Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айгерим_диплом (2).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545.79 Кб
Скачать

Диплом жұмысы төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы мазмұны

Кіріспе ..............................................................................................................

1.Бөлім.ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ........................................................................................................

1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшелік-

терін психологиялық талдау ......................................................................

1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік

қабілетінің дамуына отбасы қарым-қатынас стилдерінің әсері.............................................................................................................................

1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің

дамуы ............................................................................................................

1 бөлім бойынша тұжырымдама…………………………………………..

2.Бөлім. Төменгі сынып оқушылаларының қарым –

ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУІ...............................................................................................................................................................................

2.1 Эксприменттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері ..........................

2.2 Зерттеу әдістемелерін негіздеу ..................................................................

2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау және қорытындылау......................................

2 бөлім. Эксперименттік тарау бойынша тұжырымдама…………………….

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Қазіргі уақытта тұлғааралық қарым-қатынас адам тұрмысының қажетті жағдай болып келеді, яғни ол адамдағы кейбір психикалық функция немесе психикалық процесс, психикалық қасиеттердің бөлігі, тұлғаның маңызды құрылымы. Қарым-қатынас – бұл адамдардың өзара әрекеттесуі және өзара түсінушілік болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас мәселесі баланың әлеуметтік ортаға кіру процесін реттейтін негізгі мәселелелердің бірі болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек төменгі сынып оқушыларының тұлғалық қарым-қатынас қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым-қатынас, соның ішінде мектептегі мұғалімдердің тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Тіпті, бір ортада өскен, бір әке, бір шешеден туған балалардың өзара бір-бірінен тұлғалық сапаларымен қатар тұлғалық қабілет икемділіктерінің табиғаты жағынан да бір-бірінен ерекшеленетіні табиғи заңдылық болып табылады.

Әртүрлі әлеуметтік факторлардың арасында төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ол – отбасы және мектеп. Себебі, отбасы және мектеп - тәрбиенің негізгі институты. Отбасынан үйренгенін адам өмір бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебі адам өмірінің біршама уақытын жанұяда өткізеді. Анасы, әкесі, бауырлары, атасы, апасы және де басқа туыстармен арадағы қарым-қатынас бала дүниеге келе салғаннан басталады. Және осы адамдармен қарым-катынас орнату арқылы балада тұлғалының кұрылымы қалыптаса бастайды.

Отбасында тек баланың тұлғасы ғана емес, оның ата-анасының да тұлғасы қалыптасады. Балаларды тәрбиелеу ересек адамның тұлғасын байытады. Оның әлуметтік тәжірбиесін күшейтеді. Баланың дүниеге келгендегі бірінші көретін адамы ата-анасы, отбасы. Оның қоршаған әлеуметтік ортасы бала дамуына жан-жақты әсер етеді. Өйткені, әрбір отбасының мүшесі дара тұлға болғандықтан бір-бірінің дамуына едәуір ықпал жасайды. Жас сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әр адамның өзіндік, қайталанбас психологиялық өмірбаяны басталады. Қоршаған ортаны танып білуге көмек беріп , сүйеніш, қамқоршы болатын оның өз отбасы , жақын туыстары.

Отбасында бала үлкендерге еліктеуді үйренеді, өмірге қажет тәжірибе жинақтайды. Отбасының балаға ықпалы өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Бала өз үйінде ғана шын мәнінде еркін сезінеді, дамиды, ойнайды, ересектерден жылы сөз, мейірім күтеді. Басқа жерде байқала бермейтін шығармашылық ойлау қасиеттерінің бойына сіңіруіне үй іші қарым - қатынасының ықпалы өлшеусіз маңызды. Әсіресе отбасында ересектердің арасында жалғыз өзі тәрбиеленіп, балабақшаға бармайтын бала өзімен құрдас балалармен қарым-қатынасты қатты қажетсінеді. Олар үшін отбасында жырақ жерде құралпас балалармен қарым қатынас орнату үлкен ресмилікті қажет етеді. Балаға қарсыласының «мінез-құлқымен» санасып барып қарым-қатынас орнату керек болады.

Мақсаты:

- төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің жалпы болжамы:

- төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы, олардың қоршаған ортадағы қарым -қатынас стильдерінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты болады.

Жеке болжамдар:

  1. төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы оларды қоршаған орта ерекшеліктеріне тәуелді болады.

  2. төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуына отбасылық қарым - қатынас стильдері маңызды әсер етеді.

Зерттеу объектісі - төменгі сынып оқушыларының балалар тобы.

Зерттеу пәні - төменгі сынып оқушыларының қарым - қатынас ерекшеліктерінің психологиялық мазмұны.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

- еліміздегі білім берудің жаңаша реформаларына сай жас ұрпаққа үздіксіз білім беру жүйесіндегі мектеп жасындағы балаларға қоғамдық тәрбие берудің ықпалы әрдайым өрісін кеңейтіп келуімен сипатталады. Өкінішке орай, еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап мектепке дейінгі мекемелердің көпшілігі жабылып, қоғамдық тәрбиенің бұл саласына жеткілікті көңіл аударылмай келеді. Сондықтан да тұлғаның дамуының ең маңызды шағы - мектеп кезеңнің маңызды мәселелерін көтеріп, дамудың ғылыми негізделген зандылықтарын айқындау теориялық тұрғыдан маңызы зор.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

— бұл бағытта жүргізілген зерттеу материалдарын жалпы психология ғылымындағы тұлға дамуының кезеңдері туралы теориялық білімдердің шеңберін кеңейту мүмкіндігі және осыған ұқсас эмпирикалық зерттеулерде салыстырмалы мәлімет ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы мақтаарал ауданы мақталы ауылындағы № 96 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі.

Зерттеу объектісі - Төменгі сынып оқушыларының тобы.

Зерттеу пәні - Төменгі сынып оқушыларының қарым - қатынас ерекшеліктерінің психологиялық мазмұны.

Зерттеу әдістемелері:

  1. Ата - ана және бала қарым - қатынасын анықтау әдістемесі ( А.Я. Варга, В.В Столина)

  2. Проективті әдістемелер (отбасы суреті, т.б.)

  3. Социометриялық сауалнама (Дж. Морено әдістемесінің модификациясы)

  4. Оқушының қарым-қатынас жасай білу дәрежесін анықтау мен бағалау (В.Ф. Реховский).

Зерттеу міндеттері.

  1. Әдістемелер арқылы зерттеу жүргізу

  2. Индивидуалды мәліметтерді өңдеу

  3. Математикалық статистика әдістері арқылы топтық көрсеткіштерді айқындау.

  4. Зерттеу болжамын дәлелдеу.

  5. Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы.

Таңдау тобы: 15 бастауыш сынып оқушылары және 15 жұп ата – ана