- •Диплом жұмысы төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы мазмұны
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының қарым –
- •1. Психология ғылымындағы төменгі сынып оқушылаларының қарым-қатынас ерекшеліктері мен формалары
- •1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық талдау
- •1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері
- •1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы
- •2 Бөлім бойынша тұжырымдама
- •2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының коммуникативті қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
- •2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері
- •2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
- •«Отбасы» суреті проективті әдістемесі
- •1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (в.Ф. Реховский)
- •2.3 Зерттеу нәтижесін талдау және қорытындылау
- •2) Дискуссия
- •2. 4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •"Отбасы" суреті проективті әдістемесі
"Отбасы" суреті проективті әдістемесі
Зерттелушілерге өз отбасының мүшелерін салу тапсырмасы беріледі. Бұл проективті әдіс негізінен ойын ретінде жүзеге асырылады .
Нүсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда балаға артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер бала шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізімен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркелді:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі;
ә) үзіліс;
б) детальды өшіру;
в) суретке ауызша түсініктеме беруге үмтылыс;
г) суретттегі бейнеде эмоционалды реакция көрінуі.
Бала шығармашылық іс-әрекетін толық толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме мэліметін алу мақсатында әңгіме өткізіледі. Балаға төмендегідей сұрақтар реті қойылды:
Суретте кім бейнеленген?
Ол қай жерде орналасқан?
Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
Оны кім ойлап тапты?
Олар өзара көңілді ме? Неге?
Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл әдістеменің басты мақсаты- зертелініп отырған баланың өз отбасы мүшелерінің әрқайсысына және жанұялық тәрбие стиліне деген нақты қатынасы эмоционалдық жақындығын анықтау.
