- •Диплом жұмысы төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы мазмұны
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының қарым –
- •1. Психология ғылымындағы төменгі сынып оқушылаларының қарым-қатынас ерекшеліктері мен формалары
- •1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық талдау
- •1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері
- •1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы
- •2 Бөлім бойынша тұжырымдама
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының коммуникативті қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
- •2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері
- •2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
- •«Отбасы» суреті проективті әдістемесі
- •1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (в.Ф. Реховский)
- •2.3 Зерттеу нәтижесін талдау және қорытындылау
- •2) Дискуссия
- •2. 4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •"Отбасы" суреті проективті әдістемесі
1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері
Әртүрлі әлеуметтік факторлардың арасында мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік қабілетінің дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ол - отбасы. Себебі, отбасы - тәрбиенің негізгі институты. Отбасынан үйренгенін адам өмір бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебі адам өмірінің біршама уақытын жанүяда өткізеді. Жанұяда тұлғаның негіздері қалыптасады. Анасы, әкесі, бауырлары, атасы, апасы және де басқа туыстармен арадағы қарым-қатынас бала дүниеге келе салғаннан басталады. Және осы адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы балада тұлгалының құрылымы қалыптаса бастайды.
Отбасында тек баланың тұлғасы ғана емес, оның ата-анасының да тұлғасы қалыптасады. Балаларды тәрбиелеу ересек адамның тұлғасын байытады. Оның әлуметтік тәжірбиесін күшейтеді. Көбінеки ата-анада бұндай процесс санадан тыс жүреді. Бірақ кейінгі кезде саналы түрде өздерін де қоса тәрбиелеп жатқан жас ата-аналар да бар. Өкінішке орай ата-аналардың бұл позициясы кең тарала қойған жоқ.
Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым – қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата – аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым – қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез – құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.
Отбасы бала үшін ол туылған орта мен уақытының көп бөлігін өткізетін орта. Отбасында ол өзі қандай болса сол қалпында қабылдайтын жақын адамдары бірге тұрады. Отбасында бала қоршаған орта туралы алғашқы рет біле бастайды. Ал мәдениеті мен білімі жоғары ата-анадан қүралған отбасында баланың білімі жоғары деңгейде дамиды. Отбасы - нақты бір рухани-психлогиялық климат. Бала үшін ол адамдармен қарым-қатынасты қалай жасау керектігін үйрететін мектеп. Дәл осы отбасында балада мейірім мен жауыздық, парасаттылық, заттық және рухани құндылықтарға деген құрмет деген сияқты түсінік қалыптасады. Отбасындағы жақын адамдарымен бала махаббат, достық, міндет, жауапкершілік, әділеттілік сияқты сезімдерді басынан кешіреді. Отбасылық тәрбиеге ие. Отбасылық тәрбиеге эмоциялар тән. Оның түрткісі ата-анасының балаға деген махаббаты. Ол махаббат балада ата-анаға деген махаббатты оятады.
Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ата-ана мен баланың өзара әрекеттестігінің әсері туралы сұрақ отандық әдебиетте кеңінен талқылануда. Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың жеке тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі екені туралы көзқарас қалыптасқан. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ерекше және көрнекі түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді.
Мектеп жасындағы балалардың коммуникативті қабілеттерінің дамуына қажетті бірқатар жағдайлар орындалуы тиіс. Оны қоршаған әлеуметтік орта, тұрмыс жағдайы тағы сол сияқты. Осы жастағы балалардың ең басты әрекеті ол ойын болып табылады. Ойынның да бұл мәселе бойынша тигізетін пайдасы маңыздылардың қатарынан көрінуде. Алдымен баланың ойнына нендей нәрсе түрткі болатынын ашып алайық.
Бала қозғалмай еш нәрсемен айналыспай отырса, осының салдарынан «жұмсалмай қалған қуаты» жиналады да, соны жұмсау қажеттілігі оны ойнауға итермелейді. Бұл пікірге көшілік психологтар қарсы болғанымен тек жұмсалмай қалған күші барлар емес, күш қуаты тауысып, шаршап отырған баладан «Ойнайсың ба?» деп сұраса «ойнамаймын» деп жауап береді. Осыны еске алып Австрия психологы К.Бюллер «жұмсалмай қалған қуат» теориясы баланың не себептен ойнайтынын толық дәлеледей алмайды, деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Рахаттану теориясы, бастапқы пікірге пайдасы.
Бала дамуы мүмкіншіліктеріне сай немесе баланы ерте жастан оқыту біден-бір іскерліктерге үйрету балаға кейде жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Танымның даму табиғи дамуымен астарласа жүргенде ғана оң нәтиже беретіні назардан тыс қалады. Бала мектепке барғаннан кейінде жанұялық қарым-қатынастың әсерінің күші кемімейді. қайта түрлене түседі. Төменгі сыныпта оқитын балаларга отбасы мықты таяныш, сенімді кеңесші және де сүйіспендік пен өзара көмек, әрі еркіндік ясы болып қала беруін қалар едік.
Н.Н. Обозов өзара түсінушілікті тұлғааралық өзара қарым-қатынас ретінде қарастырған және тұлғааралық өзара түсінушіліктегі жыныстық рөлдік факторларға ерекше назар аударған. Ол өзінің зерттеулерінде көбінесе тұлға-аралық өзара түсінушіліктің еркектерге қарағанда әйелдер үшін эмоционалды болуы қажет екендігі туралы айтады [17, 55б].
Отбасы құруға психологиялық дайындық керек. Ол - адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната білу, отбасылық өмірге және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас көзқарас, отбасында сау рухани-психологиялық климатты орната білу қабілеті, мінез-құлықтың және сезімдердің тұрақтылығы,дамып-жетілген ерік-жігер қасиеттері.Отбасын құруға педагогикалық дайындық өзіне педагогикалық сауаттылықты, шаруашылық-экономикалық іскерлік пен дағ-дыны,жыныстық тәрбиелілікті кіргізеді.Отбасылық өмірге қадам басып келе жатқан жастардың педагогикалық білімділігі,бұл ұрпақтың дамуы және оларды тәрбиелеу заңдылықтарын білу,балаға күтім көрсету дағдысы. Шаруашылық-экономикалық іскерлік пен дағды-отбасылық қорды жобалау және бөлу, күнделікті өмір мен демалысты ұйымдастыру, отбасындағы жайлы жағдайды жасай алу қабілеттері болып табылады.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас тарихы көптеген оқиғаға, жағдайға, мақсатқа байланысты туындайды. Адам жаны әрдайым ”қоблжуда”. Дәл осындай қобалжулар эмоционалды қатынас динамикасы жайлы айтуға түрткі болады.Бізді қобалжытатындар, көбінесе-адамдар.
Жалпы өмірде ең маңызды адамдар :ата-ана, содан кейін- ерлі-зайыптылар, бала, достар мен құрбы-құрдастар. Өмір жолы кезінде көптеген заттар өзгеріп , тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Мысалға, балалық шақтарды өткізген жерінің жоюлуы, жұмыс істеген жұмыс орынын көшіп кетуі немесе бұрын тұрған көшелердің атының өзгеруі, өмірде көптеген заттар өгереді. Бірақ ана жылуы, ана махаббаты, өмір сыйлағанынан бастап, өмір соңына дейін бірге болады.
А.А. Кроник ойы бойынша, адам қаншалықты адамға жақын болған сайын, соншалықты сонымен бірге ұзақ өмір сүру мүмкіндігі бар деген. Маңызды адамдар-бұл бұрынан бері келе жатқан адамдар.
Үйрену, тұлға арлық, рольдік конфликттен шығады. Бұл жұмыстарына зерттеу зүргізгендер: С.И.Голод, А.Г.Харчев, В.А. Сысенко, Г. Новайтис және т.б [23].
Некелік – отбасылық қатынастың үйрену процессі әлеуметтік жағынан зерттеу жүргізгендер: А.Н.Волкова, Т.М.Трапенизкова, Е.С.Калмыкова, Н.Ф.Федотова және т.б.
Ата-ананың бала табиғатын өз қалпында қабылдауы баламен қарым-қатынастың жағымды дамуының алғы шарты болып табылады. Сонымен қатар бала дамуы мен творчестволық қабілеттің қалыптасуындағы бірлескен қолдау іс-әрекеттерінің достық қарым-қатынасын өзара түсіністіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Баламен ынтымақтастық қатынас ұлдардың аналарына, қыздардың әкелеріне деген жағымды қарым-қатынас жағдайына келудегі басты кепілі болып табылады.
А.Я. Варга зерттеулерінде мұндай тәрбиенің авторлы бақылаулардан өзгесі баламен жағымды өте жақын қарым-қатынаста болатынын анықтаған. Бұл баланың шығармашылық дамуына біршама жағымды әсер етеді. Егер баланың қажеттілігімен ата-ана мүмкіндіктерінің салдары бала тұлғасында тәуелді, шабытты, бағынушылық ережелерді қатаң сақтау, көнбестік т.б. қасиеттер қалыптасатынын анықтады [24].
Өктемшілдік селбесіп қатынас жасау аналар жағынан тәрбие барысында мейірімділік, кішілік, тәуелділік қалыптастырады. Мұндай типті тәрбие көбінесе ұлдарға көп әсер етеді. Жұмсақтық әлемге тән қаттылық ер адамдарға тән қасиетін қарастырсақ, өктемшіл симбиотикалық ана баласын өзіне жақындата отырып, оның табиғатын тежейді. Нәтижесінде мұндай ер балаларда әйел адамға тән нәзіктік қалыптасады.
Ымырашыл-демократиялық тәрбие стилінде бала ата-ананың басты назарында болады және қажеттіліктердің барлығы дерлік барынша жоғары деңгейде қанағаттандырылады. Мұндай ата-аналар балаларын кез-келген қиындықтар мен сәтсіздіктермен қорғау және баласы үшін өздері өмір сүреді. Жанұялық тәрбие стилінің мұндай түріне баладан стимулдық пен жауапкершіліктің төмендігі, ата-ана және қарым-қатынасындағы өзара серіктестігінің болмауы және баламен шектен тыс жақындыққа ұмтылу байқалады. Бұл бала бойындағы шығармашылық пен дербес ойлау дағдыларын басып отырады.
Отбасылық қарым-қатынастың бұл түрімен жағымсыз салдары баланың әлеуметтік өмірге бейімсіздігі жоғары өзіндік бағалау реалды және «мен» арасындағы алшақтық бала қоғамдық ортадағы топ мүшелерімен қарым-қатынастағы басты кедергі болып саналады. Бұл қиыншылық бала тұлғасында жағымсыз саналар бір беткейлік, агрессивтілік, күмәншілдік, сенімсізідік т.б қалыптасуына әкеледі.
Отбасылық тәрбиенің аналық махаббатпен, тіпті ата-аналармен бала арасында жағымды қарым-қатынасқа негізделген. Мұнда санасу ұмтылыстары мен идеяларын қолдау шығармашылық дербес ойлауы мен қабілеттерін ұштап-ұштап оң ықпал етуді көздейді. Жанұялық тәрбие типтерді ғалымдардың зерттеуінше қандай типінің болмасын шектік жағдайларының бала қалыптасуы үшін ықпалы басым. Сондықтан да орталық деңгейде тәрбие жүргізуге қол жеткізу қажет. балалардың ақыл-ой және шығармашылық қасиетінің дамып жетілуі [23].
Бүл әдістер психологияның негізгі әдістері өзіндік бақылаумен бақылау және сұрау әдістерінің өзіндік проекциялары болыпта болады. Бұған қоса бір өнертанқыштық өз творчествосы барысын бақылау үшін жанұялық қарым-қатынас пен тәрбие стилінің қандай типті, үйлесімді қолайлы деген сұраққа зерттеушілер әр түрлі көзқарас тұрғысында жауап береді.
Д. Бауриннің пікірінше бала белсенділігін ең тиімді вариант беделділік типі басым, сондықтан беделді ата-ана тәрбиелеу әдістерін пайдалана отырып, ұлттық бағытқа бейімдейді. Бала бойындағы өзіндік қызығулары мен жеке басты бағалау және оны беделді силауға баулиды. Бүл типтегі ата-аналар міндеті баланың дербес еркімен тәртіптілікті өзара үйлестіру мүндай ата-аналар өзінің ересектік қулығымен қатар, бала қызығулары мен мүмкіндіктерін мойындайды.
Бауринннің пайымдауынша беделді ата-аналар бала бойындағы жауапкершілікке тәуелсіздік сезімін күшейте отырып, оның өзін жүзеге асыруы мен компоненттілігінің дамуына жоғары дәрежеде ықпал етеді. Н.Беккер пікірінше, баласын жақсы көруімен қатар олардың дербестік кұқығын мойындайтын жанұялардың балалары белсенді тәуелсіз, қайырымды, бастамашыл, тез бейімделгіш және шығармашылық қабілеттіліктің дамуы жоғары болады. Ата-ананың өз баласының табиғатын зерттеулер көрсеткендей "қабылдау және сүю" типі баланың жалпы дамуы мен творчестволық қабілеттерінің қалыптасуына жағымды екені анықталды.
Ұл балалар аналарының өзін түсіну, жақсы көрумен қатар оның жеке басын сыйлау, ой-пікірлері мен сезімдерін бөлісу және өз қызығуларын, қабілеттілігін қолдау жоғары бағаланғанын қалайды. Қыз балалар болса, әкесінің өзімен демократиялық қарым-қатынаста болғанын және бойындағы жағымсыз қасиеттерін қөре білетін өзіне жағымды қарым-қатынаста болғанын қалайды. Осы өзара түсініктің факторлары баланың жалпы физиология-психологиялық дамуымен қатар тұлғалық-шығармашылық қабілеттерінің көрінуімен болашақта шығармашылық дербес әрекеттің жүзеге асыруының бастапқы алғышарты болып саналады. Ата-ана мен балалардың өзара күтулері мен талаптарының үйлесуі немесе шиеленісі бұл тек жанұялық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарының көбеюімен қатар, бала бойындағы творчестволық іс-әрекет деген қабілеттілігін жоюдың ең ұтымды тәсілдері болатыны даусыз [25].
Отбасында пайда болған бауырмалдық қарым-қатынас оның адамдармен арақатынасының болашағының негізін құрып қана қоймай балада пайда болған жаңа немесе стрессогенді кездерде қауіп сезімін азайтуға көмектеседі, осылайша бірқатар авторлардың пікірінше жанұяның негізгі функциясы балаға сыртқы әлеммен әрекет ету кезінде қауіпсіз болады деп кепілдік беріп қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету. Бала сол қауіпсіздікті сезініп, сыртқы әлемді зерттеуге жаңа тәсіл таба алуына жағдай жасалу керек.
Өсе келе бала өзін ересектермен теңестіре бастайды. Ата-анасының мінез-құлқымен өзара қатынасын өзінің бойына сіңіре бастайды. Балалар ата-анасының әдеттерін тез қабылдап алады, әсіресе жестпен сөйлеулеріне, жүрістеріне, сөйлеу мәнерлеріне қатты еліктейді.
Дегенмен де басқа авторлардың пікірінше, ата-ана жүріс-тұріс моделінің әдет қалыптастыру процесінде ғана емес, стрессті жеңу тәсілін қалыптастыруда ролі маңызды. Егер ата-ана қиын жағдайларда өзінің пассив жағынан көрсетсе онда бала да басына қиын іс түскенде тура сондай мінез-құлық көрсетеді.
Тұлғааралық қатынаста да дәл осындай ықпалы болады. Мысалға ер бала әкесінің анасына жасаған қарым-қатынасына байланысты оның қыздармен қатынасы айқындалады. Егер жанұядағы қарым-қатынас моделі жылы болса, яғни өзара сыйластық болса, онда ұлдың жүріс-тұрысы осыған сәйкес болады. Әкесі шешесін жек көрсе, онда бұл жағдай ұлдың қыздарды жек көру мүмкіндігіне алып келеді. Балалар қалай жүріп тұру керек екенін ата-аналарынан үйренеді. Көбінеки олардың айтқандарына қарап емес, істегендеріне қарап үйренеді. Мысалға ата-ана өтірік айтпа деп өзі өтірік айтса, тағы сол сияқты.
Басымдылық арасындағы байланысты анықтауға тырысты, яғни жанұядағы бір ата-ананың басымдылығы, басшылығы және баланың белсенділігімен байланысты ажыратқысы келді. Оның ойынша балада жауапкершілік сезімі жанұяда баланың жынысындағы ата-ана басқаратын болса сол кезде ғана қалыптасады. Ұл бала егер әкесі тәртіпті қадағалайтын болса ғана тәртіпті болады. Қыздар егер үйде ананың салмағы күшті болатын болса, қыздар басқа қыздарға қарағанда белсенді болады.
Ата-анасының екеуі де тәрбиеге араласқан жағдайда жақсы дамиды. Бірақ мінез-құлықтары әртүрлі болады. Балаға қарым-қатынас қатты қажет екені белгілі, алайда баланың ересек адаммен қарым-қатынас орнатуы оның психикалық дамуына және оның толыққанды тұлға болып қалыптасуына аздық етеді. Қарым-қатынастың көлемімен сапасының маңызы зор. Ересектермен қарым-қатынастың аз болуы баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Баланы өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге құштар, өнерге әуес, белсенді өмірлік ұстанымы, шекке шығару ата-ананың абзал борышы, шындығында да балалардың ата-анамен қарым-қатынасы жақсы болмауы олардың психикасының дамуына әсер ететіні белгілі жайт. Баланың ата-ана мейірімін сезінбеуі оның келешектегі ақыл-ой дамуында кенжелеп қалуымен мінез-құлқының нашар болуына негіз қалайды.
Отбасының балаға әсері өзіндік ерекшелігі мен көзге түседі бала өз үйінде ғана шын мәнінде еркін сезінеді, дамиды, ойнайды ересектерден жылы сөз, мейірім күтеді. Басқа жерде байқала бермейтін шығармашылық қасиеті байқалады. Баланың азаматтық абзал саналары бойына сіңіруіне үй-іші қарым-қатынасының ықпал өлшеусіз маңызды.
Отбасы мүшелерінің үлкендерімен кішілерінің арасындағы сыйласымдығы, балалардың өз құрбыларымен, ересектермен мектепке және одан тыс жерлерде инабатты араласуы олардың тәрбиесіне және жан-жақты өсіп жетілуіне игі ықпалын тигізеді. Отбасындағы тәрбиенің нәтижелі тартымды болуы, көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне байланысты.
Отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғасының қасиет саналарымен шығармашылық қабілетін жеке тәуелсіз дербес ойлау білу іскергін қалыптастырудағы ең басты және әлеуметтік фокторлардың бірінен саналады. Ата-анамен және жанұяның басқа мүшелерімен өзара жағымды қарым-қатынас орнауы бала бойында болашақта өз ой пікірімен көзқарасы дербес ойлауға бейім және творчестволық әрекетке қабілеттіліктің қалыптасуы үшін маңызы өлшеусіз зор. Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап бала шешесіне жақын болады. От басының бала әсері өзіндік ерекшелігімен көзге түседі, бала өз жанұясында ғана шын мәніндегі еркіндікті сезінеді, дамиды, ойнайды.
Баланы өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге қүштар, өнерге әуес, белсенді шығармашылық қабілетке ие белсенді өмірлік үстаным алдыңғы шепке шығару ата-ананың ұрпақ алдындағы абзал борышы десек, балардың ата-анамен өзара қарым-қатынасының жақсы болмауы, тэрбие стилінің кемшіліктері - баланың психикалық дамуына кері әсер ететіні белгілі жайт. Баланың өз жанұясының мейірімін сезінбеуі, оның келешектегі тұлғалық калыптасуына теріс ықпал жасайды.
Отбасындағы тәрбиемен қарым-қатынастың тартымды, нәтижелі болуы, көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне де байланысты. Көбінесе, ата-ананың балаларына деген үлкен сүйспеншіліктің нәтижесінде бала психикасының даму заңдылықтарын білмеуден қарым-қатынаста бірқатар дөрекі қателіктер жеберіп алады. Ата-аналар оны өзі байқай бермеуіде мүмкін. Алайда мүның бәрі қалыптасушы дамушы бала психикасына әсері мол.
