курстар оқу материалындағы өлкелік деректердің үлесін арттыруға, кәсіптік бағдар беру арқылы жергілікті қажеттіліктерді неғұрлым толық өтуге жағдайлар жасайды.Оқушылардың химия пәніне деген құштарлығы химиямен жеке танысуга талпыну кезінде айқындалады. Оқушы факультатив сабағында мектеп бағдарламасымен шектеліп қойады, олар химияға арналған ғылыми көпшілік әдебиеттерді, журналдарды оқиды, сабақтан тыс уақытта химия бөлмесінде, ал кейде үй зертханасында эксперимент жұмыстарымен айналысады.Химия пәнінен жүргізілетін факультативтерді негізінен үш топқа бөлуге болады. 1/Жоғары деңгейдегі факультативтердің мақсаты ол негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі, сондықтан да жеке сыныптар көрсетіліп,белгілі сағаттар бөлінген.2/Қолданбалы факультативтер ауыл шаруашылығы мен химия өндірісінің негіздерін үйретуді көздейді.Химиялық талдау негіздерінен мағлұматтар береді.3/Арнаулы курс факультативті химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды, бөлімдерді тереңдетіп қарастыруды мақсат етеді.

25. Сана есептері, олардың химияны оқытудағы орны мен маңызы. Сапа есептерін құрастыру. әр түрлі аралас есептер. Химиялық есептер –оқушылардың ойлау жүйесін дамыту құралы.

6 - тарау. Сан есептсрін шығару әдістері

Сан есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және жіктелуі. Сандық мэліметтер заттар мен қүбылыстарды сан жагынан сипаттай отырып, химияны оқытудың білім мен тәрбие беру жэне оқушылардың ақыл- ойын дамыту міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

Сан есептері арқылы жаңа білім беріледі, алынған білім нығайтылады, жетілдіріледі жэне қолданылады. Есептеулер жасау арқылы химиялық теориялардың, заңдардың және үғымдардың мәні ашылады, деректі материалдардың түсініктілігі артады, политехникалық білім беріледі, химиялық тілдің мағынасы нақтыланады.

Заттар мен қүбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды ашу арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асады, оқушыларда ғылыми материалистік көзқарас қалыптасады. Еңбек сүйгіштігі, мақсатына жету жолындағы табандылығы, өз ісіне жауапкершілігі артады.

Есеп шығару барысында түсіну, талқылау, ой түжырымын жасау жэне дәлелдеуге тура келеді. Салыстыру, талдау, жинақтау, жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушылардың ақыл-ойы дамиды, интелектуалды біліктері мен дағдылары қалыптасады.

Әдістемелік әдебиеттерде және арнайы оқу құралдарында сан есептерін жіктеудің бір ізге түсірілген жүйесі кездеспейді. Бір автордың өзі сан есептерін әр түрлі негізге сүйеніп жіктейді. С.Г.Шаповаленко оқу материалының сипаты (заң, теория, үгым), түрі (ерітінділер) жэне символикасы (химиялық формула, теңдеу) бойынша сан есептерін жегі тиике бөледі.

I тип. Тәжірибе мэліметтері, масса сақталу заңы жэне қүрам түрақтылық заңы бойынша есептеулер.

II тип. Заттың қарапайым жэне нағыз формуласын табу.

III тип. Химиялық формула бойынша есептеулер.

IV тип. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

V тип. Ерітінділер дайындау және олардың қанықпасын анықтауға байланысты есептеулер.

VI тип. Газдың тығыздығы бойынша молекулалық массасын, молекулалық массасы бойынша тығыздығын және қалыпты жағдайда газдардың көлемін есептеу.

VII тип. Аралас есептер.

Есептерді жіктеуді бір негізге келтіру үшін химияның зерттеу объектілері немесе оларды бейнелейтін химияның тілі түрғысынан қарауға болады, мысалы: 1) затпен байланысты есептеулер; 2) химиялық реакциялармен байланысты есептеулер; 3) ерітінділермен байланысты есептеулер. Заттың сандық жэне сапалық көрсеткіштері химиялық формула арқылы, химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары химиялық теңдеулер арқылы, ерітінділердің негізгі үгымдары терминдер (ерігіштік, еріген заттың масса үлесі, мольдік қанықна, т.б.) арқылы берілетін болғандықтан келтірілген типтерді басқаша айтуга болады: 1) химиялық формулалар бойынша

есептеулер; 2) химиялық теңдеулер бойынша есептеулер; 3) химиялық терминдер (үғымдар) бойынша есептеулер; 4) күрделі заттағы элементтердің массалық үлесін оның формуласы бойынша есептеу (элементтік қүрамын); 5) ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеу; 6) ерітіндінің жэне еріген заттың белгілі массалық үлесі бойынша еріткіш пен еріген заттың массасын есептеу; 7) заттың белгілі мөлшерінің массасын есептеу; 8) Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу; 9) Газ күйіндегі қосылыстың белгілі бір мөлшерінің көлемін есептеу (қ.ж. 0°С 103 Па); 10) массасы белгілі газ тэрізді заттың көлемін есептеу (қ.ж.); 11) элементтердің массалык үлесі бойынша заттың қарапайым химиялық формуласын табу;

12)реакцияға кірісетін заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша тузілген заттың массасын есептеу; 13) біреуі артық мөлшерде алынған реакцияға кірісетін заттардың массалары бойынша түзілген заттың массасын есептеу; 14) басқа газдың белгілі көлемін реакцияласуға қажет газ көлемін есептеу; 15) қүрамында белгілі бір қоспасы бар бастапқы заттардың белгілі массасы (көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) есептеу; 16) теориялық шамаға қарағанда реакция өнімін пайызбен есептеу.

Шын мэнісінде есептеулер объектілердің өздері арқылы емес, оларды белгілейтін формула, теңдеу және термин арқылы жүзеге асады.

Сан есебінің эр типі бірнеше түрге бөлінеді. Мэселен, формула бойынша есептеулердің түрлері: а) заттың салыстырмалы

молекулалық массасын есептеу; ә) заттағы элементтердің масса қатынасын табу; б) элементтердің масса үлесін анықтау; в) моль үғымымен байланысты есептеулер; г) газдардың тығыздығын табу; д) химиялық формула табу есептері және т.б. Теңдеулер жэне ерітінділер бойынша есептеулердің түрлері жеке кластар бойынша қарастырылады.

Сан есептерін шешу тзсілдері жэне эдістемеси Сан

есептерінің екі жағы бар.Біріншісі - заттармен, химиялық реакциялармен және үғымдармен байланысты химиялық мазмүны, екіншісі - сандық мәліметтермен жүзеге асырылатын математикалық амалдары.Математикалық мүшелеріне қарай сан есептерін шешу бірге келтіру, пропорция құру, алгебралық, графикалық жэне алгоритмдік тәсілдер деп жіктеледі. Есептерді шешудің бір тэсілі (пропорция күру) ғана жиі қолданылады, оқушылардың математика пәнінен алған дайындығы, көбінесе, ескерілмейді. Математиканың амалдары, физикалық шамалар және олардың белгілеулері тиімді пайдаланылмайды. Есептің химиялық жағын жан-жақты талдап, нақтылы түсінуге жете назар аударылмайды.Оқушылар есепті мүғалім көрсеткен бір тәсілмен гана шығарып, өздерінің белсенділігін көрсете алмайды, жауабының дүрыстығын кері есеп қүрастыру арқылы тексермейді.

4- кесте. Есептеулердің химиялык теңдеулер бойынша енгізілу реті

Тақырыбы

VIII сынып

Химиялык алғашқы ұғымдар

Оттек. Оксидтер. Жану Г алогендер

IX сынып

Электролиттік диссоциациялау Азот топшасы

Көміртек топшасы

X сынып

Қаныққан көмірсутек

Енгізілетін есептің типі

Химиялық теңдеу бойынша реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың біреуінің белгілі мөлшері бойынша қалғандарының массасын есептеу

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер Химиялық теңдеулер бойынша реакцияга түскен немесе шыққан заттардың біреуінің белгілі мөлшері бойынша газдың көлемін табу

Реакцияласушы заттардың біреуі артығымен алынғанда химиялық теңдеулер бойынша есептеу

Теориялылығын салыстырғандағы өнім шығымының массалық немесе көлемдік үлесін пайызбен табу Қосымшасы бар бастапқы затгың берілген массасы немесе көлемі бойынша реакция өнімінің массасын немесе көлемін табу

Газ күйіндегі заттың молекулалық формуласын табу (реакция енімдері бойынша)

Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін сан есептерін хнмияны . оқыту барысына енгізу, шешу тэсілдерін және әдісін меңгеру керек.

Химия курсының мазмұнына сан есептерін кіргізу реті бағдарламаның жеке тақырыптарында көрсетілген.Белгілі бір тақырыпта енгізілген есеп типі одан кейінгі тақырыптарда жүйелі түрде дамытылуы қажет. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулерді мысалға алып, мүны бағдарламада жүзеге асыру ретін көрсетейік.

Химиялық теңдеулер бойынша есептеулердің жеті түрі үш сыныпқа белініп берілген. Қалған тақырыптарда өтілген типтерге есептер шығарылады.

Бір типке немесе түрге жататын есепті эр түрлі тәсілмен шығаруға, жоғары сыныптарда оқушылардың математикадан білімінің өсуіне қарай тәсілді күрделілендіруге жэне ықшамдауға жете назар аудару керек. Бұл сыныптарда есепті шешудің жинақтап қорытылған жалпы тәсіліне ауысқан тиімді. Есептерді шығаруға барлық оқушыны бірдей қатыстырып, өзін-өзі бақылауға, өздігінен есептер құрастыруға үйретсе ғана олардың білімі мен білігі тиянақты болады.

Сан есептері барлық сабақтарда, бір сабақтың эр кезеңінде шығарылуы мүмкін.

Жаңа сабақты түсіндіруге сан есептері теорияны, заңды, ұғымды нақтылау немесе қорытып шығару үшін пайдаланылады. Мәселен, құрам тұрақтылық заңы темір мен күкірттің әрекеттесуші массалары арқылы түсіндіріледі, артық алынған массаның реакцияға кіріспейтіні нақтылы сандармен дэлелденеді. Масса сақталу заңының ақиқаттығына есептер шығару арқылы оқушылардың көзін жеткізеді. Этилен туралы жаңа материалды түсіндіру оның молекулалық формуласын табу есебінен басталады. “Құрамына 85,7% көміртегі, 14,3% сутегі кіретін газдың сутегі бойынша тығыздығы 14. Осы газдың молекулалық формуласын табыңыздар”. Есеп шығарылған соң табылған формуланы талқылау арқылы этиленнің молекулалық құрылысы жөнінде жорамал жасалады, соған сәйкес химиялық қасиеттері түсіндіріледі.

Өтілген сабақты бекіту, әдетте, сұрақтар қою, оқу материалын қайталап айттыру арқылы жүзеге асырылады. Мұның өзі оқушылардың әсіресе жақсы үлгеретін оқушылардың сабаққа ықыласын кемітеді, тэртіптің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сондықтан алынған білімді есептер шығарып, бекіткен жон. Мэселен,

масса сақталу заңы түсіндірілгеннен кейін «16 г күкірт ЗОг темірмен әрекеттескенде неше грамм темір сульфиді түзіледі?» деген есеп беру арқылы заңның мәнін оқушылардың қандай дәрежеде түсінгені анықталады. Жете ойланбаған, оның үстіне осыдан 4-5 сабақ бүрын өтілген қүрам түрақтылық заңын естен шығарып алған оқушылар 46 г темір сульфиді түзетілетінін айтады. Есептеулер нәтижесінде 44 г темір сульфиді алынып, 2 г темір артып қалатынын көрсетеді. Сөйтіп, бір мысал арқылы ілгерілі-кейінді өтілген екі заң туралы білім мен білік нығайтылады, олардың арасында байланыс тудырылады.

26. «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбын методикалық талдау, тарауды оқыту әдістемесі. Тақырыпты оқып үйренудің міндеттері. Алғашқы ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру. Химияныц алгаиіқы ұгымдарымен таныстырудыц міндеттері мен мацызы. Қандай ғылым болмасын бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жетік түсінбейінше ғылымның мазмұнын игеру мүмкін емес. Орта мектептегі химияның курсы да аса маңызды алғашқы ұғымдарды қалыптастырудан басталады. Қазіргі жаңа бағдарлама бойынша бұл кіріспе тақырыпты оқып үйренуге 24 сағат, демек сегізінші сыныпқа тиесілі уақыттың бестен бірінен астамы бөлінген. Осыдан-ақ тақырыптың оқу- тәрбиелік маңызының зор екені көрініп тұр.

9-кесте. Химиялық элемент, зат және химиялық реакция ұгымдарының сипаттамалары

¥ғым Сапалық

Сипаттамасы Сандық

сипаггамасы Символикасы

Химиялық

элемент Атом Аг, валенттілік Химиялық

Таңба

зат Молекула. Қоспа жэне таза зат

Жай және күрделі зат Мг, заттағы

Элементтердің масса қатынастары. Моль. Авагадро саны Химиялық

формула

Химиялық

реакция Физикалық жэне химиялық құбылыстар. Химиялық реак- циялардың Химиялық реакциялардағы заттардың масса қатынастары бойынша Химиялық

Теңдеу

белгілері, жүру есептеулер

жағдайлары,

Типтері

Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады:

1. Химия пэні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакция, химиялық символика туралы алгашқы ұгымдарды қалыптастыру (олардың мазмұны мен сипаттамалары кестеде келтірілді);

2. Алғашқы ұгымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қагидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру;

3. Құрам тұрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім тұргысынан түсіндіре білуге үйрету;

4. Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жүмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жұмыс істей білуге баулу.

Тацырыптың тәрбиелік міндеттері: 1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом жэне молекуланың анық барлыгы жөнінде гылыми көзқарас қалыптастыру, пэнаралық байланысты жүзеге асыру. 2. М.В. Ломоносов, А. Лавуазье, Д. Дальтонның өмірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген адамдар ғана жаңалык ашатынын көрсету. 3. Тарихи мәліметтердің тәрбиелік мацызын барынша пайдаланып, М.В.Ломоносов пен Дальтонның атомистикалық көзқарастарын салыстыру. 4. Оқушылардың химияға құштарлыгын тудыру.

Оқушыларды дамыта оқыту мақсатында эр ұғымды игерудегі олардың белсенділігін артгыру, тэжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру. Ұғымның мазмұнын, көлемін, елеулі белгілерін, мэнін ашу жэне мысалдар келтіру, анықтама беру, ұғымдар жүйесіндегі орнын табу жэне қолдану біліктерін қалыптастыру.

Тақырыпты оқытудың тагы бір міндеті - химия пэнін оқытудың мазмұны мен әдістеріне енгізілген кейінгі өзгерістерді ескеру. Бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Эпштейн,

П.А.Глориозов оқулығымен бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман және қазақ авторларының оқулықтарының мүмкіншіліктерін жете пайдалану. Химия тарихында көрнекті орын алатын негізгі ұғымдарды енгізген ғалымдар Р.Бойль (элемент ұгымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік ұғымы), Ж.Л.Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бұл деректерді эдістемелік талаптарға толық сәйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мұғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гөрі мұгалімнің терең білу керектігін ескерген жөн.

Химия пэні Окушылардың пәнге деген пікірін тудыруда алгашқы сабақтардың маңызы зор. Әдістемелік әдебиеттерде химия пәнін анықтайтын алгашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілетіні айтылган. Біріншісі - оқушылардың химияға қызуғышылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тәжірибелер көрсетіледі, бірақ олардың мэні түсіндірілмейді. Мұндай тэжірибелерді олар химиялық кештерде көрген, химия кабинетінде әр түрлі тэжірибелер жасалатынын сырттай байқап жүреді. Сондықтан да олардыц алгашқы сабаққа зор үмітпен келетіні рас.

Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні жэне заттардың қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру жеткілікті.

Зат ұғымы бұл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене үғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физика-лық денелер, әр түрлі заттардан істелген бір физикалық дене көрсетіледі. Олардың мысалдары ретінде шыныдан, кәрденнен, темірден, алюминийден жэне басқа мегалдардан жасалган оқушыларға белгілі, немесе таяудагы сабақтарда танысатын химия кабинетінің құрал-жабдықтары көрсетіліп, аталады. Соның нәтижесінде оқушылар физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп атайды деген қорытындыга келеді. Ұгым жаттығулар орындату жэне химиялық диктант жаздыру арқылы бекітіледі.

Заттардың физикалық қасиеггерімен оқушылар зертханалық жұмыс жасау арқылы танысады. Үлестіріліп берілген заттардың агрегаттық күйін, түсін, тығыздыгын, жылу өткізгіштігін, электр өткізгіштігін, балқу жэне қайнау температурасын анықтап, кесте түрінде жазады. Зерттелген заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы олардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы көрсетіледі, анықтама беріледі.

Заттардың айналуы жөніндегі ұгым өсімдіктанудан алған білімге негізделеді. Өсімдіктер ауадан жэне топырақтан алатын су, минералды заттары, көмірқышқыл газы, т.б. заттары ақуыздарға, майларға, крахмалға, қантқа айналады.

Осыдан кейін заттар және олардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылымға химия деген анықтама беріледі. Жаңа оқулықта бұл анықтама заттардың қасиеттері жэне айналумен қабаттаса жүретін құбылыстармен толықтырылган. Химияның физикамен, биологиямен байланысы, маңызы қысқаша баяндалады. Химияның міндеттері - заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы тиімді пайдалану, халық шаруашылығына аса қажетті, табиғатта кездеспейтін заттарды өндіру.

27.Химиялық элемент, зат және химиялық реақция үгымдарынын сипаттамалары

Алғашқы тақырыпта заттар құрылысындагы, соған сәйкес қасиеттеріндегі ерекшеліктерді нақтылы түсіндіру - эдістемелік көпшілік мойындаған мәселелердің бірі. Молекуладан тұратын заттар әдепкі жағдайда газ, сұйық, кейбіреулері ғана қатты күйде кездеседі, балқу жэне қайнау температуралары төмен болады. Молекулалық құрылысы болмайтын заттар атомдардан тұрады. Әдепкі жағдайда қатты күйде кездеседі, балқу және қайнау температуралары жоғары болып келеді.

Атом - ең басты ұғымдардың бірі. Заттың құрылысында молекула болмауы мүмкін, ал оның құрамына атом кірмеуі мүмкін емес. Сонымен бірге атом арқылы химиялық элемент жэне жай зат ұғымдары шектеледі, олардың арасындағы байланысты сызбанұсқа арқылы былай көрсетуге болады:

Жай зат <- атом —» элемент

Элемент ұғымы атомның анықтамасына, жай зат ұғымы элементтің анықтамасына кірмейді. Бірақ эдебиеттерде атомды химиялық элементтің ең кішкене бөлшегі, элементті химиялық жағынан бөлінбейтін зат деп қарау кездеседі.

Қазіргі оқулықтарда жай зат және элемент ұгымдарының анықтамасы ұқсас, алдымен жай заттарға атомдардың бір түрінен қүралған заттар деген анықтама беріледі де, соңынан атомдардың бір түрі деген белгі химиялық элементке таңылады. Сондықтан жай заттарға атомдардың бір түрінен дегеннен гөрі бір ғана элементтің атомдарынан қүралған заггар деп анықтама берген дүрыс болар еді.

Бүдан кейін химиялық элементпен байланысты салыстырмалы атомдық масса (Мг), валенттілік (В), химиялық таңба, атоммен байланысты массаның атомдық бірлігі (м.а.б.), моль, молекуламен байланысты салыстырмалы молекулалық масса (Мг), молекулалык формула, моль (V), мольдік масса (М), Авагадро саны (ІЧА) үғымдары қалыптастырылады, олардың арасындағы байланысты сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады.

атом және зат үғымдарының байланысы

Сызбанұсқадан барлық басқа ұғымдардың атом ұғымына байланысты, мысалға алынған атомдардың, элементтердің жэне олардың жай заттарының таңбалары, аталуы, кейбір сандық көрсеткіштерінің бірдей екені көрініп тұр. Мектеп сарамандығында оқушылардың химиялық элемент жэне жай зат ұғымдарын ціатастыратыны әдістемелік әдебиеттерде жиі айтылады. Мұны болдырмау үшін мұғалім әр жағдайдағы химиялық таңбаның мағынасын жете түсініп, оқушыларға жеткізе білуі керек. Химиялық символдың мағынасындағы сапалық жэне сандық сипаттамаларын келтірілген кестеден айқын көре аламыз.

28.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жѳніндегі материалдардың бағдарламадағы оқытылу орны және көлемі. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы ұғымның қалыптасып, дамуы. 29.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсінік қалыптастыруХимияның алғашқы курсындағы оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздарды оқыту әдістемесі.30.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары шоніндегі білімді қорытындылау. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы ұғымның дамуы және жалпылануы Оқу-тәрбиелік маңызы және орны. Миллиондаған қосылыс- тарды ортақ белгілері бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық қосылыстар қүрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Бүлар туралы оқу материалы зат жэне химиялық реакция жөніндегі алғашқы үғымдарды тереңдетіп, одан әрі дамытады.Оқушылар заттардың қүрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы үғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы жэне жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіру әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен жэне басқа заттармен жүмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі жэне типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.

Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары жөніндегі білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың қүрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын жэне қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланады.

Химиялық элемент, жай зат жэне күрделі зат үғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді.

Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың қүрамы мен қасиеттері түрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер жэне түздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттік, химиялық формулалар жэне теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.

Заттар мен қүбылыстарды салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу, себеп-салдар байланысын ашу, жеке деректерден қорытынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы жағдайда қолдана білудің қисынды тэсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандығы мен бірлігі, бір-бірімен шарттастығы, қүрамы мен қасиеттеріндегі қайшылықтары, санның сапага ауысуы туралы гылыми көзқарастар қалыптасады.

Оқу-тэрбиелік маңызы зор болгандықтан, химияның багдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едәуір мол орын беріліп келеді.

1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде окытылып, 7- сыныпта басталып, 8-сыныпта аяқталады. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылады. 7 сыныпта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болгандықтан оқушыларга ауыр тиеді. Оның үстіне бейорганикалык қосылыстар жөнінде аяқталган білім беруге тырысу байқалады. Бүл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге жэне қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі - оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.

Оку материалының орналасуы жэне берілетін білімнің колемі. Оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне түздар туралы алғашқы үғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бүл заттардың қүрамы мен кейбір химиялық қасиеттері атом- молекулалық ілім түрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтык заң жэне периодтық жүйс, заттың қүрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары жэне қасиегтері электрондық теорияның тұргысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (9-сынып) бейорганикалық қосылыстар туралы үғымдар электрон- иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың білімі жаңа сатыга көтеріледі. Үш кезеңге сэйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне түздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.

Бұл тарауда бейорганикалық қосылыстардьщ маңызды кластары туралы негізгі үғымдар қалыптасуының бірінші кезеңі қарастырылды. Оның теориялық негізі - атом-молекулалық ілім. Бұл кезеннің негізгі мақсаты - оқушыларды периодтық заң жэне периодтық жүйеге, атом құрылысы туралы теориялық материалды қабылдауға дайындау.

Жіктелуі

Химиялық

қасиеттері

а) суға қатынасы 8 - 9-сн. Сутегі. Қышқылдар. Түздар

э) қышқылмен Негіздер. Ерітінділер

б) сілтімен Бейорганикалық қосылыстар

в)тұзбен Электролиттік диссоциациялау

Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін өткенде беріледі. Металдарға жэне бейметалдарға жататын жай заттардың оттегімен тотығуының нәтижесінде күрделі заттар - оксидтер түзіледі. 'Гэжірибелерді бақылау нэтижесінде оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен түратыны, оның біреуі оттегі екені жөнінде қорытындыга келеді. Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы үгым металл оксидтері жэне бейметалл оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін зертханалық жүмыс өткізіледі. Бақылау нәтижелері кесте түрінде жазылады.

Жай аты Заттар

символы Сыртқы

түрі Тотығу өнімі, аты, формуласы Оксидтердің

Күйі түсі иісі

Мыс Си Қатты, Мыс (II)

қызыл оксиді СиО Қатты қара жоқ

Оттегі о2 Түссіз газ

Алған білімді бекіту үшін оксидтердің химиялық формулаларын қүруга жаттыгулар орындалады. Аталуы, формуласы жэне керісінше айналуы бойынша химиялық диктант жазылады. Бүл арада оксидтердің химиялық қасиеттері қарастырылмайды, генетикалық байланыстың бір буыны гана - элемент —> оксид жүзеге асады.

«Сутегі. Қышқылдар. Түздар» тақырыбында бейорганикалық қосылыстардың екі класы жөнінде бастапқы үғым қалыптасады. Қышқылдармен алғашқы танысу оқушылардың өмір тәжірибесіне жэне индукциялық тәсілге негізделеді. Оқушылар лимон, қымыздық, сірке, сүт, т.б. қышқылдарды біледі. Бүған қосымша зертханалық жүмыс жасау арқылы жиі кездесетін түз жэне күкірт қышқылдарының индикаторларга, металдарға және металл оксидтеріне әсерін сынайды. Қышқылдармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларын, оларды ажырата білу тәсілдерін үйренеді. Қышқылдардың металдармен эрекеттесуі бэріне тэн қасиет еместігі туралы ұғым қалыптастыру үшін іс жүзінде жүретін (М§, Ғе, 2п) және жүрмейтін (Си) реакциялардың тәжірибелері жасалып нэтижелері нақтылы талданады: 1. Қышқылдар барлық металдармен эрекеттесе ме? Бүл сұрақты талдағанда металдардың активтік қатары жөнінде алғашқы ұғым беріледі. 2. Металдар мен қышқылдар арасындагы реакциялар қалай Алған білімді бекіту үшін оксидтердің химиялық формулаларын қүруга жаттыгулар орындалады. Аталуы, формуласы жэне керісінше айналуы бойынша химиялық диктант жазылады. Бүл арада оксидтердің химиялық қасиеттері қарастырылмайды, генетикалық байланыстың бір буыны гана - элемент —> оксид жүзеге асады.

«Сутегі. Қышқылдар. Түздар» тақырыбында бейорганикалық қосылыстардың екі класы жөнінде бастапқы үғым қалыптасады. Қышқылдармен алғашқы танысу оқушылардың өмір тәжірибесіне жэне индукциялық тәсілге негізделеді. Оқушылар лимон, қымыздық, сірке, сүт, т.б. қышқылдарды біледі. Бүған қосымша зертханалық жүмыс жасау арқылы жиі кездесетін түз жэне күкірт қышқылдарының индикаторларга, металдарға және металл оксидтеріне әсерін сынайды. Қышқылдармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларын, оларды ажырата білу тәсілдерін үйренеді. Қышқылдардың металдармен эрекеттесуі бэріне тэн қасиет еместігі туралы ұғым қалыптастыру үшін іс жүзінде жүретін (М§, Ғе, 2п) және жүрмейтін (Си) реакциялардың тәжірибелері жасалып нэтижелері нақтылы талданады: 1. Қышқылдар барлық металдармен эрекеттесе ме? Бүл сұрақты талдағанда металдардың активтік қатары жөнінде алғашқы ұғым беріледі. 2. Металдар мен қышқылдар арасындагы реакциялар қалай жүреді, оларды қай типке жатқызуга болады? Оқушылардың орынбасу реакциясы жөніндегі ұғымы кеңейеді.

Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі реакцияның бұрын кездеспеген жаңа типіне жатады, оны орынбасу реакциясымен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығы сараланады. Екі күрделі зат қатысып, екі күрделі зат шығатын алмасу реакциясына анықтама бсріледі.

Тәжірибелер кезіндегі бақылаулардан: а) қышқылдың құрамына сутегі жэне қышқыл қалдығы кіретіні, оның валенттілігі; э) химиялық қасиеттері жэне реакция өнімдері жөнінде сызбанұсқаға сэйкес ұғымдар қалыптасады.

Оқушылар білуге тиісті қышқылдардың аты, формуласы, қышқыл қалдықтарының валенттіліктері, тұздардың номенклатурасы, олардың форму-ласьш құру алгоритмі кесте түрінде жазылады. Алынған білімді бекітетін, тексеретін жаттығулар жэне химиялық диктанттар орындалады.

Негіздерді үйренуге оқушылар зор дайындықпен кіріседі. Негіздер жөнінде алғашқы ұғым судың активті металдармен реакциясының механизмін талдау арқылы беріледі: Н20+Ме->Ме(ОН)п+Н2 Осы сызбанұсқа арқылы негіздің қүрамы, индикаторға әсері, матаны бүлдіруі, физикалық қасиеттері тусіндіріледі, анықтама беріледі, гидроксотоп және оның валенттілігі туралы бастапқы үғым қалыптастырылады.

Натрий, кальций жэне калий гидроксидтерінің қасиеттерімен таныс-тыратын оқулықпен жүмыс, зертханалық эксперимент, әңгімелесу өткізіледі. Содан соң ерімейтін негіздің қасиеттерімен танысады. Алынған мәліметтер кесте түрінде жазылады: 1) аты, формуласы; 2) күйі; 3) түсі; 4) суда ерігіштігі; 5) индикаторға әсері; 6) қышқылдармен әрекеттесуі; 7) қышқылдық оксидтермен эрекеттесуі; 8) қыздырудың эсері. Соның нэтижесінде негіздердің бэріне ортақ қасиеті - қышқылдармен әрекеттесетіні жөнінде қорытындыға келеді. Қышқылдың оксидпен эрекеттесуі жэне индикатордың түсін өзгертуі, сілтілердің қыздырғанда айрылуы, ерімейтін негіздердің айрықша қасиеттері деген үғым қалыптасады. Алмасу реакциясының жаңа бір түрі - бейтараптану реакциясынен, титрлеу эдісінен хабардар болады.

Оқушылар түздармен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекет-тестіріп, сутек алғанда танысады. Мүнда да үғымды анықтаудың белгісі - қүрамы. Түздар металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан түрады. Оқу-шылар еритін жэне ерімейтін, орта және қышқыл түздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар оксидтерінің сілтілерімен эрекеттесуін және бейтараптану реакңиясын өткенде түздар алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығаяды. Бүл кезеңде түздардың химиялық қасиеттері қарастырылмайды.

Сонымен, химиялык алғашқы үғымдардан кейінгі үш тақырыпта: оксидтер, негіздер, қышқылдар және түздар туралы бастапқы түсініктердің қалыптасу кезеңі аяқталады. Әр тақырыпта алынған шашыранды білімді жинақтап, жүйеге келтіру қажеттігі сезіледі. Бүл арнайы тақырыпта жүзеге асырылады.

Бір жағынан бұл теориялық материалды өтуге дайындалса, екіншіден өзі сол көзқарастар тұрғысынан қайта қаралып, дамуының екінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде оқушылардың білімі электрондық тұрғыдан кеңейеді. Заттың құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділік тереңірек түсіндіріледі. Негіздік оксидтер иондық байланысы бар заттар да, оксид гүзуші элементтің ион заряды да екіден аспайды. Иондық торы болатын бұл оксидтер сумен, қышқылдармен жэне қышқылдық оксидтермен эрекеттес-кенде металдың оттегімен химиялық байланысы үзіледі. Қышқылдық оксидтер полюсті ковалентті байланысы бар заттар, оксид түзуші элементтердің тотығу дәрежелері жоғары, яғни +4-тен +7-ге дейін жетеді. Бұларда элементтердің оттегімен байланысы берік келеді. Екінші кезеңде қышқылдардағы сутегімен қышқыл қалдығы, бейметалмен оттегі арасындағы байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тәуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі жэне иондар арасындағы байланыс электрондық теория тұрғысьгаан түсіндіріледі.

Үшінші кезеңі электролиттік дисоциациялану теориясын өткенде басталады. Оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың құрылысы туралы электрондық тұрғыдан алынған мәліметтер олардың суда еріп диссоциациялануын түсіндіру үшін пайдаланылады. Осы теорияның тұрғысынан қышқылдарға, негіздерге және тұздарға бұрынғыдан гөрі дәлірек жаңа анықтамалар беріледі. Олардың күші, реакцияға түсу мүмкіндігі сандық сипат алады. Ері-тінділердегі тотығу-тотықсыздану жэне алмасу реакциялары иондық жэне электрон иондық тұрғыдан түсіндіріледі.

Химиялық элементтердің жеке топтарын, топшаларын, сутекті жэне оттекті қосылыстарын өткенде үш теорияның тұрғысынан алған білім жеке қосылысты сипаттау үшін пайдаланылады. Оның жалпы, жеке құрылысына байланысты ерекше қасиеттеріне назар аударылады. Осының бір мысалы кремнийдің (IV) оксиді мен қышқылын көміртегі (IV) оксиді және қышқылымен салыстырғанда келтірілді. Егер бейорганикалық қосылыстар кластары туралы ұғым қалыптасуының бірінші кезеңінде азот қышқылынан сутегі бөлінбейді делінсе, енді оның себебі түсіндіріледі. Азот қышқылының алты түрлі тотықсыздану өнімдері болатыны жөнінде ұғым қалыптастырылады.

Есте болатын нәрсе, бейорганикалық қосылыстардың қай класын алсақ та, барлық жеке өкілдерін тегіс қамтитын жалпы қасиеттер өте аз. Қосылыстардың белгілі бір тобына ғана тиесілі қасиеттің ауқымын кеңейтуден аулақ болған дұрыс. Оқушы біліміндегі формализмнің түпкілікті себебі осыдан жэне дара ерекшеліктерді ұмытудан туындайтынын әрдайым есте ұстау керек.

31.Химия курсындағы периодтық заңның орны мен маңызы. Периодтық заң және атом құрылысын оқып үйренудегі әдістемелік ұстаным. Оқушыларды периодтық заңды оқып үйренуге дайындау. Периодтық заңды қорыту Периодтық заң жэне атом құрьыысы - мектеп химия курсының негізі. Д.И.Менделеев ашкан периодтық заң - табиғат дамуының жалпы заңдарынын бірі. Ол химиялық элементтер жэне олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге жэне батыл болжамдар жасауга мүмкіндік берді. Атомның құрылысын анықтауга, жаңа элементтер ашуга және синтездеуге жол-жоба көрсет. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия жэне басқа да жаратылыстану гылымы жедел дамыды.

Периодтық заң жэне периодтық жүйе - орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Бұлардың негізінде құрылган химияның мазмұны ғылыми жагынан шынайы, жүйелі және түсінікті болып келеді.

Периодтық заң жэне атом құрылысы өтілген соң химия курсының теориялық деңгейі артады. Оқушылардың түсінуінше химия суреттеме гылымынан теориялық гылымга айналады.

Химияны оқып ұйренуде дедукцияның маңызы күшейеді. Ғылыми болжамның құдіретіне оқушылардың сенімі артады. Ашылмаған химиялық элементтер жэне олардың қосылыстарының қасиеттері туралы Д.И. Менделеевтің батыл болжамдарының тәжірибеде расталуы оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады.

Периодтық заң жэне атом құрылысы туралы оқу материалы элементтер жэне олардың қосылыстары қасиетгерінің периодты түрде өзгеретіні жэне оның себептері жөнінде үғым қалыптастырады. Химиялық эрекеттердің жүру заңдылықтарын терең түсінуге жәрдемдеседі, бейорганикалық жэне органикалық химияның негіздерін саналы меңгеруге көмектеседі.

Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуында периодтық заң және периодтық жүйенің маңызы зор. Басқа галамшарлар мен жердің, жердегі тірі табиғат пен өлі табиғаттың материалдық бірлігіне оқушылардың көзі жетеді. Бүларда кездесетін заттардың барлығы санаулы ғана химиялық элементтердің қосылыстары болып табылады.

Элементтер арасындағы өзара байланыстың, жүйе мен жекенің арасындағы байланыстың мэні ашылады. Жүйеден тыс элемент бола алмайды, жүйе белгілі элементтерді толық қамтиды. Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйе Л. Мейер жасаған жүйеден барлық элементтерді қамтуы, ашылмаған элементтерге орын қалдыруы бойынша ерекшеленеді. Периодтық жүйеден химиялық элементтер атомдарының біртіндеп күрделіленуі, санның сапаға ауысуы айқын көрінеді. Реттік нөмір бірге артқанда атомның заряды, электрон саны артады, соған орай химиялық сапасы озгереді. Біртіндеп металдық қасиет жойылып, бейметалдық қасиет күшейеді, содан соң инертті элеменгтер пайда болады. Осыған орай оқушыларда дүниені танып- білуге болатыны жөнінде нақтылы пікір қалыптасады. Галлийдің, скандийдің жэне германийдің болжанған қасиеттері мен тәжірибеде сыналған қасиеттерінің дэлме-дэл шығуы оқушыларды еріксіз таңдандырады, Д.И. Менделеевтің ғылыми ерлік жасағанына шүбәсіз сенеді.

Периодтық заң, атом құрылысы оқу материалын игеру барысында оқу-шылар өте көп салыстырулар жасап, қисынды ойлау барысын ұштай түседі.

Периодтық заң жэне периодтық жүйе тақырыбының орта мектеп кур-сындагы орны үздіксіз өзгеріске ұшырады. Ең алғашқы үлгілі багдарлама-ларда ол химия курсының соңына орналастырылды. Одан кейінгі кешендік бағдарламаға кірмей қалды. Химиялық тұрақты бағдарламалардагы оның орны жөнінде екі түрлі пікір үстем болды.

Біріншісі бойынша периодтық заңдылықты түсіну үшін оқушылардың деректі материалдардан біршама эзірлігі болуы тиіс. Осы көзқарасқа сэйкес периодтық заң 9-сыныпта галогендер, оттекке ұқсас элементтер жэне сілтілік металдар өтілгеннен кейін оқылды.

Екінші пікірді қолдаушылар периодтық заң мен жүйені ертерек өтіп, химиялық элементтерді солардың негізінде оқып, үйрену тиімді деп есептеді. Осы пікірге сәйкес бұл тақырып 8-сыныпта оқылуы тиіс.

Тақырыпты оқып, үйрепудің эдістемелік тәсілдері. Қазіргі кезде периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты.

Бірінші тәсіл химия ғылымының даму жолына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын тэжірибелік білімге сүйеніп қорытты, бірақ ішкі мәнісін түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа деректермен толысатынына кэміл сенді. Сондықтан Д.И.Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшін алдымен периодтық заң жэне периодтық жүйе толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық заң жэне периодтық жүйе электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды.

Екінші тәсіл - біріншіге керісінше жүзеге асырылады. Алдымен атом құрылысы туралы оқу материалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады.

Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң жэне атом құрылысы туралы негізгі мәліметтер 8-сыныпта қарастырылады да 11-сыныптағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.

Периодтық заңды оқуды қорытындылау. Периодтық заңды қорытып шығару үшін атомдық массалары 1-ден 40-қа дейінгі химиялық элементтердің карточкаларымен өздігінен жұмыс ұйымдастырылады. Элементтерді атомдық массаларынның өсуі бойынша қасиеттері ұқсастары бірінің астына екіншісі келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі.

Карточкалармен жұмыс істегенде оқушылар литийден неонға, натрийден аргонға дейінгі элементтердің атомдық массаларының артуына қарай: а) оттегі бойынша валенттіліктерінің өсуін; э) сутегі бойынша валенттіліктерінің кемуін; б) жай заттар қасиеттерінің өзгеруін; в) оксидтері сипатының езгеруін; г) гидроксидтері сипатының өзгеруін салыстырады.

Элементгердің валенттіліктері өзгеруін график түрінде сызады. Одан байқалатыны элементтердің атомдық массалары өскенде оттек бойынша валенттілік литийден азотқа - бірден беске дейін, натрийден хлорға қарай 1-ден жетіге дейін артады. Бейметалдар түзетін ұшқыш сутек қосылыстарындағы валенттілік көміртегінен фторға, кремнийден хлорға қарай 4-тен 1-ге дейін кемиді. Литийден оттегіне дейінгі элементтердегі валенттіліктің өзгерісін натрийден күкіртке дейінгі элементтер дэлме-дәл қайталайды. Оқушылар бірінші 20 элементтің карточкаларын өздері жасап, салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырғанда үш қатар пайда болғанын, екі элемент (калий, кальций) төртінші қатарға орналасқанын көреді. Мұғалім олардың периодтар деп аталатынын айтып, периодтық жүйе жөніндегі ұғымды енгізеді, кіші жэне үлкен периодтар, топ жэне топшалар туралы қысқаша түсінік береді. Соның нәтижесінде оқушыларда мынадай мэселелі сүрақтар туады:

1. Химиялық элементтердің қасиеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қалай түсінуге болады?

2. Элементтердің қасиеттері неліктен периодты өзгереді?

3. Бір периодта көршілес орналасқан атомдық массалары жақын элементтердің қасиетгері әр түрлі, ал бір топта орналасқан атомдық массаларында айырмасы үлкен элементтердің қасиеттері ұқсас болатыны неліктен?

4. Элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының бөлшек сан болып келетін себебі не?

5. Атомдық массасы кіші болғанымен калийдің аргоннан кейін орналасатыны неліктен?

Бұл сұрақтардың жауабын оқушылар атом құрылысымен танысу кезінде алады.

Жай заттарды көрнекі көрсету арқылы металдық жэне бейметалдық қасиеттерін салыстырғанда агрегаттық күйіне, түсіне, металдық жылтырлығына, электр жэне жылу өткізгіштігіне назар аударылады. Соның нәтижесінде оқушылар заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі атомдық массалардың өсуіне периодты тэуелді болады деген қорытындыға келеді. Элементтердің оттегі жэне сутегімен әрекеттесуін көрсететін химиялық қасиеттерін салыстыру да дэл осындай тұжырымға әкеледі.

Бұдан соң оқушылар орналасу реті бойынша қарастырылып отырған элементтердің оксидтерінің, негіздерінің жэне қышқылдарының формулаларын жазып, қасиеттерін салыстырады. Оксидтер мен гидроксидтердің құрамы мен қасиеттері заңды түрде өзгеретініне көздері жетеді. Негіздік оксидтер мен негіздердің қасиеттері кеміп, амфотерлі қасиет пайда болады, ол қышқылдық қасиетке ауысады.

Өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын орындау нәтижесінде оқушылар салыстырмалы атомдық массаларының артуы бойынша орналастырылган элементтердің, олар түзетін жай жэне күрделі заттардың қасиеттері периодты түрде заңдылықпен өзгеріп, қайталанатыны туралы қорытындыға келеді. Осы қорытындыға сүйеніп, мұғалім периодтық заңның Д.И.Менделеев тұжырымдаған анықтамасын түсіндіреді. Периодтылықтың себебін білу үшін атом құрылысымен танысу қажеттігін айтады.

32. Орта мектеп химия курсындағы атом құрылысы теориясы. Атом қүрылысын оқыту. Атом құрылыс теориясы тұрғысынан периодтық заңды оқыту

Атом қурылысын оқыту. Атом термині «атомос» - грек сөзі, қазақшаға аударғанда «бөлшектенбейді» деген ұғымды білдіреді. Осы пікір үстем болып тұған кездің өзінде орыс ғалымдары М.Г. Павлов (1819 ж.), Н.А. Морозов атомның құрылысы күрделі деген пікір айтқан. Атақты ғалымдар Д.И. Менделеев, А.М. Бутлеров атом эзірше бізге белгілі тәсілдермен жіктелмейтін бөлшек деп жорамалдаған.

Атомның болшектенетіні туралы алғашқы эксперименттік мәліметгер XIX ғасырдың соңында алынды. Оларға жататындар: катод сәулелерінің, рентген сәулелерінің және радиоактивтіліктің ашылуы. Бұларды зерттеу атомның бейтарап, оң жэне теріс зарядталған бөлшектерден тұратынын көрсетеді. Осыған орай оқушыларға альфа бөлшек, протон, нейтрон, электрон, позитрон туралы түсінік беріледі. Олардың массалары, зарядтары, толық жэне қысқа белгілеулері кесте түрінде жазылады.

Атом құрылысының күрделі екені анықталған соң оның құрамына кіретін бөлшектер қалай орналасқан деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін Э.Резерфорд тэжірибесі, Мария Кюри- Склодовская, Пьер Кюри тәжірибелері туралы айтылады. Бұл ғалымдар және А.Беккерель туралы оқулықта берілген материалдарға оқушылардың назарын аударады. Соның нәтижесінде оқушылар атомның ядродан жэне электрон қабығынан тұратыны, радиоактивті сәулелер шығару арқылы бір элемен ітің екінші элементке ауысатыны жөнінде қорытындыға келеді.

236 222 4

Ка —► Кп+ Не

88 86 2

“Атомның ядросы центрінде орналасқан, оның құрылысы қандай?” - деген сұрақты нақтылау үшін протоннейтрондық теория қысқаша қарастырылады, изотоптар туралы ұғым беріледі. Элементтің реттік нөмірі мен ядро заряды арасындағы байланыс ашылады. Ядро құрамын белгілеп жазу түсіндіріледі, мысалы: С1 (17р, 18п), 8 (8р, 8п), Н (1р), т.б. Элементатомының ядросы, көбінесе, құрылымдық символ түрінде жазылады, мәселен, жалпы түрде: Э. Э- ядросы қарастырылып отырган элемент символы, А - атом ядросындагы нуклондардың жалпы саны, 2 - ядро заряды, А= 2+И, N

- ядродағы нейтрондар саны, N = А - 2 оңай табылатындықтан, кейде жазылмайды. Құрылымдық символ бойынша хлор атомдарының ядро құрамы былай кескінделеді:

[”С1]8] жэне [”С12оЗ

Хлор, оттегі жэне сутегі атомдарының құрылымдық символдарын жазу арқылы ядро зарядтары бірдей, массалары әр түрлі

- изотоптар болатыны жөнінде түсінік беріледі. Химиялық элемент жэне салыстырмалы атомдық масса ұғымдары жаңаша анықталады, мысалы: химиялық элемент дегеніміз - ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі, изотоптар - олардың түр өзгерістері. Салыстырмалы атомдық массаға элементтің табиғи изотоптары орташа массасының көміртегі атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасы деген анықтама беріледі. Оқушыларға белгілі кейбір элементтердің табиғи изотоптары жэне олардың орташа атомдық массаларын табу тәсілдері түсіндіріледі:

1) ш ( '*0): ш ("О) : т(“0) = 99,759 : 0,057 : 0,204

2) т (”СІ): т (”С1) = 75 : 25

Хлордың табиғи изотоптарының орташа атомдық массалары:

Аг (С1) = (35-75) : 100 + (37-25) : 100 = 35,5

Бұдан соң мұғалім реттік нөмірі 3-11 элементтердегі бөлшектердің санын көрсететін кесте сызады.

Бұл мәліметтер атомның массасы ядроға жинақталганын, оң зарядталган бөлшектер санының теріс зарядталган бөлшектер санына тең, сондықтан атом гұрғысынан алғанда электрбейтарап екенін көрсетеді. Атом ядросының заряды (элементтің реттік нөмірі) қанша бірлікке артса, электрон саны соншама өседі. Атомдағы электрондар энергетикалық деңгейлерде орнапасады.

Кіші периодтар элементтерінің электрондық құрылысы қарастырылады. Энергетикалық деңгейлер, деңгейшелер, электрон бұлттары, олардың пішіні және кеңістікте орналасуы туралы ұгымдар қалыптастырылады.

Қазір олардың күйін кванттық механика теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

Периодтық заңды атом қурылысы тургысыпаи түсіндіру.

Периодтық жүйе - периодтық заңның графикалық бейнесі, ол жеті период, сегіз топтан түрады. Периодтар үлкен және кіші топтарға негізгі жэне қосымша топшаларға жіктеледі.

Элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруінің себебін түсіну үшін оқушылар ядро заряды мен сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны арасындагы тәуелділікті көрсететін диаграмма сызады. Көлбеу бағытта ядро зарядының өсуі, тік бағытта электрон саны көрсетіледі. Сонда екінші жэне үшінші период элементтерінде сыртқы деңгейдегі электрон санының бірден сегізге дейін өсетіні байқалады. Бүл алдыңғы сабақтарда сызылған валенттіліктің өзгеру графигіне сәйкес келеді. Сыртқы қабаттың электрондары валенттік электрондар деп аталады, екінші жэне үшінші периодтарда сегіз элементтен кейін қайталанады. Оттегі бойынша валентгілік сыртқы электрондардың санына, сутегі бойынша валенттілік сегізден сыртқы электрондар санын алғандағы айырмаға тең. Бұл заңдылық негізгі топшалардың элементтеріне гана тэн. Қосымша топшалардың элементтерінде валенттік электрондары сыртқы жэне сыртқының астындагы деңгейлерде орналасады.

Периодта бейметалдық қасиеттердің күшеюі ядро зарядының өсуіне байланысты сыртқы деңгейдегі электрон санының артуымен жэне атом радиусының кішіреюімен түсіндіріледі. Бұл жағдайда ядро мен электрондар арасындағы тартылу күші артады.

Бір топта жэне топшада орналасқан элементгердің қасиеттерінің үқсас болатын себебі электрондық құрылымы, эсіресе сыртқы деңгейлерінің электрондық құрылысы ұқсас, мысалы, сілтілік металдарда: Ьі 2з', Иа Зз1, К 4з!, К.Ь бз1, Ғг бз1;

галогендерде: Ғ 2з22р5, С1 3з23р5, Вг 4з24р5,1 5з25р5.

Бір периодтан екінші периодқа өткенде электрондар жаңа деңгейлерге орналасады, негізгі топ элементтерінің радиусы үлкейеді. Осыған орай металдарының электрон беру қасиеті күшейеді, бейметалдардың электронды қосып алу қасиеті кемиді. Бұл заңдылыққа қосымша топ элементтерінің бағынбайтынын айту қажет, оның себебі б-сығымдалу әсерінен атом радиустарыньщ кішіреюінде.

Электрондық теория тұрғысынан периодқа жэне топқа анықтама беріледі. Период - электронмен толатын энергетикалың деңгейлерініц саны бірдей элементтердің көлбеу цатары. Топ - энергетикалық деңгейлеріндегі валенттік электрондарының саны бірдей элементтердің вертикаль қатары. Әр периодтың ұзындьн-ы, үлкен период элементтерінің қасиеттеріндегі ерекшеліктер энергетикалық деңгейлердің толу ретімен түсіндіріледі. Мысалы 2,8,8,18,18,32 электрондар саны I - IV периодтардағы химиялық элементтердің санына сэйкес келеді. IV - V периодтарда 10 элемент сі-орбиталын электрондармен толтырғанда сыртқы деңгейдегі электрон саны тұрақты күйінде қалады, сондықтан олардың металдық қасиеті де сақталады. Орбитальдағы электрон сандары артқанда қосылыстарында бейметалдық қасиеттер пайда болады.

Химиялық элементтердің электрондық құрылымының периодты түрде өзгеруі олардың жай заттары, оксидтері, негіздері, қышқылдары қасиеттерінің де периодты түрде өзгеруіне экеледі. Бірақ бұл өзгерістер жеке атомдардағы өзгерістерге қарағанда басқаша болып келеді. Өйткені оларға қосылыстардың құрамындағы атомдар арасындағы химиялық байланыстың сипаты, байланыс энергиясы, заттың түзілу жылуы, т.б. әсерін тигізеді. Бұл мәселені заттың құрылысы жэне химиялық байланыс өтілгеннен кейін периодтық жүйе тұрғысынан кеңірек қарастырған жөн.

Химиялық байланыс және зат құрылымы теориялары тұргысынан оқушылардың периодтық заң туралы білімін қорыту. Периодтық заң химиялық элементтердің, олардан түзілетін жай жэне күрделі заттар қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді. Әдетте, атом құрылысы, молекула қүрылысы, зат қүрылысы үғымдарының арасына айқын шек қойылмай жалпылама айтылатындықтан, бүл саладағы оқушылардың білімі көмескі болып келеді. Элемент атомының қасиетін сол күйінде қосылысына апарып таңады. Мәселен, галогенсутек қышқылдардың қайсысы күшті деген сүраққа оқушылар, көбінесе, фторсутек кышқылының күші басым деген жауап қайтарады. Мүның мәнісін анықтай келгенде фтор ең активті галоген, сондықтан оның қышқылы да күшті деп теріс түсіндіреді, молекулаларының арасында химиялық байланыс барын ескермейді. Қосылыстағы атомның қасиетін жеке күйіндегі атомның қасиетіне сайдырады.

Атом химиялық бөлінбейтін бөлшек, оның химиялық реакциялар кезінде сақталатыны жөніндегі түсінік химияның алғашқы тақырыбында қалыптасады. Осыдан оқушыда химиялық әрекеттесуде атом өзгермейді деген үғым тумауы керек. Атом өзгереді, бірақ ол өзгеріс атомның ядросын қамтымайды, электрондар арқылы жүзеге асады. Электрондар атомдарды біріктіретін химиялық байланыстар түзеді, соның нәтижесінде молекула немесе молекуласыз қүрылысты қосылыстар түзіледі.

Химиялық байланыстарды түзуге атомдардың қай электрондары қатысады? Мүны молекулалық орбитальдар жэне валенттік байланыс теориялары тусіндіреді. Молекулалық орбитальдар теориясы бойынша химиялық байланыстарды түзуге атомның энергетикалық деңгейлеріндегі барлық электрондар қатысады, атомдық орбитальдардан молекулалық орбитальдар пайда болады. Бүл теория мектеп курсында қарастырылмайды. Орта мектепте оқылатын валенттік байланыс теориясы химиялық байланыстарды түзуге атомның сыртқы деңгейлерінде орналасқан валенттік электрондары гана қатысады деп есептейді. Байланыс түзген атомның қасиеттері бос күйіндегі атомнан басқаша болып келеді, өйткені электрон бұлттарының пішіні, кеңістікте орналасуы, тығыздығы, т.б. өзгереді.

Молекула жэне кристалл атомдардың жай жиынтығы емес, жаңа Қасиетке ие болған түзілістер. Олар атомдарда электрондар алмасуы немесе ортақтасуы арқылы пайда болады. Молекула немесе кристалдар түзілгенде энергия бөлінеді, оны қосылыстың түзілу жылуы деп атайды. Қосылысты қайтадан атомдарға ыдырату үшін түзілу жылуындай энергия жүмсалады, ол байланыс энергиясы делінеді.

Айтылғандар түрғысынан молекуланың, жай және күрделі заттар қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары қарастырылады.

Екінші период элементтері түзетін молекулалардың байланыс энергиясы кДж/моль деп беріледі.

Берилий жэне неон молекула түзбейді. Бу күйінде литий, бор, көміртегі молекулалары атомдарының арасында - бір, оттегінде - екі, фторда бір байланысы болады. Соған сәйкес байланыс энергиясы азотқа дейін артады да, оттегінен бастап кемиді. Байланыс энергиясының шамасы үлкен молекулалары түрақты: химиялық реакцияларға баяу кіріседі.

Молекуланың қасиетіне агомдағы бос энергетикалық деңгейшелер эсерін тигізеді. Периодтық жүйедегі заңцылықтарға қарағанда фтор молекуласындағы байланыс энергиясы хлор молекуласындағьщан үлкен жэне қыздыруға түракты деп күтуге болар еді, бірақіс жүзінде басқаша, фтор молекуласындағы байланыс энергиясы 159 кДж/моль, хлорда - 243 кДж/моль. Бүл хлор атомында

33. Периодтық заңның Д.И.Менделеев берген жэне қазіргі анықтамасын салыстырып, үқсастығы мен айырмашылығын табыңыздар, олардың эрқайсысы оқушыларға қай кезеңде түсіндіріледі?апай айтты.умыт калдым

34-билет.

Химиялық байланыс туралы ұғымның қалыптасуы.

VIII класта алдымен ковалентті, содан соң иондық байланыс өтіледі, иондық байланыс ковалентті байланыстың шегіне жеткен түрі есебінде қарастырылады.

а) Ковалентті байланыспен таныстыру.

Осы жоспарға сәйкес ковалентті байланыспен таныстыру былай жүзеге асады.

Ковалентті байланыстардың түзілу механизмі оқушыларға әбден таныс сутегі, хлор, оттегі және азот молекулалары атомдарының арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін талқылау арқылы түсіндіріледі. Символикалық көрнекілік, кесте және модельдер пайдаланылады. Сутегі молекуласының түзілуі сызбанұсқасы мынадай:

Н · + · Н  Н : Н

ә) Иондық байланыстың түзілуі.

Иондық байланыстың түзілуі натрий хлоридін мысалға алып түсіндіріледі. Хлор қызған натриймен әрекеттеседі, сондықтан химиялық реакцияның энергетикалық жағына көңіл аударылады.

б) Донорлы – акцепторлы байланыс.

Донор- акцепторлы байланыс 9- класта аммиактың химиялық қасиеттерін қарастырғанда түсіндіріледі. Аммиакты суда ерігенде гидроксид иондарының түзілетіні тәжірибе жүзінде дәлелденеді, ол су молекуласынан протон бөлінуінен пайда болады.

в) Металдық байланыс.

Металдық байланыс туралы түсінік металдардың жалпы қасиеттерін өткенде беріледі. Металдық байланыстың ковалентті және иондық байланыстарға ұқсастығы және айырмашылығы талданады. Металдық байланыс та ортақ электрондар арқылы жүзеге асады, бірақ олар белгілі бір атомдар арасында тұрақтанбаған. Металдық байланыс кезінде электрондар босауынан оң зарядталған иондар түзіледі, бірақ теріс иондар болмайды.

г) Сутектік байланыс.

Органикалық химияны өткенде сутектік байланыстың түзілу механизмі қарастырылады. Ол үшін біратомды спирттердің гомологтық қатарын қарастырғанда газ күйіндегі өкілдерінің болмауы неліктен деген сұрақ қойылады.

35. Валенттілік ж4не тотығу дәрежесі туралы ұғымының қалыптасуы және дамуы. Валенттілік ұгымының цалыптасуы жэне дамуы. Валенттілік ұгымы химия ғылымының дамуында маңызды роль атқарады, ал атом-молекулалық ілім салтанат құруының маңызды буыны болды, эквивалент жэне еселік қатынас заңдарын түсінуге жәрдемін тигізеді. Химиялық тектестіктің мәнін ашуға мүмкіндік берді. Химиялық қүрылыс теориясы жасалуының алғы шарттарының бірі болды. Периодтық идеясының қалыптасуына септігін тигізді.

Химия ғылымы тарихында валенттілік үғымы дамуының төрт қезеңі атап өтіледі: 1) ұғымның шығу жэне қалыптасу кезеңі (1850- 1850), 2) қүрылымдық теория кезеңі (1861-1895); 3) координациялық теория және үлес валенттілік кезеңі; 4) электрондық теория кезеңі. Бүл кезеңдер химияны оқыту барысында белгілі дәрежеде қайталанады.

Валенттілік үғымы оқушыларға химиялық тілді саналы меңгеруге, химиялық реакциялардың нэтижесінде шығатын күрделі заттардың қүрамын болжай білуге көмектеседі.

Валенттілік мектептегі химия курсында 1958 жылға дейін 7- сыныптағы «Сутегі. Су» тақырыбында оқытылып келді. Алдыңғы үш тақырыпта кездесетін химиялық формулаларды оқушылар жаттап алуға мэжбүр болды. Сондықтан валенттілік үғымын ертерек пайдалану үшін алдымен «Оттегі. Оксидтер», содан соң «Химиялық алғашқы ұғымдар» тақырыбына ауыстырылды.

Валенттілікті бірден электрондық теория түрғысынан оқыту туралы ұсыныстар жиі кездесіп жүрді, бүл мәселе Н.С.Ахметов, Л.М.Кузнецова оқулығында жүзеге асты.

Мектеп сарамандығында қолданылған және қазір пайдаланылатын химия бағдарламалары мен оқулықтарында алдымен валенттіліктің эмпирикалық түсінігі беріледі, содан соң электрондық табиғаты түсіндіріледі.

«Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбында валенттілікпен таныстыру үшін екі сабақ өткізіледі. Бүған дейінгі сабақтарда оқушылар атом, химиялық элемент, химиялық элементтің таңбалары, күрам түрақтылық заңы және химиялық формула үғымдарымен танысады. Осылардың ішінен жаңа материалды саналы түсінуге қажетті тірек білімді еске түсірген соң мүғалім оқушыларға химиялық таңбалары таныс элементтердің сутегіменқосылыстарының формулаларын тақтага жазын, сапалық және сандық құрамын анықтауға тапсырма береді:

НСІ Н20 >1Нз СН4

Оқушылар хлор сутегінің бір атомын, оттегі екі атомын, азот үш атомын, көміртегі төрт атомын қосып алганы жөнінде қорытынды жасайды. Осы қорытындыға сүйеніп, валенттілікке бір элемент атомының басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті деген анықтама беріледі. Валенттілік терминінің магынасы, химиялық формула бойынша элемент атомының валенттілігін анықтау ережесі түсіндіріледі. Валенция - латын сөзі, қазақша күш деген мағынаны білдіреді. Мүны нақтылай түсу үшін қарастырылған сутекті қосылыстардың шарстерженді модельдері көрсетіледі.

Н Н

Н-С-Н

НСІ н-о-н н-и-н н

Әр стержень, формуладагы сызықша атомының валенттілігін белгілейді.

13- кесте. Кейбір элемент атомдарының қосылыстарындагы

валенттілігі

Валенттілік

шамасы Металдар Бейметалдар

Бір валентті Екі валентті Үш валентті Төрт валентті Бес валентті Ллты валентті Ыа, К, А§, Си

М§, Са, Ва, Си, Н§, Ғе, 2п, 8п РЬ, А1, Сг, Ғе Н, С1 0,8 N

С, 8, 8і ҚР 8

Элементтің атом саны мен валенттілігінің көбейтіндісі валенттілік бірлігінің жалпы саны деп аталады. Қосылыстағы бір элемент валенттілік бірлігінің жалпы саны екінші элементваленттілігі бірлігінің жалпы санына тең болады, мысалы метандағы сутегінің төрт атомында 4-1=4 бірлік бар.

Элементтердің валенттілігін сутегі, оттегі немесе валенттілігі белгілі басқа элемент бойынша табады. Осыдан кейін химиялық формула бойынша валенттілік табуға жаттығулар орындалады. Аныктама ретінде пайдалану үшін келесі сабақтарда кездесетін химиялық элементтердің валенттіліктерін кесте түрінде береді. Кейбір элементтердің валенттіліктері түрақты, басқаларының валенттіліктері ауыспалы болатынына назар аударылады.

Кестені пайдаланып, химиялық формулалар қүруға жаттығулар жүргізіледі, формула қүрудың алгоритмі түсіндіріледі:

1) химиялық таңбалар жазу ЫаО М§0 АЮ

і п п п ш іі

2) элементтердің валенттіліктерін қою ЫаО М§0 АЮ

1 жане 2 2 және 2 3 және 2

3) валенттілік сандарының ең кіші

еселігін табу 2 2 6

4) ең кіщі еселікті элементтердің 2:1 2:2 6:3

валенттіліктеріне бөлу 2:2 2:2 6:2

5) алынған сандарды индекс түрінде жазу Ыа20 М§0 А1203

Біртіндеп алгоритмнің жеке бөліктері бірігіп қысқарады да, іс жүзінде орындалады. Валенттілік туралы бірінші тақырыпта қалыптасқан үғым келесі тақырыптарда дамытылады. Бүл тақырыпта валенттіліктің себебі жэне табиғаты түсіндірілмейді. Оқушылар валенттілікті элемент атомының қасиеті деп түсініп, формула бойынша элементтің валенттілігін табуды жэне валенттілікке сүйеніп формула қүруды үйренеді.

«Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбында бірінші кезеңде қалыптасқан валенттілік үғымы ныгаяды. Оқушылар тәжірибелердің нәтижесінде алынған оксидтердің қүрамын ернектеп жазуды үйренеді. Элементтердің валенттілік мүмкіндігін іске асыру жөнінде алгашқы түсінік алады:

IV IV

С+ 02 =С02 3 + О = 302 ЗҒе +202 = Ғе304^^

ҒеО Ғе20з

Оттегінде жанғанда көміртегі ең жоғары валенттілігін, күкірт төртке тең валенттілігін, темір екі түрлі валенттілігін көрсетеді.

«Сутегі. Қышқылдар. Түздар» тақырыбында валенттілік үгымының анықтамасына өзгеріс енгізіледі. Активті металдардың қышқылдармен әрекеттесу реакцияларьга талдау қышқылдардан натрий бір атом сутегін мырыш - екі атом, алюминий үш атом сутегін ығыстыратынын көрсетеді. Осыған орай валенттілік бір элемент атомының басқа элемент атомдарының белгілі санын қосып алу ғана емес, қосылыстағы орнын басу қасиеті екені айтылады. Атомдар тобы - қышқыл қалдықтарының валенттілігі жөнінде алғашқы үғым беріледі. Қышқыл қалдықтарының жэне металдардың валенттігі бойынша түздардың формуласын қүру алгоритмі түсіндіріледі, жаттығулар орындалады.

«Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбында оқушылар гидроксотоптың валенттілігі жөнінде түсінік алып, негіздердің химиялық формулаларын қүруды үйренеді.

«Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорыту» тақырыбында алдыңғы тақырыптарда валенттілік туралы қалыптасқан білім мен білік кеңінен пайдаланылып жетілдіріледі, жаттыгулар орындау үшін қолданылады.

«ІІериодтық заң жэне периодтық жүйе. Атом қүрылысы» тақырыбында валенттілік периодтық заңды қорытып шығару үшін пайдаланылады.

К20 КО К203 К02 К205 КО3 К207 КН4 КНз КН2 КН Валенттіліктің сан мәні элементтің периодтық жүйесіндегі орнына, атомның электрондық қүрылысына тәуелді екені жэне валенттік электрондар жөнінде үғым қалыптасады. Валенттіліктің электрондық теориясы бойынша коваленттік жэне электроваленттілік жөнінде түсінік беріледі.

II 0 0 + -

НСІ Н2 С12 КаСІ

Коваленттік электрон жұбын түзуге жүмсалатын электрондар санымен, электроваленттілік атомының берген немесе қосып алған электрондар санымен анықталады. Кейіннен бүл түсінік оң, теріс және нөл валенттілік болмайтыны жөніндегі көзқараспен алмастырылды. Валенттілік химиялық байланыстың санымен анықталатын болды.

«Химиялық байланыс заттың қүрылысы» тақырыбында валенттілік жэне химиялық байланыс ұғымдары үштастырылады. Кейбір қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтағанда қайшылықтар байқалады. Мәселен, азот қышқылында азот бес валентті делінеді.

Азоттан басқа да екінші период элементтерінің максимал валенттігі төртке тең. Олардың сыртқы деңгейлерінің 2з және 2р деңгейлерінде химиялық байланыс түзуге қатысатын төрт орбиталі бар. Әдетте, валенттілік байланыс түзуге қатысатын сыңар электрондардың, бөліске түспеген электрон жүбының жэне бос орбитальдардың санымен есептеледі. Энергетикалық деңгейлердің саны өскенде атомның валенттілік мүмкіндігі артады. Химиялық байланыстың санымен есептегенде көміртегі (II) оксидінде көміртегі уш валентті, гидроксоний ионында (Н3О ) оттегі уш валентті, аммоний ионында (ИН4+) азот төрт валентті. Кейбір иондық қосылыстардагы элементтердің валенттілігі оқушыларға белгілі сандарга ұқсамайтын болып шыгады. Сондықтан сөз болыи отырган тақырыпта тотығу дәрежесі деген ұгым енгізіледі.

Тотыгу дэрежесі туралы ұгымның қалыптасуы. Тотыгу дәрежесі туралы ұғым жай жэне күрделі заттардагы химиялық байланыстарды салыстыру арқылы беріледі. Элемент атомының тотығу дәрежесі иондық қосылыстардагы ион зарядтары, ковалентті полюсті қосылыстардагы шартты зарядтар санымен анықталады. Ол бір атомдардан екінші атомдарга ауысқан немесе ыгысқан электрон санымен есептеледі. Өзінен электрондары кеткен атомдардың тотыгу дәрежесі - оң, электронды тартып алган атомдардың дәрежесі теріс болады. Электровдары симметриялы орналасқан жай заттардағы элементтердің тотығу дәрежесі нөлге тең. Қосылыстагы элементтер атомдарының оң және теріс тотыгу дәрежелерінің қосындысы нөлге тең болады:

+2 -1 СаҒ2

(+2) + (-2) = 0 . Атомдардың электртерістілігіне жэне тотыгу дәрежесіне сүйеніп, химиялық формула құрудың алгоритмі түсіндіріледі.

1) электртерістілігінің өсуіне қарай элементтер таңбаларын жазу;

2) теріс тотыгу дәрежесінің мэнін табу;

3) оң тотығу дәрежесін анықтау;

тотыгу дәрежесінің таңбасы теріс болады. Кальций фосфатындагы фосфор элементінің тотығу дәрежесін анықтап көрсетеді.

+2 х - 2

Са3(Р04)2 (+2-3) +2х+ (-2-8) =0 2х=+10 х =+5

Кальций фосфатындагы фосфордың тотыгу дәрежесі +5-ке тең:

Са (+2-3) + Р (+5-2) + О (-2-8) =0 Екі элементтен түзілген қосылыстардың номенклатурасы түсіндіріледі. Электртерістілігі үлкен элемент атының түбіріне - ид жүрнагы жалганады, мысалы:

ЫаН Н20 НСІ

Натрий гидриді сутегі оксиді сутегі хлориді

С1207 -хлор VII оксиді, ОҒ2 - оттегі фториді.

Элемент атомы тотыгу дәрежесінің ауыспалы болу себебі электрондық құрылысы арқылы түсіндіріледі:

+2ё

—8°

-4ё->8

65 2,8,6

' ►-66->8+

VIII - IX сыныптарда элементтер тобын өткенде тотығу дәрежесі үгымын дамыту кодоскоп арқылы көрсетілген немесе тақтага жазылган мына сызбанұсқа арқылы түсіндіріледі:

13-сызбанүсқа

+1ё -16

1. Н' Н° >Н+

+ - 2. НСІ-

— 2п

— Мп02- 2п

п2

сі2°

-ь Н2°

+ -2 3. Н25

Вг2 02— - 2п •

-> 504" - Н2°

Н25

4. Н2804— сүйылт.

504

5042

- Си — 2п

-2п 2п

Н2804 — концентрлі

5

Оқушылар тотығу дәрежесіне байланысты заттың қасиеттері туралы болжамдар айтып, тәжірибе жүзінде тексереді.

Келтірілген сызбанұсқаларға сәйкес оқушылардың ойлау әрекетінің былай жүзеге асуы мүмкін. Сутек атомы электрон қосып алып - тотықтырғыш, электронын беріп жіберіп - тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Электронынан айрылған немесе электроны электртерістілігі күшті атомға ойысқан сутегі (Н20, НСІ, Н2804 Н28 және т.б. қосылыстарында) тотықтырғыш қасиетке ие болады. Онымен химиялық байланыстағы атомдар (0‘2, СГ2, 8'2), керісінше, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Сөйтіп бір ғана қосылысты, мэселен, түз қышқылын алсақ, қүрамындағы сутегі арқылы - тотықтырғыш, хлорид-ион арқылы - тотықсыздандырғыш қасиет білдіреді. Бұл қасиеттерді зертханада бос күйіндегі сутегі жэне хлор алу үшін пайдаланады.

Егер қосылыстың қүрамына үш немесе одан да көп атомдар кіретін болса, онда бірнеше тотықтырғыш немесе бірнеше тотықсыздандырғышы болуы мүмкін. Мәселен, күкірт қышқылында сутек жэне күкірт атомдары - тотықтырғыш. Сұйылтылған қышқыл өзінің тотықтырғыш қасиетін сутегі арқылы, концентрлі күкірт қышқылының күкірт атомы арқылы көрсететіні сызба-нұсқадан байқалады. Түзілетін өнімдердің қүрамы тотықсыздандырғыштың күшіне тэуелді.

Тотығу дэрежесі туралы ұғым периодтық жүйенің V, IV негізгі топтарының элементтерін (К, Р, С, 8і) жэне олардың қосылыстарын өткенде, металдардың жалпы қасиеттерін жэне жеке металдарды қарастырғанда одан эрі дамытылады. Бүл материалдарды оқығанда оқушылар элементтер қосылыстарының көрсететін қасиеттерінің зат қүрамына жэне зат қүрамына кіретін атомның күйіне тәуелді екенін түсінеді, соларға негіздеп болжамдар жасайды. Мысалы: азот элементінің атом қүрылысына байланысты көрсететін тотығу дәрежелері және оларға сәйкес келетін қосылыстары:

+5-

+4-

+3'

+2-

+1-

-Ы205, НЫОз, КЫ03 нитраттар -4402

"ЫгОз, НЫ02 нитриттер

-N0

-N,0 Оқушылар тотығу дәрежесіне байланысты заттың қасиеттері туралы болжамдар айтып, тәжірибе жүзінде тексереді.

Келтірілген сызбанұсқаларға сәйкес оқушылардың ойлау әрекетінің былай жүзеге асуы мүмкін. Сутек атомы электрон қосып алып - тотықтырғыш, электронын беріп жіберіп - тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Электронынан айрылған немесе электроны электртерістілігі күшті атомға ойысқан сутегі (Н20, НСІ, Н2804 Н28 және т.б. қосылыстарында) тотықтырғыш қасиетке ие болады. Онымен химиялық байланыстағы атомдар (0‘2, СГ2, 8'2), керісінше, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Сөйтіп бір ғана қосылысты, мэселен, түз қышқылын алсақ, қүрамындағы сутегі арқылы - тотықтырғыш, хлорид-ион арқылы - тотықсыздандырғыш қасиет білдіреді. Бұл қасиеттерді зертханада бос күйіндегі сутегі жэне хлор алу үшін пайдаланады.

Егер қосылыстың қүрамына үш немесе одан да көп атомдар кіретін болса, онда бірнеше тотықтырғыш немесе бірнеше тотықсыздандырғышы болуы мүмкін. Мәселен, күкірт қышқылында сутек жэне күкірт атомдары - тотықтырғыш. Сұйылтылған қышқыл өзінің тотықтырғыш қасиетін сутегі арқылы, концентрлі күкірт қышқылының күкірт атомы арқылы көрсететіні сызба-нұсқадан байқалады. Түзілетін өнімдердің қүрамы тотықсыздандырғыштың күшіне тэуелді.

Тотығу дэрежесі туралы ұғым периодтық жүйенің V, IV негізгі топтарының элементтерін (К, Р, С, 8і) жэне олардың қосылыстарын өткенде, металдардың жалпы қасиеттерін жэне жеке металдарды қарастырғанда одан эрі дамытылады. Бүл материалдарды оқығанда оқушылар элементтер қосылыстарының көрсететін қасиеттерінің зат қүрамына жэне зат қүрамына кіретін атомның күйіне тәуелді екенін түсінеді, соларға негіздеп болжамдар жасайды. Мысалы: азот элементінің атом қүрылысына байланысты көрсететін тотығу дәрежелері және оларға сәйкес келетін қосылыстары:

+5-

+4-

+3'

+2-

+1-

-Ы205, НЫОз, КЫ03 нитраттар -4402

"ЫгОз, НЫ02 нитриттер

-N0

-N,00

-N2

-ЫНз нитридтер

-3

Бұл шкаладан оқушылар жасайтын болжамдар мен қорытындылар: азоттың шегіне жетіп тотыққан қосылыстары +5 тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді, өзі +5-тен кейінгі тотығу дәрежелеріне дейін тотықсызданады. Қай қосылыстың түзілетіні тотықсыздандырғыштың күшіне байланысты. Бүл азот қышқылының активті жэне активсіз металдармен әрекеттесу реакцияларын мысалдарға келтіру арқылы нақтыланады.

Азоттың шегіне жетіп тотықсызданған қосылыстары (аммиак жэне нитридтер) азот арқылы тек тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетіп, өздері бос азотқа немесе оксидтерге дейін тотығады. Нөл жэне аралық тотығу дәрежесіндегі қосылыстары екі жақты қасиеттер білдіреді. Бүл мысалдар арқылы химиялық реакциялардың ішкі қайшылықтарын, тотығу - тотықсыздану әрекеттерінің өзара тэуелділігі, шарттастығы көрсетіледі. Оқушылар жеке қосылысты эр жағынан қарастыруға, оның басқа қосылыстар ішіндегі орнын бағдарлай білуге үйренеді. Мүның өзі оқушылардың химиялық ойлауын дамытуға, диалектикалық-материалистік көзқарас қалыптасуына жәрдемін тигізеді.

Органикалық химия курсын өткенде тотығу дәрежелері мен валенттілік үғымы генетикалық байланыс, молекуладагы атомдардың өзара әсері, электрон тығыздығының орналасуы үғымдарымен үласып, жаңа мысалдармен толықгырылады. Жоғарыда келтірілген мысалда метан, метил спирті, құмырсқа альдегиді, құмырсқа қышқылы, көміртегі (IV) оксиді қосылыстарындағы көміртегінің валенттілігі бірдей - төртке тең. Бұл қосылыстардагы көміртегінің дэрежесі метанда - -4, метил спиртінде - -2, құмырсқа альдегидінде -0, құмырсқа қышқылында +2, көміртегі (IV) оксидінде +4.

Валенттілік пен тотыгу дәрежелерінің сан мәндеріндегі үйлеспеушілікті түсіну үшін мұгалімнің үш түрлі валенттілік болатынын есте ұстаганы жөн.

Валенттілік заттардың өзара әрекеттесулерінің саны, ол үш түрлі әдіспен: а) заттың элементтік құрамы; э) қосылыстагы атомдардың өзара орналасуының геометриялық құрылымы; б) заттардың электрондық құрылысы бойынша анықталады.

Заттың элементтік құрамы бойынша табылатын валенттілік, басқаша айтқанда стехиометриялық валенттілік тәжірибе жүзінде анықталады. Ол сан жагынан қосылыстағы элементтің салыстырмалы атомдық массасын эквиваленттік массасына бөлгенде шығатын санга тең.

Тотыгу дәрежесі дегеніміз - қосылыстагы элементтің стехиометриялық валенттігі, металдық қасиеттері бар элементтер ушін оң таңбамен, бейметалдық қасиеттері бар элементтер ушін теріс таңбамен алынады. Бір элементтің (эквиваленті бірдей) атомдары өзара әрекеттесіп, жай заттар түзілгенде стехиометриялық валенттілік те, тотығу дәрежесі де нөлге тең болады.

Атомдардың әрекеттесуге бейімділігі олардың қосылыстагы орналасуының геометриялық құрылымы бойынша анықталган валенттілікті координация деп атайды. Ол осы қарастырып отырган атомды қоршаган көршілес атомдардың санымен анықталады.

Координация саны кеңірек ұгым, стехиометриялық валенттілікті Де қамтиды, көбінесе металдар мен иондық кристалдардагы атомдардың валенттілігін табуда қолданылады. Мысалы, хром

хлоридінің кристалдарында хромның бір атомын хлордың алты атомы, хлордың бір атомын хромның екі атомы қоршап орналасады, демек хром атомының координация саны - 6, хлор атомының координация саны -2. Олардың өзара қатынасы Сг : С1 = 6 : 2 = 3 : 1 қатынасындай, хромның үшке, хлордың бірге тең стехиометриялық валенттілігіне сәйкес келеді. Атомның координация саны да тәжірибе жүзінде табылады.

Атомның байланыс валенттілігі осы атомның өзін қоршаған атомдармен түзетін химиялық байланысының, ал байланыстың өзі ортақтасқан электрон жүбының санымен анықталады. Электрон жұбымен есептегенде атомдар арасындағы байланыстың саны эр түрлі бүтін немесе бөлшек сандармен көрсетілуі мүмкін.

Айтылған үш әдіспен табылған бір элементтің валенттілігі эр түрлі болуы ықтимал. Әдетте, оттегінің стехиометриялық валенттілігі екіге тең; озондағы оттегі атомдарының стехиометриялық валенттілігі екіге тең, молекуласы түйықталған деп есептеледі. Қүрылымдық зерттеулер нәтижесінде озон молекуласының түйықталмағаны, су молекуласындағы тэрізді бүрыш жасап орналасқаны анықталды. Орталық атом екі шеткі атомдармен байланысқан, ал шеткі атомдар өзара байланыспайды. Демек орталық атомның координациялық саны -2, шеткі атомдардың координация саны -1. Бүл - оттегінің бір атомы - екі, қалған екі атомы бір валентті деген сөз.

Озонның электрондық қүрылысын квант химиясының әдістерімен зерттегенде орталық атом мен шеткері атомдар арасында * бір коваленттіден және үш атомды бірдей байланыстыратын бір электрон жүбы бар екені анықталған, бүл соңғы байланыс эр екі атомға жартыдан тиеді. Түтасынан алғанда орталық атом мен шеткі атом арасында бір жарым (1 + 0,5), орталық атом мен екі шеткі атом арасында үш (1,5+1,5) химиялық байланыс бары есептеледі. Сонымен байланыстың саны бойынша озондағы оттегінің орталық атомы - үш, шеткі атомдары 1,5 валентті.

Үш түрлі валенттілікті бір жалпы үгымның эр жағы деп түсініп, олардың үқсастыгы мен айырмашылығын білу орта мектепте химияны оқытудың сапасын арттырады.

36. Химиялық реакциялар туралы ұғымның қалыптасуы, дамуы.Химиялық реакция ұғымының атом-молекулалық ілім тұрғысынан дамуы.

Маңызды ұғымдары анықталған соң атом-молекулалык ілімнің негізгі қағидалары түсіндіріледі. Олар Ю.В.Ходаков жэне т.б. оқулығында бес, Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман оқулығында тоғыз пунктен тұрады, негізгілері: 1) заттың қасиеттері құрылысына тәуелді, ал заттың құрылысы молекулалық жэне молекуласыз болуы мүмкін; 2) химиялық реакциялар кезінде молекулалар бұзылады, атомдар сақталады; 3) химиялық реакциялардың мэні - бас-тапқы заттардың болшектерінен жаңа заттар түзіледі; 4) атомдардың бір тү- рінің басқа түрлерінен айырмашылығы болады; 5) кез келген таза заттың, атомдық құрамы тұрақты болады, сондықтан ол химиялық символдардың жәрдемімен химиялық формула арқылы кескінделеді.

Бірінші тақырыптың алғашқы ұғымдары осы қағидалардың негізінде қалыптасады. Бұдан кейінгі төрт тақырыптағы оттегі, сутегі элементтерін, олар түзетін жай жэне күрделі заттарды, бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқып үйренуде жетекші роль атқарады.

Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру осы кездегі үстем әдістемелік көзқарастың тұрғысынан қарастырылды. Бұл көзқарас бойынша ең басты тірек ұғым - зат, қалғандары (заттың қасиеттері, заттың құрамы, заттың құрылысы, заттың химиялық реакциясы) оған қарағанда туынды ұғымдар болып табылады. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі атом-молекулалық ілімнің деңгейімен шектеледі.

Тағы бір әдістемелік ізденулерді зат туралы алғашқы ұғымда жүйелі қалыптасуының атом-молекулалық деңгейі қанағат- тандырмайды. Олар атом, химиялық элемент, валенттік ұғымдарын бірден электрондық теория тұрғысынан беру керек деп есептейді. Осы сападағы өздерінің тәжірибесін ортаға салады.

37. Химиялық реакциялар туралы ұғымының дамуы. Негізгі білім мазмұны. Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.

Электрондың көзқарас тургысынан химиялық реакция угымының дамуы. Заттардың құрылысы өтілгеннен кейін химиялық реакция ұғымының мазмұны мен көлемі туралы оқушылардың білімі тереңдейді. Химиялық реакция ұғымына жаңа анықтама беріледі, атомнан төменгі деңгейде жүретін айналулар химиялық реакцияларға жатпайтыны айтылады. Оқушылардың түсінігін нақтылау үшін өтілген жэне жаңа білімнің арасындағы байланысын тудыратын кесте сызылады.

Үш құбылысты салыстырып, оқушылар атомдар арасындағы химиялық байланыстары өзгеретін, бірақ атом ядролары сақталатын құбылыстар химиялық реакциялар деп аталатыны жөнінде қорытындыға келеді. Химиялық реакциялар кезінде бастапқы заттар бөлшектерінің арасындағы химиялық байланыстар үзіледі, реакциядан шығатын заттардың бөлшектері арасында жаңа химиялық байланыстар түзіледі. Химиялық байланыстарды үзу үшін энергия жұмсалады, жаңа байланыстар түзілгенде энергия бөлінеді. Реакцияныц жалпы жылу эффектісі осы екеуінің ара қатынасына тэуелді екені айтылып, реакцияның мәні мен жылу құбылысының арасында байланыс тудырылады. Химиялык реакциялар энергиясы қолайлы байланыстар түзілу жағына қарай жүреді, реакция кезінде бастапқы заттардың құрылымы және қасиеттері өзгереді.

Осы Көзқарастар тұрғысынан оқушылардың бастапқы заттардың құрамына кіретін атомдардан жаңа заттардың молекулалары түзілетіні туралы түсінігі кеңейіп, жаңа сатыға көтеріледі. Реакцияға молекулалық құрылысы болмайтын химиялық қосылыстар да қатысып, жаңа заттар түзілетініне көздері жетеді. Сөйтіп, химиялық реакциялардың мэнін ұғыну атом-молекулалық деңгейден электрондық деңгейге түсіп тереңдейді.

Оқушылар химиялық реакциялар кезінде элементтердің сақталатыны жөнінде қорытындыға келеді, оны нақтылау үшін оқушыларға таныс бір элементтің химиялық реакциялары еске түсіріледі:

12 3 4

Си —> СиО —> С118О4 —> Си(ОН)2 —з СиО —> Си

18- кесте. Физикалық және химиялық қубылыстардың ұқсастыгы мен айырмашылығы

Қүбылыс Жаңа зат түзілуі Химиялық

байланыс Атом

ядросының

өзгеруі

1. Физикалық

2. Химиялық

3. Ядролық Түзілмейді

Түзіледі

Түзіледі Өзгермейді Өзгереді Жаңа байланыс түзіледі Өзгереді Өзгермейді

Өзгермейді

Өзгереді

Жай зат күйіндегі мыс атомдарының арасында, металдың оттегі молекуласындағы атомдар арасында полюссіз ковалентті химиялық байланыстар бар, олар бөлме температурасында бір-бірімен эрекеттеспейді. Мысты қыздырғанда химиялық байланысы үзіледі, қызған мыспен жанасқан оттегінің де ковалентті байланысы бүзылын, мыс пен оттегінің арасында иондық байланыс түзіледі, оксид пайда болады. Қалған реакцияларда мыс пен басқа бөлшектер арасындагы химиялық байланыстар өзгеріске үінырайды. Мыс элементі оксид қүрамынан мыс (II) сульфатына, одан мыс (II) гидроксидіне, гидроксид айрылғанда оксидке ауысып, ақырында бос металл күйінде қайтадан бөлініп шыгады. Химиялық өзгерістер электрондық деңгейлерде жүзеге асып, ядро өзгеріске үшырамайтындықтан мыс химиялық элементі 5 реакцияда сақталады.

Электрондық теория түрғысынан түсіндірілетін химиялық реакциялардың ең маңызды тобы - тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының мэнін төрт түргыдан қарастырады: 1) электрондар алмасуы; 2) электрондар тығыздығының өзгеруі; 3) элемент атомдары тотыгу дәрежелерінің өзгеруі; 4) стехиометриялық валенттіліктің өзгеруі. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарында осының төртеуі де кездеседі.

Химиялық байланыстар түргысынан реакцияларды кеңірек түсінгенде электрон қатысынсыз жүзеге асатын реакциялар болмайтыны белгілі болды. Мәселен, тотығу-тотықсыздануға

жатқызылмайтын электролиттік диссоциациялану кезінде бастапқы заттардағы иондық және полюсті байланыстардың электрондары босап, иондар мен су молекулалары арасындағы байланыстарды түзуге (гидраттану реакциясына) қатысады. Сондықтан тотығу- тотықсыздану реакцияларын элементтердің тотығу дәрежелері өзғере жүретін реакциялар деп анықтаған дүрыс. Бүл реакциялардың негізгі үғымдары: элементтер атомдарының электртерістілігі, тотығу

дэрежесі, тотықсыздану, тотықтырғыш жэне тотықсыздандырғыш.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізгі үғымдарын игеру барысында оқушыларда мынадай білім мен білік қалыптасады.

1. Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің электртерістілігін анықтау жэне салыстыру. Электрондардың ауысу багытын бағдарлай білу.

2. Тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыш ролін нақтылы түсіну. Реакция кезінде тотықсыздандырғыш тотығады жэне өзінің тотығу дәрежесін өсіреді, тотықтырғыш тотықсызданады, өзінің тотығу дәрежесін кемітеді. Реакция нэтижесінде тотықсыздандырғыш әлсіздеу тотықтырғышқа, тотықтырғыш элсіздеу тотықсыздан- дырғышқа айналып, кері қасиеттерге ие болады. Бүған назар аударудың оқушыларда ғылыми материалистік кезқарас қалыптастыру үшін маңызы зор. Әдетте, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың осы реакция кезіндегі эрекеті айтылады да, оқушыларда сыңар жақты үғым қалыптасады.

3. Қосылыстагы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтай білу. Екі элементтен түратын қосылыстарда электртерістілігі басым элементтің тотығу дэрежесі - теріс, екіншісінікі - оң болады. Осы қагидага сәйкес металдардың қосылыстардағы тотығу дәрежелері - оң, бейметалдардың тотығу дәрежелері теріс болады. Үш элементтен түратын оттекті қышқылдарда және олардың түздарында элементтердің тотығу дәрежелері оттегі бойынша анықталады. Оттегінің фтормен қосылысындағы тотығу дәрежесі +2, қалған элементтермен қосылыстарында -2. Сутегі мен металдың және орталық элементтің тотығу дэрежесі оң болады. Қышқылдарда сутегінің тотығу дәрежесі - плюс бір, оттегінде минус екі болғандықтан іс жүзінде орталық элементтің тотығу дәрежесін табуға тура келеді, мысалы:

+1 X -2

Н250З

Қосылыстағы элементтердің оң жэне теріс тотығу дәрежелерінің қосындысы нөлге тең: 2- (+1) + х + 3 • (-2) = 0 бұдан х=+4. Күкіртті қышқылдағы күкірттің тотығу дәрежесі - плюс төрт.

4. Қосылыстағы жэне бос күйіндегі тотығу дәрежелеріне қарап, элемент атомдарын білдіретін тотықтырғыш жэне тотықсыздандырғыш қасиеттерін жорамалдай білу. Қүрамында тотықтырғышы немесе тотықсыздандырғышы бар қосылыстың түсетін реакцияларын жэне олардың өнімін бағдарлау.

5. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін ажырата білу: а) тотықтырғыш бір заттың, тотықсыздандырғыш екінші заттың қүрамында кездеседі (молекулааралық тотығу-тотықсыздану

реакциялары); ә) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір заттың қүрамына кіреді (молекула ішіндегі тотығу-тотықсыздану

реакциялары); б) бір элементтің атомдары әрі тотықтырғыш, эрі тотықсыздандырғыш қызметін атқарады (өзін-өзі тотықтыру-

тотықсыздандыру).

6. Тотығу-тотықсызданудың электрондық мәнін түсіну. Оттегін - тотықтырғыш, сутегін тотықсыздандырғыш деп қарайтын тар үгымның мағынасын кеңейтіп, мүндай қасиеттер барлық атомдарда болатынына көз жеткізу. Бүрын тотығу жэне тотықсыздану реакциялары жекелеп қарастырылғанымен бүл екеуі бір процестің екі жағы екенін, бірінсіз-бірі жүзеге аспайтынын түсіну.

7. Тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде электрондар эрдайым бір атомнан екінші атомға толық ауыса бермейтінін ескеру. Ковалентті байланысы бар молекулалар түзілгенде электрондардың ығысуы ғанаіске асады.

8. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін қүрастыра білу. Дәстүрлі эдістеме бойынша бүл теңдеулерді қүру үшін оқушылар мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

а) бастапқы заттардың формулаларын плюс белгісімен тіркеп

жазу;

э) формулаларына қарап, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты тауып, тотығу дәрежелерін қою;

б) реакция кезінде тотығу дэрежелерінің қалай өзгеретінін бағдарлау, соларға сәйкес түзілетін реакция өнімдерінің

формулаларын жазып, электрондық теңдеу құру. .

в) реакцияға кіріскен және шыққан заттар бейтарап болатынын ескеріп, тотығу дәрежелерінің өскен және кеміген шамаларын табу, олар өзара тең болуы тиіс;

г) теңцеуге коэффициенттер қою.

Осы айтылғандарға сүйеніп, жоғарғы сызбанұсқада келтірілген мыс элементінің қатысуымен жүзеге асатын тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін жазып көрсетуге болады.

а) Си + 02-> э) Си° + 02-+

1 і Си 2 20'2

+2 -2

б) Си + 02 ->СиО в) Си - 2е' —>Си+3

0 0 +2-2 -2 г) 2Си + 02 ->СиО 02 +4е'—>20

Бұл реакцияда мыс - тотықсыздандырғыш: Си°-> Си+2 дейін тотығады, оттегі - тотықтырғыш, өзі О0->О'2 дейін тотықсызданады. Реакция нэтижесінде түзілген мыс тотықтырғыш қасиетке ие болып, тотыксыздану реакциясына түседі.

СиО+ Н2 - Си + Н20 Си+2+2ё — Си°

Сутегі тотықсыздандырғыш ролін атқарып өзі Н° ->Н:1 дейін тотығады. *

Электрондық теория тұргысынан химиялық реакцияларды үлкен екі топқа біріктіреді: 1) элементтердің тотыгу дәрежесі өзгеріп жүретін реакциялар - тотығу-тотықсыздану реакциялары; 2) элемент атомдарының тотыгу дэрежелері өзгермей жүретін реакциялар - алмасу реакциялары оқушыларга бұрыннан таныс, заттардың саны бойынша ажыратылатын қосылу, айрылу, орынбасу, алмасу реакциялары мәні жагынан осы екі топтың біреуіне жатқызылатыны айтылады. Мәселен, мыс элементінің қатысуымен жүретін реакциялардың типтерін кесте түрінде жазып, бұған көз жеткізуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]