- •Диплом жұмысы төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы мазмұны
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының қарым –
- •1. Психология ғылымындағы төменгі сынып оқушылаларының қарым-қатынас ерекшеліктері мен формалары
- •1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық талдау
- •1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері
- •1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы
- •2 Бөлім бойынша тұжырымдама
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының коммуникативті қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
- •2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері
- •2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
- •«Отбасы» суреті проективті әдістемесі
- •1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (в.Ф. Реховский)
- •2.3 Зерттеу нәтижесін талдау және қорытындылау
- •2) Дискуссия
- •2. 4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •"Отбасы" суреті проективті әдістемесі
«Отбасы» суреті проективті әдістемесі
Зерттелушілерге өз отбасының мүшелерін салу тапсырмасы беріледі. Бұл проективті әдіс негізінен ойын ретінде жүзеге асырылады.
Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда балаға артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер баланың шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізінен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркеледі:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі;
ә) үзіліс;
б) детальді өшіру;
в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс;
г) суретті бейнеде эмоционалды реакция көрінуі.
Баланың шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме мәліметін алу мақсатында әңгіме өткізіледі.
Балаға төмендегідей сұрақтар реті қойылады:
Суретте кім бейнеленген?
Ол қай жерде орналасқан?
Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
Оны кім ойлап тапты?
Олар өзара көңілді ме? Неге?
Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл әдістеменің басты мақсаты – зерттелініп отырған баланың өз отбасы мүшелерінің әрқайсысына және отбасылық тәрбие стиліне деген нақты қатынасы эмоционалдық жақындығын анықтау.
Социометриялық сауалнама /Дж. Морено әдістемесінің модификациясы/
Дж. Морено социометрия әдісінің негізінде құрастырылған модификациялық сауалнама нұсқасы кіші мектеп жасындағы зерттелуші балаларға сұрақтар қою арқылы отбасылық қатынас пен тәрбие жайлы мағлұмат алу көздейді. Сұрақ реті төмендегідей құрастырылды.
Үйде ешкім жоқта бірінші кезекте кімді күтесің?
Сенде екі билет болса циркке, кіммен барғанды қалар едің?
Үйде кіммен тұрасың?
Саған "отбасы" ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің?
Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге бірінші айтар едің?
Сен қателік жібергенде кім жазалайды.
Сен үлкейіп әке немесе шеше болғанда өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
Өскенде кім боласың?
Социометриялық сауалнама әр баламен индивидуалды түрде өткізіледі.
Оқушының қарым-қатынас жасай білу дәрежесін анықтау мен бағалау
1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (в.Ф. Реховский)
Нұсқау: «Сіздің назарыңызға бірнеше сұрақтар берілдеі, ол сұрақтарға ойланбастан «иә» немесек «жоқ» деп жауап беруіңіз қажет.
1. Сіз шұғыл түрдегі немесе іскер мақсатта кездесуге келдіңіз. Осы кездесудегі күту сіздің ызаңызды тудырды ма?
2. Мерекелік кеште немесе пікір сайыс кезінде баяндама немесе т.б. ақпаратты беру немесе хабарлау сізді қолайсыз жағадйға әкеле ме?
3. Дәрігерге көрінуді соңғы сәтке дейін қалдырасыз ба?
4. Сізге өміріңізде болып көрмеген қалаға іс сапармен бару керек. Сіз бұл жағдайдан шығудың амалын қарастырасыз ба?
5. Сіз өзіңіздің көңілізіде жүрген мазалайтын ойыңызды өзгемен бөлісуді жақсы көресіз бе?
6. Бейтаныс адам сізден көшеде қандайда бір өтініш сұраса сіз мазаланасыз ба?
7. «Әке мен бала» арасындағы түсінбеушілік бар және әртүрлі заман адамдары бір-бірімен тіл табысулары қиын деген пікірмен қосыласыз ба?
8. Сізге өте жақсы және білетін сұрағыңыз бойынша қате пікір айтылса сіз үнсіз қарсылықсыз отырасыз ба?
9. Сабақ немес жұмыс жөнінде өзге біреуден көмек сұрау немес өтініш сұрау сізді ызаландыра ма?
10. Бейтаныс адаммен жалғыз қалғанда онымен қатынасқа түсуді алдымен сіз бастайсыз ба?
Жауаптың ұпайлық бағасы: «иә» - 2 ұпай, «кейде» -1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай. Алынған ұпай санын қосып, алғаш қосындысы классификация бойынша қарап шығарыңыз.
В.Ф. Реховскийдің тесті бойынша классификатор.
30 – 32 ұпай сіз жақсы коммуникабілді адамдар қатарына қоспайсыз және жағдайда өзіңіз қиналасыз. Сізге сенім арту қиын, себебі ол топ бірлесуді қажет етеді. Сіз қарым-қатынас орната отырып, өзіңізді білуіңіз қажет.
25 - 29 ұпай сіз өте тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты ұнатасыз, сондықтан сіздің жолдастарыңыз өте аз. Өзіңіздің мінезіңіздің бұл ерекшілігін жақсы білесіз, сондықтан өзіңізге көңіліңіз толмайды.
19 - 24 ұпай. Сіз көпшілсіз, бейтаныс жағадйда өзіңізге сенесіз. Жаңа адамдармен қарым-қатынасқатүсер алдында асығыстық танытпайсыз.
18 - 9 ұпай. Сіздің коммуникацияға түсу дәрежеңіз қалыпты. Сізге қызығушылық бар, қарсылас адамның әңгімесін ықыласпен тыңдайсыз, өзгелермен қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз ойыңызды салмақты түрде жеткізе аласыз. Жаңа адамдармен байланысқа еркін түсесіз.
9 – 1 ұпай. Сіз қарым-қатынасқа түсу жақын адамның қызығушылғынан айқын көрінеді. Басқалардың арасында болғанды ұнатасыз, ешкімге көмек көрстеуден бас тартпайсыз. Барлық жағдайда, кез-келегн жерде өзіңізді қолайлы сезінесіз.
