Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№4+диастема каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.41 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

СТОМАТОЛОГИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА КАФЕДРАСЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ СИМУЛЯЦИЯНЫҢ СЦЕНАРИІ


Медициналық симуляцияның сценарийі

Клиникалық жағдай: "Диастема"

Ситуациялық тапсырма: Сіз – дәрігер стоматолог-ортодонтсыз. Сізге кеңес алуға 8 жастағы науқас келді.1.1, 2.1 тістерінің дұрыс орналаспағанына, арасы ашық, қисық күлімсіреуінің талғамға сай болмауына шағымданып келді.

Соңғы нәтиже (outcomes):

-сұрау жүрізу, стоматологиялық статусты тіркеу үшін науқасты физикальды қарап, тексеру;

- клиникалықнақтама жүргізу, үстіңгі жақ ортаңғы күрек тістердің дұрыс орналаспауына, арасындағы ашықтыққа;

- клиника-лабораториялық және арнайы зерттеу әдістері;

-ортаңғы күрек тістердің ауытқуының дифференциальдынақтамасы;

- нақтамасын қою және жоспарлау

- емдік-алдын алу шараларының жоспарын құру;

-8жастағы науқасқа ортаңғы күрек тістердің ауытқуына ортдонтиялық көмек көрсету;

-8жастағы ортаңғы күрек тістердің ауытқуы бар науқастың алып жүргізу тактикасы

- ретенциялық кезең, болжамы

Симуляцияға қажет жабдықтары:

1. Тапсырмасы бар парақ, волонтёрге арналған сценарий (науқастың, қадамдарды бағалау критерийлері)

2. Латексті қолғап, маска.

3.Науқастың ауыз қуысын қарап тексеру үшін бір реттік қолданылатын стоматологиялық аспаптар

4.Ортопантомограмма

5. Антропометриялық, биометриялық өлшем алуға керекті заттар косметикалық айна.

1. әртіс – науқас; 2. әртістер- мед.бике, дәрігер көмекшісі

Әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін суреттеу.

Шағымдары: науқас күлімсіреуінің талғамға сай болмауына, үстіңгі жақтың ортаңғы күрек тістердің дұрыс орналаспауына, арасындағы ашықтыққа

Сұрау

Әртіске сұрақтарды құрастыру

Жауап

1.Аурудың басталуын нақтылау

Күлімсіреуінің талғамға сай болмауына, , үстіңгі жақтың ортаңғы күрек тістердің дұрыс орналаспауына, арасындағы ашықтыққа қашан көңіл аудардыңыз?

1 жыл бұрын, бірақ онша көңіл бөлмеді, тістер қатары қалпына келеді деп ойлаған

2. Тістерінің арасының ашыла бастаған бірінші белгілерінің қай уақытта пайда болғанын анықтау

Қай жастан бастап алдыңғы тістерінің арасының ашылуы қай жаста басталды?

7 жастакүрек тістері жарып шыққанда

3. Тістердің арасының ашылуына болған себептер

Кемдіктің болуына не себеп?

Себебі белгісіз

4. Қандай шаралар қолданылғанын анықтау?

Ата-анасы өздігінен күрек тістерді қосуға тырысты ма?

Жоқ

5.Қандай мамандарға жолыққандарын анықтау?

Ата-анасы тіс-дәрігеріне көмек сұрадыма?

Жолықпаған

6. Қандай себеппен енді көмексұрап келгендігін анықтау

Ортодонт дәрігерге дәл қазір неге жолықтыңыз?

Бала есейіп, өзінің сыртқы келбетіне көңіл аудара бастады, айналасындағы балалар ортодонтқа баруды ұсынды.

Anamnesmorbi: Тістері толық шығып біткенде алдыңғы күрек тістердің арасындағы ашық болуынакөңіл бөлді. Бала есейе келе алдыңғы тістерінің дұрыс емес түйісуі айқын бола бастаған, құрдастары да бұл кемістікке көңіл аударған, сондықтан бала өзі дәрігер ортодонтқа баруды талап етті.

Anamnes vitae: Бала екінші жүктіліктен. Жүктіліктің екінші жартысы аздаған токсикозбен өткен. Тамақтануы табиғи, еш патологиясыз. 1 жасқа дейін табиғи жолмен қоректенген, қосымша тамақтануды 5 айынан бастаған. Баланың өсуі, дамуы қалыпты. 3 жасынан бастап мезгілімен ЖРВИ ауырған, қызылша, желшешек, паротит аурулармен ауырған. Амбулаториялық картасында жазылғандай тістері уақытына ретіменжарып шыққан. Диспасерлік есепке тіркелмеген.

Status presents: жасы, салмағы, бойы физикалық тұрғыда нормаға сәйкес келеді. Ашық мінезді, ойғыр,ортодонтиялық емнің қажеттігін түсінеді.

Statuslocales: сыртынан қарап тексергенде бойын ұстауы түзу, тері жабындысы таза, бетісимметриялы, иегі тік, ментальды қатпар тереңдеген, еріндері еркін түйіседі. Эстетикалық Рикеттс сызығы қалыпты. Ернінің шырышты қабығы қызыл, ылғалды. Тынысымұрнымен дем алады,сөйлеуі анық, жұтынуы еркін.Көбіне оң жағымен шайнайды. Гипертонус байқалмайды. Ауыз қуысын қарап тексеру:ауыз қуысының шырышты қабығы ақшыл-кызыл түсті, ылғалды, патологиялық бөрткендер жоқ.Тістердің мойын бөлігінде аздап жұмсақ өңез бар. Гигиеналық индекс Green - Vermillion -3. Алдыңғы төменгі тістердің ауыз қуысы тереңдігі - 5 мм. Үстіңгі және төменгі ерін үзеңгісі желкентәріздес, альвеола өсіндісінің негізіне бекіген, жақсы созылады. Тілі ылғалды, аздап өңезі бар, тіласты үзеңгісі қалыпты.Жақ сүйектің формасы овальді, таңдайдыңтереңдігі орташа, күрек тістік бүртік,таңдайдың көлденең қатпары айқын дамыған.

Тіс формуласы ДДҰ бойынша:

0 0 0 0

1817165554531211/2122636465262728

4847468584834241/3132737475363738

0 0 п п 0 0

Пломбасы – азу тістердің шайнау бетінде анатомиялық бедерін сақтап салынған.

Жоғарғы жақтың тістері төменгі жақтың тістерін жауып тұрады, адыңғы бөлімінде тістеу-төмпешіктік түйісу жоқ, сагиттальды саңылау 1 мм, биіктігі бойынша – тіс сауытының үштен бір бөлігінде жабады, тіс қатарының бүйір бөлігінде тістер төмпешікті-сайлы қатынаста түйіседі, тұрақты бірінші азу тістердің айқасуы Энгль бойынша 1 класс. Жоғарғы алдыңғы күрек тістердің арасындағы ашықтығы 3 мм, тіс сауыты орталық сагиттальды сызыққа қарағанда симмертиялы тік тұр.

Болжамды диагноз?

1.1, 2.1 тістердің диастемасы, симметриялы. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Тісжегінің компенсирленген түрі.

Жалпы соматикалық жағдайы – дені сау.

Нағыз және жалған диастемамен дифференциялды диагностика жүргізу.

Қорытынды диагноз: Хорошилкина бойынша 1 тип симметриялы диастема. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Тісжегінің компенсирленген түрі.

Жалпы соматикалық жағдайы – дені сау.