Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айгерим_диплом (2).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545.79 Кб
Скачать

1. Психология ғылымындағы төменгі сынып оқушылаларының қарым-қатынас ерекшеліктері мен формалары

1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық талдау

Психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психикалық белгілер - олардың қоршаған дүниеге көзқарасы, олардың қажеттері мен қызығулары және осы қажеттілік пен қызығулардың туындайтын бала іс-әрекетінің түрлері. Жетекші іс- әрекетті арнайы атап көрсеткен жөн, одан дәл осы кезеңдегі психикалық дамудың маңызды ерекшеліктері соған байланысты болады. Нәресте үшін жетекші іс- әрекет, мектепке дейінгі бала үшін ойын болып табылады.

Л.С. Выготский тұлға түсінігінің мазмұнын психологияда аффект пен интелект бірлігінің үстанымы сияқты, тұлға түтастығының үстанымына негіздеп түжырымдаған [1]. Бұл принципті ары қарай нақтылау үшін, жеке адамның ерік - жігерін енгізу қажеттілігі туындады. Ерік - жігер - жогары психикалық функция, ол сезім мен ақыл - ойдың органикалық бірлігін жэне олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Яғни әрекеттегі үғыну мен ниеттену ерік -жігердің функциясы болып табылады.

Біз баланың жеке тұлғалық дамуын, оның психикасындағы когнитивтік, танымдық, кайта кұрушылық және құндылық - бағыттылық сияқты түрлі іс -әрекетте көрінетін өзгерістері арқылы бағалаймыз.

Л.С. Выготский бала дамуындағы жеке тұлғалық өзгерістерді әлеуметтік жағдайдағы белсенділігі арқылы байқаймыз десе, ал Л.И. Божович мұны қарама -қайшылықтардың және дағдарыстардың, жеке тұлғалық қадір - қасиеттердің пайда болуынан аңғарамыз деп түйіндеген [2]. Баланың жас ерекшелік дамуының динамикасымен оның мазмұны педагогикалық бағдарламалар арқылы жобаланып, өзгеше және жетілген дидактикалық тәжірбиелер, өзіндік генетикалық бағдарламалар арқылы анықталады. Бұл дамудың әр алуан қозғаушы күші, шарты және қайнар көзі, яғни даму факторлары. Біліктілікке бала іс әрекетіндегі қалыптасқан қарым - қатынасты, мінез - құлықты және өмірлік іс - әрекетті, жеке тұлғалық тіректік сипаттамалардың нәтижелері енеді.

А.Н. Леонтьев пен Д.Б. Элькониннің топтастыруы бойынша, баланың жеке тұлғалық дамуын, эмоционалдық қарым - қатынас, айлалы әрекет, заттық -құралдық іс-әрекет, сюжеттік - рольдік ойындар және оқу сияқты жетекші іс -әрекет түрлерінің ауысуы барысында талданып отыратыны анықталды. Баланың тұлғалық дамуының генетикалық талдау ұстамын қарастырғанда, Д.Б. Элькониннің кезеңдері бойынша психикалық даму кезеңдерін ерекшелеп, негізгі жаңа білім беру жүйесі тұлғалық жетістіктермен үйлесімін табады [3,4]. Э. Элькониннің кезеңдері бойынша тұлғаға жаңа білім берудің тірегі, бұл сенім, дербестік, еркіндік, бастама жасаушылық деп қарастырылған. Бала дамуының өзіндік қисын тұжырымын түсіндірмей, жас ерекшелігінің психологиялық маңызын және генетикалық міндетін талдамай, баланың жаңа білім алудағы жетістіктерінің заңдылықтарын түсіну қиын.

Л.Ф. Обухова бала дамуының ерекшелігінің түсініктерін түрлі авторлардың теориясымен (биогенетикалық, конвергенциялық психоаналитикалық, әлеуметтік үйрену теориялары және Ж. Пиаженің генетикалық даму психологиясы т.б.), салыстыра отырып, бүл Л.С. Выготскийдің мәдени - тарихи даму теориясы мен психиологиялық жастың құрылымында толық көрсетілді деген қорытындыға келді [5].

Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды, бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың біршама баяу, бірте - бірте өзгеретін кезеңдері және ескі психикалық белгілердің құрып бітуімен, жойылуымен және жаңа белгілердің пайда болуымен байланысты , кейде баланы неғұрлым тез, сеңірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі байқалады. Осы секірмелі түрдегі өтуді даму дағдарысы деп атайды. Олар шамамен бірдей жағдайда тұрған, жас жағынан шамалас балалардың барлығында пайда болады да балалак шақты жас шағына карай бірнеше кезеңге бөлуге мүмкіндік береді.

Туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңде (баланың дүниеге келуіне байланысты оның өмір сүру жағдайын кенет өзгертетін дағдарысты айтпағанда) бала үш дағдарыс сәттерін; бір жаста, үш жаста және ақырында, жеті жаста басынан кешіреді . Осыған сәйкес бұл кезеңде үш жас шағы кезеңдері бөлініп шығады; нәрестелік шақ ( туған күннен бір жасқа дейін), сәбилік шақ ( бір жасткан үш жасқа дейін) және мектепке дейінгі балалық шақ үш жастан жеті жасға дейін) [6].

Мектептің рөлі балаға адамның нақты қызметінің әр түрі үшін (қоғамдық өндірістің, ғылымның, мәдениеттің әр учаскесіндегі жұмыс) қажетті білім мен іскерлікті үйрету және психикалық сапаларды дамыту болып табылады . Бала туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңнің маңызы қоғамда өмір сүру үшін қажетті адамның жеке басының психикалық сапалары мен қасеттерін калыптастыру болып табылады. Бүларға тілді игеру, тұрмыс заттарын қолдану, кеңістікпен уақытты бағдарлауды дамыту, қабылдау, ойлау, елестетудің т.б адамға тән формаларын өрістету, басқа адамдармен өзара қарым-қатынастың неіздерін қалыптастыру, әдебиет пен өнердің туындыларын оқып , үйрене бастау жатады.

Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор С.М. Жақыпов адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды, ол үшін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты біріккен іс-әрекетте орныдалады деген. Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оны орныдау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділі, пікірлесушілердің арасындағы қарым-қатнастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды [9] .

Г.С. Абрамова бойынша қарым-қатынас әдістері. Оның пікірі бойынша, мұғалім мен оқушы өзарақатынастарының үш стилін болуге болады: оқиғалық, операциондық және құндылықтық.

Әрбір жас шағы топтарының осы міндеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес қоғам балаларға басқа адамдар арасынан белгілі орын береді, оларға қойылатын талаптар жүйесін, қүқықтары мен міндеттерінің шеңберін белгілейді. Әрине, балалар мүмкіндігінің өсуіне қарай олардың құқықтары мен міндеттері де неғұрлым күрделі бола түседі , атап айтқанда, балаға берілетін дербестіктің және олардың өз ісіне жауапкершілігінің дэрежесі артады.

Үлкендер балалар өмірінің дұрыс жолға қойылуын ұйымдастырып, олардың тәрбиесін сәбидің қоғамдағы орнына қарай жүргізеді. Қоғам әрбір жас шағы кезеңінде баладан нені талап етуге және нені күтуге болатыны жөніндегі үлкендердің түсінігін белгілейді.

Баланың қоршаған дүниеге көзқарасы, оның қажеттері мен қызығуы өзге адамдар арасында алатын орнымен, үлкендер тарапынан болатын талап, үміт және әсер ету жүйесімен анықталады. Егер нәресте үшін үлкендермен үнемі эмоциялы қарым- қатынас жасау қажеттігі тән болса , оның себебі сәбидің бүкіл өмірі үлкендердің қолында болуынан деп түсіндіріледі және қолында болғанда әлдебір жанама емес, тура жолмен: үлкендер баланы орағанда, тамақтандырғанда, ойыншық бергенде, тәй - тәй басқан кезде қолынан сүйгенде, т.б. үздіксіз дене қатысы жүзеге асырылады [7, 1326].

Сәбилік шақта үлкендермен қатынас жасауға қажеттіліктің, таяудағы қоршаған заттарға қызығушылықтың пайда болуы мыналарға байланысты: бала мүмкіндігінің өскенін ескере отырып үлкендер олармен қарым -қатынасты өзгертеді, қандайда зат немесе қимылдар жайлы қатынас жасауға көшеді, үлкендер балалар үшін сан алуан заттың, кимыл жасауға арнайы бейімделген заттардың (пирамидалар, қуыршақтар, қүм салғыштар) ерекше әлемін жасайды.

Үлкендердің қимылдарына және өзара қарым-қатынасына араласу қажеттілігінің пайда болуы, қызығудың тікелей қоршаған ортадан шығып кетуі, сонымен бірге осы қызмет процесінің өзіне (оның нәтижесіне емес) қызығудың бағытталуы - мектеп жасына дейінгі балаларды басқалардан бөліп көрсететін және сюжетті - рольді ойыннан көрініс табатын негізгі белгілер. Бұл белгілер мектеп жасына дейінгі балалардың басқа адамдар арасындағы алатын орнының екі жақтылыгын белгілейді. Бір жағынан, баладан адамның қылықтарын түсінуді, жақсылық пен жамандықты айыра білуді, мінез - құлық ережелерін саналы орындауды талап ете бастайды. Екінші жағынан, баланың бүкіл өмірлік қажеттерін үлкендер орындайды, оған қатаң жауапкершілік жүктелмейді, оның іс - нәтижесіне ересектер елеулі талап қоймайды [8].

Дамудың әрбір жас шағы кезеңдерінің дамуына тән баланың қоғамдағы психикалық белгілердің байланыстығы баланың бір кезеңнен екіншісіне өтуін түсіндіріп бере алмайды. Бүл өту кезеңінің алдында баланың өзінің басқа адамдар арасындағы орнына қанағаттанбауы және ол орынды өзгертуге ұмытылуы пайда болады. Осы кезең ішіндегі дамудың мынадай сәті туады: баланың өсіп келе жатқан мүмкіндіктері - оның білімі, іскерлігі, психикалық сапалары - ескі түрмыс қалпымен, қызметтің және айналасындағы адамдардың қарым -қатынасының ескі түрлерімен қайшылыққа ұрындырады. Бала өзінің жаңа мүмкіндіктерін сезінеді де осының алдында ғана қызықтырған іс - әрекетке ынтасын жояды. Ол үлкендермен жаңа қарым -қатынас жасауға ұмытылады. Бұл қайшылық дағдарыс ретінде көрінеді, қарым -қатынас жасалған жоқ.

Бұл кезде бала тәрбиесінде белгілі қиындықтар пайда болады, бала үлкендердің талаптарына жөнді құлақ аспайды, қыңырлық, қарсылық көрсетеді. Бүл қиындықтардың ауырлығы және қаншаға созылатындығы көп жағдайда үлкендерге байланысты болады. Үлкендер баланың іс - әрекет пен қарым -қатынастың жаңа түрлеріне ұмытылуын дер кезеңінде байқап, ескеруге және көмектесуге тиісті. Алдымен, үлкендердің өздері балаға деген көзқарасын өзгертуі керек, оған көбірек дербестік беріп, оның өсіп келе жатқан мүмкіндіктерін мойындауы және осы мүмкіндіктері толық ашылатындай жаңа іс - әрекетке үйретуі қажет.

Психикалық даму барысында пайда болған және жаңа қажеттер мен қызығушылыққа итермелейтін, сондай - ақ іс-әрекеттің жаңа түрінде игеруге бастайтын қайшылықтар психикалық дамудың қозғаушы күштері больш табылады [8,45-47б]. Егер бүл қайшылықтар тумаса, психикалық дамудың негізгі кезеңінен екіншісіне өту мүмкін болмас еді, және бала сол жеткен дәрежесінде қалып қояр еді, өйткені оның ілгері үмтылуға, үлкендер үйреткен нәрсені игеруге ынтасы болмас еді.

Біздің елімізде мектеп жасына дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің ықпалы әрдайым өрісін кеңейтіп келеді. Баланың туғаннан бастап жеке адам болып саналуы, бала дамуының психология ғылымында маңызды мэселе болып саналады. Бала дамуының психологиялық жағын зерттеу арқылы ерекшеліктерге тән қасиеттердің, сапалардың қалай пайда болатынын ашуға тырысамыз. Баланың жеке адам болып қалыптасуында қарым - қатынас негізгі рөлді атқарады.

Көптеген жылдардан бері осы қарым - қатынастың табиғи заңдылығы, оның жас және жеке ерекшеліктері, дамуы мен өзгерістері психология ғылымында негізгі зерттеу саласына айналады. Баланың өз құрбыларымен қарым -қатынасын дұрыс жолға қоя білуі баланың қандай адам болып қалыптасуына қатты әсер етеді. Бірақ осыны қалай қоя білу керек? Міне осы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігі балабақшаларда тәрбиеленіп өз қатарларымен сонда жақсы араласады [10].

Балаларды тәрбиелеудің ең қажетті бөлшегі тәрбиешінің балалардың бір -біріне деген қарым-қатынасын жақсы ұйымдастырып, қадағалап отыры болып табылады. Отбасылық тәрбиеде және басқа балалармен қарым - қатынас бала психикасының дамуында өз пайдасын беріп отырады. Қарым - қатынас жүрісінде баланың жеткіліксіз қанағатттандырылуы оның ары қарай эмоционалды сезімділікке, қаталдыққа, әлемге бастапқы сенімсіздігінің қалыптасына алып келеді. Қарым - қатынас бала қандай ортада өсседе, адам үшін өмірлік маңызы бар қажеттілік болып табылады. Егер ересектер балалардың қарым - қатынасқа түсуге түрткі болатын ішкі қажеттілікті тануға үйретпесе де, онда бала оны түсінбейді және оған дұрыс жауап бере алмайды. Осы қарым - қатынас сферасындағы сәтсіздік өзінің артынан басқа да сәтсіздіктердің болына алып келеді, себебі, олар бір - бірімен өзара байланысты, бірақ әрқайсысы өзінің заңымен дамиды.

Психологтардың алдындағы мәселе осы дамуды қажетті қалыпқа бағыттау. Ал, бүл үшін қарым - қатынасы зерттелініп келеді. Қарым - қатынастың табиғи заңдылығы, оның жас және жеке ерекшеліктері, дамуы мен өзгерістері философ пен социологтардың Б.Д.Парыгин, И.С.Кон және тағы басқа зерттеу саласына айналды [26].

Бала және жас ерекшелік психологиясын А.Н. Леонтьев, В.С. Мухина т.б., көптеген зерттеушілер қарастырған. М.И.Лисинаның басқаруымен психикалық дамуы және мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу лабороториясында зерттеуден өткен [4,12б.]. Осы лабароториялық зерттеулердің нәтижесінде балалардың бірінші қарым - қатынасының пайда болуын және өзгеріп отыруын зерттеді. Танымал психологтар Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейннің пікірлері бойынша баланың психикасының дамуы әке - шешесінен балаға ауысады. Балалық шақта бала отбасынан алған тәлім - тәрбие арқасында психикасы қалыптаса бастайды. Мұнда психика көптеген өзгерістерге ұшырап отырады. Балаға тек ересектермен ғана қарым - қатынас жасап отыруы мүмкін емес, ол өз қатарындағы балаларға тартып тұрады [1,4,27б.].

Балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынас арқылы араласып отырып айналасындағы адамдармен қарым - қатынас жасауына өте үлкен көмек береді. Төменгі сынып оқушылары мектепте тәрбиеленіп, өз қатарымен сонда жақсы араласады. Балаларды тәрбиелеудің ең қажетті бөлімі мұғалімдерінің балалардың бір - біріне деген қарым - қатынасын жақсы ұйымдастырып, қадағалап отыруында. Отбасында тәрбиеленгенде баланың басқа баламен қарым - қатынасынан өз пайдасын беріп отырады. Бір баласы бар көптеген отбасындағы бала ата - анасының өзіне деген көңіл бөлуін көбірек қажет етеді.

Балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасы жайлы мәліметтерді ғылыми әдебиеттерден оқи отыра, мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасын зерттеу көптеген өзгерістерге және қиыншылықтарға тап болып отыр. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын

В.С. Мухинаның лабороториясында балалардың құрбыларымен қарым -қатынасының пайда болуы және дамуы жайлы эксперимент басталған еді. Бұл экспериментте мектепке дейінгі балалардың құрбыларымен қарым -қатынасындағы шешілмеген сұрақтардың тапсырмалары қарастырылған болатын [23]. Соңғы жиырма жылдың ішінде жас балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынастағы психологиялық прболемалары ғылымдардың назарын қатты аударуда. Барлық елдің ғалымдарының алдындағы ең күрделі сұрақ балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасының атқаратын рөлі мен жұмысы көптеген ғалымдардың пікірі бойынша балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасын дұрыс жолға қоя білу баланың болашақта қандай адам болуына қатты әсерін тигізеді. Көптеген зерттеулерге қарамастан бұған әлі жауап табыла қойған жоқ.

Я.Л.Коломинскийдің пікірі бойынша баланың психикалық дамуында өз құрбыларымен қарым - қатынасының атқаратын рөлін білу үшін әлі де көптеген ғылыми зерттеулер қажет. Баланың өз құрбыларымен ғана емес, сонымен қатар үлкендермен және жас жеткіншектермен қарым - қатынасыда баланың психикалық дамуынан әрқайсысы өз әсерін және рөлін атқарып отырады. Осы зерттеулердің алдындағы мақсаттарының бірі, мектеп жасына дейінгі баланың өз қатарымен араласпай өскен және керсінше көп баланың ортасында өскен балалардың айырмашылығы мен ерекшеліктері [28].

Көптеген ғалымдар пікірі бойынша төменгі мектеп жасындағы балалардың құрбыларымен қарым - қатынасын былай айтуға болады. Терең де мазмұнды іс-әрекет балалардың жан дүниесінің жай табуындағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажет. Бала өскен сайын қүрбысымен қарым - қатынасының мәні ұлғая түседі. Мұны бірнеше комплекске бөліп көрсеткен:

  1. Бала көбінесе құрбысымен біріккен іс - әрекетке бейімделген. Ол қүрбысымен жүмыстық байланыстармен араласуға ұмтылады, кеңес береді, өз ойын білдіріп отырады. Өз іс - әрекетін және құрбысы жасаған іс - әрекетті бақылап отырады.

  2. Бала өзінің қүрбысынан өзін бөліп алып отырады. Ол өзінің қолынан келетін жұмыстарын айтып мақтанып отырады. Балаларды құрбыларымен қарым -қатынасындағы жоғарғы сезімталдығы, өкпелеуі, қарсы болуы қарым -қатынасты тоқтатады. Егер құрбысы келіспесе, оған бағынбаса бір - біріне өкпелеуі бұл жағдайда көбірек болады.

  3. Мектеп жасындағы баланың құрбысымен байланысындағы іс -әрекетінде құрбысы эрқашан көз алдында. Бұл өзінің көргендері мен болған жағдайлармен пікір қалыптастыруға бейімделіп отырады.

  4. Баланың іс-әрекетінде бір нэрсені ойдан шығаруы, көңілді болуы, біреудің айтқан сөзін ары қарай жалғастырып отырады. Кұрбысының оны қолдап отыруы балаға көп көмегін тигізіп отырады. Осындай қарым - қатынастан бала көп қанағат алып отырады [9, 135-136 б.].

Мотив - белгілі қажеттілік қанағаттандыруға байланысты әрекетке түрткі салу. Қарым - қатынас мотиві қажеттіліктен үздіксіз байланыста болғандықтан, қажеттіліктің мазмүнын ашып отырды талап етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың қарым - қатынасындағы мотивтің дамуын оқу үшін обьектілерді зерттеу керек. Балалардың жалпы білімге құмарлығы артып үлкендермен қарым - қатынасынан алған білімдері көбейіп, тақпақ айтуды үйреніп, әңгімелер айтуды көбейтіп отырады. Әр түрлі көрген нәрселердің, жаңа ойындардың сюжетін кұрап отырады. Д.Б. Эльконин «Үлкен адамдармен қарым -қатынасына қарағанда құрбысына деген қарым - қатынасы жоғарғы баға береді. Олардың құрбысын танып білуге құмарлығы арта түседі» [12]. Баланың өзіне және құрбысына деген көзқарастары өзгереді. Балалар өздерінің мүмкіншіліктерін жоғары қойып отрады, қарым - қатынаста таңдау қалыптаса басталады. Танымдық және өзіндік мотивтері ерекшелініп отырады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынасындағы жұмыстық мотивтің үш нұсқасы бар:

  1. Бірігіп ойнауды құру мотиві, біріккен іс-қимыл, бала құрбысынан өзінікіндей қызығушылық іздейді және ортақ істерінен пайда келтіруге тырысады.

  2. Жұмыстық мотив - лидерге байланысты, құрбысын өзі ойлаған, мақсаты жэне ойлаған ойын іске асыры үшін қызықтырып, тартып отыруынан ол өзіндік жақсы сезім алып отырады.

3. Жаңа ойын түрлерімен, мақсаттарымен танысу, ойынға жақсы қатысуды үйрену. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасындағы танымдық байланыс өсіп отырады [3].

Бүл байланыстар ойын барысында немесе өмірдегі сфераларда көрінеді. Табиғаттағы қүбылыстарды бақылай отырып, олардың алған түсініктерін балалар бір - бірінің арасындағы танымдық байланыстарды қолданады. Осы жастағы балалардың қүрбысынан өзін жоғары қоюы, сақталып отырады. Мысалы: мазақтау, ойнатпай қою немесе дөрекі қылықтарды көрсету. Баланы қүрбысымен қарым - қатынасының қалыптасуы баланың коммуникативті қажеттілігін өзін қоршаған адамдардың көмегімен іске асырады.

Егер ересектер баланың қарым - қатынасқа түсуге түрткі болатын ішкі қажеттілік таңдайға үйретпесе, онда бала оны түсінбейді және оған дүрыс жауап бере алмайды. Бүл жағдайда балалардың бір - біріне қарым - қатынасына да қатысты. Құрбыларының арасындағы көптеген келіспеушілік ең алдымен басқаның көзқарасымен санаспау, одан өзінің тілектерінің қажетттіліктеріне ие түлғаны көре алмауымен байланысты болады. Қарым - қатынас сферасындағы бір сәтсіздік өзінің артынан басқа да сэтсіздіктердің болуына алып келеді. Себебі олар бір - бірімен өзара байланысты, бірақ әрқайсысы өзінің заңымен дамиды. Үлкендердің алдындағы мәселе осы дамуды қажетті қалыпқа бағыттау. Ал бүл үшін қарым - қатынастың дамының жалпы заңдылықтары мен олардың эр түрлі сферадағы өзіндік ерекшелігін білу қажет. Баланың ересектермен қарым - қатынасы оның өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Қандай болмасын, мүқият күтімнің өзі балаға осы қарым - қатыныстың орнын ауыстыра алмайды.

Қарым - қатынастың жоқтығы баланың дамуына үлкен әсер етеді. Ол оның танымдық іс - әрекеті, тілі, қалыпты көрсеткіштен қалып қояды. Қоршаған адамдармен қарым - қатынасында қиындық туады. Егер бала селқос болып өссе, ересектер оған үйрену обьектісі бола алмайды. Жеке қарым - қатынасқа ғана, балада пайда болатын басқаға керек екенін түйсіну, қауіпсіздік сезімнің тууы, өмірлік тонустың жоғарлауы өз - өзіне сенімділігінің қажетті шарты болады.

Қарым - қатынас мазмұны қабылданушы оқиға шегінен шығып жететін, қарым - қатынас оқиғадан тыс деп аталынады. Ол тек қана тілдік формада жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, жай ғана ойыншықтармен ойнау жеткіліксіз. Мектепке дейінгі балалардың, көрмегені туралы әңгімелер, оның әлем туралы көзқарасын кеңейту қажет.

Оқиғадан тыс қарым - қатынастың формасы бар - танымдық қарым -қатынас. Танымдық қарым - қатынас бала тілді жақсы меңгергенде, көру алаңында жоқ затта туралы ересектермен әңгімелесе алғанда, ол білімге қүмар, әлемді түсінуге үмтылатын және осы мақсатпен әр түрлі сүрақтар қойған кезде ғана жүзеге асады. Бүл кезде бала үлкендердің оны қүрметтеуіне қажеттілігін тигізеді.

Біртіндеп мектепке дейінгілердің назары адамдар арасында өтіп жатқан оқиғаларға ауа бастайды. Адамдардың қатынасы, жүріс - түрыс нормасы баланы қызықтырады. Не істеу керек, не істемеу керек, кім мейірімді, кім сараң, не жаман, не жақсы - осы сүрақтар жоғағы мектепке дейінгілерді толғандырады.

Жоғарғы сыныпқа дейінгі жасында бала жақсы болуға, бәрін дұрыс орындауға, өзін - өзі дұрыстау, қүрбыларының ісін бағалауға, өзінің үлкендермен, балалармен қатынасын құруға үмтылады. Бүл ұмтылыс, әрине ересектердің қолдауын қажет етеді. Жоғарғы мектепке дейінгілер сонда да ересек мақтауы мен мадақтауын қажет етеді, бірақ оны нақты қабілеттілігі емес, керсінше бүтіндей баға көбірек толғандырады. Егер ересектер қүрметпен қараса, онда ол жеке әрекеттен қабілетіне қатысты ескеулерді қалыпты қабылдайды.

Баланың жеке қарым - қатынасқа қабілеттілігін одан кұрбылары туралы әңгімелесу арқылы анықтауға болады. Мысалы, достарының ішінен кім оған өте ұнайды? Неге? Кіммен ол көп келіспей қалады, кіммен дос болғысы келетінін сұраңыз. Балада сүйікті кітабы бар ма екенін сұрап көріңіз. Бүл жерде ересектер балаға сұрақ қойып қана қоймай, сонымен бірге оған өзінің қатынасын, өзі туралы басқа адамдарға айтып, қызықты әңгімелесуші бола алуы керек. Жеке қарым - қатынасының тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін. Ол бала өмірінің шынайы оқиғаларымен, оның адамдармен қарым - қатынас тәжірибесі мен қызығушылығы мен байланысты болы керек. Ең негізгісі - әңгіме заттар, жануарлар туралы емес, адамдар, олардың істері, қатынастары туралы болуы керек. Осыдан баланы ересектердің пікірі қызықтырады ма? Өзінің бағасы ересектердің бағасымен сәйкес келуі оған қажет пе екенін білу өте маңызды.

Алғашқы шығармашылық бастамасы оның құрбылыары мен баланың қарым - қатынасында жақсы көрінеді, себебі оны еш нәрсе қыстамағанда және оның белсенділігін еш нәрсе тежемегенде ешкім оған «қалай істеудің» қатаң үлгісін көрсетпегенде, өзінің неге қабілеттілігін ешкімнен үялмай жасап көргендегі құрбыларымен қарым - қатынасында ғана асады. Шығармашылық көрінуді талап ететін іс - әрекеттің түрлері - ойын, қиялдау және тағы басқалары - ең алдымен қүрбыларымен бірге жүзеге асады.

Төменгі сынып оқушыларының қарым - қатынасының төртінші ерекшелігі өзінің функциясы бойынша біршама бай болады. Құрбысының бағытталған баланың әрекеті біршама көп бейнелі, яғни құрбысының орнында ересектер болғанға қарағанда. Ересек үнемі балаға ненің жақсы, ненің жаман, не істеу керектігін айтады. Немесе бір нәрселер туралы айтады, яғни бала өзінің әрекетіне баға немесе жаңа жаңалықтар күтеді. Ал құрбысымен қарым - қатынасы өте бай.

Мектепке дейінгі баланың алғашқы жылдарында баланың бойынан коммуникативті әрекеттің формасын байқауға болады. Қарым-қатынастың екінші түрі сияқты бұл қарым-қатынас та бала ересекпен практикалық серіктес емес ортақ танымдық әрекетте болады. Тіпті бүл кезді «теориялық» серктестік немесе бірлестік деп айтуға болады. Мектепке дейінгі бала көп те аз да білгісі келеді язни өзіне қажеттісін ғана білгісі келеді. Мәселен, бүл әлем қайдан пайда болды, қалай пайда болды, табиғаттағы өзара байланыс қайдан келді, заттарда қандай құпия бар деген сияқты сұрақтар төңірегінде білгісі келеді.

Бірақ бұл мәселелрді жалғыз өзі танып білу үшін баланың мүмкіндіктері шектеулі. Тығырықтан шығуға көмектесетін жалғыз жол ол айналадағы ересектермен араласу, сөйлесу. Балалар өздерінің бітпейтін неге деген сұрақтарын ересектерге қарша боратады. Сол үшін де қарым-қатынастың үшінші формасында танымдық мотив ілгерілейді.

«Теориялқ серіктестік» кезінде бала дүниеге келгеннен бастап ересек адам мен бала арасындағы әрекеттен мәселелер талқылынатын болғандықтан қарым-қатынас оқиғадан тыс сипатқа ие болады. Мақтау сөз мектеп жасына дейінгі баланы қатты қуантады екен. Өз тарапына мақтау сөз естіген бала қуаныштан айқайлап, секіріп, қол шапалақтайды дейді ғалымдар. Бірақ сәл ғана кейіс білдірсңіз бала оны көтере алмай қалуы мүмкін. Ол бірден дауласып, ренжіп, тіпті жылап та қалулары мүмкін. Қарым-қатынастың ситуациядан тыс танымдық формасы үшін балангың ересектердің өздерін силауларын қалайтындығы тән. Бала эрдайым тек мақтау ғана естігілері келеді, өздерінің тарапына айтылған ескертпелерді мойындағылыры келмейді. Ескертпелерді олар қарсыластың көрсеткен реніші деп түсінеді.

М.О. Смирнованың зерттеулері бойынша төменгі мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың танымдық мотивін таңдайды екен [31]. Олар көбіне табиғат, жан-жануар, заттар туралы әңгімелескенді жақсы көреді екен. Ал мектепке дейінгі жастағы балалар түлғалық мотивті таңдайды. Олардың қызығушылығы адамдар болғандықтан әңгімелері де солардың төңірегінде болады. Олар көбіне өздері, ата-анасы, достары туралы айтып бергенді, ал ересектерден олардың өмірлері, жүмысы, отбасы туралы сүрап білгенді жақсы көреді. Қарым-қатынастың төртінші формасында да балалардың ересектермен қатынасы «теориялық» сипатқа ие болып, танымдық әрекетпен үштасып жатқанымен, бүл жерде баланың заттарға емес «адамдар әлеміне» көп назар аударатыны байқалады.

Төменгі сынып жасындағы балалардың үлкендерінде ересектерден тек жылы көңілді ғана қалыптастыруды емес өзара түсіністік пен алаңдаушылықты да қалыптастыруға үмталатынын байқауға болады. Коммуникативті қажеттіліктің жаңалығы сол, бала енді тек мақтауды ғана талап етпейді, ол үшін енді маңыздысы дұрыс немесе дұрыс емес екенін білу. Яғни ол өзінің қателік істегеніне кейісе де, сол қателігін түзету керек екеніне келісіп, қателігін түзетуге тырысады. Ол ересектердің дәрежесіне жету үшін барлық қателіктерін түзетуге күш салады. Өздерінің позицияларымен ересектердің позициялары сәйкес келетін болса ол бала үшін қандай да бір істі дүрыс жасағанының белгісі болады. Бұл кезде бала дауласуға асықпайды. Алдымен ол ересектерді түсіну үшін мұқият тыңдап алады. Ол үшін ең маңыздысы, ересек неге олай, неге басқалай ойламайтынын түсіну.

Қарым-қатынасытың жаңа формасы төменгі мектеп жасындағы баланың ойнайтын ойындарының деңгейімен тығыз байланысты. Бала енді маңайында болып жатқан оқиғалардың заттық жағына аз мән беріп, оның орнына отбасында қалыптасқан қарым-қатынастың қиын түріне қызығып, соған көп мән бере бастайды. Оны адамдар арасындағы қарым-қатынас қызықтырады.

Мектептегі балалалық шақ баланың тұлға болып қалыптасу кезеңі. Бұл кезде өсіп келе жатқан адамның психикасы, әлеуметтік жүріс-тұрыстың әдеті қалыптасады. Дәл осы кез басқа адамдарға деген мейірімділік сезімдердің қалыптасуына өте қолайлы. А.В.Запорожец пікірінше «Бұлай қалыптасудың негізі тек үйреніп және білім алып қана қою емес, сонымен бірге баланың өмірлік позициясының өзгеруі. Және де қоршаған адамдармен жаңа қарым-қатынас орнатуы мен жүріс-тұрыста жаңа мотивтердің қалыптасуы да оның негізі бола алады.

Ересектермен қарым-қатынас ерте пайда болып, қалыптасады. Бүл кейін баланың өзімен жасты балалармен қарым-қатынас орнатуына өзіндік ерекше көріністер береді. Яғни баланың өзімен жасты баламен қалай арасаласытыны сол қатынастарға байланысты болады.

Бұл жастағы балаға тәрбиешінің, мұғалімнің педогогикалық ықпалы (әсерленгіштік, иланушылық, қызбалық яғни эмоцияға тез берілушілік) аса зор. Тәрбиешінің немесе ересек адамның эмоцианальды бағалауы бала үшін өте маңызды. Төменгі мектепке жастындғы баланың топтағы орны, көңіл күйі, әлеуметтік орны қандай болатыны дәл осы эмоциональды бағалауға тәуелді болады. Баланың «баламен бала» жүйесіндегі қарым-қатынас кешірек пайда болады. Ол қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсудің екінші саласын қүрайды.

Егер қарым-қатынастың бірінші саласында (бала-ересек) психикалық дамудың бағыты мен мазмұны қарастырылса, екіншісінде баланың өзін-өзі дамыту шарты пайда болады. Бүл өзімен жасты баланың серік болатындығынан. Сыныптастарымен бала қарым-қатынаста өзімен тең болады. Бүл балаға өз мүмкіндіктерін ешқандай шектеусіз ашуына жағдай жасайды. Ол өзімен жасты баламен белсенді әрекет жасау арқылы оны тануға мүмкіндік алады. Құрдастарымен бала оған «айна» іспетті. Өзін және маңайдағылырды тану нүктесі сияқты.

Сонымен ересектер мен құрбылары баланың түлғасының жан - жақты дамуына жағдай жасайды. Ересектермен қарым - қатынаста бала сөйлеуге, не істеу керегін басқаларды түсініп тыңдауға, жаңа білімдерді меңгеруге үйренеді. Ал құрбысымен қарым - қатынаста өзін көрсетуге, басқаларды басқару, әр түрлі қатынасқа түсуге үйретеді. Сондықтан баланың қалыпты дамуы үшін тек ересектер емес, басқа да балаларды қажет етеді.

Баланың жеке басы дегенде, біріншіден ол нендей қасиетке ие, оның ішкі «Мен» дейтін сапасы қандай т.с.с. екіншіден, «жеке басы » деген сапа кім болса соған тән емес, бүл өзбеттілігі бар адам деген мағынаны білдіреді. Мектепке дейінгілер ересектерге бағынышты болғандықтан, оларды соңғы қасиет барлық жағдайда үнемі терең кездеседі деуге болмайды. Дегенмен бүларда өзбеттіліктің бастапқы қасиеттері кездесе бастайды.

Ал төменгі сынып оқушыларының «мен» деген қасиетіне келсек, бөбектерге қарағанда осы сапасы едәуір қалыптасып қалған. Бұлар ересектердің байланысып кетеді. Белсенділіктің бұл екі түрінің араласуы баланың қоршаған орта туралы түсінігінің кеңеюіне жағдай жасайды.

Төменгі сынып оқушыларының мінез-құлқында үлкендермен және өзге балалармен жақсы өзара қарым-қатынас орнату және сақтау мотивтерінің үлкен мәні бар. Балаға төңірегіндегілердің жақсы қарым-қатынасы қажет.

Үлкендердің еркелетуіне, кұптауына, мақтауына лайық болу тілегі баланың мінез-құлқының негізгі тұтқаларының бірі болып саналады. Мектепке дейінгі балалық шақта намыс, өзін таныту мотивтері дамиды. Олардың шығар жолы-ерте сәбилік шақпен мектепке дейінгі шақтың шегінде пайда болатын өзін-өзі адамдардан бөлу, үлкендерге мінез-құлық үлгісі ретінде қарау. Өзін танытуга тырысу белгілерінің бірі-ойындарда басты рольдерді орындауға балалардың дәмеленуі [18].

Балалардың бір-бірін бағалаулары қарым-қатынасты бақылау мен түзеу тәсілі сияқты. Балалардың бірін-бірі бағалаулары олардың түлғасының жақсы жақтары мен рухани дамуының көрсеткіші сияқты. Жоғарыда қарастырылған балардың бағалауларының аспектілері өзара тығыз байланыста. Сол арқылы топта болып жатқан бағалау қарым-қатынастың көрінісін айқындай аламыз. Зерттеушілердің көпшілігі балалар арасындағы әртүрлі қарым-қатынастың қалыптасуының негізгі факторы ретінде өзара әрекеттің сәтті дамуында дейді.

Төменгі мектеп жасындағы баланың әрекетінің негізгі көрсеткіші ойын мен оқу. Я.Л.Коломинский балалар арасында жақсы қарым-қатынастың орнауына ойын ойнаудың маңызын зерттей келе, дәл рольдік ойындарда мектеп оқушылырының қарым-қатынас жүйесі қалыптаса бастайды деген пікірге келді. Ересектердің қарым-қатынасы мен әрекетін модельдейтін бүндай ойын әрбір балада жақын зона психикасын ғана тудырмай, балалар коллективінің жақын даму зонасын тудырады [28].

Осылайша, баланың өзімен жасты балалармен қарым-қатынас орнатулары кеш пайда болады. Бірақ ересектермен қалыптасқан қарым-қатынастан көрі жемісті болады. Бала түлғаның қалыптасыуына септігін тигізеді. Ол баланың белсенділік таныту, жекеленген тұлғалық мінез қалыптастыру өзін және өзімен жасты балаларды тану сияқты өзін өзі дамыту процесіне әсер етеді.

Ерте сәбилік шақта қалыптасқан баланың жеке басы дамуындағы алғышарттар төңірегіндегі адамдар тарапынан балаға ықпал жасалуының жаңа жолдарының негізін қалайды. Өсіп жетіге келе бала мінез-кұлықтың жаңа формалары мен психологиялық белгілерін игереді, осының арқасында ол адамзат қоғамының кішкентай мүшесі болады.

Төменгі сынып оқушылары біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мүның өзі әлі де болса толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.

Төменгі сынып оқушыларының даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау-өзекті талапқа айналады.

Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберінен шығарып іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формаларының байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді [11]. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-әректке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісуде жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренуді, мектепке дейінгі бүкіл балалақ шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сактау және басқа психикалақ процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-кұлқын үйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзерістер мен бетбұрыстар орын алады.

Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын калыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді, одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады. Адамның жеке басының даму шарттары дамудың өзімен тығыз кіріккендігі сонша, оларды практика жүзінде ажырату мүмкін емес.

Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар: оның бірінші жағы -баланың қоршаған ортаны біртіндеп біліп, өзінің, одан алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы- сезім мен еріктің дамуы, олар осы мотивтердің ыкпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді [11,121-123 б].

Балалардың жеке басының дамуына үлкендер ыкпалының негізгі жолы-олардың адамдар қоғамындағы мінез-кұлқын реттейтін мораль нормаларын игерулерін ұйымдастыру. Бала бұл нормаларды мінез-құлық ережелері мен үлгілерінің ықпалы арқылы игереді. Балалар үшін мінез-құлық үлгілері -үлкендердің өздері, олардың іс-қылығы, өзара қарым-қатынастары болашақ. Балаға оның айналасындағы ең жақын адамдардың мінез-қүлқы айтарлықтай ықпал етеді. Бала оларға еліктеуге, олардан үлгі алуға, олардың адамдарға, оқиғаларға, заттарға берген бағасынан тәлім алуға бейім тұрады. Әйтсе де іс жақын адамдармен бітпейді. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендер өмірімен көптеген жолдармен: олардың еңбегін бақылау, әңгімелер, өлеңдер, ертегілерді тыңдау арқылы танысады. Айналасындағы адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне, қошеметіне бөленген адамдар бала үшін үлгі болады. Құрдастарының балалар тобында қолдау тауып, кең тараған қылықтары да бала үшін үлгі болуы мүмкін. Ақырында, белгілі бір моральдік қасиетке ие кейіпкерлерінің әрекеттерінде көрініс беретін мінез-құлық үлгілерінің мәні аз емес.

Бала төңірегіндегі адамдардың мінез-құлық шеңберінен тысқары шығатын мінез-құлық үлгілерін игеруге шешуші сәт-ол баланың өзі жақсы көретін және ол үшін пікірі ерекше беделді болып саналатын адамдардың өзге үлкендерге, балаларға, әңгімелер мен ертегілердің кейіпкерлеріне берген бағасы [12].Ал кіші мектеп жасындағы балалардың ниетіне не іс - әрекетіне келсек, осылар түрліше келеді. Белгілі тапсырманы орындау, соны қалай жүзеге асыру үлкендердің басшылығымен орындалады және соларға арналған қатынасына байлпнысты. Егер баланың ересектермен қатынасы жақсы, тату келсе, оның тілін алып, тапсырманы мүдіртпей орындайды.

Баланы іске итермелеуші күштің ендігі бір түрлі сол обьектінің, мысалы, ойынның оған қызықтылығы. Ойын неғүрлым қызықты келсе, соған көп уақытын жіберіп, мезгілдің қалай өткенін білмей қалады. Ойын қызық болмаса, онда оған ұмтылмайды.