- •Диплом жұмысы төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы мазмұны
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының қарым –
- •1. Психология ғылымындағы төменгі сынып оқушылаларының қарым-қатынас ерекшеліктері мен формалары
- •1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық талдау
- •1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері
- •1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы
- •2 Бөлім бойынша тұжырымдама
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының коммуникативті қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
- •2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері
- •2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
- •«Отбасы» суреті проективті әдістемесі
- •1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (в.Ф. Реховский)
- •2.3 Зерттеу нәтижесін талдау және қорытындылау
- •2) Дискуссия
- •2. 4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •"Отбасы" суреті проективті әдістемесі
2 Бөлім бойынша тұжырымдама
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасының психологиялық ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн.
Біздің бұл мәселені зерттеуіміздің басты мақсаты ретінде алуымыздың себебі, балалардың жеке адам болып қалыптасуына отбасының алатын орны ерекше. А.С.Макаренко айтып кеткендей, баланың тұлғасының қалыптасуы отбасының өмір сүру тәсілімен, тәжірибені қабылдау сипатына тәуелді.
Мектептегі төменгі сынып оқуышыларының жоғарғы жүйесі «бала мен ересек». Баланың ересек адаммен қарым-қатынас орнатуы өзімен жасты балалармен қатынастың даму ерекшеліктерін айқындайды.
Балада өзінің коммуникативті мүмкіндіктерін пайдаланып, қарым-қатынас серігін тануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде оның өзін өзі тануға да қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Қоршаған ортамен қарым-қатынас нәтижесінде балада адамгершілік қасиеттері. «Мен» деген ұғым қалыптасуына түрткі болады. Сонымен бірге өзара бағалау әрекетіне қол жеткізеді.
Төменгі сынып оқушыларының қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны ерекше. Бұл кезеңде бала өзінің үйінде тұрып жатсада оның өмірі түбегейлі өзгереді, оған күнделікті сабаққа барып қана қою міндеті ғана емес, оқу іс-әрекетінің талаптарына мойынұсыну міндеті де жүктеледі. Мектепте оқушының еркіндігі - өмірдің жаңа заңдарына тәуелдік және бой ұсынумен алмасады. Отбасы баланы мектепте оқу қажеттілігі, үй жұмысын орындау, күн тәртібін қатаң ұйымдастырумен байланысты жаңаша бақылауға ала бастайды.
Қорыта келгенде, төменгі сынып оқушыларының ересекпен қарым-қатынасының ерекшеліктерін төрт формаға: оқиғалы-тұлғалық; оқиғалы-іскерлік; ситуациядан тыс танымдық; оқиғадан тыс тұлғалық формаларына бөліп қарастыруға болады:
Бұл формалар өз кезегінде баланың тұлғалық даму динамикасын кескіндейді. Баланың өзімен жасты баламен қарым-қатынасы салыстырмалы түрде кешірек пайда болатындықтан олардың комуникативтік қабілеттерінің алғышарттық негізін қоршаған ортадағы ересектермен қалыптасатын қарым-қатынас типтері мен ерекшеліктері кұрайды.
2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының коммуникативті қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері
Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ол – отбасы және мектеп. Себебі, отбасы және мектеп - тәрбиенің негізгі институты. Отбасынан үйренгенін адам өмір бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебі адам өмірінің біршама уақытын жанұяда өткізеді. Анасы, әкесі, бауырлары, атасы, апасы және де басқа туыстармен арадағы қарым-қатынас бала дүниеге келе салғаннан басталады. Және осы адамдармен қарым-катынас орнату арқылы балада тұлғалының кұрылымы қалыптаса бастайды.
Отбасында тек баланың тұлғасы ғана емес, оның ата-анасының да тұлғасы қалыптасады. Балаларды тәрбиелеу ересек адамның тұлғасын байытады. Оның әлуметтік тәжірбиесін күшейтеді. Баланың дүниеге келгендегі бірінші көретін адамы ата-анасы, отбасы. Оның қоршаған әлеуметтік ортасы бала дамуына жан-жақты әсер етеді. Өйткені, әрбір от басының мүшесі дара тұлға болғандықтан бір-бірінің дамуына едәуір ықпал жасайды. Жас сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әр адамның өзіндік, қайталанбас психологиялық өмірбаяны басталады. Қоршаған ортаны танып білуге көмек беріп , сүйеніш, қамқоршы болатын оның өз ұясы, жақын туыстары.
Төменгі мектеп жасында баланың соңғы жылдарында балада қарым-қатынастың тұлғалық формасы пайда болады. Ерекше формадағы қарым-қатынастың түлғалық мотиві коммуникативті әрекеттің басқаларға қарағанда мүлдем бөлек сипатқа ие. Ересек адам баланың көз алдында беделі өсе түседі. Ол үшін ересек адам өмірлік тэжірбиесі мол, дарынды түлға болады. Мектепке дейінгі жастағы балаға жеке тұлза немесе абстрактілі түлға ғана емес, нақты тарихи немесе әлеуметтік түлға, қоғамның белсенді мүшесі болып көрінеді.
Мақсаты – төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеудің жалпы болжамы - төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы, олардың қоршаған ортадағы қарым -қатынас стильдерінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты болады.
Жеке болжамдар
1. Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы оларды қоршаған орта ерекшеліктеріне тәуелді болады.
2. Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуына отбасылық қарым - қатынас стильдері маңызды әсер етеді.
Зерттеу объектісі - Төменгі сынып оқушыларының тобы.
Зерттеу пәні - Төменгі сынып оқушыларының қарым - қатынас ерекшеліктерінің психологиялық мазмұны.
Зерттеу әдістемелері:
Ата - ана және бала қарым - қатынасын анықтау әдістемесі ( А.Я. Варга, В.В Столина)
Проективті әдістемелер (отбасы суреті, т.б.)
Социометриялық сауалнама (Дж. Морено әдістемесінің модификациясы)
Оқушының қарым-қатынас жасай білу дәрежесін анықтау мен бағалау (В.Ф. Реховский).
Зерттеу міндеттері.
Әдістемелер арқылы зерттеу жүргізу
Индивидуалды мәліметтерді өңдеу
Математикалық статистика әдістері арқылы топтық көрсеткіштерді айқындау.
Зерттеу болжамын дәлелдеу.
Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы.
Таңдау тобы: 15 бастауыш сынып оқушылары және 15 жұп ата – ана
