- •Стоя на плечах гигантов
- •2.Бұл бөлім арқылы керекті мағлұмат алуға болады. Мысалы «Urtica urae» теріп сол сөз кездесетін барлық мақалалар шығады.
- •Өндірістік регламент
- •Жcш «ФитОлеум» компаниясы
- •Компания өнімдері:
- •Қолдану аймағы
- •Терминдер,анықтамасы,қысқартулар
- •Бөлмені дайындау
- •Студенттің өндірістік практика есебі
- •Мінездеме
Өндірістік регламент
0,5 ацетилсалицил қышқылының таблеткалары (Tabulettae Acidi acetylsalіcуlici 0,5).
Нормативтік құжат: АНҚ
Дайын өнімге сипаттама берді: ақ түсті таблеткалар, әлсіз қышқыл дәмді.
Қолданылуы: қабынуға қарсы, ауру сезімін басатын, ыстықты түсіретін, ревматизмге қарсы зат ретінде.
Орамдалуы: қағаз конволютада 10 данадан шығарылады.
Сақталуы: жақсы тығындалған ыдыста
Жарамдылық мерзімі: 5 жыл.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
- Медициналық таразы
- Елеуіш
- Араластырғыш
- Таблеткалық машина
- Шаң жинағыш
- Сорттаушы машина
- Блистерлеуші машина
Аралық бақылау түрлері:
- технологиялық бақылау
- биофармацевтикалық бақылау
- химиялық бақылау
Өндіріс сатыларындағы негізгі бақылау нүктелері:
1. Көмекші жұмыстар
2. Таблеткалаушы массаны алу
3. Таблеткалау және шаңнан тазарту
4. Орамдау, маркілеу, босату.
10 % мырыш жақпа майы (Unguentum Zіпсі 10%).
Нормативтік құжат: АНҚ
Дайын өнімге сипаттама берді: ақ немесе ашық сары түсті жақпа май.
Қолданылуы: антисептикалық, құрғататын зат.
Орамдалуы: төсемесі немесе полиэтиленнен жасалған тығыны мен бұралатын пластмасса қақпақты сыйымдылығы 50 г шыны банкада.
Сақталуы: жақсы жабылған ыдыста, салқын жерде.
Жарамдылық мерзімі: 8 жыл.
Қолданылатын құрал-жабдықтар
- Салмақ өлшеуіш қондырғысы бар жақпа майлық қазан
- Колатурка
- Шарлы диірмен
- Якорлы араластырғышы бар реактор
- Жақпа май үгіткіш
- Эмальды жинағыш
- Банкаларға жақпа майды қаттаушы дозалағыш автомат.
Аралық бақылау түрлері:
- технологиялық бақылау
- химиялық бақылау
Өндіріс сатыларындағы бақылау нүктелері:
1. Көмекші жұмыстар
2. Жақпа майларды алу
3. Жақпа майларды гомогендеу
4. Орамдау, маркілеу және босату.
Инъекцияға арналған новокаин ерітіндісі 0,5% ( Solutio Novocaini 0,5% рго injectionibus).
Нормативтік қүжат: АНҚ
Дайын өнімге сипаттама берді: мөлдір, түссіз сұйықтық.
Қолданылуы: жергілікті анестетикалық зат.
Орамдалуы: 5мл ампулада 10 данадан картон қораптарда.
Сақталуы: жарық түспейтін жерде.
Жарамдылық мерзімі: 5 жыл.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
- Медициналық таразы
- Елеуіш
- Булы қабатты реактор
- Нутч-фильтр (алдын-ала фильтрлеу) -мембраналы-терең типті «Владипор» фильтрі (стерильді фильтрлеу).
- Ампуланы шприцпен толтыруға арналған қондырғы
- Ампуланы тұйықтауға арналған аппарат
- Бу стерилизаторы
- Ампуланы орамдауға және маркілеуге арналған автомат.
Аралық бақылау түрлері:
- технологиялық бақылау (герметикалығы, бракераж, механикалық қоспалардың болмауы).
- бактериологиялық бақылау
- биологиялық бақылау
- стерильдікті бақылау
- химиялық бақылау
Өндіріс сатыларындағы негізгі бақылау нүктелері:
1. Көмекші жұмыстар
2. Ерітіндіні алу
3. Фильтрлеу
4. Ампулалау
5. Стерильдеу (бракераж)
6. Орамдау, маркілеу, босату
Сасықшөп тұндырмасы (Tinctura Leonuri).
Нормативтік құжат: АНҚ
Дайын өнімге сипаттама берді: мөлдір, қою жасыл түсті, әлсіз жұпар иісті, ащы дәмді сұйықтық.
Қолданылуы: тыныштандырғыш зат.
Орамдалуы: қызыл-сары түсті шыныдан жасалған, сыйымдылығы 50мл флакондар.
Сақтау: жақсы жабылған ыдыста, салқын, жарық түспейтін жерде.
Жарамдылық мерзімі: 3 жыл.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
- Медициналық таразы
- Бөлшектегіш машина
- Мацерациялық бак
- Перколятор
- Тұндырғыш
- Фильтр-пресс
- Жинағыш
- Құюға арналған аппарат
Аралық бақылау түрлері:
- технологиялық бақылау
- химиялық бақылау
Өндіріс сатыларындағы негізгі бақылау нүктелері:
1. Көмекші жұмыстар
2. Тұндырманы алу
3. Спиртті рекуперациялау
4. Фильтрлеу
5. Орамдау, маркілеу, босату
Ихтиол супозиторийі (Suppositorium cum Ichthyolo)
Нормативтік құжат: АНҚ
Дайын өнімге сипатгама берді: ихтиолдың иісі бар қанық қара түсті суппозиторийлер.
Қолданылуы: қабынуға қарсы, жергілікті ауруды басатын, антисептикалық зат.
Орамдалуы: целлюлоза немесе поливинилхлорид пленкасынан жасалған контурлы орам.
Сақталуы: салқын, жарықтан түспейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
- Медициналық таразы
- Негіз компоненттерін балқытуға арналған қазан
- Друк-фильтр
- Якорлы араластырғышы бар реактор
- Суппозиторийлерді құюға және орамдауға арналған автоматтар
Аралық бақылау түрлері:
- технологиялық бақылау
- химиялық бақылау
Өндіріс сатыларындағы негізгі бақылау нүктелері:
1. Көмекші жұмыстар
2. Суппозиторийлік негізді алу
3. Суппозиторийлік массаны дайындау
4. Суппозиторийлерді құю
5. Орамдау, маркілеу, босату
Жетекші қолы:
Күні: 09.06.14
Практикадан өту орны: №150 аудиториялық бөлме
«Фармацевт-технолог» модулінің меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы Сакипова З.Б «» дәріс оқыды.
Күні: 10.06.14
Практикадан өту орны: ЖCШ «ФитОлеум» компаниясы
