- •Диплом жұмысы төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы мазмұны
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының қарым –
- •1. Психология ғылымындағы төменгі сынып оқушылаларының қарым-қатынас ерекшеліктері мен формалары
- •1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық талдау
- •1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері
- •1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы
- •2 Бөлім бойынша тұжырымдама
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының коммуникативті қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
- •2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері
- •2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
- •«Отбасы» суреті проективті әдістемесі
- •1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (в.Ф. Реховский)
- •2.3 Зерттеу нәтижесін талдау және қорытындылау
- •2) Дискуссия
- •2. 4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •"Отбасы" суреті проективті әдістемесі
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
1. Ата-ана мен бала қарым-қатынасын анықтау әдістемесі
(А. Н. Варга, В.В.Столин)
Ата-ана мен бала қарым-қатынасын анықтауға арналған сұрақнама тестін ұсынған А. Н. Варга және В.В.Столин. Бұл сұрақнаманы жасауда МГУ факулътеті жанъшдағы отбасыға көмек көрсегудегі кеңес беру ортаяығына бала тәрбиесі және жанұялық қарым-қатынас мәселелері бойынша көмек көрсетуді өтінген ата-аналарға зерттеу жүргізілген. Мұнда зерттеушілер 2 топқа: эксперименттік яғни баламен қарым-қатынасына психологиялық көмек көрсететін топ; бақылау тобы бала-бала тәрбиесімен отбасылық қарым-қатынаста сырттан көмек қажетететін ата-аналар тобын топтастырды.
Негізгі шкалаларға сипаттама:
1."Қабылдау - шеттету" шкаласы. Бұл шкала ата-ананың балаға эмоционалдық интегралды қатынасын бейнелейді. Шкаланың жоғарғы шегіндегі мәліметтер ата-ананың бала табиғатын, жетістігі-мен кемшілігімен қоса қабылдайтынын көрсетеді. Ата-ана баласының жеке тұлғалық қасиеттерін мойындай отырып оның көз қарастары мен , ойларымен санасады. Уақыттың көбін баламен өткізуге, оның қызығуларымен шығармашылық көзқарастарын құптап қолдау жасап отырады. Баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді ерте байқап оны дамытуға бірден бір салаға бейімдеуге тырысады. Шкаланың келесі полюстік шегінде ата-ана баласын тек нашар, жағымсыз жэне сәтсіздіктер жағынан ғана қабылдайды. Ата-ана баласын өмірге бейімсіз жолы болмайтын және өмір сүруге қажетті қабілеттерінің төмендігінен ешқандай табысқа қолы жетпейтін ақыл-ой қабілеті төмен субьект ретінде қабылдайды. Мұндай ата-ана баласының қабілетімен мүмкіндіктеріне күмән келтіретінін тұлға ретінде силамайды.
2. Кооперация немесе ата-ана қатынасының әлеуметтік қалаулы образы. Бұл шкаланың мазмұны ата-ана баласының творчестволық әрекеттерімен индивид жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-ана баласының шығармашылық әрекеттерімен жеке тұлға жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-анабаласының интелектуалды шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалап өзінемақтаныш тұтады. Ол баланың дербестігі мен бастамасына қолдау көрсетеді және өзімен тең ұстауға тырысады. Ата-ана өз баласының мүмкінімен творчестволық қабілеттеріне сеніммен қарайды. Көзқарастары мен ой-пікірімен санасып отырады.
3. Симбиоз - баламен қатынастағы жеке адам аралық арақатынасы сипаттайды. Жоғары мәліметтер ата-ананың баламен симбиотикалық қатынасқа үмтылатынын көрсетеді. Бұл бағыттың мазмұнына ата-ана өзін баламен біртұтас организм ретінде сезінеді барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі мазасызданады. Бұл мазасыздану баланың автономиялыққа дербестікке ұмтылу байқалғанда үдей түседі.
4. Өктемшіл гиперсоциализация - бала мінез-құлқымен әрекетін бақылаудың бағытымен формаларын бейнелейді. Бүл шкала бойынша жоғары мәліметтер ата-ана бала қатынасындағы өктемдігін көрсетеді.
Ата-ана өз баласына бағыну мен тыңдауды талап етеді. Ол өз көзқарастарымен идеяларын бала тұлғасына қайтадан жасауға бейім келеді. Бала өз талабынан кез-келген дербес бастама үшін жазаланып отырады. Ата-ана өз баласының әлеуметтік жетістіктері, дағдылары, ойлары, сезімдері мен индивидуалды ерекшеліктерін үнемі қадағалап отырады.
Отбасылық қарым-қатынастың мұндай типі орын алғанда бала твор-честволық қабілеттерінің қалыптасуы немесе дамуы туралы сөз қоз-ғаудың өзі артық екені белгілі.
5. "Кішкентай жолы болмаушы" мұнда ата-ананың баласын қабылдау мен түсіну ерекшеліктерімен сипаттайды. Бұл шкала бойынша жоғары мәліметтер атаана қатынасындағы өзінің тұлғалық және әлеуметтік қауқарсыздығын балаға жапсыруға ұмтылуды көрсетеді. Ата-ана өз баласына табиғи жасымен салыстырғанда кішкентай деп қарайды. Баланың қызығулары ой-пікірі, сезімі, ата-анаға балалық мазасыздық болып көрінеді. Ата-ана өз баласының ақыл-ой мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттеріне күмәнмен қарайды. Баланың әлеуметтік "әлсіздігіне" қарай кез - келген іс-әрекетте бақылап қадағалап отырады.
Бұл жағдайлар баланың творчестволық қабілеттерінің дамуы мен жүзеге асуына бір қатар кедергі келтіреді, кейде тіпті шығармашылық қабілетінің табиғатын әкеп тұншықтыруға әкеп салады.
