Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практ дагды 6 курс интерн хирург каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199.68 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк

1 Хирургиялық аурулар, урология, оториноларингология және офтальмология кафедрасы

Жалпы медицина мамандығы бойынша 6 курс интерн-хирургтердің практикалық дағдыдан клиникалық емтихан өткізуден

Әдістемелік нұсқауы

Ақтөбе 2013 ж.

Кафедра жиылысында бекітілді

Хаттама № 1

«____» ______________ 2013 ж.

Оториноларингология курсына жауапты,

профессор м.ғ.д. Исмагулова Э.К.

1.Оқыту мақсаты: оқу процессі кезінде риноскопия, алдыңғы, артқы тампон, мұрын репозициясының дағдыларын игеру

2.Оқыту жоспары:

2.1. Білім алушылар контингенті: жалпы медицина факультетінің студенттері

2.2. Оқыту орны: оқу – клиникалық орталығы, оториноларингология бойынша оқу бөлмелері

2.3. Оқыту әдістері: шағын топтармен жұмыс жасау, манекен қолдану (теріден жасалған муляждар)

2.4. Бағалау әдістері: ауызша сұрау, балл критерийлеріне сәйкес бағалау парағы

3. Оқытудың корытындылары: оқу процессі соңында жалпы медицина студенті мынаны игеру тиіс:

- риноскопияға арналған құралдарды ажырата білу

- алдыңғы, артқы тампонаданы, мұрын репозициясының техникасына сәйкес дұрыс жасау

- алдыңғы, артқы тампон және мұрын репозициясын дұрыс интерпретациялау

4. Дағдыларды оқыту методикасы: манекенде дағдыны жасап үйренудің алгоритмі

5.Қорытынды бағалау: ауызша сұрауға арналған сұрақтар, балл критерийлеріне сәйкес бағалау парағы

Оқу-әдістемелік нұсқауды құрастырған: оториноларингология курсына жауапты доцент, м.ғ.д. Қожантаева С.Қ. доцент м.ғ.к. Талипов Т.К.

6 курс интерн-хирургтерге арналған оқу құралында практикалық дағдыдан клиникалық емтихан өткізуге арналған ережелер, әдістемелер жазылған. Интерн-хирургтерге арналған бағалау қағазының үлгілері, нұсқау түрлері, науқас нұсқауы, емтихан қабылдаушыға нұсқаулар бар.

Жоғарғы медицина оқу орындағы жалпы медицина бойынша 6 курс интерн-хирургтерден тәжірибелік дағдылар қабылдайтын оқытушыларға арналған оқу құралы

Оториноларингия және офтальмология мамандығы бойынша интерндердің практикалық дағдысының тізімі

1. Мұрын сүйектерінің репозициясы.

2. Мұрынның алдыңғы және артқы тампонадасы.

3. Көру қабілетін анықтау

4. Көздің мүйіз қабығынан бөгде денені алу

Жалпы медицина мамандығы бойынша интерн-хирургтерге арналған емтихан тапсырмасы.

1-нші тапсырма. Мұрынның алдыңғы және артқы тампонадасы.

Түлек (интерн) ____ __________________

Экзаменатор_____________________

Тапсырмалардың қадамының кезеңдері

0-0,1 орындамаған

0,2-0,3 орындады ескертумен

0,4-0,5 толықтай орындады

1

Алдыңғы және артқы тампонадаға көрсеткіш және оның ерекшеліктері

2

Мақсаты

3

Асептиканы, антисептиканы сақтау. Құрал жабдықтарды дайындау: стерильді биксте мұрын кеңейткіші, басында кертігі бар зонд, мақта, алдыңғы тампонның ұзындығы 3 метр, ені 1-1,5 см, имек пинцет, көлемі 3х3х2 см артқы тампон, жұмсақ катетер, индиферентті мазь (синтомицин, левомеколь, вазелин және т.б.).

4

Операцияның орынын дайындау. Науқастың қалпы.

5

Жансыздандыру, артқы тампонның көлемін анықтау

6

Артқы тампонды енгізу, алдыңғы тампонды қою.

7

Операцияны аяқтау

8

Асқынуы

нәтижесі

Максималды балл – 4

Әріп

жүйесімен бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

%

мазмұны

Дәстүрлі

жүйемен бағалау

А

3,84 – 4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,51 – 3,83

90-94

В+

3,17 – 3,50

85-89

«Жақсы»

В

2,84 – 3,16

80-84

В-

2,51 – 2,83

75-79

С+

2,17 – 2,50

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

1,84 – 2,16

65-69

С-

1,51 – 1,83

60-64

D+

1,17 – 1,50

55-59

D

1,0 – 1,16

50-54

F

0 – 0,99

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

Баға _______ Экзаменатор қолы_______________

1-нші тапсырма .

Экзаменаторға арналған ақпарат: интерн-хирургтің алдыңғы және артқы тампонаданы орындау кезіндегі практикалық дағдыны бағалаңыз.

№ п/п

Тапсырма қадамының кезеңдері

0-0,1 орындама-ған

0,2-0,3 орындады ескертумен

0,4-0,5 толықтай орындады

1

Дәрігердің тактикасы мұрыннан қан кетудің дәрежесіне сәйкес және науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты, дұрыс көмек көрсете білді

2

Мұрыннан қан кетуді тоқтату

3

Қолын мұқият жуып, екі қолына стерильді резинді қолғап киеді. Стерильді биксте мұрын кеңейткіші, басында кертігі бар зонд, мақта, алдыңғы тампонның ұзындығы 3 метр, ені 1-1,5 см, имек пинцет, көлемі 3х3х2 см артқы тампон, жұмсақ катетер, индиферентті мазь (синтомицин, левомеколь, вазелин және т.б.)

4

Науқасты отырғызады, басы тік қалыпта болады. Операция аймағын антисептикпен өңдейміз

5

Жансыздандыру мақсатында мұрынның кілегей қабығына 2-3 рет аппликациялық анестетиктер (5% кокаин ертіндісі, 2% дикаин ертіндісі, 10% лидокаин ерітіндісі және т.б.) жағылады. Артқы тампонды алдын-ала дайындайды, дәкені бірнеше қабаттап көлемін 3х3х2 см жеткзіп, екі жібек жіпті қосып айқастырып байлайды, 4 жіптің бір үшін байлап болғаннан кейін кесіп тастаймыз, ал үшеуін қалдырамыз. Тампонның көлемі бас бармақтың дисталды фалангасымен сәйкес келеді.

6

Жұмсақ резинке катетерді қан кетіп тұрған мұрын бөлігінің төменгі мұрын жолы арқылы енгізеді, ауыз-жұтқыншақтан катетер көрінгеннен кейін Гартмант қысқышымен немесе пинцетпен ауыз қуысы арқылы сыртқа шығарылады. Ауыздан шығарылған катетерге артқы тампонның 2 жібін байлап, жібімен қоса катетерді кейін тартамыз. Тампонды ауыз арқылы мұрын-жұтқыншаққа тартқан кезімізде науқастың оң жағында тұрып, оң қолдың сұк саусағымен тампон жұмсақ таңдайдан өткізіп, хоанаға оны тығыздап басамыз. Мұрын арқылы шығарылған 2 жіпті қаттырақ тартамыз. Содан соң индиферентті мазға (синтомицин, левомеколь, вазелин және т.б.) малынған ұзындығы 3 метр, ені 1-1,5 см болып келетін дәкеден жасалған алдыңғы тампонады қоямыз. Тампонада жасаған кезде мұрын кеңейіткішін, имек пинцетті қолдану арқылы тампонды пинцетпен ұшына 6-7 см жетпей ұстап, мұрын кіреберісінен хоанаға жеткізіп, мұрын түбіне тығыздап, рет-ретімен салып, мұрын күмбезіне дейін толтырамыз. Содан соң дәкеден көпшік тәрізді түйін жасап, мұрынның кіреберісіне артқы тампонның екі жібімен байлаймыз.

7

Сақпан тәрізді таңғышты қоямыз. Ауыз қуысынан шығып тұрған үшінші жіптің ұшын, лейкопластырмен ұртына бекітеп, операцияны аяқтаймыз. Антибиотиктер және гемаастатикалық препараттар тағайындаймыз. Тампонның тұру ұзақтығы 5-7 күн. Сақпан тәрізді таңғышты қоямыз.

8

Асқынуларды дұрыс көрсете білді:

  1. Ортаңғы құлақтың қабынуы

  2. Синуситтер, дакроцистит

  3. Ми қан айналымының бұзылуы

Нәтижесі