- •1 Дәріс. Құрысу синдромының емдеу принциптері.
- •Менингиттердің эмпириялық антимикробты терапиясы
- •18 Жастан жоғары
- •Дәріс 3 Нейропротекцияның фармакологиялық стратегиясы. Регенераторлы-репаративті процесстерінің жақсаруына бағытталған ем. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің емі.
- •Ноотропты заттар: пирацетам, церебролизин, актовегин, аминалон, глиатилин және т.Б.
- •Вазоактивті зат ретінде қолданатын заттар: кавинтон, винпоцетин, танакан, инстенон, циннаризин, никотин қышқылының, препараттары
- •Ахэ кері және токсикалық әсерлері
- •Троксерутин (Троксевазин)
- •Пармидин (Parmidinum)
- •Қолдану көрсеткіші
Троксерутин (Троксевазин)
Флавоноид (рутин туындысы), P-дәруменді белсенділігі бар; көк тамырларды тонизирлеуші, ангиопротекторлы, ісінулерге қарсы, антиоксидантты және қабынуға қарсы әсері бар. Тотығу-тотықсыздану процесстеріне қатысадыф, гиалуронидазаны тежейді, жасуша қабатының т гиалуронды қышқылын тұрақтандырып, капиллярлардың сынуын және өткізгіштігін төмендетіп олардың тонусын жоғарлатады. Қантамыр қабырғаларының тығыздығын жоғарлатады, плазманың сұйық бөлігінің экссудациясын және қан жасушасының диапедезін төмендетеді. Қантамыр қабырғаларының бетіне тромбоциттердің жабысуын тежеп ондағы қабынуды төмендетеді. Уытты емес, терапевтикалық әсері кең .
Қолдануы:
Инсульттан кейін болатын бұзылыстар, көк тамырдлардың варикозды кеңеюі, аяқта статикалық ауырлық, терінің трофикалық зақымдалуы, беткейлі тромбофлебит, перифлебит, флеботромбоз, дерматит, геморроймен көрінетін созылмалы көк тамырлық жетіспеушілік, посттромботикалық синдром, диабетті микроангиопатия, ретинопатия, геморрагиялық диатез (капиллярлардың жоғары өткізгіштігі), сонымен қатар қызыл шешек, қызылша, грипте
Қолдануға қарсы көрсеткіштер:
Жоғары сезімталдық, асқазан және 12-ішек жара аурулары, созылмалы гастрит (өршу фазасында), жүктілік (I триместр), лактация кезінде. Бүйрек жетіспеушілігі (ұзақ қолданғанда).
Кері әсері:
Аллергиялық реакциялар, АІЖ эрозивті-жаралы зақымдалуы, бастың ауруы.
Пармидин (Parmidinum)
Патологиялық жағдайлардағы бұзылған микроциркуляцияны қалыптастырып, қантамырлардың өткізгіштігін төмендетеді . Бұл оның кинин-калликреин жүйесіне әсер етуімен, сондай-ақ брадикинин белсенділігін төмендетуімен байланысты. Ол тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, фибриногенезді белсендіреді. Қабынуға қарсы әсеріне байланысты эндотелиальді жасушалардың ісігін төмендетіп, қантамырлардың ішкі қабатының липидті инфильтрациясына кедергі жасап,атеросклероз кезінде дамитын инфильтративті өзгерістердің қайта дамуына ықпал етеді. Бұған қоса оның аздап гипохолестеринемиялық белсенділігі бар.
Колдануы:
Жүрек, аяқ-қол, ми қантамырларының атеросклерозын емдеуде комплексті терапиямен бірге қолданатын зат ретінде, атеросклеротикалық және диабеттік ангиопатияларда, көздің нұрлы қабатының тамырының тромбозынды, облитерацияланған эндартериитте, аяқ-қолдың трофикалық жараларында.
Антиоксиданттар (АО), бос радикалды реакцияларының тотығуын және олардың уытты өнімдерінің ағзада жиналуын. Сонымен қатар АО зат алмасулардың әртүрлі бөлігіне (митохондридің тыныс алу тізбегінде), көптеген ББЗ синтезі мен метаболизміне, жасушалардың құрлымымен оны реттейтін жүйенің жағдайына белсенді қатысады, сондықтан оны адаптогендер ретінде қолдануға болады.
Ең күшті табиғи АО болып С, А, Е,дәрумендері, микроэлементы цинк, медь және селе есептеледі. Бұл заттар арасында тығыз метаболиттік байланыс бар. Әрқайсысының әсері оларды қосып бірге қабылдағанда жоғарлайды.
Мексидол –антиоксидантты қасиеті бар синтетикалық антигипоксант , оның ашылуы және клиникалық практикаға енгізуі отандық фармакоиндуструядағы үлкен жетістік болып есептеледі. Фармакологиялық әсерлері: Мексидол ноотропты және анксиолитикалық қасиетімен антиоксидантты әсерлі антигипоксанттар тобына жатады. Фармакологиялық белсенділігі кең спектрлі: тотыққан липидтердің бос радикалды процесстердің тежегіші, антигипоксиялық, стресспротективті, ноотропты, қырұсуға қарсы және анксиолитикалық препарат болып есептеледі.
Препарат әртүрлі зақымдаушы заттарға, оттегіге тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қанайналымның бұзылыстары, алкоголмен және антипсихотикалық заттармен (нейролептиктермен) улану) ағзаның тұрақтылығын жоғарлатады. Препарат мидың метаболизмін және бас миының қанайналымын жақсартады, қанның реологиялық қасиетін және микроциркуляцияны жақсартады, тромбоциттер агрегациясын төмендетеді.
Гемолизді болдырмай қан жасушасының (эритроциттер мен тромбоциттер) мембранды құрлымын тұрақтандырады. Жалпы холестеринмен тығыздығы төмен липопротеидтердің мөлшерін төмендететін гиполипидемиялық әсерге ие. Жедел қабынуда эндогенді уыттылық пен ферментативті токсемияны төмендетеді. Мексидол қабынуға қарсы және бактерицидті, протеазаларды тешегіш әсері бар, лимфатикалық жүйенің дренажды қызметін, микроциркуляцины күшейтеді, репаративті-регенеративті процесстерді белсендіреді.
