- •Диплом жұмысы төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы мазмұны
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының қарым –
- •1. Психология ғылымындағы төменгі сынып оқушылаларының қарым-қатынас ерекшеліктері мен формалары
- •1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық талдау
- •1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері
- •1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы
- •2 Бөлім бойынша тұжырымдама
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының коммуникативті қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
- •2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері
- •2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
- •«Отбасы» суреті проективті әдістемесі
- •1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (в.Ф. Реховский)
- •2.3 Зерттеу нәтижесін талдау және қорытындылау
- •2) Дискуссия
- •2. 4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •"Отбасы" суреті проективті әдістемесі
2) Дискуссия
Мақсаты:
-қарым-қатынастың паралингвистикалық және оптокинетикалық дағдыларын қалыптастыру;
-вербалды емес деңгейде қарым-қатынас бойынша жұпты өзара түсіну;
Жүргізу процедурасы: Топ 3-ке бөлінеді. Әрбір үштікте міндеттер орналастырылады. Қатысушылардың бірі сөйлей алмайтын және ести алмайтын адамның рөлін ойнайды:ол ештеңе естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның орналасуында - көру, жесттер, пантомимика болады.
Екінші қатысушы ести алмайтын және паралитин адамның рөлін ойнайды:ол көре және сөйлей алады.
Үшінші қатысушы ести алмайтын және көре алмайтын адамның рөлін ойнайды: ол сөйлей және көрсете алады.Барлық үштікке тапсырма беріледі, мысалы:олар кездесу орнын, уақытын және мақсатын белгілеп,келісулері керек.Жаттығуға 15 минут уақыт кетеді.
Мақсаты: эмпатия және рефлексия дағдыларын қалыптастыру.Жүргізу процедурасы:Топ жұпқа бөлінеді.Қатысушылардың біреуі оның көңіл-күйін,жағдайын немесе сезінуін көрсететін фраза айту керек.Сосын екіншісі жағдайды анықтау және нақтылау үшін сұрақ қояды.Мысалы:Қызық,мен мынаны байқадым, мен мынандай күйде болғанда,менің киімімнің түсі примерно бірдей қара болады.
2. 4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама
Жалпы және жас ерекшелік психология ғылымындағы зерттеу тақырыбына байланысты зерттеулер мен ғылыми-көпшілік әдебиеттердің теориялық талдаулары мен жүргізілген дербес эмпирикалық зерттеу болжамдарын дәлелдеу нәтижесінде бірнеше тұжырым жасауға болады.
1. Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынасында дамудың осы кезңіне ғана тән өзіндік мен ерекшеліктері болады
2. Төменгі сынып оқушыларының қоршаған ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктері олардың бойында коммуникативті қабілеттердің дамуының алғышартын құрайды.
3. Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің даму деңгейі жанұялық тәрбие жағдайы мен қарым - қатынас стильдеріне біршама деңгейде тәуелді болады.
4.Мектеп психологының арнайы ұйымдастырған ойындар мен жаттығулары арқылы балалардың коммуникативті қабілеттерін дамытуға болады.
Зерттеу нәтижелері бізіге төмендегідей бірқатар маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Төменгі сынып оқушыларының бойында қоршаған ортадағы қарым-қатынас пен отбасылық тәрбие стиліне деген жағымды немесе жағымсыз эмоционалдық қатынас қалыптасады. Ал бұл қатынас өз кезегінде бала коммуникативтілік қабілетіне қолдаушы немесе кедергілік сипатта ықпал етеді.
Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас қабілеттерінің дамуына ең тиімді қарым-қатынас типі "қабылдау-шеттету" және "кооперация" типі, ал тәрбиелеу стилінде демократиялық стиль ең қолайлы ретінде көрінеді.
Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынаста оған "жолы болмаушы" (неудачник) деп қарау, тәрбиелеу кезінде диктаторлық немесе шектен тыс қамқорлық көрсету стильдері -бала бойындағы коммуникативтік қабілетінің дамуына кедергі болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижесінде біз келесі нәтижелерді жалпыладық: көптеген зерттеулерге сүйенсек, ата-ананың өзара қарым - қатынасы және баланы басқару әрекеттері баланың ішкі дүниесіне көшеді, өсе келе бала өзін басқа адамдармен дәл әке-шешесі баламен қалай қарым-қатынас жасаса, ол солай істейді.
Жүргізілген эксперименттерден баланың дұрыс психологиялық дамуы оның отбасыдағы психологиялық климатына толығымен тәуелді екенін көреміз. Сондықтан, баланың психологиялық дамуы, негізінен интеллекттің дамуы оның отбасындағы психологиялық климатына байланысты болады.
Ата-ана баланың психологиялық дамуына қатысты позицияларын мінездейтін негізгі параметрлері болып ата-ананың даму процессіне қатынасы және оған әсер ету әдістері табылады. Ата – ананың баласымен өзара қатынасының шиеленісуі бала дамуы белгілі бір стандарттан ауытқып кеткенде басталады. Бұл әдістеме бойынша ауытқу себептері анықталады және ата –ана позицияларының екі параметрлері арасындағы байланыстың болуы да қарастырылады: дамуға деген қатынас( активті немесе пасивтті) және оны өзгерту процессі ретінде түсіну.
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасының психологиялық ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн.
Біздің бұл мәселені зерттеуіміздің басты мақсаты ретінде алуымыздың себебі, балалардың жеке адам болып қалыптасуына отбасының алатын орны ерекше. А.С.Макаренко айтып кеткендей, баланың тұлғасының қалыптасуы отбасының өмір сүру тәсілімен тәжірибені қабылдау сипатына тәуелді.
Төменгі сынып оқушыларының жоғарғы жүйесі «бала мен ересек». Баланың ересек адаммен қарым-қатынас орнатуы өзімен жасты балалармен қатынастың даму ерекшеліктерін айқындайды.
Балада өзінің коммуникативті мүмкіндіктерін пайдаланып, қарым-қатынас серігін тануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде оның өзін өзі тануға да қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Қоршаған ортамен қарым-қатынас нәтижесінде балада адамгершілік қасиеттері. «Мен» деген ұғым қалыптасуына түрткі болады. Сонымен бірге өзара бағалау әрекетіне қол жеткізедік.
Жалпы және жас ерекшелік психология ғылымындағы зерттеу тақырыбына байланысты зерттеулер мен ғылыми-көпшілік әдебиеттердің теориялық талдаулары мен жүргізілген дербес эмпирикалық зерттеу болжамдарын дәлелдеу нәтижесінде бірнеше тұжырым жасауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасында дамудың осы кезңіне ғана тән өзіндік мен ерекшеліктері болады
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктері олардың бойында коммуникативті қабілеттердің дамуының алғышартын құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті қабілеттерінің даму деңгейі отбасылық тәрбие жағдайы мен қарым - қатынас стильдеріне біршама деңгейде тәуелді болады.
4. Мектепке дейінгі мекемелердегі психологтың арнайы ұйымдастыраған ойындар мен жаттығулары арқылы балалардың коммуникативті қабілеттерін дамытуға болады.
Төменгі сынып оқушыларының ересекпен қарым-қатынасының ерекшеліктерін төрт формаға: оқиғалы-тұлғалық, оқиғалы-іскерлі, ситуациядан тыс танымдық, оқиғадан тыс тұлғалық формаларына бөліп қарасытыруға болады.
Бұл формалар өз кезегінде баланың тұлғалық даму динамикасын кескіндейді. Баланың өзімен жасты баламен қарым-қатынасы салыстырмалы түрде кешірек пайда болатындықтан олардың коммуникативтік қабілеттерінің алғышарттық негізін қоршаған ортадағы ересектермен қалыптасатын қарым-қатынас тптері мен ерекшеліктері құрайды.
Зерттеу нәтижелері бізге төмендегідей бірқатар маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
• төменгі сынып оқушыларының бойында қоршаған ортадағы қарым-қатынас пен отбасылық тәрбие стиліне деген жағымды немесе жағымсыз эмоционалдық қатынас қалыптасады. Ал бұл қатынас өз кезегінде бала коммуникативтілік қабілетіне қолдаушы немес кедергілік сипатта ықпал етеді.
• Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас қабілеттерінің дамуына ең тиімді қарым-қатынас типі «қабылдау-шеттету» және «кооперация» типі, ал тәрбиелеу стилінде демократиялық стиль ең қолайлы ретінде көрінеді.
• төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынаста оған «жолы болмаушы» деп қарау, тәрбиелеу кезінде диктаторлық немесе шектен тыс қамқорлық көрсету стильдері – бала бойындағы коммуникативтік қабілетінің дамуына кедергі болады.
Қорыта келгенде, бұл жайттардың барлығы да өз кезегінде төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынаста тұлғалық-психологиялық белсенділігінің қажетті дәрежеде дамуыны тежеумен бірге, баланың ойын әрекетінен байқалатын тұлғааралық қарым-қатынас пен дербестікке қабілеттерінің қалыптасып, дамуына зиян келтіреді.
