- •5 Курс жм студенттеріне мемлекеттік квалификациондық емтихан, оске ге арналған клиникалық дағдылар бойынша тапсырмалар тізімі
- •Нәтижені бағалау
- •Оске этаптарының сызбанұсқасы
- •Мее жетекшісі
- •6 Этап
- •5 Этап
- •Этап 4 Экзаменаторға ақпарат: Түлектің жүрек өкпелік раенимациясының іс шараларының жүргізу көрсеткіштерін бағаланыз.
- •Этап 3 Экзаменаторға ақпарат: жасанды дем беру критерийлерін бағалау
- •Этап № 5 Эгзаменаторға ақпарат: Жұмсақ тіндегі хирургиялық жараны өңдеуді және тігуді, терілік хирургиялық тігісті шешудің клиникалық дағдыларын бағалау.
- •Этап 6 Экзаменаторға ақпарат: студенттің сыртқы қан ағуды уақытша тоқтату білімдерін бағалаңыз.
- •Этап №1 а Экзаменаторға ақпарат:Өкпе аускультациясының клиникалық дағдыларын және критерилерін дұрыс бағала
- •Этап № 1 б Экзаменаторға ақпарат: Жүрекке аускультация жасаудың клиникалық дағдысын дұрыс бағала.
- •Этап № 2 Экзаменаторға ақпарат: Критериелер жетекшілік ете отырып асқазан жету техникасының клиникалық дағдыларын бағалаңыз.
Этап 6 Экзаменаторға ақпарат: студенттің сыртқы қан ағуды уақытша тоқтату білімдерін бағалаңыз.
№ |
Бағалау критерийі |
Баллдық түрдегі баға |
|||||
Жауабы толық
|
Аздаған келіспеушіліктер бар |
Жауапта көптеген келіспеушіліктер бар
|
Жауабы дұрыс емес |
||||
|
|
4,0-3,67 |
3,33-2,67 |
2,33-1,0 |
1,0-0 |
||
1 |
Тері қысылуының алдын алу үшін бұраудың астына сүлгі, киім және т.б.қою қажет. Зақымдалған аяқты аздап жоғары көтеріп, қан тоқтату үшін бұрауды аяқтың астынан өткізіп, созып және бірнеше рет ораймыз. Бұраудың турларын қыспай, бір-бірінің қасына қояды. Бұраудың бірінші турын қатты қысып, екіншісін бостау, қалғанын минимальды дәрежеде қояды. Бұраудың соңын (ұштарын) бекітіп (фиксациялап), ұштарын ілгіш арқылы байлайды. Бұрау дұрыс салынса, артериальды қан ағу тоқтайды, шеткі мүшелер бозарып, бұраудан төмен жатқан қан тамыр пульсациясы тоқтайды. |
10 |
8 |
7 |
5 |
4 |
3 |
2 |
Бұрауды аяқ-қолға 1,5-2 сағатқа қояды. Егер бір себептерге байланысты қаннның тоқтауы ұзаққа созылса, бұрауды 15-20 мин.алып (бұл уақытта артериялық қан кетуде артерияны саусақпен басады), бұрауды қайтадан зақымдалған аймақтан жоғары немесе төмен салады. |
20 |
18 |
16 |
14 |
12 |
10 |
3 |
Арнайы бұрау болмаған жағдайда немесе қолдана алмайтын жағдайда қан тоқтатудың басқа әдістерін қолданамыз: 1) қан кетіп жатқан дене бөлігін дене тұлғасына қарай жоғары көтеру. 2) қан кетіп жарақаттанған аймақты басып тұратын затпен байлам салу. 3) артерияны ұзақ қысып тұру. 4) буындарды максимальды бүгіп, қысып байлау арқылы қан кетуді тоқтату. 5) бұрау салып аяқ-қолды айналдыра қысу. 6) жарақаттан қан тамырға қысқыш сала отырып, қан кетуді тоқтату. |
20 |
18 |
16 |
14 |
12 |
10 |
4 |
Мұрыннан қан кеткен жағдайда науқасты отырғызып, тынышталдырамыз. Кеңсірікке (мұрынның қырына) мұзды мұйық қойып, мұрынның екі жағын мұрын қалқасына дейін қысып, мұрынның алдыңғы тампонадасын жасаймыз. Ол үшін науқастың мұрын жолдарын сутегі асқын тотығына малынған мақта шаригімен тығындап, науқастың басын алға қарай сәл еңкейтеміз. Көкірек, құрсақ қуысынан қан кеткенде науқасты жатқызып, ішіне мұзды мұйық қоямыз. Тағам, су қабылдауға тыйым салынады. |
20 |
18 |
16 |
14 |
12 |
10 |
5 |
Процедура барысында науқасқа әдепті әрі сабырлы түрде бәрін түсіндіріп, сұрақтарына жауап алуға болатындығында айтамыз. |
30 |
27 |
24 |
22 |
19 |
16 |
|
|
100 |
89 |
79 |
69 |
59 |
49 |
Этап бойынша максималды балл – 100
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин.
