Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты к пробному тестированию 2014-2015.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.99 Кб
Скачать

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$014

Қызыл иек бозарған, жоғарғы және төменгі жақтарда желпеуіш тәрізді тістердің айырылысы анықталған. Пародонтальді қалталары, тістердің қозғалыштығы жоқ, рентгенограммада – тісаралық қалқан сүйектерінің биіктігі біркелкі 1/3-ге дейін төмендеген, кортикальді пластинаның бүтінділігі бұзылмаған. Сіздің диагнозыңыз :

А) жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит

B) ремиссия кезеңіндегі созылмалы жайылмалы орта дәрежелі пародонтит

C) ауыр дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтит

D) жеңіл дәрежелі пародонтоз

E) орта дәрежелі пародонтоз

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық }=( Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./ Под ред. Г.М. Барера.- М. ; ГЭОТАР-Медиа. Ч.2: Болезни пародонта. .-2008.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$015

Жалпы әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, қызыл иекте кенеттен ауру сезімінің пайда болуы, қанау, ауыздан жағымсыз иістің шығатынына шағымданады. Қарап тексергенде: қызарған, ісінген қызыл иектің шетінде кір-сұр түстес некрозданған ошақтар бар. Тістерінде көптеген қақтар, тіс тастары, сілекейі қоюланған, ауыздан нашар иіс шығады. Қан анализінде – лейкоцитоз, ЭТЖ (СОЭ) -жылдам., R-суретте сүйек тінде өзгерістер байқалмайды. Диагноз қойыңыз:

А) жедел катаральды гингивит

B) созылмалы катаральды гингивит

C) созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

D) жаралы гигивит

E) созылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=( Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./ Под ред. Г.М. Барера.- М. ; ГЭОТАР-Медиа. Ч.2: Болезни пародонта. .-2008.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$016

Науқас М., 30 жаста, сөйлегенде, тамақ ішкенде ұрттың шырышты қабатының қатты ауырсынуына шағымданады. Объективті: ұрттың шырышты қабатының тістердің түйісу сызығы бойында, қызарған шырыштының үстінде афта анықталады, шеттері тегіс, үсті қиын алынатын ақшыл-сары фибринозды жағынмен жабылған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Созылмалы механикалық жарақат

B) қайталамалы герпетикалық стоматит

C) созылмалы қайталамалы өршімелі афтозды стоматит

D) белдемелі теміретке

E) лейкоплакия

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$017

Науқастың жасы 60. Тағам қабылдағанда шымырлау, тілдің беті инемен шаншыған сияқты шымырлаған сезімдерге шағымданады. Бірақ ауру сезімі ас қабылдағанда мазаламайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл қызғылт түстес, суланған, сипап тексергенде ауырмайды. Диагнозын анықтаңыз:

А) десквамативті глоссит

B) гиповитаминоз В тобы

C) лейкоплакияның жалпақ түрі

D) глоссалгия

E) Cозылмалы гиперпластикалық кандидоз

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$018

Ер адам жасы 56, ұртында жараның пайда болып, тағам қабалдағанда мазалауына шағымданады. Екі ай бұрын жара пайда болып жазылмаған. Жағымсыз әдеті шылым шегеді. Бұрында туберкулез ауруына шалдыққан, бірақ казір фтизиатр мамандығынан учеттан алынған. Қарап тексергенде 4.7 тістің проекциясы ұрт маңында овальді пішіндес жара бар, диаметрі 0,7х0,5см, фибринозды қақпен жабылған, аурады, жараның түбі мен шеті аздап тығыздалған. Төменгі жақта жартылай алынатын протезі бар, кламмері 4.7 тіске дұрыс жатпайды, үнемі ұртты жарақаттайды. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз:

А) трофикалық жара

B) туберкулез жарасы

C) лейкоплакия, эрозиялы жаралы формасы

D) жаралы некротикалық стоматиті Венсана

E) декубитальды жарасы

{Дұрыс жауабы}=Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12